"Исламдық қаржыландыру жөніндегі субсидиялау шартының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 756 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 3 тамыздағы № 360 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 2 қыркүйекте № 14200 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 29 сәуірдегі № 32 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 29.04.2019 № 32 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Исламдық қаржыландыру жөніндегі субсидиялау шартының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 756 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12821 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 18 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      аталған бұйрықпен бекітілген Исламдық қаржыландыру жөніндегі субсидиялау шартының нысанында:

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Алушы қаржыландыру бойынша төлемді уақтылы өтемеген жағдайда, оның ішінде банк (лизингтік компания) кірісінің субсидияланбайтын бөлігін уақтылы өтемеген жағдайда немесе Алушы 3 (үш) ай қатарынан (исламдық лизинг шарты бойынша) қатарынан 2 (екі) және одан көп рет) банктің (лизингтік компанияның) алдында төлемдерді төлеу міндеттемелерін орындамаған жағдайда, Алушы берешекті өтегенге дейін банк (лизингтік компания) өз кірісінің субсидияланатын бөлігін өтеу үшін қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан қаражатты есептен шығаруды жүргізбейді және 2 (екі) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігін бұл туралы хабардар етеді. Осы тармақта көзделген жағдайлар басталған күннен бастап 30 күнтізбелік күн өткеннен кейін хабардар еткен/хабардар етпеген жағдайда банк (лизингтік компания) қаржы агенттігіне 100 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшерінде айыппұл төлейді.";

      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Алушы:

      1) қаржы агенттігінен сыйақының субсидияланатын мөлшерлемесі бөлігінде банкке (лизингтік компанияға) субсидиялар төлеуді талап етуге;

      2) Шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 75 күннен кешіктірмей банкке (лизингтік компанияға) субсидиялау шартының қолданылу мерзімін ұзартуға өтінім беруге құқылы";

      31-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "31. Банк (лизингтік компания):

      1) осы Шарт Исламдық қаржыландыру қағидаларында көзделген мерзімдерде уақтылы жасалмаған жағдайда, кешіктіру себептерін түсіндіре отырып, қаржы агенттігін ресми хатпен хабардар етуге;

      2) қаржы агенттігінің тиісті хабарламасының негізінде

      Алушының Жобасы бойынша қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан субсидиялардың сомасын акцептсіз тәртіппен есептен шығаруды жүзеге асыруға міндетті, бұл ретте банктің (лизингтік компанияның) осы шартты іске асыру мақсаттарына арналмаған өзге шоттардан субсидиялар сомасын есептен шығаруға құқығы жоқ. Алушы қаржыландыру бойынша жоспарлы төлемді нақты өтеген күннен бастап күнтізбелік 30 күн өткеннен кейін сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін өтеу үшін қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан субсидиялар сомасы есептен шығарылған жағдайда ислам банкі (лизингтік компания) қаржы агенттігіне 100 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді;

      3) Алушыны қаржыландыру бойынша банктің (лизингтік компанияның) кірісін субсидиялау тоқтатылған жағдайда, Алушыны қаржыландыру бойынша өзіндік құнның сомасы (жалдау төлемінің сомасы) мерзімінен бұрын ішінара/толық өтелген жағдайда 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігіне өзара есеп айырысуларды салыстырып-тексеру актісін беруге міндетті. Бұл ретте банк (лизингтік компания) салыстырып-тексеру актісінде іс жүзінде есептен шығарылған субсидиялардың сомалары мен күндерін көрсетеді, ал қаржы агенттігі субсидиялардың аударылған сомасын және күндерін көрсетеді. Алушы негізгі борышты ішінара/толық мерзімінен бұрын өтеген күннен бастап күнтізбелік 30 күн өткеннен кейін хабардар еткен/хабардар етпеген жағдайда, банк (лизингтік компания) қаржы агенттігіне 100 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді;

      4) қаржы агенттігіне Алушының субсидияланатын қаржыландыруының төлем тәртібіне мониторинг жүргізу құқығын беруге;

      5) мониторингтік есептерді беруге;

      6) осы Шарт талаптарының орындалуына ықпал ете алатын барлық жағдаяттар туралы қаржы агенттігіне уақтылы хабарлауға;

      7) осы Шарттың қолданылу мерзімі ішінде қаржыландырудың сомасын және (немесе) қаржыландыру (лизинг) бойынша банк (лизингтік компания) кірісінің номиналдық мөлшерлемесін біржақты тәртіпте өзгертпеуге;

      8) ӨҮК қолданыстағы қаржыландыруды субсидиялау туралы шешім қабылдаған жағдайда, Бағдарламаға және Исламдық қаржыландыру жөніндегі қағидаларға сәйкес рұқсат етілген комиссияларды, алымдар мен (немесе) өзге де төлемдерді қоспағанда, Алушыға бұрын алынған комиссияларды, алымдарды және (немесе) ағымдағы қаржы жылындағы өзге төлемдерді өтеуге;

      9) Алушы қаржыландыру бойынша өзіндік құнның сомасын (жалдау төлемінің сомасын) мерзімінен бұрын ішінара (толық) өтеген жағдайда қаржы агенттігін қаржыландыру бойынша өзіндік құн сомасының (жалдау төлемі сомасының) мерзімінен бұрын ішінара (толық) өтелу фактісі туралы хабардар етуге;

      Сонымен бірге, Алушыны қаржыландыру бойынша өзіндік құнның сомасы (жалдау төлемінің сомасы) мерзімінен бұрын ішінара өтелген жағдайда, банк (лизингтік компания) қаржыландыру шартына (исламдық лизинг шартына) қосымша келісім жасаған кезде қаржы агенттігіне қаржыландыру шартына (исламдық лизинг шартына) қосымша келісімнің көшірмесін жібереді, оған төлемдерді өтеу кестесі өзгертіліген, субсидиялау шартына жасалған тиісті қосымша келісімді қоса тіркейді;

      10) осы Шарттың 30-тармағының 2-тармақшасына сәйкес түскен Алушының өтінімі оң қаралған кезде күнтізбелік 60 күннен кешіктірмей субсидиялау шартының қолданылу мерзімін ұзарту туралы ӨҮК өтініш жасауға міндетті".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту департаменті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Ұлттық экономика министрі

Қ. Бишімбаев


О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 8 декабря 2015 года № 756 "Об утверждении формы Договора субсидирования по исламскому финансированию"

Приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 3 августа 2016 года № 360. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 2 сентября 2016 года № 14200. Утратил силу приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 29 апреля 2019 года № 32 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратил силу приказом Министра национальной экономики РК от 29.04.2019 № 32 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 8 декабря 2015 года 756 "Об утверждении формы Договора субсидирования по исламскому финансированию" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 12821, опубликованный в информационно-правовой системе "Әділет" 18 января 2016 года) следующие изменения:

      в форме Договора субсидирования по исламскому финансированию, утвержденной указанным приказом:

      пункт 20 изложить в следующей редакции:

      "20. В случае несвоевременного погашения Получателем платежа по финансированию, в том числе несвоевременного погашения не субсидируемой части дохода банка (лизинговой компании) или неисполнения Получателем в течение 3 (трех) месяцев подряд (по договору исламского лизинга) - 2 (два) и более раза подряд) обязательств по оплате платежей перед банком (лизинговой компанией), банк (лизинговая компания) не производит списание средств с текущего счета финансового агентства для погашения субсидируемой части дохода банка (лизинговой компании) до погашения задолженности Получателем, и уведомляет об этом финансовое агентство в течение 2 (двух) рабочих дней. В случае не уведомления/уведомления по истечении 30 календарных дней со дня наступления случаев, предусмотренных настоящим пунктом, банк (лизинговая компания) уплачивает финансовому агентству штраф в размере 100 месячных расчетных показателей (далее – МРП).";

      пункт 30 изложить в следующей редакции:

      "30. Получатель вправе:

      1) требовать от финансового агентства выплаты субсидий банку (лизинговой компании) в части субсидируемой ставки вознаграждения;

      2) подать заявку на продление срока действия договора субсидирования в банк (лизинговую компанию) не позднее 75 календарных дней до истечения срока действия Договора.";

      пункт 31 изложить в новой редакции:

      "31. Банк (лизинговая компания) обязан:

      1) в случае несвоевременного заключения настоящего Договора в сроки, предусмотренные в Правилах по исламскому финансированию, уведомить финансовое агентство официальным письмом с разъяснением причин задержки;

      2) осуществлять списание с текущего счета финансового агентства в безакцептом порядке суммы субсидий по Проекту Получателя на основании соответствующего уведомления финансового агентства, при этом банк (лизинговая компания) не имеет права списывать суммы субсидий с иных счетов, не предназначенных для целей реализации настоящего договора. В случае списания сумм субсидий с текущего счета финансового агентства для погашения субсидируемой части ставки вознаграждения по истечении 30 календарных дней со дня фактического погашения Получателем планового платежа по финансированию, исламский банк (лизинговая компания) уплачивает финансовому агентству штраф в размере 100 МРП;

      3) в случае прекращения субсидирования дохода банка (лизинговой компании) по финансированию Получателя, частичного/полного досрочного погашения суммы себестоимости (суммы арендного платежа) по финансированию Получателя, в течение 7 (семи) рабочих дней представить акт сверки взаиморасчетов финансовому агентству. При этом банк (лизинговая компания) в акте сверки указывает суммы и даты фактического списания субсидий, а финансовое агентство указывает суммы и даты перечисления субсидий. В случае не уведомления/уведомления по истечении 30 календарных дней со дня частичного/полного досрочного погашения Получателем основного долга, банк (лизинговая компания) уплачивает финансовому агентству штраф в размере 100 МРП;

      4) предоставить финансовому агентству право проводить мониторинг платежной дисциплины субсидируемого финансирования Получателя;

      5) предоставлять мониторинговые отчеты;

      6) своевременно извещать финансовое агентство обо всех обстоятельствах, способных повлиять на выполнение условий настоящего Договора;

      7) не изменять сумму финансирования и (или) номинальную ставку дохода банка (лизинговой компании) по финансированию (лизингу) в течение срока действия настоящего Договора в одностороннем порядке;

      8) в случае принятия РКС решения о субсидировании действующего финансирования, возместить Получателю ранее полученные комиссии, сборы и (или) иные платежи в текущем финансовом году, за исключением комиссий, сборов и (или) иных платежей, разрешенных в соответствии с Программой и Правилами по исламскому финансированию;

      9) в случае частичного (полного) досрочного погашения суммы себестоимости (суммы арендного платежа) по финансированию Получателем, уведомить финансовое агентство о факте частичного (полного) досрочного погашения суммы себестоимости (суммы арендного платежа) по финансированию.

      Одновременно, в случае частичного досрочного погашения суммы себестоимости (суммы арендного платежа) по финансированию Получателя, банк (лизинговая компания) при заключении дополнительного соглашения к договору финансирования (договору исламского лизинга), направляют финансовому агентству копию дополнительного соглашения к договору финансирования (договору исламского лизинга) с приложением соответствующего дополнительного соглашения к договору субсидирования с изменением графика погашения платежей;

      10) при положительном рассмотрении заявки Получателя, поступивший согласно подпункта 2 пункта 30 настоящего Договора, ходатайствовать на РКС о продлении срока действия договора субсидирования не позднее 60 календарных дней.".

      2. Департаменту развития предпринимательства Министерства национальной экономики Республики Казахстан обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) направление копии настоящего приказа в печатном и электронном виде на официальное опубликование в периодические печатные издания и информационно-правовую систему "Әділет" в течение десяти календарных дней после его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан, а также в Республиканский центр правовой информации для включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства национальной экономики Республики Казахстан;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства национальной экономики Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра национальной экономики Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Министр


национальной экономики


Республики Казахстан

К. Бишимбаев