Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мекемелерінің шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындарының арнайы көлік құралдарының тиесілік нормативтерін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 15 тамыздағы № 808 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 14 қыркүйекте № 14236 болып тіркелді

      "Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындарды, акционерлік қоғамдарды және олардағы мемлекеттік қатысу үлестерінің мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін анықтауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді оңтайландыру мақсатымен олардың әкімшілік шығыстарының мониторингін жүргізу тетігін анықтау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 ақпандағы № 145 қаулысының 1-4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мекемелерінің шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындарының арнайы көлік құралдарының тиесілік нормативтері осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Б.Б. Бисенқұловқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне (Б.М.Бердалин) жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Министр
полиция генерал-полковнигі

Қ. Қасымов

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
______________ Б. Сұлтанов
2016 жылғы 15 тамыз




Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2016 жылғы 15 тамыздағы
№ 808 бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мекемелерінің шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындарының арнайы көлік құралдарының тиесілік нормативтері

Р/с №
 

Бөлініс атауы
 

Өлшем бірлігі
 

Саны
 

Арнайы көлік құралының атауы
 

1
 

өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімді шығарумен және іске асырумен (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) және ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру, оларды қайта өндеумен және іске асырумен 1 өндірістік учаскеге
 

дана
 

1
 

трактор
 




1
 

автотиеуіштер
 




1
 

экскаватор
 




1
 

изотермиялық шанағы бар автомобиль
 




1
 

вакуум автомобилі
 




1
 

автоцистерна
 




1
 

бульдозер
 




1
 

комбайн
 

2
 

құрылыс-монтаж және жөндеу-құрылыс жұмыстарымен айналысатын 1 өндірістік учаскеге
 

дана
 

3
 

трактор
 




3
 

автотиеуіштер
 




3
 

экскаватор
 




3
 

трейлер
 




3
 

автокран
 




2
 

бульдозер
 


Об установлении нормативов положенности специальных транспортных средств республиканских государственных предприятий на праве хозяйственного ведения учреждений Комитета уголовно-исполнительной системы Министерства внутренних дел Республики Казахстан

Приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 15 августа 2016 года № 808. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 14 сентября 2016 года № 14236

      В соответствии с подпунктом 1) пункта 1-4 постановления Правительства Республики Казахстан от 10 февраля 2003 года № 145 "Об определении механизма проведения мониторинга административных расходов государственных предприятий, акционерных обществ, контрольные пакеты акций которых принадлежат государству, и товариществ с ограниченной ответственностью, размеры государственных долей участия в которых позволяют государству определять решения общего собрания участников, с целью их оптимизации", ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Установить прилагаемые нормативы положенности специальных транспортных средств республиканских государственных предприятий на праве хозяйственного ведения учреждений Комитета уголовно-исполнительной системы Министерства внутренних дел Республики Казахстан, согласно приложению к настоящему приказу.
      2. Комитету уголовно-исполнительной системы Министерства внутренних дел Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:
      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и информационно-правовой системе "Әділет";
      3) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации Министерства юстиции Республики Казахстан" для размещения в эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан;
      4) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства внутренних дел Республики Казахстан;
      5) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства внутренних дел Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2), 3) и 4) настоящего пункта.
      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на заместителя министра внутренних дел Республики Казахстан Бисенкулова Б.Б. и Комитет уголовно-исполнительной системы Министерства внутренних дел Республики Казахстан (Бердалин Б.М.).
      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
 

      Министр
генерал-полковник полиции

К. Касымов


      "СОГЛАСОВАНО"
      Министр финансов
      Республики Казахстан
      ______________ Б. Султанов
      15 августа 2016 года
 


Приложение
к приказу Министра внутренних
дел Республики Казахстан
от 15 августа 2016 года № 808

Норматив положенности специальных транспортных средств

республиканских государственных предприятий на праве хозяйственного ведения учреждений Комитета уголовно-исполнительной системы

Министерства внутренних дел Республики Казахстан


п/п
 
Наименование подразделения
 
Единица измерения
 
Количество
 
Наименование специального транспортного средства
 

1
 

на 1 производственный участок, занимающийся выпуском и реализацией продукции (работ, услуг) производственно-технического назначения и производством сельско-хозяйственной продукции, ее переработкой и реализацией
 

шт.
 

1
 

трактор
 




1
 

автопогрузчик
 




1
 

экскаватор
 




1
 

автомобиль с изотермическим кузовом
 




1
 

вакуумный автомобиль
 




1
 

автоцистерна
 




1
 

бульдозер
 




1
 

комбайн
 

2
 

на 1 производственный участок, занимающийся строительно-монтажными и ремонтно-строительными работами
 

шт.
 

3
 

трактор
 




3
 

автопогрузчик
 




3
 

экскаватор
 




3
 

трейлер
 




3
 

автокран
 




2
 

бульдозер