Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 08.02.2018 № 147 және ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.02.2018 № 24 бірлескен бұйрығы және қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі БҰЙЫРАДЫ және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Өкімдердің нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 23 қаңтардағы № 27 бұйрығына және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2009 жылғы 27 ақпандағы № 16 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілірді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5585 тіркелген, 2009 жылғы 3 сәуірінде "Заң" газетінде № 49 (1646) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 611-бабының 3-тармағына, 2010 жылғы 30 маусымдағы "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 162-бабының 3-тармағына, 2013 жылғы 21 маусымдағы "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабына, "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына, сондай-ақ "Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 қаулысына және "Әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы № 683 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы министрі БҰЙЫРАДЫ және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
1-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"осы бұйрыққа және қаулыға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік кірістер органының салық төлеушінің (салық агентінің), кедендік төлемдерді және салықтарды, өсімпұлдарды төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімі;";
көрсетілген бұйрықпен және қаулымен бекітілген мемлекеттік кірістер органының салық төлеушінің (салық агентінің), кедендік төлемдерді, салықтар мен өсімпұлдарды төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімнің нысаны осы бұйрыққа және қаулыға 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен және қаулымен бекітілген мемлекеттік кірістер органының агенттің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімнің нысаны осы бұйрыққа және қаулыға 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен және қаулымен бекітілген мемлекеттік кірістер органының әлеуметтік аударымдарды төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімнің нысаны осы бұйрыққа және қаулыға 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин):
1) осы бұйрықтың және қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық және қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оларды мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануды;
3) осы бұйрық және қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінен алғаннан кейін күнтізбелік бес күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
4) осы бұйрықты және қаулыны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық және қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының |
Қазақстан Республикасы |
Мемлекеттік кірістер органының салық төлеушінің (салық агентінің), кедендік төлемдер мен салықтарды, өсімпұлдарды төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімі
20___жылғы "___"____________ №_______
(жазба күні)
___________________________________________________________________
(банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге
___________________________________________________________________
асыратын ұйымның атауы, сәйкестендіру нөмірі (БСН), орналасқан орны)
______________________________________________________ ұсынылды.
2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 611-бабына, 2010 жылғы 30 маусымдағы "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 162-бабына және ____ жылғы "___" _______ № _______ хабарламаға сәйкес (хабарлама күні)
___________________________________________________________________
(мемлекеттік органының атауы,
___________________________________________________________________
сәйкестендіру нөмірі (БСН)
___________________________________________________________________
(заңды тұлғаның, оның құрылымдық бөлімшесінің толық атауы немесе дара кәсіпкердің, жеке нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың және кәсіби медиатордың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда),
___________________________________________________________________
сәйкестендіру нөмірі (БСН/ЖСН), орналасқан орны)
банк шоттары (корреспонденттік шоттарды қоспағанда) бойынша
___________________________________________________________________
(жеке сәйкестендіру коды)
2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 611-бабының 2-тармағында, 2010 жылғы 30 маусымдағы "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 162-бабының 2-тармағында көзделген операцияларды және ақшаны алып қою жағдайларын қоспағанда, шығыс операциялары тоқтатыла тұрсын (X-ті тиісті торкөзде көрсету керек):
________________________________________ теңге* сомасы шегінде
(сомалары санмен және жазумен)
барлық шығыс операциялары ___________________________________
(тоқтатыла тұрудың себебі)
Мөр орны __________________________________________________________
(Мемлекеттік орган басшысының тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған жағдайда)
Осы өкім ______ жылғы "___" _________________________ табыс етілді.
* мемлекеттік орган салық берешегі және (немесе) кедендік төлемдер мен салықтар, өсімпұлдар бойынша берешегі өтелмеген жағдайда көрсетеді.
| |||||||||||||||||||
| |||||||||||||||||||
Нысан |
Мемлекеттік кірістер органының агенттің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімі
20___жылғы "___"____________ №_______
(жазба күні)
___________________________________________________________________
(банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге
___________________________________________________________________
асыратын ұйымның атауы, сәйкестендіру нөмірі (БСН), орналасқан орны)
______________________________________________________ ұсынылды.
2013 жылғы 21 маусымдағы "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабына, "Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару тәртібі мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 қаулысына, сондай-ақ бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударуға жататын міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы туралы _____ жылғы "___" _____________ № _________ хабарламаға сәйкес
(хабарлама күні)
___________________________________________________________________
(мемлекеттік органның атауы, сәйкестендіру нөмірі (БСН)
___________________________________________________________________
(заңды тұлғаның, оның құрылымдық бөлімшесінің толық атауы немесе дара кәсіпкердің, жеке нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың және кәсіби медиатордың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда),
_________________________________________________________________
сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН), орналасқан орны)
банк шоттары (корреспонденттік шоттарды қоспағанда) бойынша
___________________________________________________________________
(жеке сәйкестендіру коды)
2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 611-бабының 2-тармағында көзделген операцияларды және ақшаны алып қою жағдайларын қоспағанда, шығыс операциялары тоқтатыла тұрсын (X-ті тиісті торкөзде көрсету керек):
__________________________________________теңге сомасы шегінде
(сомалары санмен және жазумен)
барлық шығыс операциялары ___________________________________
Мөр орны __________________________________________________________
(Мемлекеттік органы басшысының тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған жағдайда)
Осы өкім ____ жылғы "___" ____________________________ табыс етілді.
| |||||||||||||||||||
| |||||||||||||||||||
Нысан |
Мемлекеттік кірістер органының әлеуметтік аударымдарды төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімі
20___жылғы "___"____________ №_______
(жазба күні)
___________________________________________________________________
(банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге
___________________________________________________________________
асыратын ұйымның атауы, сәйкестендіру нөмірі (БСН), орналасқан орны)
______________________________________________________ ұсынылды.
2003 жылғы 25 сәуірдегі "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына, "Әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы № 683 қаулысына, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органына міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі қатысушыларының тізімін беру туралы________________ жылғы
"___"________ № ____ хабарламаға сәйкес
(хабарлама күні)
___________________________________________________________________
(мемлекеттік органының атауы, сәйкестендіру нөмірі (БСН) ___________________________________________________________________
(хабарламаның мазмұны) ___________________________________________________________________
(заңды тұлғаның, оның құрылымдық бөлімшесінің толық атауы немесе дара кәсіпкердің, жеке нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың және кәсіби медиатордың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), ___________________________________________________________________
сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН), орналасқан орны)
банк шоттары (корреспонденттік шоттарды қоспағанда) бойынша
___________________________________________________________________
(жеке сәйкестендіру коды)
2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 611-бабының 2-тармағында көзделген операцияларды және ақшаны алып қою жағдайларын қоспағанда, барлық шығыс операциялары тоқтатыла тұрсын.
Мөр орны ______________________________________________________
(Мемлекеттік орган басшысының тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған жағдайда)
Осы өкім ______ жылғы "___" __________________________ табыс етілді.