Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 19.09.2024 № 328 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 10-9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 19.09.2024 № 328 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Нетто-тұтынушылардан электр энергиясын сатып алу мен сату қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 19.09.2024 № 328 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жаңартылатын энергия көздері департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Энергетика министрі | Қ. Бозымбаев |
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 8 шілдедегі № 309 бұйрығымен бекітілген |
Нетто-тұтынушылардан электр энергиясын сатып алу мен сату қағидалары
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 19.09.2024 № 328 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Нетто-тұтынушылардан электр энергиясын сатып алу мен сату қағидалары "Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 10-9) тармақшасына сәйкес әзірленді және нетто-тұтынушылардан электр энергиясын сатып алу мен сату тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын ауқымы шағын объект (бұдан әрі – ауқымы шағын объект) – жалпы белгіленген қуаты екі жүз киловатқа дейінгі (қоса алғанда), жаңартылатын энергия көздерін (бұдан әрі – ЖЭК) пайдалана отырып, электр және (немесе) жылу энергиясын өндіруге арналған техникалық құрылғылар және ауқымы шағын объектіні пайдалану үшін технологиялық тұрғыдан қажетті олармен өзара байланысты құрылысжайлар мен инфрақұрылым;
2) уәкілетті орган – ЖЭК пайдалануды қолдау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
3) электр энергиясын нетто-тұтынушы (бұдан әрі – нетто-тұтынушы) – ЖЭК аралас қондырғыларын қоса алғанда, таратушы электр желісіне қосылған және желіден электр энергиясын тұтыну көлемдері мен оған беру көлемдерін бөлек есепке алу жүйелерімен жабдықталған, өзіне меншік құқығымен немесе өзге де заттай құқықпен тиесілі ауқымы шағын объектіден электр энергиясын және (немесе) жылу энергиясын өзінің толық немесе ішінара тұтынуын қамтамасыз ететін жеке немесе заңды тұлға.
3. Осы Қағидаларда пайдаланылған өзге де ұғымдар электр энергетикасы және ЖЭК-ті пайдалануды қолдау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.
2-тарау. Нетто-тұтынушылардан электр энергиясын сатып алу мен сату тәртібі
4. Ауқымы шағын объектілерді электр желілеріне қосу және артық электр энергиясын сату үшін нетто-тұтынушы ЖЭК пайдалану объектілерін электр желілеріне қосу сәтіне дейін күнтізбелік 15 (он бес) күннен кешіктірілмейтін мерзімде осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша электр желілеріне қосу жүргізілетін энергиямен жабдықтаушы және энергия беруші ұйымға хабарлама ұсынады.
5. Нетто-тұтынушы хабарламаға мынадай құжаттар мен ақпаратты қоса береді:
1) ЖЭК пайдалану объектісінің негізгі генерациялайтын жабдығының техникалық сипаттамалары;
2) ауқымы шағын объектіні электр желілеріне қосу схемасының көшірмесі;
3) айларға бөле отырып, электр энергиясын өндірудің 1 (бір) жылына арналған болжамды жылдық көлемдер.
6. Электр энергиясын сатып алу мен сату шартын жасасу үшін нетто-тұтынушы энергиямен жабдықтаушы ұйымға мынадай құжаттарды ұсынады:
жеке куәліктің көшірмесі (жеке тұлғалар үшін);
құрылтай құжаттары (заңды тұлғалар үшін);
тексеру туралы тиісті сертификаттың көшірмесімен бірге электр энергиясын есепке алудың екі бағытты аспабына паспорттың көшірмесі;
банктік деректемелер.
Ұсынылған құжаттардың негізінде энергиямен жабдықтаушы ұйым өзі қол қойған электр энергиясын сатып алу мен сату шартының жобасын қалыптастырады және осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттарды алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде нетто-тұтынушының атына жібереді.
7. Ауқымы шағын объектіні (объектілерді) энергия беруші ұйымның электр желілеріне қосу үшін энергиямен жабдықтаушы ұйым Заңның 6-бабының 7-2) тармақшасына сәйкес нетто-тұтынушымен электр энергиясын сатып алу мен сату шартын жасасады.
8. Нетто-тұтынушы Заңның 6-бабының 7-1) тармақшасына сәйкес ауқымы шағын объектіні электр желілеріне қосуға техникалық шарттарды ала отырып, шекара бөлгенге дейінгі өзінің жағындағы нүктеде энергия беруші ұйымның электр желісіне қосылады.
9. Энергия беруші ұйым нетто-тұтынушыға тиесілі ауқымы шағын объектінің шекараларын бөлгенге дейін өзінің жағындағы нүктеде энергия беруші ұйымның электр желісіне нетто-тұтынушының кедергісіз қосылуын қамтамасыз етеді.
Бұл ретте нетто-тұтынушылар Заңның 9-бабының 7-тармағына сәйкес энергия беруші ұйымдардың электр энергиясын беру бойынша көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуден босатылады.
3-тарау. Өзара есеп айырысулар тәртібі
10. Нетто-тұтынушылар Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 143 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10403 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Электр энергиясын пайдалану қағидаларына сәйкес электр энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптарын орнату жөніндегі талаптарды сақтайды.
Нетто-тұтынушының қолданыстағы электр энергиясын коммерциялық есепке алу аспабын желіден электр энергиясын тұтыну көлемдері мен оған беру көлемдерін бөлек есепке алу аспабына ауыстыру қажет болған жағдайда, энергия беруші және (немесе) энергиямен жабдықтаушы ұйым энергия беруші ұйымның трансформаторлық кіші станцияларында орнатылған нетто-тұтынушының коммерциялық есепке алу аспабын ауыстыруды қоса алғанда, нетто-тұтынушыға осындай ауыстырудан бас тартпайды.
11. Нетто-тұтынушы өзiне қызмет көрсететiн энергиямен жабдықтаушы ұйымға оның қолданыстағы тарифi бойынша электр желiсiнен есептi кезең iшiнде өзi тұтынған электр энергиясының көлемi үшін нақ сол кезең iшiнде электр желiсiне өзі берген көлемдi шегере отырып, ақы төлейдi.
Электр желiсiне есептi кезең iшiнде нетто-тұтынушы берген электр энергиясының көлемi электр желiсінен нақ сол кезең iшiнде өзi тұтынған электр энергиясының көлемiнен асып кеткен жағдайда, қызмет көрсететiн энергиямен жабдықтаушы ұйым нетто-тұтынушыға жоғарыда аталған асып кету көлемі үшін оның шекті бағасы бойынша (тұтынушылар топтары бойынша сараламай) ақы төлейдi.
12. Энергиямен жабдықтаушы ұйым электр энергиясын берудің есепті айынан кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде нетто-тұтынушы шығарған шот-фактура және нетто-тұтынушы мен энергиямен жабдықтаушы ұйым арасында қол қойылған коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін салыстырып-тексеру актісі (жеке тұлғалар үшін – коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштері негізінде) негізінде коммерциялық есепке алу аспабының (аспаптарының) деректеріне сәйкес нетто-тұтынушы желіге берген электр энергиясы көлемінің желіден нақ сол кезең ішінде өзі тұтынған электр энергиясының асып кеткен көлемі үшін ақы төлеуді жүзеге асырады.
13. Ақы төлеу қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы жүргізіледі.
20__ жылғы " ___" № ________
Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі ауқымы шағын объектілерді электр желілеріне қосуға және артық электр энергиясын сатуға арналған хабарлама
________________________________________________________________
(нетто-тұтынушының немесе ұйымның толық атауы, заңды мекенжайы
немесе тұрғылықты мекенжайы көрсетіледі)
"Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы" Қазақстан
Республикасының Заңына сәйкес Сізге жаңартылатын энергия көздерін
пайдаланатын ауқымы шағын объектілерді электр желілеріне қосу және
артық электр энергиясын сату туралы хабарлайды.
Қоса берілетін құжаттардың тізімі:
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
(Басшы немесе уәкілетті адам, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса),
қолы, күні)
Хабарламаны _______________________________________________ алдым
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы, күні)