Нормативтік құқықтық актіге анықтама-негіздеме нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 21 қазандағы № 912 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 24 қазанда № 14355 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2019 жылғы 9 қаңтардағы № 12 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Әділет министрінің м.а. 09.01.2019 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2016 жылғы 6 қазандағы № 568 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актілерді ресімдеу, келісу, мемлекеттік тiркеу және олардың күшін жою қағидаларының 41-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес нормативтік құқықтық актіге анықтама-негіздеме нысаны бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаменті:

      1) осы бұйрықты орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, аумақтық әділет органдарының назарына жеткізсін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмесін баспа және электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберсін.

      4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр М. Бекетаев

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2016 жылғы 21 қазандағы
№ 912 бұйрығына қосымша
нысан

_____________________________________________________________________
(нормативтік құқықтық актінің нысаны, қабылданған күні, тіркеу нөмірі
және тақырыбы) анықтама-негіздеме

      Ескерту. Нысан жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 25.09.2018 № 1446 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

Көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі

Мемлекеттік органның ақпараты

1.

Нормативтік құқықтық актіні ұсынған мемлекеттік орган


2.

Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттігінің негіздемесі (нақты мақсаттары, уәждері және нормативтік құқықтық акт қабылданған актіге сілтеме)


3.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 568 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актілерді ресімдеу, келісу, мемлекеттік тiркеу және олардың күшін жою қағидаларының 51-тармағының талаптары ескеріле отырып, күші жойылғаны туралы актілердің деректемелері көрсетіле отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтер


4.

Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджеттер шығыстарының көбеюін немесе түсімдерінің қысқаруын көздейме


5.

Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәліметтер


6.

Интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарында жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының жариялануы туралы мәліметтер


7.

"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8-тармағына (бұдан әрі – Заң ) сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің саудасына немесе зияткерлік меншік құқықтарына қатысты нормативтік құқықтық актілер жобаларының орналастырылуы туралы мәліметтер


8.

Реттеушілік әсерді талдау жүргізу нәтижелері туралы мәліметтер (болған кезде)


9.*

Заңның 19-бабына сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған сараптама кеңестерінің мүшелері туралы мәліметтер


10.*

Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша сараптамалық қорытындыны ұсынуы (ұсынбауы) туралы мәліметтер


11.**

Заңның 20-бабына сәйкес қоғамдық кеңестің нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша ұсынымдарды ұсынуы (ұсынбауы) туралы мәліметтер


12.***

Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған нормативтік құқықтық актілердің жобаларын көпшілік талқылауы туралы мәліметтер


      ___________________            ____________                   ______________________

      Лауазымы                               қолы                        тегі және аты-жөні


      Ескерту:

      *сараптамалық қорытынды ұсынылмаған жағдайда, әзірлеуші органың хабарламасының күні мен нөмері, сондай-ақ сараптама кеңестерінің және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының кіріс нөмірі мен күні көрсетіледі.

      **осы тармақ "Қоғамдық кеңестер туралы" 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 1-тармағында көзделген мемлекеттік органдарға қолданылмайды.

      ***осы тармақта "Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына заң жобалары тұжырымдамаларының жобалары мен нормативтік құқықтық актілердің жобаларын орналастыру және оларды көпшілік талқылауы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 30 маусымдағы № 22 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13974 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша нормативтік құқықтық актінің жобасын көпшілік талқылаудың аяқталуы туралы есеп қоса беріліп, нормативтік құқықтық актінің жобасын орналастырылу күні көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2016 жылғы 21 қазандағы
№ 912 бұйрығына
2-қосымша

Күші жойылады деп танылатын нормативтік құқықтық актілердің тізбесі

      1. "Нормативтік құқықтық актіге негіздеме-анықтама нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2006 жылғы 4 қыркүйектегі № 240 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4376 болып тіркелген);

      2. "Нормативтік құқықтық актіге негіздеме-анықтама нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2006 жылғы қыркүйектегі № 240 бұйрығына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 346 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6718 болып тіркелген);

      3. "Нормативтік құқықтық актіге негіздеме-анықтама нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2006 жылғы 4 қыркүйектегі № 240 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2013 жылғы 8 тамыздағы № 268 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8610 болып тіркелген);

      4. "Нормативтік құқықтық актіге негіздеме-анықтама нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2006 жылғы 4 қыркүйектегі № 240 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 151 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10511 болып тіркелген);

      5. "Нормативтік құқықтық актіге негіздеме-анықтама нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2006 жылғы 4 қыркүйектегі № 240 бұйрығына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 28 қыркүйектегі № 518 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12117 болып тіркелген).

Об утверждении формы справки-обоснования к нормативному правовому акту

Приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 21 октября 2016 года № 912. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 24 октября 2016 года № 14355. Утратил силу приказом и.о. Министра юстиции Республики Казахстан от 9 января 2019 года № 12 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратил силу приказом и.о. Министра юстиции РК от 09.01.2019 № 12 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 41 Правил оформления, согласования, государственной регистрации нормативных правовых актов и их отмены, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 6 октября 2016 года № 568, ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить форму справки-обоснования к нормативному правовому акту согласно приложению 1 к настоящему приказу.

      2. Признать утратившими силу нормативные правовые акты по перечню согласно приложению 2 к настоящему приказу.

      3. Департаменту регистрации нормативных правовых актов Министерства юстиции Республики Казахстан:

      1) настоящий приказ довести до сведения центральных и местных государственных органов, территориальных органов юстиции;

      2) после государственной регистрации настоящего приказа направить его копии в печатном и электронном виде в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации Министерства юстиции Республики Казахстан" для внесения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие со дня государственной регистрации.

Министр

М. Бекетаев


  Приложение 1
к приказу Министра юстиции
Республики Казахстан
от 21 октября 2016 года № 912

      форма

      Сноска. Форма справки в редакции приказа Министра юстиции РК от 25.09.2018 № 1446 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

Справка-обоснование к

      __________________________________________________________________________
            (форма, дата принятия, регистрационный номер
и заголовок нормативного правового акта)

Перечень сведений, которые должны быть отражены

Информация государственного органа

1.

Государственный орган, представивший нормативный правовой акт


2.

Обоснование необходимости принятия нормативного правового акта (конкретные цели, мотивы и ссылка на нормативный правовой акт в соответствии с которым он принят)


3.

Сведения о ранее принятых нормативных правовых актах по данному вопросу, в государственной регистрации которых было отказано, с указанием реквизитов актов об их отмене с учетом требований пункта 51 Правил оформления, согласования, государственной регистрации нормативных правовых актов и их отмены, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 6 октября 2016 года № 568


4.

Предусматривает ли данный нормативный правовой акт увеличение расходов или сокращение поступлений республиканского или местного бюджетов


5.

Сведения о согласовании нормативного правового акта с заинтересованными государственными органами


6.

Сведения об опубликовании (распространении) в средствах массовой информации, включая интернет-ресурсы, проектов нормативных правовых актов, затрагивающих интересы субъектов частного предпринимательства


7.

Сведения об опубликовании проектов нормативных правовых актов, касающихся торговли товарами, услугами или прав интеллектуальной собственности, размещенных на интернет-ресурсах уполномоченных государственных органов в соответствии с пунктом 8 статьи 18 Закона от 6 апреля 2016 года "О правовых актах" (далее – Закон)


8.

Сведения о результатах проведения анализа регуляторного воздействия (при наличии)


9*

Сведения о членах экспертных советов, не представивших экспертные заключения по проекту нормативного правового акта, затрагивающему интересы субъектов частного предпринимательства, в соответствии со статьей 19 Закона


10. *

Сведения о предоставлении (непредставлении) Национальной палатой предпринимателей Республики Казахстан экспертного заключения по проекту нормативного правового акта, затрагивающему интересы субъектов частного предпринимательства


11.**

Сведения о предоставлении (непредставлении) общественным советом рекомендации по проекту нормативного правового акта в соответствии со статьей 20 Закона


12.***

Сведения о публичном обсуждении проектов нормативных правовых актов, размещенных на интернет-портале открытых нормативных правовых актов


      _____________________ ____________ ______________________________________________
      Должность             подпись                   фамилия и инициалы

      Примечание:

      * В случае непредставления экспертного заключения, указывается дата и исходящий номер уведомления органа-разработчика, а также дата и входящий номер регистрации данного уведомления в экспертных советах и Национальной палате предпринимателей Республики Казахстан

      ** Данный пункт не распространяется на государственные органы, предусмотренные пунктом 1 статьи 1 Закона Республики Казахстан от 2 ноября 2015 года "Об общественных советах".

      *** В данном пункте указывается дата размещения проекта нормативного правового акта, с приложением отчета о завершении публичного обсуждения проекта нормативного правового акта по форме, утвержденной приказом Министра информации и коммуникаций Республики Казахстан от 30 июня 2016 года № 22 "Об утверждении Правил размещения и публичного обсуждения проектов концепций законопроектов и проектов нормативных правовых актов на интернет-портале открытых нормативных правовых актов" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 13974).


  Приложение 2
к приказу Министра юстиции
Республики Казахстан
от 21 октября 2016 года № 912

Перечень нормативных правовых актов, признаваемых
утратившими силу

      1. Приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 4 сентября 2006 года № 240 "Об утверждении формы справки-обоснования к нормативному правовому акту" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 4376);

      2. Приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 31 декабря 2010 года № 346 "О внесении дополнения в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 4 сентября 2006 года № 240 "Об утверждении формы справки-обоснования к нормативному правовому акту" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 6718);

      3. Приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 8 августа 2013 года № 268 "О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 4 сентября 2006 года № 240 "Об утверждении формы справки-обоснования к нормативному правовому акту" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 8610);

      4. Приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 17 марта 2015 года № 151 "О внесении изменения в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 4 сентября 2006 года № 240 "Об утверждении формы справки-обоснования к нормативному правовому акту" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 10511);

      5. Приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 28 сентября 2015 года № 518 "О внесении дополнения в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 4 сентября 2006 года № 240 "Об утверждении формы справки-обоснования к нормативному правовому акту" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 12117).