«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Кеме экипажы мүшелерін медициналық қарап-тексеру қағидаларын, олардың денсаулығы мен дене жарамдылығына қойылатын талаптарды, сондай-ақ медициналық қорытындының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 364 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11546 болып тіркелген, 2015 жылғы 9 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
орыс тіліндегі мәтіннің тақырыбына өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;
1-тармақ 1) тармақшасының мәтініне өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кеме экипажы мүшелерін медициналық қарап-тексеру қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Теңіз кемелерінің экипаждарының мүшелерін медициналық тексеріп қарауды медициналық ұйымның бұйрығымен тағайындалған кәсіптік патология бойынша қайта даярлау және маман (кәсіптік патолог) сертификаты бар және теңіз кемелерінің экипаждарының мүшелерін медициналық тексеріп қарауды жүргізу сапасына жауапты тұлға болып табылатын дәрігер (бұдан әрі – Дәрігер) жүргізеді.
Теңіз кемелерінің экипаждарын медициналық тексеріп қарау осы Қағидаларға және, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 128 бұйрығымен бекітілген Міндетті медициналық қарап тексеруді өткізу қағидаларының (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10634 болып тіркелген) 10-тармағының, 13-тармағы 4) тармақшасының және 14-тармағының талаптарын орындауға сәйкес жүргізіледі.
Дәрігерді тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі оны бекіткен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы уәкілетті органға жіберіледі, ол оны e-gov.kz порталында жариялайды.
Дәрігер Кеме экипажы мүшелерінің денсаулық жағдайына және дене жарамдылығына қойылатын талаптарды басшылыққа алады.
Медициналық тексеріп қарауға біліктілігін арттырудан өткен және жоғарғы немесе бірінші санаты бар мынадай дәрігер-мамандар тартылады: терапевт, офтальмолог, оториноларинголог.
Қажет болған жағдайда, оның ішінде жүзудің географиялық ауданы және рейс қашықтығы бойынша шектеулер белгілеу кезінде басқа мамандықтардың дәрігерлері тартылады.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Кеме экипажының мүшелерін кезендік медициналық тексеріп қарау екі жылда бір рет өткізіледі.
Ішкі суларда жүзетін кемелерде және аралас «өзен–теңіз» суларында жүзетін кемелерде жұмыс істейтін тұлғалар медициналық тексеріп қараудан навигация басталар алдында өтеді.
Дәрігер келесі медициналық тексеріп қарау мерзімін дербес, бірақ осы тармақта көрсетілген мерзімдерден кешіктірмей белгілейді.»;
10 және 11-тармақтар алып тасталсын;
14-тармақ алып тасталсын;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Медициналық тексеріп қарау қорытындылары бойынша медициналық қорытынды ресімделеді.
ағылшын тілінде қанда және несепте есірткі препараттарының болуына сертификат.
Медициналық қорытындының және қанда және несепте есірткі препараттарының болуына сертификаттың көшірмелері амбулаторлық аурудың медициналық картасында сақталады.
Медициналық қорытынды теңізшінің жасы 18 жастан төмен жағдайларды қоспағанда, екі жылға жарамды болып қала береді, бұл жағдайда жарамдылық мерзімі бір жылды құрайды.
Егер медициналық қорытындының жарамдылық мерзімі рейс кезінде аяқталатын болса, онда медициналық қорытынды теңіз кемелері экипаждарының мүшелерін медициналық тексеріп қарауды жүргізуге уәкілетті Дәрігер бар келесі портқа дейін, осы мерзім үш айдан аспайтын шартпен, жарамды болып қала береді.».
Жоғарыда көрсетілген бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес Медициналық қорытындының нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі
______________ Т. Дүйсенова
2016 жылғы «___» _________
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
____________ Қ. Бішімбаев
2016 жылғы 5 қыркүйек
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2016 жылғы 21 шілдедегі
№ 566 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін
атқарушының
2015 жылғы 27 наурыздағы
№ 364 бұйрығына 3-қосымша
Нысан
Медициналық қорытынды
Оң жағы
Medical certification of fitness
Медициналық қорытынды
This certificate is issued by the Government of Kazakhstan in compliance with the requirement of Article 2(a) (iii) of Merchant Ships (Minimum Standards) Conventions 1976 (ILO 147 & 73) & the international Convention on Standards of Training Certification and Watch keeping for seafarers. 1978, as amended)
Медициналық ұйымның атауы |
||||||||
Surname of applicant/Тегі |
First name/Аты |
|||||||
Date of birth/ Туған күні |
||||||||
Year/жылы |
Month/айы |
Day/күні |
||||||
Place of birth/Туған жері: |
||||||||
Address/Мекенжайы: |
||||||||
Medical examination/ Медициналық тексеру деректері |
||||||||
Height/Бойы: |
Weight/Салмағы: |
Blood pressure/ |
Pulse/пульс |
|||||
Vision/көру |
Right eye/ оң көзі |
Left eye/сол көзі |
Color test type/ Түрлі-түсті сезіну System Rabkin/ Рабкин кітабы |
|||||
Without glasses/ көзілдіріксіз |
||||||||
With glasses/ көзілдірікпен |
||||||||
Hearing /Есту |
Right ear/ оң құлақ |
Left ear/сол құлақ |
HEAD AND NECK/ЛОР |
|||||
Whispering/ Сыбырлап сөйлесу Ordinari conversation/ Қарапайым сөйлесу |
||||||||
X-ray results/ флюорография |
Lungs/ өкпе |
|||||||
Abdomen/қарын |
Kidneys / бүйрек |
Urine (laboratory findings)/Несеп (талдау) |
||||||
Genital organs/ Жыныс органдары |
Extremities/ Аяқ-қол |
|||||||
Upper/ Жоғары |
Lower/Төменгі |
|||||||
Nervous system/Жүйке жүйесі: |
Heart (Cardiovascular)/Жүрек-қан тамырлар жүйесі: |
|||||||
Is applicant suffering any disease likely to be aggravated by or render him unfit for, service at likely to endanger the health of other person on beard? Тексерілуші жұмысқа кедергі келтіретін және экипаж үшін қауіпті болатын аурулары бар ма? |
||||||||
Signature of applicant_________________________ Тексерушінің қолы |
Date of issue physical certificate ____________________________ Халықаралық сертификатты беру күні |
|||||||
This signature hold be affixed in the presence of the examining Physician Қол дәрігердің қатысуымен қойылады |
||||||||
This is certify that a physical examination was given to/Медициналық куәлік берілді: _____________________________________________________________________________________________________ |
||||||||
He/ She is found to be fit for duty as/ Тексерілуші лаузымда жұмыс үшін жарамды: _______________________________ |
||||||||
Certificate is valid till/ Сертификат ________________________________________________________ дейін жарамды |
||||||||
___________________________________ |
________________________________ |
|||||||
Теріс жағы |
||||||||
Drug/alcohol test report I certify that I am the same person being tested for presence of drug and alcohol in my blood/ urine whose name appears on this medical record and that I have truthfully answered the questions asked regarding my well being. Signature Surname of applicant: |
||||||||
CERTIFICATION I certify that laboratory examination on the blood/ urine of applicant using the test on the principle: AGGULUTINATION IMMUNOASSAY:
|
Test on antibodies to HIV was ____________________ |
Vaccination against yellow fever at: |
DETAILS OF MEDICAL EXAMINATION: This certificate is issued by authority of the Deputy Commissioner of Maritime Affairs. |
Ескертпе:
1. Теңізшінің денсаулығы жағдайы туралы медициналық қорытынды (бұдан әрі – Медициналық қорытынды) теңізшілерге олардың денсаулығы жағдайын және мамандығы бойынша еңбекке қабілеттілігін айқындау мақсатында, Теңізшілерді даярлау және диплом беру және Халықаралық теңіз ұйымының вахтасын жүргізу туралы 1978 жылғы халықаралық конвенцияның А-1/9 бөлімінің талаптарына және 1/9 қағидаларына сәйкес ресімделеді.
2. Медициналық қорытынды теңіз кеме экипажының мүшелерін медициналық тексеріп қарауға уәкілетті етілген дәрігер ресімдейді.
3. Медициналық қорытындының жоғарғы жағында: медициналық ұйымның атауы, оның мекенжайы, байланыс телефондары, медициналық қызмет көрсетуге берілген лицензияның нөмірі мен күні көрсетіледі. Медициналық қорытындының және сертификаттардың бланкілері қатаң есепке жатады.
4. Медициналық қорытындыға теңізшінің төлқұжаттық деректері: аты, тегі, туған күні, туған жері, тұратын жерінің мекенжайы, сондай-ақ теңізшінің жеке куәлігінің (теңізшінің паспорты) нөмірі және сериясы енгізіледі.
5. Медициналық қорытынды ағылшын тілінде, түзетулерсіз ресімделеді, теңізшінің суреті (медициналық ұйымның мөрімен расталады) және оның жеке қолтаңбасы болады.
6. Медициналық тексеріп қараудың деректері: антропометриялық өлшемдерді, органдар және жүйелер бойынша жағдайдың объективті бағалауды (жүрек-қан тамырлары, тыныс, ас қорыту, жүйке, сүйек-бұлшықет, зәр шығару), көздің өткірлігін анықтауды және екі көздің түсті айыруды, аудиометриялық деректерді қамтиді. Медициналық қорытындыда көкірек қуысы органдарын зерттеудің флюорографиялық (рентгенологиялық) деректері қамтылуы, ВИЧ-инфекциясына зерттеудің деректері көрсетіледі.
7. Медициналық қорытындыда: құжатты ресімдеген күн, сертификатты алған теңізшінің тегі, аты, мамандығы бойынша жұмысқа жарамдылығы және қорытындының мерзімі аяқталған күні көрсетіледі. Медициналық қорытындының қолданылу мерізімі екі жылдан, ал 18 жастан кіші тұлғаларға – бір жылдан аспауы тиіс.
8. Медициналық қорытындыға теңіз кеме экипажының мүшелерін медициналық тексеріп қарауға уәкілетті етілген дәрігер қол қояды және оны мөрмен растау қажет (ағылшын тілінде).
9. Медициналық ұйымдарды Теңізшінің денсаулығы жағдайы туралы медициналық қорытындының бланкілерімен (бұдан әрі – Қорытынды бланкілері) қамтамасыз ету орталықтандыру жүзеге асыру қажет.
Корытынды бланкілерінде нөмірлер мен сериялар болуы қажет.
10. Сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы уәкілетті орган кеме экипажының мүшелерін медициналық тексеріп қарауды жүргізуге уәкілетті әрбір медициналық ұйымға серияның жеке нөмірін беретін Қазақстан Республикасындағы бірегей нөмірлеу жүйесін бекітеді.
11. Қорытынды бланкілер және сертификаттардың тапсырушысы – сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы уәкілетті орган, оларды медициналық ұйымдардың берген өтінімдері және олармен жасасқан шарттар негізінде полиграфиялық қорғау дәрежесі бар баспа өнімдерін шығаруға рұқсаты бар ұйымдарға тапсырыс береді.
12. Сериялардың нөмірлері сандардан немесе әріптер мен сандардан құралады.
Қорытынды бланкілерінің нөмірлері сандардан құралады, бланктердің нөмірлері толассыз, сандар бірігіп көрсетіледі. Қорытынды бланкілерінің нөмірлеріндегі белгілердің саны оның қажеттілігін қанағаттандыратын нақты медициналық ұйым үшін болуы тиіс.
13. Қорытынды бланкілері қатаң заттай-сандық есепке жатқызылады.
Қорытынды бланкілерін сақтау, есепке алу және беру медициналық ұйымның басшысы бұйрығымен тағайындалған жауапты тұлғамен жүзеге асырылады.