Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 192 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 5 қазанда № 14294 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін.

      2. Қаржы нарығының әдіснамасы департаменті (Әбдірахманов Н.А.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына:

      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға;

      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Ұлттық Банк


Төрағасы

Д. Ақышев



  Қазақстан Республикасы
  Ұлттық Банкі Басқармасының
  2016 жылғы 31 тамыздағы
  № 192 қаулысымен бекітілді

Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. "Екінші деңгейдегі банктердің бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыра алатын туынды бағалы қағаздардың және туынды қаржы құралдарының базалық активтерін сатып алу тізбесін және тәртібін, сондай-ақ қайталама нарықта мемлекеттік бағалы қағаздармен және мемлекеттік емес бағалы қағаздармен, ұйымдаспаған бағалы қағаздар нарығында туынды қаржы құралдарымен мәмілелер жасау жағдайларын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 16 шілдедегі № 210 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4892 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "Екінші деңгейдегі банктердің бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыра алатын туынды бағалы қағаздар мен туынды қаржы құралдары базалық активтерінің тізбесін және оларды сатып алу тәртібін, сондай-ақ қайталама нарықта мемлекеттік бағалы қағаздармен және мемлекеттік емес бағалы қағаздармен, ұйымдаспаған бағалы қағаздар нарығында туынды қаржы құралдарымен мәмілелер жасау жағдайларын белгілеу туралы";

      2-тармақтың бірінші бөлігінде:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Базалық активтері осы қаулының 1-тармағында айқындалған туынды қаржы құралдарымен мәмілелер Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында және (немесе) "Пруденциялық нормативтердің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен белгілі бір күнге банк капиталының мөлшері лимиттерінің нормативтік мәндерін және есептеу әдістемесін және Банктің ашық валюталық позициясын есептеу қағидаларын және лимиттерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 мамырдағы № 147 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13919 тіркелген) бекітілген Пруденциялық нормативтердің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен белгілі бір күнге банк капиталының мөлшері лимиттерінің нормативтік мәндеріне және есептеу әдістемесіне (бұдан әрі – № 147 нормативтер) 7-қосымшаға сәйкес Халықаралық қор биржалары болып танылатын сауда-саттықты ұйымдастырушылар тізімінде көрсетілген халықаралық қор биржалары болып танылатын сауда-саттықты ұйымдастырушылар жүйесінде ұйымдаспаған нарықта мәмілелер жасау жағдайларын қоспағанда, мынадай жағдайлардың бірін сақтаған кезде жасалады:";

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) туынды қаржы құралдарының базалық активі Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында және (немесе) № 147 нормативтерге 7-қосымшаға сәйкес Халықаралық қор биржалары болып танылатын сауда-саттықты ұйымдастырушылар тізімінде көрсетілген халықаралық қор биржалары болып танылатын сауда-саттықты ұйымдастырушылар жүйесінде айналысқа жіберілген;";

      3-1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасының резидент эмитенттері және Қазақстан Республикасының резидент емес эмитенттері шығарған (ұсынған), № 147 нормативтерге 7-қосымшаға сәйкес Халықаралық қор биржалары болып танылатын сауда-саттықты ұйымдастырушылар тізімінде көрсетілген халықаралық қор биржалары болып танылатын сауда-саттықты ұйымдастырушылар жүйесінде айналысқа жіберілген мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздармен халықаралық (шетелдік) бағалы қағаздар нарықтарында мәмілелер жасау;".

      2. "Екінші деңгейдегі банктердің олармен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға және Қазақстан Республикасының резиденттері және резиденттері емес-заңды тұлғаларға барлық берілген банктік қарыздарының және банк кепілдіктерінің жиынтық көлемін есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 80 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7510 тіркелген, 2012 жылғы 24 мамырда "Егемен Қазақстан" газетінде № 261-266 (27340) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің олармен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға және Қазақстан Республикасының резиденттері және резиденттері емес-заңды тұлғаларға барлық берілген банктік қарыздарының және банк кепілдіктерінің жиынтық көлемін есептеу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Банктің бас банктің күмәнді және (немесе) үмітсіз активтерін иемденетін еншілес ұйымдарына берілген, жиынтық көлемі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13919 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 мамырдағы № 147 қаулысымен бекітілген Пруденциялық нормативтердің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен белгілі бір күнге банк капиталының мөлшері лимиттерінің нормативтік мәндеріне және есептеу әдістемесіне (бұдан әрі – № 147 нормативтер) сәйкес айқындалатын қарыздар мен банк кепілдіктерін қоспағанда, Банктер туралы заңның 8-1-бабының 1 және 2-тармақтарында көрсетілген барлық банк қарыздары мен банк кепілдіктерінің жиынтық көлемі - әрбір банк бойынша банктің меншікті капиталының 50 (елу) пайызынан аспайды.";

      2-тармақта:

      алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "ПС – банктің бас банктің күмәнді және (немесе) үмітсіз активтерін иеленетін еншілес ұйымдарына қойылатын талаптармен қалыптастырылған резервтерді қоспағанда, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптарына сәйкес қалыптастырылған резервтердің сомасы;";

      тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "МК – № 147 нормативтерге сәйкес есептелген меншікті капитал.".

      3. "Эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелерді бағалы қағаздарды номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде тіркеу, номиналды ұстаушының бағалы қағаздарды номиналды ұстауды есепке алу жүйесіндегі бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шотынан үзінді-көшірмені беру және номиналды ұстаушының ақпаратты жария ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 22 қазандағы № 210 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9876 тіркелген, 2014 жылғы 28 қарашада "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "Эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелерді бағалы қағаздарды номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде тіркеу, номиналды ұстаушының бағалы қағаздарды номиналды ұстауды есепке алу жүйесіндегі бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шотынан үзінді көшірмені беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "1. Қоса беріліп отырған Эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелерді бағалы қағаздарды номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде тіркеу, номиналды ұстаушының бағалы қағаздарды номиналды ұстауды есепке алу жүйесіндегі бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шотынан үзінді көшірмені беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелерді бағалы қағаздарды номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде тіркеу, номиналды ұстаушының бағалы қағаздарды номиналды ұстауды есепке алу жүйесіндегі бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шотынан үзінді-көшірмені беру және номиналды ұстаушының ақпаратты жария ету қағидаларында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "Эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелерді бағалы қағаздарды номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде тіркеу, номиналды ұстаушының бағалы қағаздарды номиналды ұстауды есепке алу жүйесіндегі бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шотынан үзінді көшірмені беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу қағидалары";

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "Эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелерді бағалы қағаздарды номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде тіркеу, номиналды ұстаушының бағалы қағаздарды номиналды ұстауды есепке алу жүйесіндегі бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шотынан үзінді көшірмені беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі, "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелерді бағалы қағаздарды номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде тіркеу, сондай-ақ номиналды ұстаушының бағалы қағаздарды номиналды ұстауды есепке алу жүйесіндегі бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шотынан үзінді көшірмені беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу талаптары мен тәртібін белгілейді.";

      8-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып жеке тұлғаға электрондық құжат нысанында немесе клиентті серпінді сәйкестендіру арқылы (номиналды ұстаушының клиенті электрондық қызмет алуға өтініш жасаған жағдайда) куәландырған өзге электрондық-цифрлық нысанда жеке шот ашуға бұйрықты беру кезінде жеке тұлғаның электрондық бұйрығына осы жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі қоса беріледі.";

      20-тармақтың 2) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "жеке шоттың үзінді көшірмесін беру;";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Бір номиналды ұстаушының клиенттері арасында операциялар жүргізу кезінде бағалы қағаздар бойынша құқықтарының өтуін тіркеуді номиналды ұстаушы жүзеге асырады және орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде көрсетіледі. Номиналды ұстаушы номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде жеке шоттар бойынша операция жүргізу күні клиенттің орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіндегі қосалқы шоты бойынша тиісті бұйрықты жібереді. Орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде бір номиналды ұстаушының клиенттері арасындағы операциялар номиналды ұстау жүйесінде операцияны жүргізу күнімен көрсетіледі. Номиналды ұстаушы клиентке оның бұйрығының орындалғандығы туралы есепті орталық депозитарийден операцияның жүргізілгені туралы растаманы алғаннан кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей жібереді.

      Бұйрықтың орындалуы туралы есеп клиентке пошта арқылы не клиентке немесе оның заңды өкіліне қолына тапсырылады, не номиналды ұстаушының ақпараттық жүйелерін пайдалана отырып электрондық құжат нысанында жасалып, беріледі.

      Депоненттің клиентіне бұйрықтың орындалғаны туралы есепті орталық депозитарий ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып электрондық құжат нысанында орталық депозитарийдің ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен және талаптармен орталық депозитарий жүргізілген операцияны растаған күні жібереді.

      Номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымның клиентіне бұйрықтың орындалғаны туралы есепті кастодиан сақталуын және есепке алынуын осы кастодиан жүзеге асыратын шетелдік бағалы қағаздар бойынша кастодианның ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен және талаптармен кастодиан жүргізілген операцияны тіркеген күні ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып электрондық құжат нысанында жібереді.

      Түрлі номиналды ұстаушылардың клиенттері арасында операциялар жүргізу кезінде бағалы қағаздар бойынша құқықтардың өтуін тіркеу олардың орталық депозитарийдегі жеке шоттары бойынша кейіннен номиналды ұстаушыларды есепке алу жүйесінде көрсете отырып жүзеге асырылады. Номиналды ұстаушылар өз клиенттерінің қосалқы шоттары бойынша мәмілені орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде тіркеу туралы бұйрықтарды клиенттің тиісті бұйрығы номиналды ұстау жүйесінде тіркелген күні жібереді.

      Номиналды ұстаушы орталық депозитарийден жеке шоттар бойынша операцияның жүргізілгендігі туралы растаманы алғаннан кейін 1 (бір) сағат ішінде осы операцияны номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде көрсетеді.

      Ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында тіркеушінің клиенті мен номиналды ұстаушының клиенті арасында операция жүргізу кезінде тіркеуші бағалы қағаздар бойынша құқықтардың өтуін тіркеуді тіркеуші клиентінің жеке шоттары бойынша мәмілеге қатысушылардың және депонент бұйрығының негізінде іс-әрекет жасайтын орталық депозитарийдің қарсы бұйрықтары негізінде жүзеге асырады.

      Сот шешімі бойынша бағалы қағаздар жөніндегі құқықтарды өзгертуді немесе тоқтатуды тіркеуді номиналды ұстаушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес барлық қажетті деректемелері бар орындау парағының негізінде жүзеге асырады және орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде көрсетіледі. Номиналды ұстаушы тіркеген, сот шешімі бойынша бағалы қағаздар жөніндегі құқықтарды өзгерту немесе тоқтату номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде жеке шот бойынша операция жүргізілген күні орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде көрсетіледі.";

      27-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Номиналды ұстаушы бұйрықтың орындалмау себептерін көрсете отырып, ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, бас тартуды жазбаша түрде немесе электрондық құжат нысанында мынадай:";

      39-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Электрондық құжат нысанындағы немесе клиентті серпінді сәйкестендіру арқылы (номиналды ұстаушының клиенті электрондық қызмет алуға өтініш жасаған жағдайда) куәландырған өзге электрондық-цифрлық нысандағы бұйрықтарды берудің тәртібі мен талаптары, сондай-ақ олардың форматтары номиналды ұстаушының ішкі құжаттарына сәйкес айқындалады.";

      40-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "Банктер туралы заңға сәйкес қайта құрылымдау жүргізілген олардың біреуіне қатысты қосылу нысанында банктерді қайта ұйымдастырған кезде тіркелген тұлғалардың жеке шотынан (шоттарынан) шотына (шоттарына) бағалы қағаздарды есепке алу (есептен шығару) бойынша операциялар жүргізген кезде ауыртпалық бойынша және ауыртпалықты алып тастау жөніндегі операциялар орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде жеке шотынан (қосалқы шотынан) үзінді көшірменің негізінде "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Бағалы қағаздар нарығы туралы заң) 37-1-бабында белгіленген тәртіпте жүргізіледі.";

      46-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "46. Орталық депозитарий тіркеушіден уәкілетті органның эмитентке берген, орналастырылған акциялардың санын көбейту есебінен жарияланған акциялардың санын көбейтуге нұсқауы бар жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмелерін және орталық депозитарийдің шотынан үзінді көшірмені алғаннан кейін бір сағат ішінде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін жеке шоттарында куәлікте көрсетілген эмитенттің акцияларын есепке алу жүзеге асырылатын номиналды ұстаушыларға жіберіледі және осы номиналды ұстаушылардың жеке шоттары бойынша тиісті операцияларды жүргізеді.";

      48-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Номиналды ұстаушының клиенті электрондық қызмет алуға өтініш жасаған жағдайда және номиналды ұстаушының ішкі құжаттарында көзделген жағдайларда бағалы қағаздарды ұстаушының өкімі (бұйрығы) ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, электрондық құжат нысанында немесе клиентті серпінді сәйкестендіру арқылы куәландырған өзге электрондық-цифрлық нысанда жасалып, беріледі.";

      49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "49. Орталық депозитарийдің үзінді көшірмесін қоспағанда, жеке шоттың үзінді көшірмесі Қағидалардың 1-қосымшасында көрсетілген нысанына сәйкес жасалады және мынадай мәліметтерді қамтиды:

      1) жеке шоттың нөмірі;

      2) бағалы қағаздарды ұстаушы заңды тұлғаның атауы (жеке тұлғаның аты-жөні, бар болса әкесінің аты);

      3) заңды тұлғаны мемлекеттік (қайта) тіркеу нөмірі және күні (жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың атауы және деректемелері);

      4) эмитенттің атауы және оның тұрған жері не инвестициялық пай қорының, сондай-ақ осы қордың басқарушы компаниясының атауы және оның орналасқан жері;

      5) бағалы қағаздардың түрлері және сәйкестендіру нөмірлері немесе қаржы құралдарының өзге сәйкестендіргіштері;

      6) облигацияларды (ислам бағалы қағаздарын) өтеу күні;

      7) ауыртпалығы бар және (немесе) бұғатталған және (немесе) репоға берілген, үзінді көшірмені жасаған күнгі және уақыт жағдай бойынша жеке шотта тіркелген бағалы қағаздардың (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары туралы мәліметтердің) санын көрсете отырып, белгілі түрінің жалпы саны;

      8) номиналды ұстаушының атауы, бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметті жүзеге асыруға берілген лицензияның нөмірі, оның заңды мекенжайы, телефоны, факсы;

      9) жеке шоттың үзінді көшірмесімен қалыптасқан жағдайы бойынша уақыты, күні.

      Жеке шоттың үзінді көшірмесі номиналды ұстаушының құрылымдық бөлімшелерінің басшысы не номиналды ұстаушының ішкі құжатына сәйкес ақпараттық операцияны жүзеге асырушы оның орнындағы адам қол қояды, мөрмен куәландырылады және онда номиналды ұстаушының ішкі құжатымен көзделген қосымша мәліметтер болуы мүмкін.

      Электрондық құжат нысанында да жеке шоттан үзінді көшірме жасауға жол беріледі.";

      1-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтіні мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:


  "Эмиссиялық бағалы қағаздармен
  мәмілелерді бағалы қағаздарды
  номиналды ұстауды есепке алу
  жүйесінде тіркеу, номиналды
  ұстаушының бағалы қағаздарды
  номиналды ұстауды есепке алу
  жүйесіндегі бағалы қағаздарды
  ұстаушының жеке шотынан үзінді
  көшірмені беру және номиналды
  ұстаушының ақпаратты ашу
  қағидаларына 1-қосымша


Нысан";

      2-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтіні мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:


  "Эмиссиялық бағалы қағаздармен
  мәмілелерді бағалы қағаздарды
  номиналды ұстауды есепке алу
  жүйесінде тіркеу, номиналды
  ұстаушының бағалы қағаздарды
  номиналды ұстауды есепке алу
  жүйесіндегі бағалы қағаздарды
  ұстаушының жеке шотынан үзінді
  көшірмені беру және номиналды
  ұстаушының ақпаратты ашу
  қағидаларына 2-қосымша


Нысан";

      3-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтіні мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:


  "Эмиссиялық бағалы қағаздармен
  мәмілелерді бағалы қағаздарды
  номиналды ұстауды есепке алу
  жүйесінде тіркеу, номиналды
  ұстаушының бағалы қағаздарды
  номиналды ұстауды есепке алу
  жүйесіндегі бағалы қағаздарды
  ұстаушының жеке шотынан үзінді
  көшірмені беру және номиналды
  ұстаушының ақпаратты ашу
  қағидаларына 3-қосымша


Нысан";

      4-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтіні мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:


  "Эмиссиялық бағалы қағаздармен
  мәмілелерді бағалы қағаздарды
  номиналды ұстауды есепке алу
  жүйесінде тіркеу, номиналды
  ұстаушының бағалы қағаздарды
  номиналды ұстауды есепке алу
  жүйесіндегі бағалы қағаздарды
  ұстаушының жеке шотынан үзінді
  көшірмені беру және номиналды
  ұстаушының ақпаратты ашу
  қағидаларына 4-қосымша


1-Нысан".

      4. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.12.2018 № 317 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

О внесении изменений в некоторые нормативные правовые акты Республики Казахстан по вопросам регулирования финансового рынка

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 31 августа 2016 года № 192. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 5 октября 2016 года № 14294.

      В целях совершенствования нормативных правовых актов Республики Казахстан Правление Национального Банка Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемый Перечень нормативных правовых актов Республики Казахстан по вопросам регулирования финансового рынка, в которые вносятся изменения.

      2. Департаменту методологии финансового рынка (Абдрахманов Н.А.) в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) совместно с Юридическим департаментом (Сарсенова Н.В.) государственную регистрацию настоящего постановления в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) направление настоящего постановления в республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации Министерства юстиции Республики Казахстан":

      на официальное опубликование в информационно-правовой системе "Әділет" в течение десяти календарных дней после его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      для включения в Государственный реестр нормативных правовых актов Республики Казахстан, Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан в течение десяти календарных дней со дня его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего постановления на официальном интернет-ресурсе Национального Банка Республики Казахстан после его официального опубликования.

      3. Управлению по защите прав потребителей финансовых услуг и внешних коммуникаций (Терентьев А.Л.) обеспечить направление настоящего постановления на официальное опубликование в периодических печатных изданиях в течение десяти календарных дней после его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя Председателя Национального Банка Республики Казахстан Смолякова О.А.

      5. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель
Национального Банка
Д. Акишев

  Утвержден
постановлением Правления
Национального Банка
Республики Казахстан
от 31 августа 2016 года № 192

Перечень нормативных правовых актов Республики Казахстан по вопросам регулирования финансового рынка, в которые вносятся изменения

      1. Внести в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 16 июля 2007 года № 210 "Об установлении перечня и порядка приобретения базовых активов производных ценных бумаг и производных финансовых инструментов, с которыми банки второго уровня могут осуществлять брокерскую и (или) дилерскую деятельность на рынке ценных бумаг, а также случаев заключения сделок с государственными ценными бумагами и негосударственными ценными бумагами на вторичном рынке, производными финансовыми инструментами на неорганизованном рынке ценных бумаг" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 4892) следующие изменения:

      в заголовок внесено изменение на государственном языке, текст на русском языке не меняется;

      в части первой пункта 2:

      абзац первый изложить в следующей редакции:

      "2. Сделки с производными финансовыми инструментами, базовые активы которых определены пунктом 1 настоящего постановления, заключаются на организованном рынке ценных бумаг Республики Казахстан и (или) в системе организаторов торгов, признаваемых международными фондовыми биржами, указанных в Списке организаторов торгов, признаваемых международными фондовыми биржами, согласно приложению 7 к Нормативным значениям и методике расчетов пруденциальных нормативов и иных обязательных к соблюдению норм и лимитов размера капитала банка на определенную дату, утвержденным постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 30 мая 2016 года № 147 "Об установлении нормативных значений и методики расчетов пруденциальных нормативов и иных обязательных к соблюдению норм и лимитов размера капитала банка на определенную дату и Правил расчета и лимитов открытой валютной позиции банка", зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 13919 (далее – Нормативы № 147), за исключением случаев заключения сделок на неорганизованном рынке при соблюдении одного из следующих условий:";

      подпункт 3) изложить в следующей редакции:

      "3) базовый актив производных финансовых инструментов допущен к обращению на организованном рынке ценных бумаг Республики Казахстан и (или) в системе организаторов торгов, признаваемых международными фондовыми биржами, указанных в Списке организаторов торгов, признаваемых международными фондовыми биржами, согласно приложению 7 к Нормативам № 147;";

      подпункт 1) пункта 3-1 изложить в следующей редакции:

      "1) заключения на международных (иностранных) рынках ценных бумаг сделок с негосударственными долговыми ценными бумагами, выпущенными (предоставленными) эмитентами - резидентами Республики Казахстан и эмитентами - нерезидентами Республики Казахстан, допущенными к обращению в системах организаторов торгов, признаваемых международными фондовыми биржами, указанных в Списке организаторов торгов, признаваемых международными фондовыми биржами, согласно приложению 7 к Нормативам № 147;".

      2. Внести в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 24 февраля 2012 года № 80 "Об утверждении Правил расчета совокупного объема всех выданных банками второго уровня банковских займов и банковских гарантий лицам, связанным с ними особыми отношениями, и юридическим лицам-резидентам и нерезидентам Республики Казахстан" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 7510, опубликованное 24 мая 2012 года в газете "Казахстанская правда" № 150-151 (26969-26970)) следующие изменения:

      в Правилах расчета совокупного объема всех выданных банками второго уровня банковских займов и банковских гарантий лицам, связанным с ними особыми отношениями, и юридическим лицам-резидентам и нерезидентам Республики Казахстан, утвержденных указанным постановлением:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Совокупный объем всех банковских займов и банковских гарантий, указанных в пунктах 1 и 2 статьи 8-1 Закона о банках, не превышает 50 (пятидесяти) процентов собственного капитала банка - в разрезе каждого банка, за исключением займов и банковских гарантий, выданных дочерним организациям банка, приобретающим сомнительные и (или) безнадежные активы родительского банка, совокупный размер которого определяется в соответствии с Нормативными значениями и методикой расчетов пруденциальных нормативов и иных обязательных к соблюдению норм и лимитов размера капитала банка на определенную дату, утвержденными постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 30 мая 2016 года № 147, зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 13919 (далее – Нормативы № 147).";

      в пункте 2:

      абзац шестой изложить в следующей редакции:

      "СП – суммы сформированных резервов в соответствии с требованиями международных стандартов финансовой отчетности, кроме резервов, сформированных под требования к дочерним организациям банка, приобретающим сомнительные и (или) безнадежные активы родительского банка;";

      абзац девятый изложить в следующей редакции:

      "СК – собственный капитал, рассчитанный в соответствии с Нормативами № 147.".

      3. Внести в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 22 октября 2014 года № 210 "Об утверждении Правил регистрации сделок с эмиссионными ценными бумагами в системе учета номинального держания ценных бумаг, предоставления номинальным держателем выписки с лицевого счета держателя ценных бумаг в системе учета номинального держания ценных бумаг и раскрытия информации номинальным держателем" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 9876, опубликованное 28 ноября 2014 года в информационно-правовой системе "Әділет" республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации Министерства юстиции Республики Казахстан") следующие изменения:

      в заголовок внесено изменение на государственном языке, текст на русском языке не меняется;

      в пункт 1 внесено изменение на государственном языке, текст на русском языке не меняется;

      в Правилах регистрации сделок с эмиссионными ценными бумагами в системе учета номинального держания ценных бумаг, предоставления номинальным держателем выписки с лицевого счета держателя ценных бумаг в системе учета номинального держания ценных бумаг и раскрытия информации номинальным держателем, утвержденных указанным постановлением:

      в заголовок внесено изменение на государственном языке, текст на русском языке не меняется;

      в преамбулу внесено изменение на государственном языке, текст на русском языке не меняется;

      часть вторую пункта 8 изложить в следующей редакции:

      "При подаче приказа на открытие лицевого счета физическому лицу в форме электронного документа или иной электронно-цифровой форме, удостоверенной посредством динамической идентификации клиента, (в случае обращения клиента номинального держателя за получением электронных услуг) с использованием информационных систем к электронному приказу физического лица прикрепляется электронная копия документа, удостоверяющего личность данного физического лица.";

      в абзац второй подпункта 2) пункта 20 внесено изменение на государственном языке, текст на русском языке не меняется;

      пункт 22 изложить в следующей редакции:

      "22. При проведении операции между клиентами одного номинального держателя регистрация перехода прав по ценным бумагам осуществляется номинальным держателем и отражается в системе учета центрального депозитария. Номинальный держатель направляет соответствующий приказ по субсчету клиента в системе учета центрального депозитария в день проведения операции по лицевым счетам в системе учета номинального держания. Операции между клиентами одного номинального держателя в системе учета центрального депозитария отражаются днем проведения операции в системе номинального держания. Номинальный держатель направляет отчет клиенту об исполнении его приказа не позднее следующего рабочего дня после получения подтверждения от центрального депозитария о проведенной операции.

      Отчет об исполнении приказа направляется клиенту по почте либо выдается на руки клиенту или его законному представителю, либо составляется и выдается в форме электронного документа с использованием информационных систем номинального держателя.

      Отчет об исполнении приказа клиенту депонента направляется центральным депозитарием в форме электронного документа с использованием информационных систем в порядке и на условиях, предусмотренных внутренними документами центрального депозитария, в день подтверждения центральным депозитарием проведенной операции.

      Отчет об исполнении приказа клиенту организации, осуществляющей брокерскую и дилерскую деятельность с правом ведения счетов клиентов в качестве номинального держателя, направляется кастодианом по иностранным ценным бумагам, хранение и учет которых осуществляет данный кастодиан, в форме электронного документа с использованием информационных систем в порядке и на условиях, предусмотренных внутренними документами кастодиана, в день регистрации кастодианом проведенной операции.

      При проведении операции между клиентами разных номинальных держателей регистрация перехода прав по ценным бумагам осуществляется по их лицевым счетам в центральном депозитарии с последующим отражением в системе учета номинальных держателей. Номинальные держатели направляют приказы о регистрации сделки по субсчетам своих клиентов в системе учета центрального депозитария в день регистрации соответствующего приказа клиента в системе номинального держания.

      В течение 1 (одного) часа после получения подтверждения от центрального депозитария о проведении операции по лицевым счетам номинальный держатель отражает данную операцию в системе учета номинального держания.

      При проведении операции на неорганизованном рынке ценных бумаг между клиентом регистратора и клиентом номинального держателя регистрацию перехода прав по ценным бумагам осуществляет регистратор на основании встречных приказов участников сделки по лицевым счетам клиента регистратора и центрального депозитария, действующего на основании приказа депонента.

      Регистрация изменения или прекращения прав по ценным бумагам по решению суда осуществляется номинальным держателем на основании исполнительного листа, содержащего все необходимые реквизиты в соответствии с законодательством Республики Казахстан, и отражается в системе учета центрального депозитария. Изменение или прекращение прав по ценным бумагам по решению суда, зарегистрированное номинальным держателем, отражается в системе учета центрального депозитария в день проведения операции по лицевому счету в системе учета номинального держания.";

      абзац первый пункта 27 изложить в следующей редакции:

      "27. Номинальный держатель оформляет отказ в письменном виде или в форме электронного документа с использованием информационных систем с указанием причин неисполнения приказа в следующих случаях:";

      часть четвертую пункта 39 изложить в следующей редакции:

      "Порядок и условия подачи приказов в форме электронного документа или иной электронно-цифровой форме, удостоверенной посредством динамической идентификации клиента, (в случае обращения клиента номинального держателя за получением электронных услуг), а также их форматы определяются внутренними документами номинального держателя.";

      в часть третью пункта 40 внесено изменение на государственном языке, текст на русском языке не меняется;

      в часть первую пункта 46 внесено изменение на государственном языке, текст на русском языке не меняется;

      часть вторую пункта 48 изложить в следующей редакции:

      "В случае обращения клиента номинального держателя за получением электронных услуг и в случаях, предусмотренных внутренними документами номинального держателя, распоряжение (приказ) держателя ценных бумаг составляется и передается в форме электронного документа или иной электронно-цифровой форме, удостоверенной посредством динамической идентификации клиента, с использованием информационных систем.";

      в пункте 49:

      в части первую и вторую внесены изменения на государственном языке, текст на русском языке не меняется;

      часть третью изложить в следующей редакции:

      "Составление выписки с лицевого счета допускается также в форме электронного документа.";

      в текст в правом верхнем углу приложений 1, 2, 3 и 4 внесены изменения на государственном языке, текст на русском языке не меняется.

      4. Утратил силу постановлением Правления Национального Банка РК от 28.12.2018 № 317 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).