Банктің және банк конгломератының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторларды белгілеу, сондай-ақ Ертерек ден қою шараларын көздейтін іс-шаралар жоспарын мақұлдау қағидаларын және банктің (банк конгломератының), Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау әдістемесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 317 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 14 қаңтарда № 18186 болып тіркелді.

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2021 № 43 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының (бұдан әрі - банктер) қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін мынадай факторлар белгіленсін:

      1) өтімділік коэффициенттерінің төмендеуі;

      2) негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздар бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде, олардың ұлғаюы;

      3) таза жіктелген қарыздардың меншікті капиталға арақатынасының ұлғаюы;

      4) негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 61 (алпыс бір) күннен 90 (тоқсан) күнге дейін мерзімі өткен берешегі бар қарыздар бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде, олардың ұлғаюы;

      5) негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздар бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде, олардың банктің несие портфелінің жалпы көлемі бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде оған қатынасының асып кетуі;

      6) жіктелген дебиторлық берешек бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде ол бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегендегі оның жиынтық дебиторлық берешектегі үлесінің ұлғаюы;

      7) активтер рентабельділігі коэффициентінің төмендеуі;

      8) ұлттық валютамен бос активтердің ұлттық валютамен талап етуге дейінгі міндеттемелерге қатынасының орташа мәнінің төмендеуі;

      Осы тармақтың мақсаттары үшін:

      қалыптастырылған резервтер деп халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптарына сәйкес қалыптастырылған резервтер түсініледі;

      қарыздар есебіне негізгі борыш сомасы кіреді;

      таза жіктелген қарыздар деп бухгалтерлік есеп деректеріне сәйкес 10 (он) пайыздан жоғары деңгейде резервтер қалыптастырылған қарыздардың баланстық құны (дисконттар (сыйлықақылар), оң (теріс) түзетулер, есептелген сыйақы және олар бойынша құрылған резервтер есептелген негізгі борыш) түсініледі.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2021 № 43 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1-1. Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының меншікті капиталы деп Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 12 ақпандағы № 23 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары (оның ішінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банктерінің филиалдары) үшін пруденциялық нормативтерді және сақтауға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді, нормативтік мәндерін және Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының (оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-ислам банктері филиалдарының) резерв ретінде қабылданатын активтерін және олардың ең төмен мөлшерін қалыптастыру тәртібін қоса алғанда, есептеу әдістемесіне сәйкес есептелген, резерв ретінде қабылданатын активтер түсініледі.

      Ескерту. 1-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2021 № 43 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Банк конгломератының қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін мынадай факторлар белгіленсін:

      1) банк конгломераты меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициенттерінің төмендеуі;

      2) банк конгломератының бір қарыз алушысына келетін тәуекелдің ең жоғары мөлшері коэффициенттерінің ұлғаюы;

      3) банк конгломератына қатысушылар арасындағы топ ішіндегі мәмілелер бойынша (банк конгломератына қатысушылардың басқа қатысушылардың капиталына инвестицияларын, бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйыммен жасалған мәмілелерді, есепті күні жабылған мәмілелерді қоспағанда) банк конгломератына қатысушылардың бір-біріне талаптары сомасының ұлғаюы.

      3. Мыналар:

      1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Ерте ден қою шараларын көздейтін іс-шаралар жоспарын мақұлдау қағидалары;

      2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес банктің (банк конгломератының), Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау әдістемесі.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2021 № 43 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілері құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.

      5. Банктерді қадағалау департаменті (Қизатов О.Т.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 6-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      6. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      7. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.

      8. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк Төрағасы Д. Ақышев

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 317 қаулысына
1-қосымша

Ерте ден қою шараларын көздейтін іс-шаралар жоспарын мақұлдау қағидалары

      1. Осы Ерте ден қою шараларын көздейтін іс-шаралар жоспарын мақұлдау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) банктің (банк конгломератының) қаржылық орнықтылығын арттыру, оның қаржылық жай-күйінің нашарлауын банк қызметімен (банк конгломератының қызметімен) байланысты тәуекелдердің ұлғаюын болдырмау жөніндегі ерте ден қою шараларын көздейтін іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі - іс-шаралар жоспары) мақұлдау тәртібін белгілейді.

      1-1. Осы қағидалардың банктерге қатысты қолданылатын ережелері Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдары қызметінің Заңда белгіленген ерекшеліктері ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына да қолданылады.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының меншікті капиталы деп Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22213 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 12 ақпандағы № 23 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының (оның ішінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банктері филиалдарының) резерв ретінде қабылданатын активтерін қалыптастыру тәртібін және олардың ең төмен мөлшерін қоса алғанда, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары (оның ішінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банктерінің филиалдары) үшін пруденциалдық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді, олардың нормативтік мәндерін және есептеу әдістемесіне сәйкес есептелген, резерв ретінде қабылданатын активтер түсініледі.

      Ескерту. 1-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2021 № 43 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Банк және (немесе) оның акционерлері, банк холдингі және (немесе) оның ірі қатысушылары іс-шаралар жоспарын әзірлейді және мақұлдау үшін уәкілетті органға ұсынады.

      Іс-шаралар жоспары төмендегілермен шектелместен, мынадай ақпаратты қамтиды:

      банктің (банк конгломератының) қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторды толық талдау;

      банктің (банк конгломератының) қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін фактордың болжамы, осы болжамның негіздемесі және фактордың банктің (банк конгломератының) қызметіне тигізетін теріс әсері;

      банктің (банк конгломератының) қызметі үшін қауіп төндірмейтін және қосымша тәуекелдер туындатпайтын деңгейге дейін жеткізу көзделетін банктің (банк конгломератының) қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторды жақсарту шаралары;

      осы қаулының 1-тармағы бірінші бөлігінің 5) тармақшасында көзделген банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін фактор анықталғанда әрбір есепті кезеңде, оның ішінде жеке және заңды тұлғалар бөлігінде жүргізу жоспарланатын іс-шаралар;

      оның әрбір тармағы бойынша іс-шаралар жоспарының орындалу мерзімдері;

      іс-шаралар жоспарының орындалуына жауапты басшы қызметкерлер тізбесі (іс-шаралар жоспарының әрбір тармағы бойынша орындалуына жауапты басшы қызметкерлерді көрсете отырып).

      3. Уәкілетті орган банктің және (немесе) оның акционерлерінің, банк холдингінің және (немесе) оның ірі қатысушыларының ұсынған іс-шаралар жоспарын қарайды.

      Уәкілетті орган банктің және (немесе) оның акционерлерінің, банк холдингінің және (немесе) оның ірі қатысушыларының қарауға ұсынған іс-шаралар жоспарымен келіспеген жағдайда, уәкілетті орган банкке және (немесе) оның акционерлеріне, банк холдингіне және (немесе) оның ірі қатысушыларына іс-шаралар жоспары бойынша жазбаша ескертулер жібереді және (немесе) іс-шаралар жоспарын пысықтау мақсатында бірлескен талқылаулар жүргізеді.

      Банк және (немесе) оның акционерлері, банк холдингі және (немесе) оның ірі қатысушылары уәкілетті органның хатында көрсетілген мерзімде уәкілетті органның ескертулерін жою үшін іс-шаралар жоспарын түзетеді немесе мұндай ескертулермен келіспеген жағдайда уәкілетті органға жазбаша нысанда өзінің негіздемелерін ұсынады.

      4. Уәкілетті орган Қағидалардың 2-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес іс-шаралар жоспары ұсынылған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде банктің және (немесе) оның акционерлерінің, банк холдингінің және (немесе) оның ірі қатысушыларының ұсынған іс-шаралар жоспарын жазбаша нысанда мақұлдайды немесе мақұлдамайды.

      5. Банктің (банк конгломератының) қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторларды өз бетінше анықтаған жағдайда, банк және (немесе) оның акционерлері, банк холдингі және (немесе) оның ірі қатысушылары оларды анықтаған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға Қағидалардың 2-тармағының екінші бөлігінде көзделген іс-шаралар жоспарын ұсынады;

      6. Іс-шаралар жоспары:

      1) осы қаулының 1-тармағы бірінші бөлігінің 2) және (немесе) 4) тармақшаларында көзделген факторлар бойынша:

      Қағидалардың 8-тармағына сәйкес есептелетін банктің несие портфелінің сапасына теріс әсері болмаған кезде және осы қаулының 1-тармағы бірінші бөлігінің 5) тармақшасында көзделген фактор болмаған кезде, немесе;

      осы қаулының 1-тармағы бірінші бөлігінің 5) тармақшасында көзделген фактор анықталған кезде;

      2) уәкілетті органның стрестік сценарийлері бойынша жыл сайын жүргізілетін стресс-тестілеу нәтижелері бойынша осы қаулының 1-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), және 7) тармақшаларында көзделген факторлар анықталған кезде;

      3) тиісінше өтімділік коэффициенттерін және меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициенттерін бұзуға байланысты қолданылған қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) банктің тәуекелдерін барынша азайту жөніндегі шаралар шеңберінде уәкілетті органның қойған талаптарын банктің орындау, барлық банктік және өзге де операцияларды жүргізуге берілген лицензияның қолданылуын тоқтата тұру кезеңінде осы қаулының 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген факторлар анықталған кезде, сондай-ақ уәкілетті органға банкті ерікті түрде қайта ұйымдастыруға немесе таратуға рұқсат алуға өтінішхат берілген жағдайда ұсынылмайды.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 10.09.2019 № 151 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      7. Іс-шаралар жоспарында көзделген факторды жақсарту шаралары мыналарға бағытталған:

      1) осы қаулының 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген фактор бойынша:

      өтімділік коэффициенттерін:

      ағымдағы өтімділік коэффициенті k4-ті кемінде 0,4;

      мерзімді өтімділік коэффициенті k4-1-ді кемінде 1,1;

      мерзімді өтімділік коэффициенті k4-2-ні кемінде 1;

      мерзімді өтімділік коэффициенті k4-3-ті кемінде 0,9;

      мерзімді валюталық өтімділік коэффициенті k4-4-ті кемінде 1,1;

      мерзімді валюталық өтімділік коэффициенті k4-5-ті кемінде 1;

      мерзімді валюталық өтімділік коэффициенті k4-6-ны кемінде 0,9 деңгейіне дейін жеткізу;

      2) осы қаулының 1-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көзделген фактор бойынша - меншікті капиталдағы таза жіктелген қарыздардың үлесін 80 (сексен) пайыздан аспайтын деңгейге дейін жеткізу;

      3) осы қаулының 1-тармағы бірінші бөлігінің 5) тармақшасында көзделген фактор болмаған кезде осы қаулының 1-тармағы бірінші бөлігінің 2) және 4) тармақшаларында көзделген факторлар бойынша - банктің несие портфеліндегі жұмыс істемейтін қарыздардың үлесін банктің несие портфелінің 10 (он) пайызынан аспайтын деңгейге дейін жеткізу;

      4) осы қаулының 1-тармағы бірінші бөлігінің 5) тармақшасында көзделген фактор бойынша - негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың банктің несие портфелінің жалпы көлеміне қатынасын несие портфелінің 10 (он) пайызынан аз деңгейге дейін төмендету;

      5) осы қаулының 1-тармағы бірінші бөлігінің 6) тармақшасында көзделген фактор бойынша - жиынтық дебиторлық берешектегі жіктелген дебиторлық берешек үлесін 50 (елу) пайыздан аспайтын деңгейге дейін жеткізу;

      6) осы қаулының 1-тармағы бірінші бөлігінің 7) тармақшасында көзделген фактор бойынша - активтер рентабельділігі коэффициентін кемінде 0,2 (нөл бүтін оннан екі) пайыз деңгейіне дейін жеткізу;

      7) осы қаулының 1-тармағы бірінші бөлігінің 8) тармақшасында көзделген фактор бойынша - ұлттық валютамен өтеу коэффициентін кемінде 0,4 (нөл бүтін оннан төрт) деңгейіне дейін жеткізу.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 16.04.2021 № 56 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      8. Алдағы күнтізбелік 12 (он екі) айдағы қатарынан соңғы күнтізбелік 6 (алты) айда осы қаулының 1-тармағы бірінші бөлігінің 2) және 4) тармақшаларында көзделген факторлардың өзгеру динамикасы жалғасқан кезде қалыптасатын негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың банктің несие портфеліне қатынасының 10 (он) пайыз деңгейге дейін асып кетуі банктің несие портфелінің сапасына теріс әсер етуі болып табылады.

      Банктің несие портфелінің сапасына теріс әсер етуі былайша есептеледі:

      осы қаулының 1-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасының мақсаттары үшін мынадай формула бойынша:






      мұнда:

      МҚ90 (ай) - қаралатын кезеңнің белгілі бір айының соңында олар бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздар (банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қарыздар, дара кәсіпкерлерге қарыздарды қоса алғанда, жеке тұлғаларға қарыздар, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қарыздарды қоса алғанда, заңды тұлғаларға қарыздар және "кері РЕПО" операциялары);

      НП (ай) - қаралатын кезеңнің белгілі бір айының соңында олар бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде несие портфелі (банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қарыздар, дара кәсіпкерлерге қарыздарды қоса алғанда, жеке тұлғаларға қарыздар, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қарыздарды қоса алғанда, заңды тұлғаларға қарыздар және "кері РЕПО" операциялары);

      осы қаулының 1-тармағы бірінші бөлігінің 4) тармақшасы мақсаттары үшін мынадай формула бойынша:





      мұнда:


- есепті кезеңде олар бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 61 (алпыс бір) күннен 90 (тоқсан) күнге дейін мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың арифметикалық орташа мәні (банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қарыздар, дара кәсіпкерлерге қарыздарды қоса алғанда, жеке тұлғаларға қарыздар, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қарыздарды қоса алғанда, заңды тұлғаларға қарыздар);

- есепті кезеңге дейінгі қатарынан күнтізбелік 6 (алты) айдағы олар бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 61 (алпыс бір) күннен 90 (тоқсан) күнге дейін мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың арифметикалық орташа мәні (банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қарыздар, дара кәсіпкерлерге қарыздарды қоса алғанда, жеке тұлғаларға қарыздар, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қарыздарды қоса алғанда, заңды тұлғаларға қарыздар және "кері РЕПО" операциялары);

      МҚ90 (ай) - қаралатын кезеңнің белгілі бір айының соңында олар бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздар (банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қарыздар, дара кәсіпкерлерге қарыздарды қоса алғанда, жеке тұлғаларға қарыздар, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қарыздарды қоса алғанда, заңды тұлғаларға қарыздар және "кері РЕПО" операциялары);

      НП (ай) - қаралатын кезеңнің соңында олар бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде несие портфелі (банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қарыздар, дара кәсіпкерлерге қарыздарды қоса алғанда, жеке тұлғаларға қарыздар, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қарыздарды қоса алғанда, заңды тұлғаларға қарыздар және "кері РЕПО" операциялары).


  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 317 қаулысына
2-қосымша

Банктің (банк конгломератының), Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалы үшін қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау әдістемесі

      Ескерту. Әдістеменің тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2021 № 43 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Осы Банктің (банк конгломератының) қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау әдістемесі "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңына сәйкес әзірленді.

      1-1. Осы Әдістеменің банктерге қатысты қолданылатын ережелері "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңында белгіленген Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдары қызметінің ерекшеліктері ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына да қолданылады.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының меншікті капиталы деп Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22213 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 12 ақпандағы № 23 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының (оның ішінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банктері филиалдарының) резерв ретінде қабылданатын активтерін қалыптастыру тәртібін және олардың ең төмен мөлшерін қоса алғанда, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары (оның ішінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банктерінің филиалдары) үшін пруденциалдық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді, олардың нормативтік мәндерін және есептеу әдістемесіне (бұдан әрі - № 23 нормативтер) сәйкес есептелген, резерв ретінде қабылданатын активтер түсініледі.

      Ескерту. 1-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2021 № 43 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган):

      осы қаулының 1-тармағының бірінші бөлігінде көзделген банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау үшін ай сайын есептіліктің деректер қорында банк қызметін талдауды жүзеге асырады;

      осы қаулының 2-тармағында көзделген банк конгломератының қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау үшін тоқсан сайын есептіліктің деректер қорында банк конгломератының қызметін талдауды жүзеге асырады.

      3. Банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау мынадай әдістеме бойынша жүзеге асырылады:

      1) қатарынан 6 (алты) ай ішінде өтімділік коэффициенттерінің Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15886 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 13 қыркүйектегі № 170 қаулысымен бекітілген Пруденциалдық қалыптардың қалыптық және өзге де орындалуы міндетті нормалар мен лимиттерді маңызы мен есептеу әдістемелерінде, белгілі бір күнге шекті банк капиталының мөлшерінде (бұдан әрі - № 170 нормативтер) немесе Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13939 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 мамырдағы № 144 қаулысымен бекітілген Ислам банктері үшін пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәндері және өзге де сақтауға міндетті нормалар мен лимиттерді есеп айырысу әдістемесінде (бұдан әрі - № 144 нормативтер) немесе № 23 нормативтерде белгіленген өтімділік коэффициенттерінің ең төменгі мәндерінен 0,1-ге (нөл бүтін оннан бір) асатын деңгейге дейін немесе одан төмен деңгейге 2 (екі) және одан көп рет төмендеуі;

      2) олар бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың қатарынан 6 (алты) ай ішінде қарыздардың ұлғаюы мынадай формула бойынша есептеледі:



      МҚ90 (ай) - қаралатын кезеңнің белгілі бір айының соңында олар бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздар (банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қарыздар, дара кәсіпкерлерге қарыздарды қоса алғанда, жеке тұлғаларға қарыздар, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қарыздарды қоса алғанда, заңды тұлғаларға қарыздар және "кері РЕПО" операциялары).

      Қаралатын кезеңде жүйелі өсуі болмаған кезде осы тармақшада көрсетілген көрсеткіштің есепті кезеңде 5 (бес) және одан да көп пайыздық тармаққа өсуі де банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін фактор болып табылады, ол мынадай формула бойынша есептеледі:



      3) есепті кезеңнің соңына қарай таза жіктелген қарыздар меншікті капиталдың 80 (сексен) пайызынан астам болған жағдайда және ол бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде, қаралатын кезеңде резервтердің абсолютті мәнінде өсу мөлшерінен, жіктелген қарыздардың өсу мөлшері қатарынан 6 (алты) ай ішінде таза жіктелген қарыздардың меншікті капиталға арақатынасының ұлғаюы мынадай формула бойынша есептеледі:



      мынадай талаппен:

      ТЖҚ6>80%МҚ6 және (ЖҚБ6 – ЖҚБ0)> (ПР6 – ПР0), мұнда:

      ТЖҚ (ай) - қаралатын кезеңнің белгілі бір айының соңындағы олар бойынша құрылған резервтерді шегергенде, таза жіктелген қарыздар (банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қарыздар, дара кәсіпкерлерге қарыздарды қоса алғанда, жеке тұлғаларға қарыздар, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қарыздарды қоса алғанда, заңды тұлғаларға қарыздар және "кері РЕПО" операциялары);

      МК (ай) - қаралатын кезеңнің белгілі бір айының соңындағы № 170 нормативтерге, № 144 нормативтерге немесе № 23 нормативтерге сәйкес есептелген меншікті капитал;

      ЖҚБ (ай) - қаралатын кезеңнің белгілі бір айының соңындағы олар бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде жіктелген қарыздар (банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қарыздар, дара кәсіпкерлерге қарыздарды қоса алғанда, жеке тұлғаларға қарыздар, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қарыздарды қоса алғанда, заңды тұлғаларға қарыздар және "кері РЕПО" операциялары);

      Пр (ай) - жіктелген қарыздар бойынша құрылған резервтердің қаралатын кезеңнің белгілі бір айының соңындағы мөлшері;

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының меншікті капиталы деп № 23 нормативтерге сәйкес есептелетін резерв ретінде қабылданатын активтер түсініледі;

      4) негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 61 (алпыс бірден) 90 (тоқсан) күнге дейін мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың олар бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде қатарынан 6 (алты) ай ішінде 5 (бес) және одан көп пайызға ұлғаюы мынадай формула бойынша есептеледі:



      МҚ61-90- қаралатын кезеңнің белгілі бір айының соңында олар бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 61 (алпыс бірден) 90 (тоқсан) күнге дейін астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздар (банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қарыздар, дара кәсіпкерлерге қарыздарды қоса алғанда, жеке тұлғаларға қарыздар, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қарыздарды қоса алғанда, заңды тұлғаларға қарыздар және "кері РЕПО" операциялары).

      Қаралатын кезеңде жүйелі өсу болмаған кезде осы көрсеткіштің есепті кезеңде 5 (бес) және одан да көп пайыздық тармаққа өсуі де банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін фактор болып табылады және мынадай формула бойынша есептеледі:




- есепті кезеңде олар бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 61 (алпыс бір) 90 (тоқсан) күнге дейін мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың орташа арифметикалық мәні (банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қарыздар, дара кәсіпкерлерге қарыздарды қоса алғанда, жеке тұлғаларға қарыздар, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қарыздарды қоса алғанда, заңды тұлғаларға қарыздар және "кері РЕПО" операциялары);

- есепті кезеңге дейінгі қатарынан күнтізбелік 6 (алты) айдағы олар бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 61 (алпыс бір) күннен 90 (тоқсан) күнге дейін мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың арифметикалық орташа мәні (банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қарыздар, дара кәсіпкерлерге қарыздарды қоса алғанда, жеке тұлғаларға қарыздар, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қарыздарды қоса алғанда, заңды тұлғаларға қарыздар және "кері РЕПО" операциялары);

      5) олар бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың ол бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде банктің несие портфелінің жалпы көлеміне қатынасының асып кетуі мынадай формула бойынша есептеледі:



      ТҚ - қарастырылатын кезеңнің соңына қарай ол бойынша қалыптастырылған резервтерді ескермегенде негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздар (банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қарыздар, дара кәсіпкерлерге қарыздарды қоса алғанда, жеке тұлғаларға қарыздар, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қарыздарды қоса алғанда, заңды тұлғаларға қарыздар және "кері РЕПО" операциялары);

      НП - қарастырылатын кезеңнің соңына қарай ол бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде несие портфелі (банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қарыздар, дара кәсіпкерлерге қарыздарды қоса алғанда, жеке тұлғаларға қарыздар, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қарыздарды қоса алғанда, заңды тұлғаларға қарыздар және "кері РЕПО" операциялары);

      6) қатарынан 6 (алты) ай ішінде ол бойынша қалыптастырылған резервтерді ескермегенде жиынтық дебиторлық берешектегі ол бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде жіктелген дебиторлық берешек үлесінің ұлғаюы мынадай формула бойынша есептеледі:



      келесі талап орындалған жағдайда



      ЖДБ (ай) - қарастырылатын кезеңнің белгілі бір айының соңына қарай ол бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде жіктелген дебиторлық берешек;

      ДБ (ай) - қарастырылатын кезеңнің белгілі бір айының соңына қарай ол бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде жиынтық дебиторлық берешек;

      А (ай) - қарастырылатын кезеңнің белгілі бір айының соңына қарай жиынтық активтер.

      Қаралатын кезеңде жүйелі өсуі болмаған кезде осы тармақшада көрсетілген көрсеткіштің есепті кезеңде 5 (бес) және одан да көп пайыздық тармаққа өсуі де банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін фактор болып табылады, ол мынадай формула бойынша есептеледі:



      Жіктелген дебиторлық берешек ретінде бухгалтерлік есеп деректеріне сәйкес 10 (он) пайыздан жоғары деңгейде резервтер қалыптастырылған дебиторлық берешек түсініледі.

      Жіктелген дебиторлық берешек есебіне негізгі борыш сомасы енгізіледі.

      Жиынтық дебиторлық берешектің төмендеуі нәтижесінде жиынтық дебиторлық берешектегі жіктелген дебиторлық берешектің үлесі ұлғайған жағдайда, осы тармақшада көзделген фактор банкке қолданылмайды;

      7) қатарынан 6 (алты) ай ішінде активтер рентабельділігі коэффициентін 2 (екі) және одан көп рет 0,2 (нөл бүтін оннан екі) пайыздан төмен түсуі.

      Активтер рентабельділігінің коэффициенті жылдық көрсетудегі бөлінбеген таза кірістің (өтелмеген шығынның) активтердің орташа шамасына қатынасы ретінде мынадай формула бойынша есептеледі:



      БТК (0ТШ) (n) - табыс салығы төленгеннен кейін ағымдағы кірістердің (шығыстардың) ағымдағы шығыстардан (кірістерден) асуы;

      Аорт(n) - белгілі бір қаралатын кезеңдегі активтердің орташа шамасы;

      Т к - мынадай формула бойынша есептелетін түзету коэффициенті:



      А - тиісті қаржы жылының басынан бастап өткен айлар саны.

      Активтердің орташа шамасы тиісті жылдың өткен айларындағы активтер мөлшері сомасының тиісті жылдың өткен айларының санына қатынасы ретінде мынадай формула бойынша есептеледі:



      Аорт(n) - белгілі бір қаралатын кезеңдегі активтердің орташа шамасы;

      А (0, 1....n) - белгілі бір айдың соңына қарай активтердің мөлшері;

      n - тиісті қаржы жылының басынан бастап өткен айлар саны;

      8) қатарынан 6 (алты) ай ішінде ұлттық валютадағы бос активтердің ұлттық валютадағы талап еткенге дейінгі міндеттемелерге қатынасының орташа мәні 0,4 төмен 2 (екі) және одан көп төмендеуі.

      Ұлттық валютадағы бос активтерге:

      қолма-қол ақша;

      корреспонденттік шоттардағы қаражат;

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі салымдар;

      шетел валютасында номинирленгендерді қоса алғанда, Қазақстан Республикасының ауыртпалық салынбаған мемлекеттік бағалы қағаздары;

      "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы және "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы шығарған ауыртпалық салынбаған бағалы қағаздар;

      банктердегі овернайт - салымдары;

      кері репо - овернайт;

      2 (екі) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге жасалған валюталық своп операциялары бойынша ұлттық валютадағы талаптар кіреді.

      Ұлттық валютадағы талап еткенге дейінгі міндеттемелерге:

      жеке тұлғалардың ағымдағы шоттары және талап еткенге дейінгі шоттары;

      заңды тұлғалардың ағымдағы шоттары және талап еткенге дейінгі шоттары;

      басқа банктердің корреспонденттік шоттары және талап еткенге дейінгі шоттары;

      басқа банктердің овернайт - салымдары;

      2 (екі) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге жасалған валюталық своп операциялары бойынша ұлттық валютадағы міндеттемелер кіреді.

      Осы факторды есептеу мақсаттары үшін ұлттық валютадағы бос активтердің ұлттық валютадағы талап еткенге дейінгі міндеттемелерге қатынасының орташа мәні мына формула бойынша есептеледі:



      n - бір айдағы күнтізбелік күндердің саны.

      Есепті күні аяқталатын кезең қаралатын кезең болып табылады. Осы тармақшада көрсетілген факторды есептеу кезінде өзгерістер үтірден кейін үш таңбамен беріледі;

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалына осы тармақтың 7) тармақшасы № 23 нормативтерінде көзделген (k1) резерв ретінде қабылданатын активтер жеткіліктілігі коэффициенті 0,13 (нөл бүтін жүзден он үш) коэффициентіне тең немесе төмен болған жағдайда қолданылады.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының бөлінбеген таза пайда (өтелмеген шығын) деп Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалы қызметінің нәтижесі (таза кірістер немесе таза шығыстар) түсініледі.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2021 № 43 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Осы қаулының 1-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 7) және 9) тармақшаларында көзделген факторлардың есебіне енгізілген көрсеткіштер уәкілетті орган жыл сайын 1 ақпанға дейін Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19925 болып тіркелген "Қаржы ұйымдарын жүйелік маңызы бар ұйымдар қатарына жатқызу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 240 қаулысына сәйкес жүйелік маңызы бар ұйымдар қатарына жатқызылған қаржы ұйымдарының тізіміне, жүйелік маңызы бар болып танылуы мүмкін әлеуетті банктер тізіміне енгізілген банктерге есепті жылдың 1 сәуірінен кеш емес мерзімде стресс-тестілеу жүргізу және оның нәтижелерін уәкілетті органға ұсыну үшін беретін уәкілетті органның сценарийлерімен толықтырылады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2021 № 43 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5. Банк конгломератының қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау мынадай әдістеме бойынша жүзеге асырылады:

      1) банк конгломераты меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициенттерінің есепті тоқсанда Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14790 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 309 қаулысымен бекітілген Пруденциялық нормативтердің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен банк конгломераты капиталының мөлшері лимиттерінің нормативтік мәндері және есептеу әдістемесімен (бұдан әрі - № 309 нормативтер) көзделген банк конгломератының меншікті капиталы жеткіліктілігінің ең төменгі мәндерінен 0,02-ге (қоса алғанда) асатын деңгейге дейін немесе одан төмен азайту;

      2) банк конгломератының бір қарыз алушысына келетін тәуекелдің ең жоғары мөлшері коэффициенттерінің есепті тоқсанда № 309 нормативтерде белгіленген банк конгломератының бір қарыз алушысына шаққандағы тәуекелдің ең жоғары мөлшері коэффициенттерінің ең мәндерінен 0,01-ден (қоса алғанда) төмен деңгейге дейін ұлғайту;

      3) есепті тоқсанда банк конгломератына қатысушылар арасындағы топ ішіндегі мәмілелер бойынша (банк конгломератына қатысушылардың басқа қатысушылардың капиталына инвестицияларын, бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйыммен жасалған мәмілелерді, есепті күні жабылған мәмілелерді қоспағанда) банк конгломератына қатысушылардың бір-біріне талаптары сомасының банк конгломератының меншікті капиталынан 0,3 (нөл бүтін оннан үш) деңгейіне дейін ұлғайту.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2021 № 43 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. Банк конгломераты қатысушыларының топішілік мәмілелері бойынша бір біріне талаптарының сомасы деп банк конгломераты қатысушыларының топішілік мәмілелері бойынша бір біріне талаптары қалдықтарының сомасы түсініледі, ондай мәмілелер бойынша ақпарат Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19834 болып тіркелген, "Банк конгломераттарының пруденциялық нормативтерді орындауы туралы есептіліктің тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзімдерін және оны ұсыну қағидаларын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 258 қаулысына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепті кезең ішінде жасасқан, сондай-ақ есепті күнгі жағдай бойынша қолданыста болған банк конгломератының топішілік мәмілелері бойынша мәліметтер жинау бойынша есепте көзделеді.

      Банк конгломератына қатысушылардың арасындағы топішілік мәмілелер бойынша банк конгломератына қатысушылардың бір-біріне талаптарының сомасын есептеу кезінде туынды қаржы құралдары көрсетілген қаржы құралдарының нақтылы құнының № 170 Нормативтерге 7-қосымшаға сәйкес Туынды қаржы құралдары үшін кредиттік тәуекел коэффициенттерінің кестесінде көрсетілген туынды қаржы құралдары үшін кредиттік тәуекел коэффициентіне көбейтіндісі ретінде есептеледі.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 13.12.2021 № 107 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 317 қаулысына
3-қосымша

Күші жойылды деп танылатын Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің құрылымдық элементтерінің тізбесі

      1. "Банктің және банк конгломератының қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторларды белгілеу, сондай-ақ Ертерек ден қою шараларын қолдану қағидаларын және банк пен банк конгломератының қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 29 ақпандағы № 69 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13606 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      2."Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 192 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14294 болып тіркелген, 2016 жылғы 21 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 4-тармағы.

      3."Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 11 қыркүйектегі № 169 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15875 болып тіркелген, 2017 жылғы 23 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) бекітілген Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының банк қызметін реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 2-тармағы.

      4."Банктің және банк конгломератының қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторларды белгілеу, сондай-ақ Ертерек ден қою шараларын қолдану қағидаларын және банк пен банк конгломератының қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 29 ақпандағы № 69 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 259 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16232 болып тіркелген, 2018 жылғы 22 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады