БҰЙЫРАМЫН:
1. «Прокуратура органдарының ерекше үй-жайларына арналған алаңдар заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 30 маусымдағы № 86 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 11899 тіркелді, 2015 жылғы 9 қыркүйектегі «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген прокуратура органдарының ерекше үй-жайларына арналған алаңдар заттай нормалары мынадай мазмұндағы бөліммен және жолдармен толықтырылсын:
«
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы | |||
---|---|---|---|
67 |
Қаруларды, оқ-дәрілерді және арнайы құралдарды сақтауға арналған үй-жай 1-ші аттестатталған қызметкерге |
шаршы.м |
0,2 |
68 |
Жедел кезекшіні орналастыруға арналған үй-жай |
шаршы.м |
36 |
69 |
Криминалистика және тергеу сараптамалары зертханасының оқу сыныбы |
шаршы.м |
246 |
70 |
ТИР |
шаршы.м |
412 |
71 |
Дене шынықтыруға арналған үй-жай |
шаршы.м |
900 |
72 |
Кітапхана |
шаршы.м |
400 |
73 |
Бір білім алушыға арналған пайдалы оқу алаңы |
шаршы.м |
9 |
74 |
Құпия грифті құжаттармен және картотекалармен жұмыс істеу және оларды сақтауға арналған үй-жай |
шаршы.м |
63 |
75 |
Арнайы кітапхана |
шаршы.м |
129,6 |
76 |
Академия мұражайы |
шаршы.м |
26,6 |
77 |
Шетел делегациясын қабылдау залы |
шаршы.м |
77,6 |
78 |
Қызметкерлерді компьютерлік тестілеуден өткізуге арналған кабинеті |
шаршы.м |
135 |
79 |
Мұрағат |
шаршы.м |
15,1 |
80 |
Гараж (1 машиналық орны) |
шаршы.м |
18 |
».
2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры Ұ.С. Байжанов:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары И.Д. Меркельге жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.
Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры Ж. Асанов
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
____________ Б. Сұлтанов
2016 жылғы 4 шілде