Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының қызметтік куәлігін беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқарушысының 2016 жылғы 8 қыркүйектегі № 13/139 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 5 қазанда № 14286 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының м.а. 2024 жылғы 6 қарашадағы № 09/272 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президенті Іс басқарушысының м.а. 06.11.2024 № 09/272 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының қызметтік куәлігін беру қағидалары және оның сипаттамасы бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінен мемлекеттік тіркеу күнінен бастап он күнтізбелік күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының аппарат басшысына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы

Президентінің Іс Басқарушысы

А. Бисембаев



  Қазақстан Республикасы
  Президенті Іс Басқарушысының
  2016 жылғы 8 қыркүйектегі
  № 13/139 бұйрығымен
  бекітілген

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының
қызметтік куәлігін беру қағидалары және оның сипаттамасы
1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының қызметтік куәлігін беру қағидалары және оның сипаттамасы (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының (бұдан әрі – Іс Басқармасы) қызметтік куәлігін беру тәртібін және оның сипаттамасын анықтайды.

      Мемлекеттік қызметшінің қызметтік куәлігі (бұдан әрі – куәлік) қызметкердің мемлекеттік лауазымы мен лауазымдық өкілеттіктерін растайтын құжат болып табылады.

2-тарау. Куәлікті беру тәртібі

      2. Куәлікке:

      1) Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқарушысының қолы қойылып, Іс Басқармасы Медициналық орталығының басшысы мен оның орынбасарларына, Іс Басқармасы "А" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне, Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының басшысы мен оның орынбасарларына беріледі;

      2) Іс Басқармасының аппарат басшысының қолы қойылып, Іс Басқармасы "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне беріледі;

      3) Іс Басқармасының ведомство басшысының қолы қойылып, Іс Басқармасы ведомствосының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне беріледі.

      3. Куәліктерді дайындауды, берілуі мен алынуын есепке алуды ұйымдастыру тиісті кадр қызметіне жүктеледі.

      4. Куәлік қызметкерге лауазымға тағайындалған, басқа лауазымға ауысқан (қайта тағайындалған), бүлінген, жоғалған, бұдан бұрын берілген куәліктің қолданылу мерзімі өткен кезде төрт жылдық мерзімге беріледі.

      5. Қызметкерлер қызметтік куәлікті алғаны үшін осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысандағы Іс Басқармасының қызметтік куәліктерін есепке алу журналына қол қояды, журнал тігіледі, нөмірленеді, тиісті кадр қызметі бастығының қолымен және мөрмен бекітіледі.

      6. Қызметкер куәліктің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік он күн бұрын тиісті кадр қызметіне хабарлайды.

      7. Қызметкер жұмыстан босатылғанда куәлікті тиісті кадр қызметіне тапсырады.

      8. Куәлігі бар қызметкер оны ұқыпты сақтауға және тек қана лауазымдық өкілеттіктеріне сәйкес қызметтік мақсаттарда пайдалануға жеке жауапты. Куәлікті басқа тұлғаға беруге болмайды.

      9. Қызметкер куәлікті жоғалтқан, бүлдірген жағдайда екі жұмыс күні ішінде куәлікке қолы қойылған тұлғаға немесе оның міндетін атқарушыға жазбаша (еркін) түрде хабарлайды.

      10. Қызметтік куәлікті жоғалтудың, бүлдірудің, сондай-ақ оны басқа адамдарға берудің немесе мақсатына сай пайдаланбаудың әрбір фактісі бойынша тиісті кадр қызметі қызметтік тексеру туралы бұйрық шыққан күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде қызметтік тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша тиісті тәртіптік комиссия кінәлілерді тәртіптік жауаптылыққа тарту мәселесін қарайды.

      11. Жоғалған куәлік бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жарамсыз деп жарияланады. Тиісті кадр қызметі жоғалғанның орнына жаңа куәлікті қызметтік тексеру жүргізілгеннен кейін береді.

      12. Қызметкерлер жұмыстан босатылғанда немесе бүлінген кезде тапсырылған куәліктер еркін нысандағы тиісті жою туралы акт жасалумен жойылуы тиіс.

3-тарау. Куәліктің сипаттамасы

      13. Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқарушысы және Іс Басқармасы аппараты басшысының қолы қойылып берілетін куәліктің сипаттамасы:

      1) куәліктің мұқабасы қара көк түсті былғарыдан жасалады. Куәлік толық ашылғанда оның мұқабасының көлемі 65х190 мм болады.

      Куәліктің сырт жағының ортасында жоғарғы жиегінен 7 мм төмен жерде алтын түсті фольгамен бедерлеу әдісімен орындалған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының (бұдан әрі – Елтаңба) бейнесі орналасқан. Елтаңба көлемі - 25х27 мм. Одан 5 мм төмен жерде алтын түсті фольгамен бедерлеу әдісімен орындалған, қарпі Arial, қаріп өлшемі 12 "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ІС БАСҚАРМАСЫ" деген мемлекеттік тілдегі жазу орналасқан.

      2) куәлік жапсырмасы офсеттік баспа әдісімен қалыңдығы 200гр/м? жылтыр қағаздан жасалады. Жапсырманың сол және оң жақ екі бөлігі бар. Жапсырмадағы әрбір жақтың көлемі – 63х88 мм.

      Куәлік жапсырмасы көгілдір, сұрғылт жасыл және қызғылт түсте жасалады.

      Іс Басқармасының "А" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшінің, Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының басшысы мен оның орынбасарлары куәліктерінің жапсырмасы көгілдір түсте жасалады.

      Іс Басқармасы Медициналық орталығы басшысы мен оның орынбасарлары куәліктерінің жапсырмасы сұрғылтжасыл түсте жасалады.

      Іс Басқармасының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілері куәліктерінің жапсырмасы қызғылт түсте жасалады.

      Жапсырманың сол және оң жақтарында тангирлі тор және алтын түсті Іс Басқармасының логотипі орналасқан. Логотип көлемі – 32,5х32,5 мм.

      Жапсырманың сол жақ жоғарғы бөлігінде "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ІС БАСҚАРМАСЫ" деген мемлекеттік тілдегі және оң жақ жоғарғы бөлігінде "УПРАВЛЕНИЕ ДЕЛАМИ ПРЕЗИДЕНТА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН" деген орыс тіліндегі жазу орналасқан. Жазу қызыл түсте орындалған, қарпі Times New Roman, қаріп өлшемі 19, жартылай қалың. Жазу астында қызыл түсті, қарпі Arial, қаріп өлшемі 1,5 "Қазақстан Республикасы" деген микромәтін орналасқан, төменге қарай мемлекеттік және орыс тілдерінде куәлік нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), атқаратын лауазымы, құрылымдық бөлімше атауы көрсетіледі.

      Жапсырманың сол жағындағы микромәтіннен төмен жерде көлемі 30x40 мм қызметкердің фотосуреті үшін жиектеме, тиісінше Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқарушысының, аппарат басшысының қолымен және елтаңбалық мөрмен бекітілген қазақ тіліндегі мәтін орналасқан.

      Жапсырманың оң жағындағы сол жақ бөлігінде микромәтіннен төмен жерде тангирлі торы бар жиектеме бейнеленген. Жиектеме ортасында Елтаңба бейнеленген. Елтаңба көлемі – 25х25 мм.

      Одан 7 мм төмен жерде алтын түсті металдандырылған бояумен жасалған өрнек орналасқан. Өрнек көлемі – 3х25 мм.

      Оң жақ төменгі бөлігінде куәліктің қолданылу мерзімі көрсетіледі.

      14. Ведомство басшысы қол қойған куәліктің сипаттамасы:

      1) куәліктің мұқабасы қара көк түсті былғарыдан жасалады. Куәлік толық ашылғанда оның мұқабасының көлемі 65х190 мм болады.

      Куәліктің сырт жағының ортасында жоғарғы жиегінен 7 мм төмен жерде алтын түсті фольгамен бедерлеу әдісімен орындалған Елтаңба бейнесі орналасқан. Елтаңба көлемі - 25х27 мм. Одан 5 мм төмен жерде алтын түсті фольгамен бедерлеу әдісімен орындалған, қарпі Arial, қаріп өлшемі 12 мемлекеттік тілдегі Іс Басқармасы ведомствосының атауы орналасқан.

      2) куәлік жапсырмасы офсеттік баспа әдісімен қалыңдығы 200гр/м? жылтыр қағаздан жасалады. Жапсырманың сол және оң жақ екі бөлігі бар. Жапсырмадағы әрбір жақтың көлемі – 63х88 мм.

      Куәлік жапсырмасы ашық жасыл түсте жасалады.

      Жапсырманың оң және сол жақтарында шеңбер ішіндегі күн мен самғаған қыран құсының жасырын нысанын пайдалумен отырып, қорғаныс тангирі бейнеленген. Шеңбер диаметрі 32мм.

      Оң және сол жақтардың жоғарғы бөлігінде қызыл түсте орындалған, қарпі Times New Roman, қаріп өлшемі 17, жартылай қалың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі Іс Басқармасы ведомствосының атауы орналасқан. Жазу астында қызыл түсті, қарпі Arial, қаріп өлшемі 1,5 "Қазақстан Республикасы" деген микромәтін орналасқан, төменге қарай мемлекеттік және орыс тілдерінде куәлік нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), атқаратын лауазымы, құрылымдық бөлімшенің атауы көрсетіледі.

      Жапсырманың сол жағындағы микромәтіннен төмен жерде көлемі 30x40 мм қызметкердің фотосуреті үшін жиектеме, Іс Басқармасы ведомствосы басшысының қолымен және елтаңбалық мөрмен бекітілген қазақ тіліндегі мәтін орналасқан.

      Жапсырманың оң жағындағы сол жақ бөлігінде микромәтіннен төмен жерде тангирлі торы бар жиектеме бейнеленген. Жиектеме ортасында Елтаңба бейнеленген. Елтаңба көлемі – 25х25 мм.

      Одан 7 мм төмен жерде алтын түсті металдандырылған бояумен жасалған өрнек орналасқан. Өрнек көлемі – 3х25 мм.

      Оң жақ төменгі бөлігінде куәліктің қолданылу мерзімі көрсетіледі.


  Қазақстан Республикасы
  Президенті Іс Басқармасының
  қызметтік куәлігін беру
  қағидалары және оның
  сипаттамасына
  қосымша


Нысан

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының
қызметтік куәліктерін есепке алу журналы


Қызметтік


куәлігінің нөмірі



Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)



Лауазымы


Қолданылу мерзімі


Алғаны туралы қолы



Тапсырғаны туралы қолы

























Об утверждении Правил выдачи служебного удостоверения Управления Делами Президента Республики Казахстан и его описания

Приказ Управляющего Делами Президента Республики Казахстан от 8 сентября 2016 года № 13/139. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 5 октября 2016 года № 14286. Утратил силу приказом и.о. Управляющего Делами Президента Республики Казахстан от 6 ноября 2024 года № 09/272.

      Сноска. Утратил силу приказом и.о. Управляющего Делами Президента РК от 06.11.2024 № 09/272 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 4 статьи 30 Закона Республики Казахстан "О государственной службе Республики Казахстан", ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила выдачи служебного удостоверения Управления Делами Президента Республики Казахстан и его описание.

      2. Отделу организационно-контрольной и кадровой работы Управления Делами Президента Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа его направление на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и информационно-правовой системе "Әділет";

      3) в течение пяти рабочих дней со дня получения настоящего приказа от Министерства юстиции Республики Казахстан направление в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" Министерства юстиции Республики Казахстан для размещения в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      4) после официального опубликования размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Управления Делами Президента Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на руководителя аппарата Управления Делами Президента Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.


Управляющий Делами


Президента Республики Казахстан

А. Бисембаев



  Утверждены
  приказом Управляющего
  Делами Президента Республики Казахстан
  от 8 сентября 2016 года № 13/139

Правила выдачи служебного удостоверения Управления Делами Президента Республики Казахстан и его описание
1. Общее положение

      1. Настоящие Правила выдачи служебного удостоверения Управления Делами Президента Республики Казахстан и его описание (далее - Правила) разработаны в соответствии с пунктом 4 статьи 30 Закона Республики Казахстан "О государственной службе Республики Казахстан" и определяют порядок выдачи служебного удостоверения Управления Делами Президента Республики Казахстан (далее – Управление Делами) и его описание.

      Служебное удостоверение государственного служащего (далее - удостоверение) является документом, подтверждающим его государственную должность и должностные полномочия.

2. Порядок выдачи удостоверения

      2. Удостоверение выдается:

      1) за подписью Управляющего Делами Президента Республики Казахстан - руководителю Медицинского центра Управления Делами и его заместителям, административным государственным служащим корпуса "А" Управления Делами, руководителю Хозяйственного управления Парламента Республики Казахстан и его заместителям;

      2) за подписью руководителя аппарата Управления Делами - административным государственным служащим корпуса "Б" Управления Делами;

      3) за подписью руководителя ведомства Управления Делами - административным государственным служащим корпуса "Б" ведомства Управления Делами.

      3. Организация изготовления, учета выдачи и изъятия удостоверений возлагается на соответствующую кадровую службу.

      4. Удостоверения выдаются сотрудникам сроком на четыре года при назначении на должность, перемещении (переназначении), порче, утрате, по истечении срока действия ранее выданного удостоверения.

      5. За полученное удостоверение сотрудники расписываются в журнале учета служебных удостоверений Управления Делами по форме, согласно приложению к настоящим Правилам, который прошнуровывается, пронумеровывается и заверяется подписью руководителя и печатью соответствующей кадровой службы.

      6. Сотрудник уведомляет соответствующую кадровую службу за десять календарных дней до истечения срока действия удостоверения.

      7. При увольнении сотрудника, удостоверение сдается им в соответствующую кадровую службу.

      8. Сотрудник, имеющий удостоверение, несет персональную ответственность за его бережное хранение и пользование исключительно в служебных целях в соответствии с должностными полномочиями. Передача удостоверения другим лицам не допускается.

      9. В случае утраты, порчи удостоверения сотрудник информирует в письменной форме лицо за подписью которого оно было выдано.

      10. По каждому факту утраты удостоверения, а также передачи его другим лицам или использования не по назначению, соответствующей кадровой службой в установленный законодательством срок проводит служебное расследование, по результатам которого соответствующая дисциплинарная комиссия рассматривает вопрос о привлечении виновных к дисциплинарной ответственности.

      11. Утерянное удостоверение через средства массовой информации объявляется недействительным. Новое удостоверение взамен утерянного выдается соответствующей кадровой службой после проведения служебного расследования.

      12. Удостоверения, сданные сотрудниками при увольнении либо порче, подлежат уничтожению с составлением соответствующего акта об уничтожении в произвольной форме.

3. Описание удостоверения

      13. Описание удостоверения, выдаваемого за подписью Управляющего Делами Президента Республики Казахстан и руководителя аппарата Управления Делами:

      1) обложка удостоверения изготавливается из кожи темно-синего цвета. В развернутом виде обложка удостоверения имеет размер 65 х 190 мм.

      На лицевой стороне удостоверения по центру на расстоянии 7 мм от верхнего края расположено изображение Государственного Герба Республики Казахстан (далее - Герб), выполненное в золотом цвете способом тиснения фольгой. Размер Герба 27 х 27 мм. Ниже на расстоянии 5 мм от Герба, размещена надпись на государственном языке "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ІС БАСҚАРМАСЫ", выполненная в золотом цвете способом тиснения фольгой, шрифт - Arial, размер – 12;

      2) вкладыш удостоверения выполняется на мелованной бумаге плотностью 200 гр/м2, способом офсетной печати. Вкладыш состоит из двух частей: левая и правая стороны. Каждая из сторон вкладыша имеет размер 63 х 88 мм.

      Окраска вкладыша удостоверения выполняется в голубом, серо-зеленом и розовом цветах.

      В голубом цвете выполняется окраска вкладыша удостоверения административного государственного служащего корпуса "А" Управления Делами, руководителя Хозяйственного управления Парламента Республики Казахстан и его заместителей.

      В серо-зеленом цвете выполняется окраска вкладыша удостоверения руководителя Медицинского центра Управления Делами и его заместителей.

      В розовом цвете выполняется окраска вкладышей удостоверения административного государственного служащего корпуса "Б" Управления Делами.

      На левой и правой сторонах вкладыша размещена тангирная сетка и логотип Управления Делами золотого цвета. Размер логотипа – 32,5 х 32,5 мм.

      В верхней части левой стороны размещена надпись на государственном языке: "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ІС БАСҚАРМАСЫ" и в верхней части правой стороны размещена надпись на русском языке: "УПРАВЛЕНИЕ ДЕЛАМИ ПРЕЗИДЕНТА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН", выполненная в красном цвете, шрифт – Times New Roman, размер - 19, полужирный. Под надписью размещен микротекст "Қазақстан Республикасы" красного цвета, шрифт – Arial, размер - 1,5, по ниспадающей указывается номер удостоверения, фамилия, имя, отчество (при наличии), занимаемая должность, наименование структурного подразделения на государственном и русском языках.

      В левой стороне вкладыша ниже от микротекста изображена рамка для фотографии сотрудника размером 30 х 40 мм, текст на казахском языке, заверенный подписью соответственно Управляющим Делами Президента Республики Казахстан, руководителем аппарата и гербовой печатью.

      В левой части правой стороны вкладыша ниже микротекста изображена рамка с тангирной сеткой. В центре рамки изображен Герб. Размер герба – 25 х 25 мм.

      Ниже на расстоянии 7 мм расположен орнамент, выполненный металлизированной краской цвет – золото. Размер орнамента - 3 мм х 25 мм.

      В правой нижней стороне указывается срок действия удостоверения.

      15. Описание удостоверения, выдаваемого за подписью руководителя ведомства:

      1) обложка удостоверения изготавливается из кожи темно-синего цвета. В развернутом виде обложка удостоверения имеет размер 65 х 190 мм.

      На лицевой стороне удостоверения по центру на расстоянии 7 мм от верхнего края расположено изображение Герба, выполненное в золотом цвете способом тиснения фольгой. Размер Герба 27 х 27 мм. Ниже на расстоянии 5 мм от Герба размещено наименование ведомства Управления Делами на государственном языке, выполненное в золотом цвете способом тиснения фольгой, шрифт - Arial, размер – 12;

      2) вкладыш удостоверения выполняется на мелованной бумаге плотностью 200 гр/м2, способом офсетной печати. Вкладыш состоит из двух частей: левая и правая стороны. Каждая из сторон вкладыша имеет размер 63 х 88 мм.

      Окраска вкладыша удостоверения выполняется в светло-зеленом цвете.

      На левой и правой сторонах вкладыша изображен защитный тангир с использованием скрытой формы солнца и парящего орла в круге. Диаметр круга составляет 32 мм.

      В верхних частях левой и правой сторон размещено наименование ведомства Управления Делами на государственном и русском языках, выполненное в красном цвете, шрифт – Times New Roman, размер - 17, полужирный. Под надписью размещен микротекст "Қазақстан Республикасы" красного цвета, шрифт – Arial, размер - 1,5, по ниспадающей указывается номер удостоверения, фамилия, имя, отчество (при наличии), занимаемая должность, наименование структурного подразделения на государственном и русском языках.

      В левой стороне вкладыша ниже от микротекста изображена рамка для фотографии сотрудника размером 30 х 40 мм, текст на казахском языке, заверенный подписью руководителем ведомства Управления Делами и гербовой печатью.

      В левой части правой стороны вкладыша ниже микротекста изображена рамка с тангирной сеткой. В центре рамки изображен Герб. Размер герба – 25 х 25 мм.

      Ниже на расстоянии 7 мм расположен орнамент, выполненный металлизированной краской цвет – золото. Размер орнамента - 3 мм х 25 мм.

      В правой нижней стороне указывается срок действия удостоверения.


  Приложение
  к Правилам выдачи
  служебного удостоверения
  Управления Делами Президента
  Республики Казахстан
  и его описанию


Форма

Журнал учета служебных удостоверений Управления Делами Президента Республики Казахстан


Номер служебного удостоверения


Фамилия, Имя, Отчество (при наличии)


Должность


Срок действия


Роспись о получении


Роспись о сдаче