"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтын-валюта активтерінің бір бөлігін сыртқы басқаруға беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 17 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 8 тамыздағы № 174 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 23 қыркүйекте № 14253 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 19 наурыздағы № 30 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.03.2020 № 30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтын-валюта активтерін басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтын-валюта активтерінің бір бөлігін сыртқы басқаруға беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 17 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №13225 тіркелген, 2016 жылғы 5 наурызда "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтын-валюта активтерінің бір бөлігін сыртқы басқаруға беру қағидаларында:

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "11-1) бас ұйым – еншілес ұйымдар акцияларының бақылау пакетіне ие компания;";

      18-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Егер осындай мандат түрі бойынша үш жылдан кем емес кезеңде үстеме кірістілігінің деңгейі оң Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сыртқы басқаруды жүзеге асыратын сыртқы басқарушы Қағидалардың 11 және/немесе 12-тармақтарында белгіленген критерийлерге сәйкес келсе, онда Ұлттық Банк Төрағасының шешімімен оның кандидатурасы Қағидалардың 7, 8, 9 және 10-тармақтарында көзделген рәсімдерді өткізбестен бекітуге жіберіледі.";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Алтын-валюта активтерінің бір бөлігін сыртқы басқаруға беру туралы келісімде мынадай талаптар болады:

      1) Ұлттық Банктің алтын-валюта активтерінің бір бөлігін сыртқы басқаруға беру туралы келісімді мына жағдайларда:

      сыртқы басқарушы эталондық портфельмен салыстырғанда сыртқы басқарудағы портфельді басқару бойынша үстеме кірістілікке қол жеткізбеген;

      Ұлттық Банктің алтын-валюта активтерін басқару жөніндегі инвестициялық стратегиясында белгіленген шектеулерді сыртқы басқарушы бұзған;

      Ұлттық Банктің алтын-валюта активтерін басқару жөніндегі инвестициялық стратегиясы өзгерген;

      сыртқы басқарушыға жазбаша хабарламаны ұсына отырып және алтын-валюта активтерінің бір бөлігін сыртқы басқаруға беру туралы келісімді бұзу күнін көрсете отырып Ұлттық Банк басшылығының шешімі бойынша кез келген сәтте мерзімінен бұрын бұзу өкілеттігі;

      2) Ұлттық Банктің өзінің қалауы бойынша кез келген уақытта сыртқы басқарудағы алтын-валюта активтерінің бір бөлігін толықтыру/кері қайтарып алу өкілеттігі;

      3) мемлекеттік, орыс және/немесе тараптардың келісімі бойынша айқындалған тілде алтын-валюта активтерінің бір бөлігін сыртқы басқаруға беру туралы келісімге қол қою;

      4) сыртқы басқарушының оның сыртқы басқаруға берілген активтерді басқаруға жауапты қызметкерінің орнын ауыстыруы туралы ақпаратты ұсынуы;

      5) шот бойынша операцияларды тексеру мақсатында Ұлттық Банк мамандарының және тәуелсіз аудиторлардың сыртқы басқарушыға баруы, сондай-ақ инвестициялық шешімдер қабылдау тәртібі және тәуекелдер мониторингі рәсімдері туралы қосымша ақпарат алу;

      6) сыртқы басқаруға берілген активтермен мәмілелер бойынша сыртқы басқарушымен үлестес ұйымдарды брокерлер ретінде пайдаланбау;

      7) кірістіліктің күтілетін ауытқу өзгермелілігінің (expected tracking error) Ұлттық Банктің алтын-валюта активтерін басқару жөніндегі инвестициялық стратегиясында белгіленген лимитін бұзғаны үшін сыртқы басқарушының жауапкершілігі;

      8) алтын-валюта активтерінің бір бөлігін басқаруды жүзеге асыратын Ұлттық Банктің мамандарына консультациялар беру, оқыту немесе тағылымдамадан өткізу;

      9) алтын-валюта активтерінің бір бөлігін сыртқы басқаруға беру туралы келісім бұзылған жағдайда, сыртқы басқарушының Ұлттық Банкке кастодиан банкпен (банктермен) салыстырылып тексерілген портфель бойынша алтын-валюта активтерінің бір бөлігін сыртқы басқаруға беру туралы келісімді бұзу күнгі толық есептілікті ұсынуы. Сыртқы басқару кезеңіндегі портфельмен байланысты барлық күтілетін шығыстар алтын-валюта активтерінің бір бөлігін сыртқы басқаруға беру туралы келісімге сәйкес айқындалады;

      10) сыртқы басқарушының Ұлттық Банкке тұрақты негізде алтын-валюта активтерінің бір бөлігін сыртқы басқаруға беру туралы келісімге сәйкес мынадай негізгі бағыттарға сәйкес есептілікті ұсынуы:

      алдыңғы жұмыс күні жасалған операциялар бойынша күн сайынғы есептілік;

      портфельді бағалау (алтын-валюта активтерінің бір бөлігін түрлі сыныптар және валюта түрлері бойынша бөлу, портфельдің есепті айдың соңындағы құрамы, алтын-валюта активтерінің бір бөлігінің есепті айдың соңындағы нарықтық құны);

      портфельдегі қозғалыс (есепті тоқсанда жасалған, түрлі сыныптар және валюталар бойынша сұрыпталған барлық мәмілелер, өтеулер, дивидендтерді және жинақталған пайыздарды төлеу тізбесі);

      портфельді басқару нәтижелерін талдау (қол жеткізген кірістілік бөлігінде портфельді басқару бойынша ай сайынғы, тоқсандық және жалпы нәтижелер, эталондық портфельмен салыстырғанда портфель тәуекелінің және кірістіліктің ауытқу өзгермелілігі (tracking error) деңгейінің көрсеткіштері);

      тиісті нарықтардың жай-күйі және олардың портфельге ықпалы бойынша жазбаша есеп;

      экономикалық шолу;

      стратегияға шолу және портфель құрылымындағы неғұрлым маңызды өзгерістерді түсіндіру;

      инвестициялаудың ағымдағы стратегиясы;

      активтерді белсенді басқару үшін әр түрлі факторлардың портфель кірістілігіне үлесі;

      11) сыртқы басқарушының ай сайын, әрбір айдың соңында немесе транзиттік кезеңнің аяқталу күніне сыртқы басқаруға берілген портфельдің құрамын алтын-валюта активтерінің бір бөлігін сыртқы басқаруға беру туралы келісімге сәйкес кастодиан банктің (банктердің) деректерімен салыстырып тексеруді жүзеге асыруы;

      12) тараптардың келісімі бойынша алтын-валюта активтерінің бір бөлігін сыртқы басқаруға беру туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу мүмкіндігі;

      13) сыртқы басқарушының кастодиан банкке жүргізілген операциялар туралы ақпаратты сыртқы басқарушы мен брокер арасындағы мәмілелер келісілгеннен және растау рәсімдері аяқталғаннан кейін келесі жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынуы;

      14) сыртқы басқарушының брокерлерін, сондай-ақ агенттерін және қарсы әріптестерін бекіту рәсімдерін сыртқы басқарушының ұсынуы;

      15) асыра пайдалану және мүдделер қақтығысы тәуекелдерін төмендететін, оның ішінде клиенттердің портфельдері арасында мәмілелерді тең құқылы бөлуді қамтамасыз ететін сыртқы басқарушының ішкі саясаттары мен басқару рәсімдерінің болуы туралы ақпаратты ұсыну;

      16) сыртқы басқарушының алтын-валюта активтерінің бір бөлігін басқару нәтижелері туралы, инвестициялық шектеулердің орындалуы, нарықтың жай-күйін бағалау және оның портфельге және алтын-валюта активтерін басқару жөніндегі инвестициялық операцияларды жүзеге асыруға ықтимал әсері туралы есептілікті ұсыну үшін уәкілетті бөлімшемен бір жылда бір рет кезеңділігімен кездесулер өткізуі;

      17) сыртқы басқарушы тарапынан ұқыпсыздық, міндеттемелерді қасақана орындамау немесе алаяқтық жасау салдарынан Ұлттық Банкке келтірілген ықтимал шығындар үшін сыртқы басқарушының жауапкершілігі;

      18) мониторинг жүргізу мақсатында сыртқы басқарушының қадағалаушы органдар қабылдаған шаралар және сот талқылауларына қатысуы бойынша ақпаратты ұсынуы.";

      23-тармақтың бірінші абзацы және 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Алтын-валюта активтерінің бір бөлігін сыртқы транзиттік басқаруға беру туралы келісімде Қағидалардың 22-тармағының 3), 4), 5), 12), 13), 14), 15), 17) және 18) тармақшаларында көзделген талаптар, сондай-ақ мынадай талаптар бар:

      1) Ұлттық Банктің алтын-валюта активтерінің бір бөлігін сыртқы транзиттік басқаруға беру туралы келісімді мынадай жағдайларда:

      сыртқы транзиттік басқарушы алтын-валюта активтерінің бір бөлігін сыртқы транзиттік басқаруға беру туралы келісімнің талаптарын бұзған;

      сыртқы транзиттік басқарушыға жазбаша хабарламаны ұсына отырып және алтын-валюта активтерінің бір бөлігін сыртқы транзиттік басқаруға беру туралы келісімге сәйкес алтын-валюта активтерінің бір бөлігін сыртқы транзиттік басқаруға беру туралы келісімді бұзу күнін көрсете отырып Ұлттық Банк басшылығының шешімі бойынша кез келген сәтте мерзімінен бұрын бұзу өкілеттігі;";

      23-тармақтың 4) тармақшасының жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "алтын-валюта активтерінің бір бөлігін инвестициялаудың ағымдағы стратегиясы.";

      27, 28 және 29-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Алтын-валюта активтерінің бір бөлігін сыртқы басқаруға немесе сыртқы транзиттік басқаруға берген күннен бастап уәкілетті бөлімше сыртқы басқарушының немесе сыртқы транзиттік басқарушының қызметіне күн сайын мониторинг жүргізеді: алтын-валюта активтерінің бір бөлігін сыртқы басқаруға беру туралы келісімде немесе алтын-валюта активтерінің бір бөлігін сыртқы транзиттік басқаруға беру туралы келісімде көрсетілген шектеулерге сәйкестігі тексеріледі, сыртқы басқарушы немесе сыртқы транзиттік басқарушы жасайтын мәмілелерге мониторингті жүзеге асырады, тәуекел және сыртқы басқарудағы портфель кірістілігінің көрсеткіштері бағаланады.

      28. Уәкілетті бөлімше жылына бір рет алтын-валюта активтерінің бір бөлігін сыртқы басқаруға беру туралы келісімге сәйкес сыртқы басқарушымен кездесу өткізеді, онда сыртқы басқарушы басқару нәтижелері туралы, инвестициялық шектеулердің орындалуы туралы есеп береді, нарықтық ахуалды және оның портфельге және алтын-валюта активтерін басқару жөніндегі инвестициялық операцияларды жүзеге асыруға ықтимал әсеріне баға береді.

      29. Жұмыс істеп тұрған сыртқы басқарушылар жұмысының тиімділігін бағалау рәсімі алтын-валюта активтерін ішінара толықтыру/бір бөлігін алу қажеттілігі немесе сыртқы басқарушымен жұмысты жалғастыру/тоқтату туралы шешім қабылдау мақсатында жүргізіледі. Мұндай сыртқы басқарушылар жұмысының тиімділігін бағалау рәсімі Қағидаларға 4-қосымшада келтірілген сыртқы басқарушы жұмысының тиімділігін бағалау әдістемесі негізінде жүзеге асырылады және жүргізілген талдау нәтижелері бойынша Ұлттық Банк басшылығы алтын-валюта активтерін толықтыру/бір бөлігін алу немесе осы сыртқы басқарушымен жұмысты жалғастыру/тоқтату не осы мәселені Ұлттық Банк Басқармасының қарауына шығару туралы тиісті шешім қабылдайды. Шешім сыртқы басқарушының басқаруы басталған күннен бастап 3 (үш), 5 (бес) және одан көп жылдағы басқару кезеңіндегі сыртқы басқарушының басқару нәтижелері негізінде және активтердің сыныптары бойынша алынатын комиссиялық сыйақыны ескеріле отырып қабылданады.";

      мынадай мазмұндағы 29-1-тармақпен толықтырылсын:

      "29-1. Ұлттық Банк басшылығының шешімімен алтын-валюта активтерінің бір бөлігін алу немесе алтын-валюта активтерінің бір бөлігін беру туралы келісімді сыртқы басқарушымен мерзімінен бұрын бұзу Қағидалардың 29-тармағында көрсетілген рәсімсіз жүргізіледі.";

      мынадай мазмұндағы 30-1-тармақпен толықтырылсын:

      "30-1. Алтын-валюта активтерінің бір бөлігін беру туралы келісімді сыртқы басқарушымен бұзу туралы шешім алтын-валюта активтерінің бір бөлігін сыртқы басқаруға беру туралы келісімді бұзу туралы хабарламаны сыртқы басқарушыға жіберу күні қабылданған жағдайда кастодиан банкке осы сыртқы басқарушыдан хабарламада көрсетілген күннен бастап тиісті шот бойынша мәмілелер бойынша нұсқаулықтарды орындауды тоқтата тұру туралы хабарлама жіберіледі.";

      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Сыртқы басқарушыларды басқару нәтижелері туралы есеп Ұлттық Банк Басқармасының қарауына жыл сайынғы негізде, кастодиан банктен барлық сыртқы басқарушылардың портфельдері бойынша сыртқы басқарушылармен салыстырылып тексерілген қорытынды аудит жүргізілген есептер алынған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей шығарылады.".

      2. Монетарлық операциялар департаменті (Молдабекова Ә.М.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына:

      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға;

      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ғ.О. Пірматовқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Ұлттық Банк


Төрағасы

Д. Ақышев


О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 28 января 2016 года № 17 "Об утверждении Правил передачи части золотовалютных активов Национального Банка Республики Казахстан во внешнее управление"

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 8 августа 2016 года № 174. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 23 сентября 2016 года № 14253. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 19 марта 2020 года № 30.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка РК от 19.03.2020 № 30 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 30 марта 1995 года "О Национальном Банке Республики Казахстан", а также в целях повышения эффективности управления золотовалютными активами Национального Банка Республики Казахстан Правление Национального Банка Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 28 января 2016 года № 17 "Об утверждении Правил передачи части золотовалютных активов Национального Банка Республики Казахстан во внешнее управление" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 13225, опубликованное 5 марта 2016 года в информационно-правовой системе "Әділет" республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации Министерства юстиции Республики Казахстан") следующие изменения и дополнения:

      в Правилах передачи части золотовалютных активов Национального Банка Республики Казахстан во внешнее управление, утвержденных указанным постановлением:

      пункт 2 дополнить подпунктом 11-1) следующего содержания:

      "11-1) головная организация – компания, владеющая контрольным пакетом акций дочерних организаций;";

      часть вторую пункта 18 изложить в следующей редакции:

      "Если внешний управляющий, осуществляющий внешнее управление активами Национального фонда Республики Казахстан по аналогичному типу мандата с положительным уровнем сверхдоходности за период не менее трех лет, соответствует критериям, установленным пунктами 11 и/или 12 Правил, то по решению Председателя Национального Банка, его кандидатура допускается на утверждение без проведения процедур, предусмотренных пунктами 7, 8, 9 и 10 Правил.";

      пункт 22 изложить в следующей редакции:

      "22. В соглашении о передаче части золотовалютных активов во внешнее управление содержатся следующие условия:

      1) полномочие Национального Банка в любой момент досрочно расторгнуть соглашение о передаче части золотовалютных активов во внешнее управление в следующих случаях:

      недостижение внешним управляющим сверхдоходности по управлению портфелем во внешнем управлении в сравнении с эталонным портфелем;

      нарушение внешним управляющим ограничений, установленных в инвестиционной стратегии Национального Банка по управлению золотовалютными активами;

      изменение инвестиционной стратегии Национального Банка по управлению золотовалютными активами;

      по решению руководства Национального Банка с представлением письменного уведомления внешнему управляющему и указанием даты расторжения соглашения о передаче части золотовалютных активов во внешнее управление;

      2) полномочие Национального Банка по своему усмотрению в любое время пополнять/отзывать часть золотовалютных активов, находящихся во внешнем управлении;

      3) подписание соглашения о передаче части золотовалютных активов во внешнее управление на государственном, русском и/или на языке, определенном по соглашению сторон;

      4) предоставление внешним управляющим информации о передвижении его персонала, ответственного за управление активами, переданными во внешнее управление;

      5) посещение внешнего управляющего специалистами Национального Банка и независимыми аудиторами для целей проверки операций по счету, а также получение дополнительной информации о порядке принятия инвестиционных решений и процедурах мониторинга за рисками;

      6) неиспользование в качестве брокеров по сделкам с активами, переданными во внешнее управление, аффилированных с внешним управляющим организаций;

      7) ответственность внешнего управляющего за нарушение установленного инвестиционной стратегией Национального Банка по управлению золотовалютными активами лимита ожидаемой изменчивости отклонения доходности (expected tracking error);

      8) консультирование, обучение или стажировка сотрудников Национального Банка, осуществляющих управление частью золотовалютных активов;

      9) представление в Национальный Банк внешним управляющим сверенной с банком(-ами)-кастодианом(-ами) полной отчетности по портфелю на дату расторжения соглашения о передаче части золотовалютных активов во внешнее управление в случае расторжения соглашения о передаче части золотовалютных активов во внешнее управление. Все ожидаемые расходы, связанные с портфелем за период внешнего управления, определяются в соответствии с соглашением о передаче части золотовалютных активов во внешнее управление;

      10) представление в Национальный Банк внешним управляющим на регулярной основе в соответствии с соглашением о передаче части золотовалютных активов во внешнее управление отчетности в соответствии со следующими основными направлениями:

      ежедневная отчетность по совершенным за предыдущий рабочий день операциям;

      оценка портфеля (распределение части золотовалютных активов по различным классам и видам валют, состав портфеля на конец отчетного месяца, рыночная стоимость части золотовалютных активов на конец отчетного месяца);

      движения в портфеле (перечень всех заключенных за отчетный квартал сделок, отсортированных по различным классам и валютам, погашений, выплат дивидендов и накопленных процентов);

      анализ результатов управления портфелем (ежемесячные, квартальные и общие результаты по управлению портфелем в разрезе достигнутой доходности, показатели риска портфеля и уровня изменчивости отклонения доходности (tracking error) в сравнении с эталонным портфелем);

      письменный отчет по состоянию соответствующих рынков и их влиянию на портфель;

      экономический обзор;

      обзор стратегии и объяснение наиболее важных изменений в структуре портфеля;

      текущая стратегия инвестирования;

      вклад различных факторов в доходность портфеля для активного управления активами;

      11) ежемесячное, на конец каждого месяца или на дату завершения транзитного периода, осуществление внешним управляющим сверки состава портфеля, переданного во внешнее управление, с данными банка(-ов)- кастодиана(-ов), в соответствии с соглашением о передаче части золотовалютных активов во внешнее управление;

      12) возможность внесения изменений и дополнений в соглашение о передаче части золотовалютных активов во внешнее управление по соглашению сторон;

      13) представление внешним управляющим информации о проведенных операциях банку-кастодиану не позднее следующего рабочего дня после согласования и завершения процедур подтверждения сделок между внешним управляющим и брокером;

      14) представление внешним управляющим процедур утверждения брокеров, а также агентов и контрпартнеров внешнего управляющего;

      15) представление информации о наличии внутренних политик и процедур управления рисками внешнего управляющего, снижающих риск злоупотреблений и конфликта интересов, в том числе обеспечивающих равноправное распределение сделок среди портфелей клиентов;

      16) проведение внешним управляющим с периодичностью один раз в год встреч с уполномоченным подразделением для представления отчетности о результатах управления частью золотовалютных активов, об исполнении инвестиционных ограничений, оценке рыночной ситуации и ее возможном влиянии на портфель и на осуществление инвестиционных операций по управлению золотовалютными активами;

      17) ответственность внешнего управляющего за возможные убытки, причиненные Национальному Банку вследствие небрежности, преднамеренного невыполнения обязательств или мошенничества со стороны внешнего управляющего;

      18) в целях мониторинга представление внешним управляющим информации по примененным надзорными органами мерам и участию в судебных разбирательствах.";

      абзац первый и подпункт 1) пункта 23 изложить в следующей редакции:

      "23. Соглашение о передаче части золотовалютных активов во внешнее транзитное управление содержит условия, предусмотренные подпунктами 3), 4), 5), 12), 13), 14), 15), 17) и 18) пункта 22 Правил, а также следующие условия:

      1) полномочие Национального Банка в любой момент досрочно расторгнуть соглашение о передаче части золотовалютных активов во внешнее транзитное управление в следующих случаях:

      нарушение внешним транзитным управляющим условий соглашения о передаче части золотовалютных активов во внешнее транзитное управление;

      по решению руководства Национального Банка с представлением письменного уведомления внешнему транзитному управляющему и указанием даты расторжения соглашения о передаче части золотовалютных активов во внешнее транзитное управление в соответствии с соглашением о передаче части золотовалютных активов во внешнее транзитное управление;";

      абзац седьмой подпункта 4) пункта 23 изложить в следующей редакции:

      "текущая стратегия инвестирования части золотовалютных активов.";

      пункты 27, 28 и 29 изложить в следующей редакции:

      "27. Со дня передачи части золотовалютных активов во внешнее управление или внешнее транзитное управление уполномоченным подразделением проводится ежедневный мониторинг деятельности внешнего управляющего или внешнего транзитного управляющего: проверяется соответствие ограничениям, указанным в соглашении о передаче части золотовалютных активов во внешнее управление или соглашении о передаче части золотовалютных активов во внешнее транзитное управление, осуществляется мониторинг сделок, совершаемых внешним управляющим или внешним транзитным управляющим, оцениваются показатели риска и доходности портфеля во внешнем управлении.

      28. С периодичностью один раз в год уполномоченное подразделение в соответствии с соглашением о передаче части золотовалютных активов во внешнее управление проводит встречу с внешним управляющим, на которой внешний управляющий отчитывается о результатах управления, об исполнении инвестиционных ограничений, дает оценку рыночной ситуации и ее возможном влиянии на портфель и на осуществление инвестиционных операций по управлению золотовалютными активами.

      29. Процедура оценки эффективности работы действующих внешних управляющих проводится в целях принятия решения о необходимости частичного пополнения/изъятия части золотовалютных активов или продолжения/прекращения работы с внешним управляющим. Данная процедура оценки эффективности работы внешних управляющих осуществляется на основе методики оценки эффективности работы внешнего управляющего, приведенной в приложении 4 к Правилам, и по результатам проведенного анализа руководством Национального Банка принимается соответствующее решение о пополнении/изъятии части золотовалютных активов или продолжении/прекращении работы с данным внешним управляющим, либо вынесении данного вопроса на рассмотрение Правления Национального Банка. Решение принимается на основе результатов управления внешнего управляющего и по классам активов за период управления в 3 (три), 5 (пять) и более лет со дня начала управления внешним управляющим с учетом взимаемого комиссионного вознаграждения.";

      дополнить пунктом 29-1 следующего содержания:

      "29-1. По решению руководства Национального Банка изъятие части золотовалютных активов или досрочное расторжение соглашения о передаче части золотовалютных активов с внешним управляющим проводится без процедуры, указанной в пункте 29 Правил.";

      дополнить пунктом 30-1 следующего содержания:

      "30-1. В случае принятия решения о расторжении соглашения о передаче части золотовалютных активов с внешним управляющим в день направления внешнему управляющему уведомления о расторжении соглашения о передаче части золотовалютных активов во внешнее управление банку-кастодиану направляется уведомление о приостановлении исполнения инструкций от данного внешнего управляющего по сделкам по соответствующему счету с даты, указанной в уведомлении.";

      пункт 31 изложить в следующей редакции:

      "31. Отчет о результатах управления внешних управляющих выносится на рассмотрение Правления Национального Банка на ежегодной основе, не позднее трех месяцев после получения от банка-кастодиана сверенных с внешними управляющими финальных аудированных отчетов по портфелям всех внешних управляющих.".

      2. Департаменту монетарных операций (Молдабекова А.М.) в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) совместно с Юридическим департаментом (Сарсенова Н.В.) государственную регистрацию настоящего постановления в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) направление настоящего постановления в республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации Министерства юстиции Республики Казахстан":

      на официальное опубликование в информационно-правовой системе "Әділет" в течение десяти календарных дней после его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      для включения в Государственный реестр нормативных правовых актов Республики Казахстан, Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан в течение пяти рабочих дней со дня его получения Национальным Банком Республики Казахстан после государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего постановления на официальном интернет-ресурсе Национального Банка Республики Казахстан после его официального опубликования.

      3. Управлению по защите прав потребителей финансовых услуг и внешних коммуникаций (Терентьев А.Л.) обеспечить направление настоящего постановления на официальное опубликование в периодические печатные издания в течение десяти календарных дней после его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя Председателя Национального Банка Республики Казахстан Пирматова Г.О.

      5. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.


Председатель


Национального Банка

Д. Акишев