"Нормативтік құқықтық актіге анықтама-негіздеме нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 21 қазандағы № 912 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 25 қыркүйектегі № 1446 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 25 қыркүйекте № 17431 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2019 жылғы 9 қаңтардағы № 12 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Әділет министрінің м.а. 09.01.2019 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2016 жылғы 6 қазандағы № 568 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актілерді ресімдеу, келісу, мемлекеттік тiркеу және олардың күшін жою қағидаларының 41-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Нормативтік құқықтық актіге анықтама-негіздеме нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 21 қазандағы № 912 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14355 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Нормативтік құқықтық актіге анықтама-негіздеме нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаменті:

      1) осы бұйрықтың мемлекеттiк тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң жетекшiлiк ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Әділет министрі М. Бекетаев

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2018 жылғы 25 қыркүйектегі
№ 1446 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2016 жылғы 21 қазандағы
№ 912 бұйрығына қосымша
нысан

      _____________________________________________________________________
(нормативтік құқықтық актінің нысаны, қабылданған күні, тіркеу нөмірі

      және тақырыбы) анықтама-негіздеме

Көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі

Мемлекеттік органның ақпараты

1.

Нормативтік құқықтық актіні ұсынған мемлекеттік орган


2.

Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттігінің негіздемесі (нақты мақсаттары, уәждері және нормативтік құқықтық акт қабылданған актіге сілтеме)


3.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 568 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актілерді ресімдеу, келісу, мемлекеттік тiркеу және олардың күшін жою қағидаларының 51-тармағының талаптары ескеріле отырып, күші жойылғаны туралы актілердің деректемелері көрсетіле отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтер


4.

Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджеттер шығыстарының көбеюін немесе түсімдерінің қысқаруын көздейме


5.

Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәліметтер


6.

Интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарында жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының жариялануы туралы мәліметтер


7.

"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8-тармағына (бұдан әрі – Заң ) сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің саудасына немесе зияткерлік меншік құқықтарына қатысты нормативтік құқықтық актілер жобаларының орналастырылуы туралы мәліметтер


8.

Реттеушілік әсерді талдау жүргізу нәтижелері туралы мәліметтер (болған кезде)


9.*

Заңның 19-бабына сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған сараптама кеңестерінің мүшелері туралы мәліметтер


10.*

Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша сараптамалық қорытындыны ұсынуы (ұсынбауы) туралы мәліметтер


11.**

Заңның 20-бабына сәйкес қоғамдық кеңестің нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша ұсынымдарды ұсынуы (ұсынбауы) туралы мәліметтер


12.***

Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған нормативтік құқықтық актілердің жобаларын көпшілік талқылауы туралы мәліметтер


      __________________ ____________ ___________________

      Лауазымы             қолы      тегі және аты-жөні


      Ескерту:

      *сараптамалық қорытынды ұсынылмаған жағдайда, әзірлеуші органың хабарламасының күні мен нөмері, сондай-ақ сараптама кеңестерінің және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының кіріс нөмірі мен күні көрсетіледі.

      **осы тармақ "Қоғамдық кеңестер туралы" 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 1-тармағында көзделген мемлекеттік органдарға қолданылмайды.

      ***осы тармақта "Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына заң жобалары тұжырымдамаларының жобалары мен нормативтік құқықтық актілердің жобаларын орналастыру және оларды көпшілік талқылауы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 30 маусымдағы № 22 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13974 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша нормативтік құқықтық актінің жобасын көпшілік талқылаудың аяқталуы туралы есеп қоса беріліп, нормативтік құқықтық актінің жобасын орналастырылу күні көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады