"Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының қызметтік куәлігін беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқарушысының 2016 жылғы 8 қыркүйектегі № 13/139 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының м.а. 2024 жылғы 6 қарашадағы № 09/272 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 8 қарашада № 35347 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының қызметтік куәлігін беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқарушысының 2016 жылғы 8 қыркүйектегі № 13/139 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14286 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының интернет ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Президенті Іс басқарушысының
міндетін атқарушы
С. Хорошун

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады