Ескерту. Күші жойылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 04.05.2020 № 175 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасында орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 32 бұйрығына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13182 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 6 сәуірде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 26), 27), 28), 29), 30), 31), 32), 33), 34), 35), 36), 37) тармақшалармен толықтырылсын:
"26) осы бұйрыққа 26-қосымшаға сәйкес "Дене шынықтыру" пәні бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламасы;
27) осы бұйрыққа 27-қосымшаға сәйкес "Робот техникасы" элективті курсы бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламасы;
28) осы бұйрыққа 28-қосымшаға сәйкес Жалпы білім беретін мектептер басшыларының біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламасы;
29) осы бұйрыққа 29-қосымшаға сәйкес "Практикадағы рефлексия" жалпы білім беретін мектептердің педагог кадрларының біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламасы;
30) осы бұйрыққа 30-қосымшаға сәйкес "Ағылшын тілі" пәні бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламасы;
31) осы бұйрыққа 31-қосымшаға сәйкес "Робот техникасы негіздері" педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламасы;
32) осы бұйрыққа 32-қосымшаға сәйкес "Робот техникасын іске асыру жағдайында IT-технологиялар бойынша теориялық және сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру ерекшеліктері" педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламасы;
33) осы бұйрыққа 33-қосымшаға сәйкес "Биоақпараттану және синергетика" технологиясы: сабақтың сапасын басқару" жалпы білім беретін мектептердің педагог кадрларының біліктілікті арттыру курстарының білім беру бағдарламасы;
34) осы бұйрыққа 34-қосымшаға сәйкес "Информатика", "Физика", "Химия" және "Биология" пәндерінен ағылшын тілінде сабақ беретін жалпы білім беретін мектептердің педагог кадрларының біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламасы;
35) осы бұйрыққа 35-қосымшаға сәйкес Жаратылыстану – математика бағыты бойынша "Химия", "Биология", "Физика", "Информатика" пәндері бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстарының жалпы білім беру бағдарламасы;
36) осы бұйрыққа 36-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде "Тілдік құзыреттілік" педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламасы;
37) осы бұйрыққа 37-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде "Ағылшын тілі оқытушыларының тілдік және кәсіби біліктілігін арттыру" педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламасы;
осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12 қосымшаларға сәйкес 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36, 37-қосымшалармен толықтырылсын.
2. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ж.А. Жонтаева) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін электрондық тасымалдағышта елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данасын қоса бере отырып жолдауды;
3) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына бағытталған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мөрімен расталған және осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған баспа және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын;
5) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күн ішінде осы бұйрықтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Э.А. Суханбердиеваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Білім және ғылым министрі | Е. Сағадиев |
"Дене шынықтыру" пәні бойынша педагог кадрлардың біліктілігін
арттыру курстарының білім беру бағдарламасы
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Дене шынықтыру" пәні бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсындағы білім беру процесін реттейді.
2. Осы Бағдарламада дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау және "Дене шынықтыру" пәні бойынша жаңартылған жалпы білім беру бағдарламасын (бұдан әрі – Пән бойынша бағдарлама) зерделеу бойынша толық мәлімет ұсынылған.
3. Осы Бағдарламаға қосымшаға сәйкес, оқу жоспары бойынша мұғалімдерді оқыту курсының ұзақтығы бес жұмыс күнді құрайды, әр күн ұзақтығы 2 сағаттық 4 сабақтан тұрады.
2-тарау. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
4. Бағдарламаның мақсаты: "Дене шынықтыру" пәні бойынша бағдарламаны жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу мәнмәтінінде мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру.
5. Бағдарламаның міндеттері:
1) мұғалімдердің Пән бойынша бағдарламаның жаңартылған мазмұнын білуін қамтамасыз ету;
2) Пән бойынша жаңартылған бағдарламаға сәйкес педагогикалық тәсілдер мен оқу материалдарын қолдануды үйрету;
3) Пән бойынша жаңартылған бағдарламадағы оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін критериалды бағалау жүйесін қолдануды үйрету.
6. Оқу нәтижелері:
1) мұғалімдер Пән бойынша жаңартылған бағдарламаның мақсаттарын, міндеттерін, құрылымын және мазмұнын біледі және түсінеді;
2) мұғалімдер Пән бойынша жаңартылған бағдарламаға сәйкес педагогикалық тәсілдерді, оқу материалдарын қолдана біледі;
3) мұғалімдер Пән бойынша жаңартылған бағдарламадағы оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін критериалды бағалау жүйесін түсінеді және қолдана біледі.
3-тарау. Бағдарламаның құрылымы мен мазмұны
7. Бағдарламаның оқу әдістемелік кешені:
1) педагог кадрлардың біліктілігін арттыру бағдарламасы;
2) мұғалімге арналған нұсқаулық;
3) таныстырылымдар мен үлестірме материалдар;
4) күтілетін нәтижеге қол жеткізу деңгейін анықтауға арналған тапсырмалар;
5) тренерге арналған нұсқаулық.
8. Оқу жоспарына сәйкес аталған Бағдарлама шеңберіндегі оқу процесі Дэвид Колбтың төрт сатылы эмпирикалық моделінің негізінде іске асырылады.
9. Бағдарлама біліктілікті арттыру курсының мақсаттарын шолудан, ғылыми әдебиетті талдаудан басталады. Мұғалімдер Пән бойынша жаңартылған бағдарламаның құрылымын, педагогикалық тәсілдерді, бағалау тетіктерін, "Дене шынықтыру" пәні бойынша бағдарламаның аспектілерін қарастырады.
10. Мұғалімдер Пән бойынша бағдарламаның және "Дене шынықтыру" пәні бойынша оқу жоспарларының мазмұнын игереді. Күнделікті сабақтардың соңында мұғалімдер өзіндік рефлексия жасап, оқу мақсаттарына жетуді, мұғалімнің практикалық қызметінде оны іске асыру бойынша тиісті іс-қимылдарды анықтауды мониторингілеу мақсатында тапсырма орындайды.
11. Оқу барысында мұғалімдер ықшамсабақ процесінде "эксперимент" жүргізеді.
12. Мұғалімдердің қызметін бағалау дене шынықтыру пәнін оқыту үшін қажетті нақты дағдыларға, деңгейлерге жататын салаларға бөлінеді. Әр сала бойынша мұғалімнің аталған пән бойынша оқыту әдістемесінің даму деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін төрт дескриптор бар (бастапқы деңгей, қалыптасу деңгейі, қалыптасқан деңгей, жетілген деңгей).
"Дене шынықтыру" пәні бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламасына қосымша |
Оқу жоспары
Күн № | Күн тақырыбы | Сабақтың тақырыбы | Сағат саны |
1 | "Дене шынықтыру" бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасына кіріспе | 1. Жаңартылған білім беру бағдарламасымен танысу. | 2 |
2. "Дене шынықтыру" пәні бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасының негізгі құжаттарымен танысу. | 2 | ||
3. "Дене шынықтыру" пәні бойынша оқу жоспарымен танысу: қысқа мерзімді жоспар. | 2 | ||
4. Курста оқудан күтілетін нәтижелерге қол жеткізу деңгейін айқындау: жаңартылған білім беру бағдарламасын түсіну. | 2 | ||
2 | Тиімді оқыту және оқу | 1. Тиімді оқыту мен оқу сипаттамасымен танысу. | 2 |
2. Оқыту процесінде белсенді оқу әдістерін қолдану. | 2 | ||
3. Оқыту процесінде белсенді оқу әдістерін қолдану. | 2 | ||
4. Курста оқудан күтілетін нәтижелерге қол жеткізу деңгейін айқындау: белсенді оқу және ойлау сипаты. | 2 | ||
3 | Критериалды бағалау және жаңартылған білім беру бағдарламасындағы негізгі тәсілдер | 1. Критериалды бағалау мақсатымен және құрылымымен танысу. Курста оқудан күтілетін нәтижелерге қол жеткізу деңгейін айқындау: критериалды бағалау. | 2 |
2. Оқушылардың қажеттіліктерін анықтау және реакция ерекшеліктерімен танысу. Курста оқудан күтілетін нәтижелерге қол жеткізу деңгейін айқындау: оқушылардың қажеттіліктеріне реакция. | 2 | ||
3. Оқыту процесінде саралау түрлерін қолдану. | 2 | ||
4. Оқыту процесінде саралау түрлерін қолдану. | 2 | ||
4 | Жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру: жоспарлау | 1. Ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлардың ерекшеліктерімен танысу. | 2 |
2. "Дене шынықтыру" пәні бойынша сабақты жоспарлау. | 2 | ||
3. "Дене шынықтыру" пәні бойынша сабақты жоспарлау. Курста оқудан күтілетін нәтижелерге қол жеткізу деңгейін айқындау: жоспарлау. | 2 | ||
4. Ықшамсабақты жоспарлау. Курста оқудан күтілетін нәтижелерге қол жеткізу деңгейін айқындау: жоспарлау. | 2 | ||
5 | Ықшамсабақ | 1. Ықшамсабаққа дайындық. | 2 |
2. "Дене шынықтыру" пәні бойынша ықшамсабақ өткізу. | 2 | ||
3. "Дене шынықтыру" пәні бойынша ықшамсабақ өткізу. Курста оқудан күтілетін нәтижелерге қол жеткізу деңгейін айқындау: пән бойынша педагогикалық білім және оқыту дағдылары (басқа да критерийлерді тексеру). | 2 | ||
4. Оқу курсын қорытындылау. | 2 | ||
Барлығы: | 40 академиялық сағат |
Ескерту: 1 академиялық сағаттың ұзақтығы 45 минутты құрайды.
"Робот техникасы" элективті курсы бойынша педагог кадрлардың
біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламасы
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Робот техникасы" элективті курсы бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсындағы білім беру процесін реттейді.
2. Осы Бағдарламада "Робот техникасы" элективті курсы бойынша педагог кадрларды даярлау бойынша толық мәлімет ұсынылған. Осы Бағдарлама мұғалімдердің білім беру процесінде және сыныптан тыс қызметінде роботтарды бағдарламалау жөніндегі оқу топтамаларын пайдалану саласындағы кәсіби құзыреттілігін жетілдіруге бағытталған.
2-тарау. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
3. Бағдарламаның мақсаты: жалпы білім беретін мектептерде "Робот техникасы" элективті курсын оқытудың теориялық және практикалық негіздерін үйрену.
4. Бағдарламаның міндеттері:
1) мұғалімдерді "Робот техникасы" элективті курсының мақсаттарымен, міндеттерімен, құрылымымен және мазмұнымен таныстыру;
2) мұғалімдерді оқушылардың шығармашылық, жобалау-зерттеу және конструкторлық дағдыларын дамытуға мүмкіндік туғызатын педагогикалық тәсілдермен таныстыру.
5. Оқу нәтижелері:
1) мұғалімдер "Робот техникасы" элективті курсының мақсаттарын, міндеттерін, құрылымын және мазмұнын біледі және түсінеді;
2) оқушылардың шығармашылық, жобалау-зерттеу және құрастыру дағдыларын дамытуға көмектесетін педагогикалық тәсілдерді біледі және түсінеді.
3-тарау. Бағдарламаның құрылымы мен мазмұны
6. Бағдарламаның оқу әдістемелік кешені:
1) педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсының бағдарламасы;
2) мұғалімге арналған нұсқаулық;
3) тренерге арналған нұсқаулық;
4) үлестірме материал.
7. Осы Бағдарламаға қосымшаға сәйкес оқу жоспарында "Робот техникасы" элективті курсын оқуда алты модуль көзделген:
1-модуль: "Робот техникасы" курсына кіріспе және бағдарламалауы, сандық және логикалық деректері бар жұмыс сипаттамасы бар Лего базалық жинағы роботының (бұдан әрі – EV3) негіздері.
2-модуль: Мотордың көмегімен қозғалу.
3-модуль: Бұрылу.
4-модуль: Датчиктер.
5-модуль: Оператор блоктар мен деректер блоктары.
6-модуль: Сыныптағы сайыс.
8. Бағдарлама құрылымы Бағдарлама материалдарымен танысу, практика жүзінде іске асыру және жоспарлау, рефлексиялау, бағалауға арналған портфолио құрастыруды қамтитын үздіксіз процесс болып табылады.
9. Мұғалімдер "Робот техникасы" элективті курсының пайда болу тарихын, даму келешегін қарастырып, курстың негізгі жабдықтарымен, дербес ұтқыр роботтарды құрастыру және бағдарламалау элементтерімен, сабақ жоспарлаумен танысады және әріптестері мен тренерлерден сындарлы кері байланыс алады.
10. Робот техникасы негіздерін үйрету ол сабақтардың ұйымдастырылуына және төмендегі әдістердің қолданылуына байланысты:
1) эвристикалық;
2) проблемалық;
3) бағдарламалық;
4) репродукциялық;
5) жартылай іздеу жұмысы;
6) проблеманы баяндау әдісі;
7) жоба әдісі.
"Робот техникасы" элективті курсы бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламасына қосымша |
Оқу жоспары
Күн № | Күн тақырыбы | Сабақтың тақырыбы | Сағат саны |
1 | Курсқа кіріспе. Курс жабдығымен танысу | 1. Робот техникасы курсына кіріспе: қолданыс салалары, түрлері. Робот техникасының тарихы мен келешегі. | 2 |
2. Курс жабдығымен танысу: негізгі және орта мектеп оқушыларын оқытуға арналған артық тетіктері мен сенсорлары бар Лего жинағы (бұдан әрі - LEGO MINDSTORMS EV3 Education). Бағдарламалауы, сандық және логикалық деректері бар жұмыс сипаттамасы бар Лего базалық жинағы роботының (бұдан әрі – EV3). | 2 | ||
3. Курс жабдығымен танысу: LEGO MINDSTORMS EV3 Education топтамасы. EV3 модулі. | 2 | ||
4. Білім беру роботын құрастыру. | 2 | ||
2 | Моторлармен және датчиктермен танысу. 3D модельдеу | 1. "Робот техникасы" курсы бойынша жоспарларды өзара бағалау және кері байланыстың негізінде жетілдіру. | 2 |
2. Моторлармен және датчиктермен танысу. Датчиктер мен моторларды қосу. EV3 модулінің интерфэйсін зерделеу. EV3 бағдарламалық жасақтамасы. | 2 | ||
3. ЛЕГО Digital Designer-де білім беру роботын модельдеу (Компьютерлік әзірлемеге арналған бағдарлама). | 4 | ||
3 | Мотордың көмегімен қозғалу (1) | 1. "Робот техникасы" курсы бойынша жоспарларды өзара бағалау және кері байланыстың негізінде жетілдіру. | 2 |
2. EV3 арналған бірінші бағдарламаны жасау. Үлкен моторлардың қозғалысы: Рульдік басқару блогы. | 2 | ||
3. "Билейтін робот" жобасының тапсырмалары бойынша командалық жұмысты орындау. Робот қолының қозғалысы: Ортаңғы мотор блогы. Үлкен мотор блогы. | 4 | ||
4 | Мотордың көмегімен қозғалу (2) | 1. "Робот техникасы" курсы бойынша жоспарларды өзара бағалау және кері байланыстың негізінде жетілдіру. | 2 |
2. "Қоқыс жинайтын робот" жобасының тапсырмалары бойынша командалық жұмыс орындау. | 2 | ||
3. "Күшік" роботын құрастыру. | 2 | ||
4. "Робоқол" роботын құрастыру. | 2 | ||
5 | Бұрылу | 1. "Робот техникасы" курсы бойынша жоспарларды өзара бағалау және кері байланыстың негізінде жетілдіру. | 2 |
2. Бір орында тұрып бұрылу: Моторларды тәуелсіз басқару блогы. | 2 | ||
3. "Көлік тұрағы" жобасының тапсырмалары бойынша командалық жұмыс орындау. | 4 | ||
6 | Датчиктер (1) | 1. "Робот техникасы" курсы бойынша жоспарларды өзара бағалау және кері байланыстың негізінде жетілдіру. | 2 |
2. Жанасу датчигі. Батырмаға басуды анықтау. "Жүк тасымалдаушы робот" жобасының тапсырмалары бойынша командалық жұмысты орындау. | 2 | ||
3. "Баспалдақта жүргіш" роботын құрастыру. | 2 | ||
4. Ультрадыбыстық датчик. Кедергілерді анықтау және оларды еңсеру. "Сигналдар" жобасының тапсырмалары бойынша командалық жұмыс орындау. | 2 | ||
7 | Датчиктер (2) | 1. "Робот техникасы" курсы бойынша жоспарларды өзара бағалау және кері байланыстың негізінде жетілдіру. | 2 |
2. Гигроскопиялық датчик. Еңкею бұрышын анықтау. "Маневр" жобасының тапсырмалары бойынша командалық жұмыс. | 2 | ||
3. Түс датчигі. Түсті анықтау. "Бағдаршам" жобасының тапсырмалары бойынша командалық жұмысты орындау. | 2 | ||
4. "Түссұрыптауыш" роботын құрастыру. | 2 | ||
8 | Оператор блоктар және деректер блоктары (1) | 1. "Робот техникасы" курсы бойынша жоспарларды өзара бағалау және кері байланыстың негізінде жетілдіру. | 2 |
2. Цикл блогы. Есептеуішті пайдалану. Датчиктен алынған деректер. | 2 | ||
3. Экран блогы. Мәтін блогы. | 2 | ||
4. "Піл", "ТанкоБот", "Знап", "Робозауыт" роботтарының модельдерімен танысу. | 2 | ||
9 | Оператор блоктар және деректер блоктары (2) | 1. "Робот техникасы" курсы бойынша жоспарларды өзара бағалау және кері байланыстың негізінде жетілдіру. | 2 |
2. Математика блогы. Кездейсоқ сандар блогы. | 2 | ||
3. Ауыстыру блогы. "Жаяу жүргінші робот" жобасы. | 4 | ||
10 | Сыныптағы сайыс | 1. Сыныпта жарыс туралы хабарлау. Идеялар таныстырылымы. | 2 |
2. Өз роботтарының моделін жасау. | 2 | ||
3. Роботтарды бағдарламалау және тестілеу. | 2 | ||
4. Роботтарды таныстыру және роботтар сайысы. Жеңімпаздарды анықтау. | 2 | ||
Барлығы: | 80 академия лық сағат |
Ескерту: 1 академиялық сағаттың ұзақтығы 45 минутты құрайды.
Жалпы білім беретін мектептер басшыларының біліктілігін
арттыру курстарының білім беру бағдарламасы
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Жалпы білім беретін мектептер басшыларының біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсындағы білім беру процесін реттейді және үш бағытты қамтиды:
1) басшының өзіндік дамуы және педагогикалық ұжымның дамуы;
2) мектепті дамыту;
3) әлеуметтік және кәсіби әріптестік.
2. Осы Бағдарламада жалпы білім беретін мектептер басшыларын даярлау және олардың білім беру ұйымдарының табыстылығы, өзгерістерді басқару туралы қазіргі түсінікке сай білім мен практикалық дағдыларды игеруі жөнінде толық мәлімет ұсынылған.
3. Осы Бағдарламаға қосымшаға сәйкес, оқу жоспарына сәйкес басшыларды оқыту курсы "Бетпе - бет" деген екі аудиториялық кезеңді және "Мектептегі тәжірибе" деген екі кезеңді қамтиды.
2-тарау. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
4. Бағдарламаның мақсаты: үздік әлемдік педагогикалық тәсілдер мен білім беру практикалары негізінде жалпы білім беретін мектептер басшыларын кәсіби дамыту.
5. Бағдарламаның міндеттері:
1) заманауи басшының рөлі мен миссиясы, жеке тұлға ретінде және кәсіби тұрғыдан өзін-өзі жетілдіру туралы түсінігін дамыту;
2) көшбасшылық, басқару, стратегиялық жоспарлау және болжау салаларында түйінді құзыреттілік қалыптастыру;
3) өзінің қызметін және мұғалімдер мен оқушылардың қызметін жақсарту бойынша дағдыларды, әдістерді, нысандар мен тәсілдерді үйрету;
4) кәсіби және әлеуметтік әріптестікті орнату, қоғамдастық құру бойынша практикалық дағдыларды қалыптастыру.
6. Оқу нәтижелері:
1) заманауи басшының рөлі мен миссиясы, жеке тұлға ретінде және кәсіби тұрғыдан өзін-өзі жетілдіру, мұғалімдердің кәсіби дамуына қолдау көрсету туралы түсінеді;
2) басшыларда көшбасшылық және басқару, стратегиялық жоспарлау және болжау салаларында түйінді құзыреттіліктері қалыптасады;
3) басшылар өзінің қызметін, мұғалімдер мен оқушылардың қызметін жақсартуға бағытталған дағдыларды, әдістерді, нысандар мен тәсілдерді түсінеді және қолдана біледі;
4) кәсіби және әлеуметтік әріптестікті орнату, қоғамдастық құру бойынша іскерлік пен дағдыларды меңгерген.
3-тарау. Бағдарламаның құрылымы мен мазмұны
7. Бағдарламаның оқу-әдістемелік кешені:
1) жалпы білім беретін мектеп басшыларының біліктілігін арттыру курсының бағдарламасы;
2) жалпы білім беретін мектеп басшысына арналған нұсқаулық;
3) курсалды тапсырмалар;
4) мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмалар;
5) тренерге арналған нұсқаулық;
6) таныстырылымдар және үлестірме материалдар.
8. Бағдарлама мынадай төрт кәсіби практикаға сәйкес құрылымданған:
1) оқыту мен оқуға жетекшілік ету;
2) өзінің дамуы;
3) тәжірибені жетілдіруге, инновациялар мен өзгеріс енгізуге жетекшілік ету;
4) жергілікті қауымды бірлескен жұмысқа тарту.
9. Оқу жоспары өз бетінше оқу, аудиториялық оқу және тренердің синхронды емес қолдауымен оқуды үйлестіруді көздейді. Оқыту логикалық реттілікпен жүйеленген:
1) теориялық оқу кезеңінде идеяларды зерделеу (курсалды тапсырмаларды орындау);
2) аудиториялық оқу кезеңінде Бағдарламаның негізгі бағыттары мен мазмұнын зерделеу және түсіну. Тыңдаушылар тренердің жетекшілігімен шағын топтарда жұмыс істеп, көшбасшылық және басқару мәселелері бойынша халықаралық зерттеулердің нәтижелерімен танысады.
10. Аудиториялық оқу кезеңі басшылардың мектептегі тәжірибе кезеңіне және мектеп қоғамдастығы шеңберінде әріптестерімен бірлесе қызмет атқаруға дайындық кезеңі болып табылады. Мектепте тәжірибеден өту кезеңінде дамытушы бағыттағы тапсырмалар орындалады.
11. Басшылардың қызметін бағалау кәсіби портфолио құрастыру үшін практика барысында орындаған тапсырмаларының нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.
Жалпы білім беретін мектептер басшыларының біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламасына қосымша |
Оқу жоспары
Курсалды тапсырмалар (Мектеп туралы бастапқы дерек жинау) | |||
"Бетпе - бет" бірінші аудиториялық кезеңі (4 апта) Әр сабақ ғылыми зерттеулер туралы кіріспе дәрістен басталып, әрі қарай шағын топтардағы жұмыс және жеке рефлексиялық есеп жазу түрінде жалғасады. | |||
Апта | Күн № | Күн тақырыбы | Сағат саны |
1-апта: Бағдарламаның тұжырымдамаларымен және негізгі бағыттарымен танысу | |||
1 | 1 | Бағдарламаға кіріспе | 8 |
2 | ҚР орта білім мазмұнын жаңарту үрдістері | 8 | |
3 | Көшбасшылық және басқару | 8 | |
4 | Мектеп мәдениеті | 4 | |
Сценарийді жоспарлау | 4 | ||
5 | Білім беруді басқаруды нормативтік құқықтық қамтамасыз ету | 8 | |
2-апта: Мектептің жағдайын талдау | |||
2 | 1 | Сапалы оқыту дегеніміз не? | 8 |
2 | Мектеп туралы деректерді жинақтау. Басқалардың пікірін зерделеу – оқушылар пікірі | 8 | |
3 | Басқалардың пікірін зерделеу – ата-ана мен жұртшылықтың пікірін зерделеу | 8 | |
4 | Басқалардың пікірін зерделеу – мектеп ұжымының пікірін зерделеу | 8 | |
1-таныстырылым | 8 | ||
3-апта: Мектептің даму жоспары | |||
3 | 1 | Басымдықтарды белгілеу және іс-шараларды жүзеге асыру | 8 |
2 | Бөлінген көшбасшылық. Жоспарлау | 8 | |
3 | Мектептің дамуын жоспарлау модельдері | 8 | |
4/5 | Мектептің дамуын тиімді жоспарлаудың маңызы | 16 | |
4-апта: Мектептің дамуын жоспарлау сапасының мониторингін жүргізу және бағамдау (бағалау) | |||
4 | 1 | Деректерді жинақтау, өңдеу және талдау | 8 |
2 | Мұғалім жүргізетін дамыту жұмысы | 8 | |
3 | 8 | ||
4 | Басқа мектептермен бірлескен жұмыс | 8 | |
5 | Бағалау | 8 | |
Барлығы: | 160 |
Бірінші Мектептегі тәжірибе кезеңі (4 апта) | |
Іс-әрекеттегі зерттеу | |
Барлығы: | 80 |
Ескерту: күніне 4 сағат, аптасына 5 жұмыс күні
"Бетпе-бет" екінші аудиториялық кезеңі (4 апта) | |||
Апта | Күн № | Күн тақырыбы | Сағат саны |
1-апта: Мектептің дамуын жоспарлау үдерісі туралы рефлексия | |||
1 | 1 | "Бетпе-бет" екінші кезеңіне кіріспе және "Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмалар" бойынша кері байланыс | 8 |
2 | Мектептің даму жоспарын бағалау. 2-таныстырылым | 8 | |
3 | Мектептің даму жоспарын бағалау. 2-таныстырылым | 8 | |
4 | Мектептің дамуын жоспарлауды бағалау | 8 | |
5 | Мектептің дамуын жоспарлауды бағалау | 8 | |
2-апта: Мұғалімдерді бағамдау (бағалау) және халықаралық модельдерге негізделген рефлексиялық есеп | |||
2 | 1 | Сауалнама нәтижелерінің деректерін пайдалану | 8 |
2 | Мұғалімнің есептілігінің халықаралық үлгілері | 8 | |
3 | Оқу нәтижелерінің мониторингін жүргізу және бағамдау (бағалау) | 8 | |
4 | Мұғалім жауапкершілігінің қазақстандық моделін әзірлеу | 8 | |
5 | Мұғалім жұмысының сапалық көрсеткіші ретінде оқушылардың оқу нәтижелерін талдау | 8 | |
3-апта: Мектептің есептілігі бағдарламасын жоспарлау | |||
3 | 1 | Ағымдағы жағдай туралы рефлексия және стратегиялық басымдықтарды анықтау | 8 |
2 | Орта мерзімді жоспарлау – оқыту тәжірибесін өзгерту құралы | 8 | |
3 | Оқыту тәжірибесін дамытуға бағытталған мұғалімдердің бірлескен жұмысы | 8 | |
4 | Мұғалімнің жауапкершілігі | 8 | |
5 | Мектепте тәлімгерлік және коучинг (оқыту әдісі) бағдарламаларын енгізуді басқару | 8 | |
4-апта: Мектептің даму жоспарын, мұғалім жауапкершілігін бақылау жоспарын әзірлеу. Мониторинг, бағамдау (бағалау) және портфолиоға арналған дерек жинау | |||
4 | 1 | Мектепті дамытуды жоспарлаудың бірінші кезеңі туралы рефлексия | 8 |
2 | Мектептегі және мектептен тыс қоғамдастықтардың қызметіне талдау жасау | 8 | |
3 | Мектепті дамыту жоспарының екінші нұсқасын дайындау | 8 | |
4 | Мектепті дамыту жоспарының екінші нұсқасын дайындау | 8 | |
5 | "Мектептегі тәжірибе" екінші кезеңіне дайындық | 8 | |
Барлығы: | 160 |
Екінші Мектептегі тәжірибе кезеңі (6 ай) | |
Мектептің даму жоспарының түзетілген нұсқасын мектеп практикасына енгізу. Мұғалімдер жұмысының тиімділігін бақылау бағдарламасын енгізу. | |
Барлығы: | 240 |
Курс бойынша барлық сағат саны: | 640 |
Ескерту: 1 академиялық сағаттың ұзақтығы 45 минутты құрайды.
"Практикадағы рефлексия" жалпы білім беретін мектептердің
педагог кадрларының біліктілігін арттыру курстарының
білім беру бағдарламасы
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Практикадағы рефлексия" жалпы білім беретін мектептердің педагог кадрларының біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсындағы білім беру процесін реттейді.
2. Осы Бағдарламада мұғалімдерге қолдау көрсету және оқыту практикасын жетілдіру үшін Қазақстан Республикасының педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары бойынша біліктілігін арттырудан өткен мұғалімдердің (бұдан әрі – мектеп тренерлері) әлеуетін пайдалану жөнінде толық мәлімет ұсынылған.
3. Осы Бағдарламаға қосымшаға сәйкес, оқу жоспары бойынша мұғалімдерді оқыту курсының ұзақтығы 25 жұмыс күнін құрайды, әр күн ұзақтығы 2 сағаттық 4 сабақтан тұрады.
2-тарау. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
4. Бағдарламаның мақсаты: педагог кадрлардың оқушылардың шығармашылық, зерттеу, сын тұрғысынан және логикалық ойлау дағдыларын дамытуға ықпал ететін әдістер мен тәсілдерді меңгеруі.
5. Бағдарламаның міндеттері:
1) оқыту процесін жоспарлау, оқушыларды оқу процесіне тарту, оқыту процесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (бұдан әрі – АКТ) қолдану, оқушылардың сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту, оқушыларды тиімді түрде жүйелі бағалау, өзінің оқыту процесі туралы рефлексия жасауды үйрету;
2) үздіксіз кәсіби дамуға дайындау.
6. Оқу нәтижелері:
1) мұғалімдердің бойында оқыту процесін жоспарлау, оқушыларды оқу процесіне тарту, оқыту процесінде АКТ қолдану, оқушылардың сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту, оқушыларды тиімді түрде жүйелі бағалау, өзінің оқыту процесі туралы рефлексия жасау дағдылары қалыптасқан:
2) мұғалімдер үздіксіз кәсіби дамуға дайын.
3-тарау. Бағдарламаның құрылымы мен мазмұны
7. Бағдарламаның оқу-әдістемелік кешені:
1) педагог кадрлардың біліктілігін арттыру бағдарламасы;
2) мұғалімге арналған нұсқаулық;
3) мектеп тренеріне арналған нұсқаулық;
4) үлестірме материалдар.
8. Бағдарлама құрылымы Бағдарламамен танысу, іс жүзінде жүзеге асыру және рефлексияны қамтиды.
9. Оқу барысында мұғалімдер әріптестерімен оқыту тәжірибесін жетілдіретін педагогикалық әдістерді, тәсілдерді және жұмыс нысандарын зерделеп талқылайды. Практика жүзінде іске асыру зерделенген әдістерді, тәсілдерді пайдалана отырып сабақ жоспарлау және өткізу, сындарлы кері байланыс алумен сипатталады.
10. Мұғалімдердің Бағдарламаның мазмұнын түсіну деңгейін арттыру үшін мектеп тренерлері өзіндік және өзара рефлексия өткізуі көзделген.
11. Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде мұғалімдер мектепте рефлексиялық есеп жазып, бағалау үшін мектеп тренерлеріне өткізеді.
12. Бұған дейінгі тәжірибесінің негізінде оқушының пәнді терең түсіну қабілетін және білімін сыныптан тыс жерде пайдалана білуін дамыту үшін Бағдарлама сындарлы оқыту теориясына негізделген.
13. Бағдарлама шеңберінде мұғалімдер мынадай негізгі мәселелерді зерделейді:
1) диалогтік оқыту;
2) метатану;
3) оқушыны ынталандыру;
4) сын тұрғысынан ойлауға үйрету;
5) оқу үшін бағалау;
6) оқыту мен оқуда АКТ қолдану.
"Практикадағы рефлексия" жалпы білім беретін мектептердің педагог кадрларының біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламасына қосымша |
Оқу жоспары
Күн № | Күн тақырыбы | Сабақтың тақырыбы | Сағат саны |
1 | Кіріспе: оқыту және оқу әдістемесіне өзгеріс енгізудің қажеттігін негіздеу | 1. Бірлескен және топтық жұмыс. Топтарда жұмыс істеу әдістемесі. 2. Сыныптағы оқу үдерісі мен ондағы өзгерістерді басқару. Оқыту және оқу әдістемесіне өзгеріс енгізу қажеттілігін негіздеу. Мұғалімдер мен оқушылардың көзқарастары. | 4 |
2 | Мектеп және сынып мәдениеті | 1. Сыныпты қадағалау әдістемесі. 2. Мұғалімдерге нені білу міндет? Сынып мәдениеті мен оқу ортасы. | 4 |
3 | Мұғалімнің мінсіз мұғалім туралы және оқушылардың жеке ерекшеліктері туралы пікірі | 1. Мұғалімнің мінсіз мұғалім туралы қалыптасқан ұстанымдарын зерттеу. 2. Оқушылардың пікірі бойынша құзырлы мұғалімнің сипаттамасы қандай? Мұғалімнің оқушылардың жеке ерекшеліктері туралы қалыптасқан ұстанымдарын зерттеу. | 4 |
4 | Құндылықтар, көзқарастар, ықпал ету тәсілдері | 1. Бұдан әрі даму бағыттары мен басымдықтарын анықтау үшін жеке тұлғаның құндылықтары мен көзқарастарын нақтылау. 2. Оқыту және оқу әдістемесін жетілдіру мақсатында зерттеу жүргізу қажеттігін негіздеу және мойындау. Сыныптағы эмоциялық-психологиялық ахуал. | 4 |
5 | Оқушыларды ынталандыру | 1. Оқу процесіндегі кедергілерді анықтау. Оқудың аффекттік теориясы. 2. Оқушыларды ынталандыру. Оқушылардың оқу туралы пікірін анықтау (оқушыдан кеңес алу). | 4 |
6 | Әлеуметтік өзара іс-қимыл | 1. Оқудағы әлеуметтік өзара іс-қимыл, әлеуметтік өзара іс-қимыл ауқымын кеңейту. 2. Сабақтың интербелсенді және инклюзивті болуын қамтамасыз ету. | 4 |
7 | Оқудағы кедергілер | 1. Оқудағы кедергілерді анықтау. Оқудағы кедергілерді, соның ішінде жас ерекшеліктері проблемаларын жеңу мақсатындағы педагогикалық тәсілдерді таңдау және нақтылау. 2. Оқушылардың қабілеттері және оқуға жағымды көзқарастары. | 4 |
8 | Практиканы түрлендіру. Қуатты педагогикалық құралдар: қалай оқу керектігін үйрену | Қалай оқу керектігін үйренудің мәні. Мұғалімнің оқушылардың қалай оқу керектігін үйрену қабілеттерін дамыту жөніндегі әрекеттері. | 4 |
9 | Практиканы түрлендіру. Қуатты педагогикалық құралдар: қалай оқу керектігін үйрену | Бүкіл зейінді және педагогикалық амал-тәсілдерді оқушыларға бағыттау және оларға қалай оқу керектігін үйренуде көмек көрсету. Қалай оқу керектігін үйренуге қатысты оқыту әдістері мен тәсілдеріне басты назар аудару. | 4 |
10 | Практиканы түрлендіру. Қуатты педагогикалық құралдар: әңгіме және диалогтік оқыту | 1. Диалогтік оқытудың мәні. 2. Оқу сапасын жақсарту мақсатында сабақта әңгімелесуді пайдалану әдістемесі. | 4 |
11 | Практиканы түрлендіру. Қуатты педагогикалық құралдар: сын тұрғысынан ойлау | 1. Сын тұрғысынан ойлаудың мәні. 2. Оқытуда сын тұрғысынан ойлауды пайдалану. | 4 |
12 | Практиканы түрлендіру. Қуатты педагогикалық құралдар: сын тұрғысынан ойлау | 1. Оқытуда сын тұрғысынан ойлауды пайдалану. 2. Сабақта сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту әдістерін жоспарлау. | 4 |
13 | Практиканы түрлендіру. Қуатты педагогикалық құралдар: оқу үшін бағалау және оқуды бағалау | Бағалау процесінің мақсаты. Оқу үшін бағалаудың (бұдан әрі – ОүБ) мәні. | 4 |
14 | Практиканы түрлендіру. Қуатты педагогикалық құралдар: оқу үшін бағалау және оқуды бағалау | Оқуды жоспарлау процесінде ОүБ әдістемесін пайдалану. | 4 |
15 | Практиканы түрлендіру. Қуатты педагогикалық құралдар: оқу үшін бағалау және оқуды бағалау. | Сабақта ОүБ әдістемесін пайдалану. | 4 |
16 | Практиканы түрлендіру. Қуатты педагогикалық құралдар: оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияны (бұдан әрі – АКТ) пайдалану | 1. Оқыту мен оқуда АКТ пайдалану мақсаттары. 2. Оқу сапасын арттыру мақсатында сыныпта АКТ пайдалану әдістемесі. | 4 |
17 | Сабақты жоспарлау | 1. Сабақтың сараланған нәтижелерін әзірлеу. 2. Оқу нәтижелеріне қол жеткізуге арналған жаттығуларды жоспарлау және Бағдарлама тақырыптарын ықпалдастыру. | 4 |
18 | Сабақты жоспарлау | 1. Бағалау критерийлерін белгілеу. 2. Оқу мақсаты, жаттығу мен бағалау критерийлері арасындағы байланысты бағамдау. | 4 |
19 | Сыныптағы оқуды басқару | Оқу процесін жақсарту мақсатында өзгерістерді жоспарлау. | 4 |
20 | Сыныптағы оқуды басқару | Оқыту процесін жақсарту мақсатында өзгерістерді жоспарлау. | 4 |
21 | Оқыту практикасына Бағдарлама идеяларын енгізу | Тізбектелген сабақтар топтамасын орта мерзімдік жоспарлау. | 4 |
22 | Сабақты зерттеу әдісі | 1. Оқыту мен оқу процесін жақсарту мақсатында Сабақты зерттеу әдісін қолдану. 2. Сабақты зерттеудің тақырыбын белгілеу. | 4 |
23 | Сабақты зерттеу әдісі | Оқыту мен оқу процесін жақсарту мақсатында Сабақты зерттеу әдісін қолдану. Мектептегі Сабақты зерттеудің табыс критерийлері. | 4 |
24 | Оқыту мен оқуды бағалау. | Мұғалімдердің оқыту және оқу практикасына өзгеріс енгізу процесін бағалау. | 4 |
25 | Оқыту мен оқуды бағалау. | Мұғалімдердің оқыту және оқу практикасына өзгеріс енгізу процесін бағалау. | 4 |
Барлығы: | 100 академиялық сағат |
Ескерту: 1 академиялық сағаттың ұзақтығы 45 минутты құрайды.
"Ағылшын тілі" пәні бойынша педагог кадрлардың біліктілігін
арттыру курстарының білім беру бағдарламасы
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Ағылшын тілі" пәні бойынша педагог кадрларының біліктілігін арттыру курстарының оқу бағдарламасы (әрі қарай – Бағдарлама) Қазақстан Республикасының орта білім берудегі жаңартылған мазмұн жағдайында мамандарды дайындау бойынша үш тілділік оқыту бағдарламасын енгізу аясында жасалған.
2. "Ағылшын тілі" пәні бойынша Педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру білім бағдарламасы ағылшын тілін меңгеру деңгейі бойынша осы Бағдарламаға 1-қосымшаға сәйкес жүргізіледі:
1) тілді С1(Advanced - жоғары ) деңгейінде меңгерген мұғалімдерді даярлау – 20 сағат;
2) тілді B2 (Upper-Intermediate – ортадан жоғары) деңгейінен төмен емес меңгерген мұғалімдерді даярлау – 80 сағат;
3) тілді B1(Intermediate - орта), В2 (Upper-Intermediate – ортажан жоғары) деңгейінен төмен меңгерген мұғалімдерді даярлау – 144 сағат;
4) тілді А1 (Elementary - базалық), А2 (Pre-Intermediate – ортадан төмен) деңгейде меңгерген мұғалімдерді даярлау – 216 сағат.
5) оқытушылардың тілдік және кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыру және ағылшын тілін оқыту әдістемесі саласындағы халықаралық сертификаттауды алуға арналған тілді С1 (Advanced - жоғары) деңгейінде (кәсіби, білікті, 36 сағат) меңгерген мұғалімдерді даярлау.
2-тарау. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
3. Бағдарламаның мақсаты: халықаралық стандартқа сәйкес Cambridge English Placement Test online (Кэмбридждік деңгей анықтайтын ол-лайн тест), (әрі қарай - CEPT) және Teaching Knowledge Test (оқыту әдісі бойынша тест), (әрі қарай - TKT) халықаралық сертификаттарын алу арқылы ағылшын тілі мұғалімдерінің тілдік және кәсіби құзіреттілігін жетілдіру болып табылады.
4. Бағдарламаның міндеттері:
1) (B2 Upper-Intermediate деңгейінен төмен емес) ағылшын тілін меңгеру деңгейін арттыру;
2) сыныпта қолдану үшін мамандандырылған тілді меңгеру;
3) тілді меңгеру үрдісіне әсер ететін факторлар мен теориялық негіздерді игеру;
4) тілді үйретуде оқытудың әр түрлі әдістері мен әдістемелерінің теориялық негіздерін меңгеру;
5) сабақ жоспарлаудың заманауи үрдістері және әдістемелік әдебиеттерді қолданумен танысу;
6) тыңдаушылардың деңгейіне қарай бейімдеу арқылы ағылшын тілінде сабақ өткізу дағдысын дамыту;
7) сабақ өткізу дағдылары мен оқыту үрдісін басқаруды игеру;
5. Оқыту нәтижелері. Ағылшын тілі мұғалімдері тілдік және кәсіптік кұзыреттілікке оқыту бойынша курсы аяқталғаннан кейін Common European Framework of Reference for Languages (Ағылшын тілін меңгеру деңгейін анықтаудың жалпыеуропалық өлшемшарттары), (әрі қарай - CEFR) жалпы европалық тілдік шкаласына сәйкес ағылышын тілін менгеру В2 (Upper - Intermediate – ортадан жоғары) деңгейіне дейін жоғарлатады, және ТКТ (Teaching Knowledge Test) халықаралық сертификатын – оқытушының кәсіби бағалауы мен кәсіби дамудың ресми расталуын алады.
3-тарау. Бағдарлама мазмұны мен құрылымы
6. Бағдарлама осы Бағдарламаға 2-қосымшаға сәйкес алты кезеңнен тұрады:
7. Бірінші кезең он-лайн халықарылық CEPT қолдана отырып, диагностикалық тестілеуді қарастырады. Тестілеу тыңдаушылардың ағылышн тілін меңгеру деңгейін жалпы еуропалық шкаласы (CEFR) A1-ден (Elementary - базалық) C2-ге (Proficiency - кәсіби) дейін бағалайды. Тестілеу оқылым, тыңдалым және лексико-грамматикалық аспектілерін тексеруден тұрады.
8. Екінші кезең тестілеу нәтижесінде С1 (Advanced – жоғары) деңгейін көрсеткен мұғалімдерді тренер ретінде даярлауға бағытталған – 20 сағат. Сонымен қатар, ағылшын тілі мұғалімдерінің өздік жұмысын орындауы – 20 сағат.
9. Үшінші кезең В1 (Intermediate – орта) деңгейіндегі тыңдаушылардың тілдік және кәсіби құзыреттілігін жетілдіруге негізделген және 80 сағаттан тұрады:
1) Оқытуға арналған ағылшын тілі (Language for teaching) келесі тақырыптарды қарастырады:
Language for asking for advice and making suggestions (кеңес және ұсыныс жасауға арналған тіл);
Language for meeting new people and talking about yourself (жаңа адамдармен кездесу және өзі туралы баяндауға арналған тіл);
Language for face-to-face and online discussions (жеке және он-лайн талқылауға арналған тіл);
Language for presenting a talk (сөз сөйлеуге арналған тіл);
Language for evaluation and reflection (талқылауды қарастыру және бағалауға арналған тіл).
2) TKT (Teaching Knowledge Test) халықаралық емтиханын тапсыру үшін ағылшын тілін оқыту әдісі бойынша кәсіби құзыреттілікті жетілдіру курсы.
10. Төртінші кезең A2 (Pre – Intermediate – орта) деңгейіндегі тыңдаушылардың тілдік және кәсіби құзыреттілігін жетілдіруге бағытталған және 144 сағаттан тұрады:
1) Ағылышын тілінің жалпы курсы (General English);
2) Оқытуға арналған ағылшын тілі (Language for teaching) келесі тақырыптарды қарастырады:
Language for helping learners to speak in class (оқушыларға сыныпта сөйлеуге көмектесуге арналғын тіл);
Language for helping with learners’ problems (оқушылардың мәселелеріне көмектесуге арналған тіл);
Language for responding to learners (оқушылардың сұрақтарына жауап беруге арналған тіл);
Language for correcting learners (оқушылырдың қателерін дұрыстауға арналған тіл);
Language for talking about learners’ progress (алға жылжу туралы талқылауға арналған тіл).
3) TKT (Teaching Knowledge Test) халықаралық емтиханын тапсыру үшін ағылшын тілін оқыту әдісі бойынша кәсіби құзыреттілікті жетілдіру курсы.
11. Бесінші кезең A1 (Elementary – базалық) деңгейіндегі тыңдаушылардың тілдік және кәсіби құзыреттілігін жетілдіруге бағытталған және 216 сағаттан тұрады:
1) Ағылышын тілінің жалпы курсы (General English);
2) Оқытуға арналған ағылшын тілі (Language for teaching) келесі тақырыптарды қарастырады:
Language for introducing the topic of the lesson (сабақтың тақырыбын баяндауға арналған тіл);
Language for giving instructions (нұсқаулықтарды түсіндіруге арналған тіл);
Language for explaining language to students (білім алушыларға тілді түсіндіруге арналған тіл);
Language for different classroom situations (сыныптағы әр түрлі оқиғаларға арналған тіл).
3) TKT (Teaching Knowledge Test) халықаралық емтихан тапсыру үшін ағылшын тілін оқыту әдісі бойынша кәсіби құзыреттілікті жетілдіру курсы.
12. Алтыншы кезең 1-3 модулі бойынша халықаралық сертификатталған ТКТ (Teaching Knowledge Test) тестін қолдана отырып, ағылшын тілі мұғалімдерінің ағылшын тілін оқыту әдісі бойынша кәсіби құзыреттілігінің қорытынды тестілеуін қарастырады.
Білім беру процесін ұйымдастыру осы Бағдарламаға 3-қосымшаға сәйкес өткізіледі.
"Ағылшын тілі" пәні бойынша педагог кадрларының біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламасына 1-қосымша |
Ағылшын тілін меңгеру деңгейін анықтаудың жалпыеуропалық
өлшемшарттары (CEFR)
Тәжірибелі қолданушы | C2 | Кез келген естіген немесе оқыған хабарламаларды оңай түсінеді. Хабарламаны еске түсіре отырып, әртүрлі ауызша және жазбаша деректер арқылы ақпаратты қорытып талдай алады. Күрделі жағдайларда қажетті мағыналық реңктерді айқындай отырып, ойын еркін жеткізе алады. |
C1 | Әртүрлі тақырыптағы күрделі және көлемді мәтіндерді түсінеді, астарлы мағыналарын біледі. Сөздер мен сөз тіркестерін қолдану кезінде ешқандай кедергісіз өз ойын тез жеткізе алады. Тілді әлеуметтік, ғылыми және кәсіби қызметінде шебер және тиімді қолданады. Күрделі тақырыптар бойынша нақты, дұрыс құрылымдалған, жан-жақты мәтіндер құрастыруда лексикалық және грамматикалық бірліктерді меңгергенін көрсетеді. | |
Тәуелсіз қолданушы | B2 | Абстрактілі және нақты тақырыптардағы күрделі мәтіндердің, оның ішінде өзінің саласына қатысты техникалық мазмұндағы мәтіндерді талқылаулардың негізгі идеясын түсінеді. Өз ойын еркін және тез жеткізе алады, тілдің өкілдерімен кедергісіз, еркін қарым-қатынас жасай алады. Әртүрлі тақырыптарда нақты және негізгі мәселеде өз ойын анық білдіріп, әртүрлі нұсқалардың артықшылығы мен кемшіліктерін көрсете алады. |
B1 | Жұмыста, мектепте, демалыста және т.б. жағдайларда тұрақты түрде талқыланатын таныс тақырыптардағы стандартты хабарламалардың негізгі ойын түсінеді. Сол тілде сөйлейтін елге барғанда кездесуі мүмкін көптеген жағдайларда оқым жағдайларда абыржымайды. Өзіне таныс немесе өзін қызықтыратын тақырыптарға байланысты хабарламалар құрастыра алады. Өзінің тәжірибесін, оқиғаларды, армандарын, сенімдерін, ұмтылысын қысқаша сипаттап, өзінің көзқарасы мен жоспарларын түсіндіре алады. | |
Базалық қолданушы | A2 | Өмірдің негізгі салаларына байланысты жекелеген сөйлемдер мен жиі қолданылатын сөз тіркестерін түсінеді (мысалы, өзінің жеке басына қатысты ақпарат, отбасы, сауда, жергілікті мекенжайы, жұмысқа орналасу және т.б. туралы). Қарым-қатынас барысында өзіне таныс немесе тұрмыстық тақырыптарға қатысты тікелей ақпарат алмасуды қажет ететін қарапайым күнделікті міндеттерді шеше алады. Қарапайым сөз тіркестерімен өзінің өмірі, өзінің жұмыс орнына қатысты, сондай-ақ өзге де тез шешуді қажет ететін мәселелерді талқылай алады. |
A1 | Белгілі бір нақты бағыттағы қажеттілікті қанағаттандыруға бағытталған күнделікті өмірдегі таныс сөздер мен негізгі сөз тіркестерін түсінеді және қолданады. Өзін және өзге адамдарды таныстыра алады, сондай-ақ жеке өміріне қатысты сұрақтар қойып, оларға жауап бере алады, мысалы, тұрғылықты мекенжайы, таныс адамдар және адамның нені меңгергендігі туралы. Егер адамдар ақырын және анық сөйлесе, қарапайым деңгейде қарым-қатынас жасай алады, көмекке келуге дайындығын білдіреді. |
"Ағылшын тілі" пәні бойынша педагог кадрларының біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламасына 2-қосымша |
Оқу жоспары
№ | Іс-шаралар | Сағат көлемі | |
1 кезең Тестілеу | |||
1 | Он-лайн халықарылық CEPT (Cambridge English Placement Test) қолдана отырып, диагностикалық тестілеу. Тестілеу тыңдаушылардың ағылышн тілін меңгеру деңгейін (CEFR) жалпы еуропалық шкаласы A1-ден (Elementary - базалық) C2- ге (Proficiency - кәсіби) дейін бағалайды. Тестілеу оқылым, тыңдалым және лексико-грамматикалық аспектілерін тексеруден тұрады. Бағалау сапасы Cambridge English Language Assessment (тілді Кэмбридж Университетімен бағалау) тәжірибесі арқылы кепілдік береді. Бастапқы кезеңде тестілеуді өткізу CEFR шкаласына сәйкес ағылшын тілін меңгеру деңгейін анықтайды және оларды топқа бөледі. | ||
2 кезең 1. Модуль Мұғалімнің кәсіби дайындығын жетілдіру. Тренерлерді даярлау | |||
2 | Тренинг ТКТ тестілеуіне дайындау курсын оқытуда әдістемелік дағдыларды дамытуға арналған. Оқыту оқытушылық/тренерлік дағдыларды қалыптастыруға бағытталған. Мұғалімдер оқыту және оқудың шағын сессиясын жоспарлайды және өткізеді, өз әріптестерінен кері байланыс алады. Тренинг тыңдаушылары – тілді С1 (Advanced - жоғары) деңгейінде меңгерген мұғалімдер. | 20 сағат | |
Өздік жұмыс | 20 сағат | ||
3 кезең 2. Модуль Мұғалімнің тілдік және кәсіби құзыреттілігін жетілдіру | |||
3 | Тілдік және кәсіби құзыреттілікті жетілдіру бойынша аралас курсын өткізу (В1 (Intermediate – орта) деңгейіндегі тыңдаушылар). Курстың мазмұны: оқытуға арналған ағылшын тілі (Language for teaching) келесі тақырыптарды қарастырады: Language for asking for advice and making suggestions (кеңес және ұсыныс жасауға арналған тіл); Language for meeting new people and talking about yourself (жаңа адамдармен кездесу және өзі туралы баяндауға арналған тіл); Language for face-to-face and online discussions (жеке және он-лайн талқылауға арналған тіл); Language for presenting a talk (сөз сөйлеуге арналған тіл); Language for evaluation and reflection (талқылауды қарастыру және бағалауға арналған тіл). TKT (Teaching Knowledge Test) халықаралық емтиханын тапсыру үшін ағылшын тілін оқыту әдісі бойынша кәсіби құзыреттілікті жетілдіру курсы. | 80 сағат | |
4 кезең 3. Модуль Мұғалімнің тілдік және кәсіби құзыреттілігін жетілдіру | |||
4 | Тілдік және кәсіби құзыреттілікті жетілдіру бойынша аралас курсын А2 (Pre-Intermediate – ортадан төмен) деңгейіндегі тыңдаушыларға өткізу, (1 деңгей). Курстың мазмұны: ағылышын тілінің жалпы курсы (General English); оқытуға арналған ағылшын тілі (Language for teaching) келесі тақырыптарды қарастырады Language for helping learners to speak in class (оқушыларға сыныпта сөйлеуге көмектесуге арналғын тіл); Language for helping with learners’ problems (оқушылардың мәселелеріне көмектесуге арналған тіл); Language for responding to learners (оқушылардың сұрақтарына жауап беруге арналған тіл); Language for correcting learners (оқушылырдың қателерін дұрыстауға арналған тіл); Language for talking about learners’ progress (алға жылжу туралы талқылауға арналған тіл). TKT (Teaching Knowledge Test) халықаралық емтиханын тапсыру үшін ағылшын тілін оқыту әдісі бойынша кәсіби құзыреттілікті жетілдіру курсы. | 72 сағат 72 сағат | |
5 кезең 4. Модуль Мұғалімнің тілдік және кәсіби құзыреттілігін жетілдіру | |||
5 | Тілдік және кәсіби құзыреттілікті жетілдіру бойынша аралас курсын А1 (Elementary – базалық) деңгейіндегі тыңдаушыларға өткізу, (2 деңгей). Курстың мазмұны: ағылышын тілінің жалпы курсы (General English); оқытуға арналған ағылшын тілі (Language for teaching) келесі тақырыптарды қарастырады: Language for introducing the topic of the lesson (сабақтың тақырыбын баяндауға арналған тіл); Language for giving instructions (нұсқаулықтарды түсіндіруге арналған тіл); Language for explaining language to students (білім алушыларға тілді түсіндіруге арналған тіл); Language for different classroom situations (сыныптағы әр түрлі оқиғаларға арналған тіл). TKT (Teaching Knowledge Test) халықаралық емтиханын тапсыру үшін ағылшын тілін оқыту әдісі бойынша кәсіби құзыреттілікті жетілдіру курсы. | 144 сағат 72 сағат | |
6 кезең Қорытынды тестілеу | |||
6 | 1-3 модулі бойынша халықаралық сертификатталған ТКТ (Teaching Knowledge Test) тестін қолдана отырып, ағылшын тілі мұғалімдерінің ағылшын тілін оқыту әдісі бойынша кәсіби құзыреттілігінің қорытынды тестілеу. |
"Ағылшын тілі" пәні бойынша педагог кадрларының біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламасына 3-қосымша |
Білім беру процесін ұйымдастыру
№ | Ағылышн тілін меңгеру деңгейі | Сағат (апта) сыйымдылығы | Сағат бөлу: Тілдік және кәсіби құзыреттілік |
1 | Тілді С1 Advanced (жоғары) деңгейінде меңгерген тренер-мұғалімдерді даярлау | 20 сағат + 20 сағат өздік жұмыс | 20 сағат (4 күн) |
2 | Тілді B1 Intermediate (орта) деңгейінде меңгерген мұғалімдерді даярлау | 80 сағат | Мұғалімдерге арналған ағылшын тілі ТКТ емтиханына даярлау |
3 | Тілді A2 Pre-Intermediate (ортадан төмен) деңгейінде меңгерген мұғалімдерді даярлау | 72 сағат – тілдік құзыреттілік 72 сағат – кәсіби құзыреттілік | Тілдік құзыреттілікті жетілдіру (1 деңгей) Мұғалімдерге арналған ағылшын тілі ТКТ емтиханына даярлау |
4 | Тілді A1 Elementary (базалық) деңгейінде меңгерген мұғалімдерді даярлау | 144 сағат – тілдік құзыреттілік – 2 деңгей 72 сағат – кәсіби құзыреттілік | Тілдік құзыреттілікті жетілдіру (2 деңгей) Мұғалімдерге арналған ағылшын тілі ТКТ емтиханына даярлау |
"Робот техникасы негіздері" педагог кадрлардың біліктілігін
арттыру курстарының білім беру бағдарламасы
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Робот техникасы негіздері" педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдерін біліктілігін арттыру курстары білім беру үдерісін реттейді.
2. Осы Бағдарламада жалпы білім беру мектептеріндегі робот техникасы, жаратылыстану - математикалық бағыт бойынша алған білімдері мен дағдыларын қолдана отырып, роботты техниканың, инженерлік дизайн мен технологияның негіздеріне даярлау жөніндегі толық мәлімет көрсетілген.
3. Бағдарламаны зерделеуде алдыңғы қатарлы оқу платформалары болып табылатын орта мектеп оқушыларын робототехникаға үйрету үшін әзірленеген Лего роботтардың стандартты аппараттары (бұдан әрі - LEGO MINDSTORMS EV3), және ЛЕГО-дан басқа робототехниканы мектептік сабақтарға арналған шағын контроллерлердің платформасы (бұдан әрі - Arduino). Оқытушылар практикалық тәжірибе алу, инженерлік, нұсқаушы, шығармашылық идеяларды жүзеге асыруға және өз әлеуетін ашуға мүмкіндік беретін практикалық тәжірибе алуды ұсынады.
2-тарау. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
4. Бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде білім беру бағдарламасын жаңарту контекстінде роботты техникасын оқыту.
5. Бағдарламаның міндеті:
1) оқытушыларды Бағдарламаның мақсаттарымен, міндеттерімен, құрылымдарымен, мазмұнымен және жүйелілігімен таныстыру;
2) тыңдаушылардың роботты техника жөніндегі білімдері деңгейін арттыру үшін жағдай жасау;
3) роботтардың алгоритмдері мен құрылымдарын әзірлеудің практикалық дағдыларына жету.
6. Оқыту нәтижелері:
1) Бағдарламаның мақсаттарын, міндеттерін, құрылымдарын және мазмұнын оқытушылардың білуі және түсінуі;
2) Бағдарламаға сәйкес педагогикалық бағыттар мен оқу материалдарын пайдалана білу;
3) орта білімнің мазмұнын жаңғырту кезінде қажетті білім мен дағдыны игеру;
4) роботты техниканы, ұғынуға қатысты негізгі әдістердің дамуының, роботтарды жоспарлау мен реакцияларының негіздері мен тарихын білу;
5) түрлі мақсаттар мен міндеттерге роботтарды жобалауды біле білу, роботты техникалық жүйелерді қадағалар мен моторларды қолдану, қарапайым роботтарды басқару, ойға алынған тұжырымдамаларды сипаттау және ұсыну, орта және жалпы білім беретін мектеп оқушыларын үйрету үшін артық тетіктері мен сенсорлары бар ЛЕГО бағдарламасы (бұдан әрі - LEGO MINDSTORMS Education EV3) және компьтерлік бағдарламалар әзірлеу үшін қажет (бұдан әрі - LEGO Digital Designer) бағдарламасында жұмыс істеу, бағдарламалау, қадалар мен моторларды қосу, сонымен қатар Arduino шағын бақылаушысының негізінде роботтарды құру.
7. Бағдарламаны зерттеу кезінде пайдаланылатын Педагогикалық тәсілдер:
1) курстың әр тыңдаушысының пікірін тыңдау;
2) тәжірибе жүзінде алдын-ала білімдердің қолдану маңыздылығын тану;
3) ынталандыра және дамыта оқыту;
4) оқытудың белсенді әдістерін пайдалану;
5) күрделі - бағдарланған оқытуды пайдалану;
6) проблемаларды өнертапқыш шешім жасау қабілеттерін дамыту;
7) курсты тыңдаушыларға ашық мәселелер мен міндеттерді ұсыну;
8) сыни ойлау дағдыларын дамыту;
9) жаттықтырушы мен курстың тыңдаушыларының арасындағы өзара қарым-қатынастың мүмкіндіктерін арттыру;
10) тұс-тұстан оқыту және оқытудың біртұтас тәсілдемесін дамыту;
11) курсты тыңдаушылардың жеке, топтық қызметі мен топтық жұмыстарды ұйымдастыру.
3-тарау. Бағдарламаның құрылымы мен мазмұны
8. Бағдарламаның құрылымы екі бөлімнен құралған, олардың әрқайсысына үш деңгейден тұрады.
9. Бағдарламаның бірінші бөлігі LEGO MINDSTORMS EV3 құрылымдаушысының базасында негізге алынған және 5, 6 және 7 сыныптардың оқушыларына бағытталған 3 деңгейлерінен құралған. Бағдарламаның бірінші бөлігінің оқу жоспары осы Бағдарламаға 1 қосымшада келтірілген.
10. Бағдарламаның екінші бөлімі Arduino шағын бақылаушысының базасына негізделген және 8, 9 және 10 сыныптардың оқушыларына бағытталған деңгейлердің 3-нен құралған. Бағдарламаның екінші бөлігінің оқу жоспары осы Бағдарламаға 2 қосымшада көрсетілген.
11. Жобаларды практикада орындау қағидатындағы Бағдарламада робототехника және инженерлік жүйелерді жобалау саласында базалық білім мен дағдылар қалыптастырылады. Бағдарлама аясында мұғалімдер әртүрлі есептерді шешу үшін роботтарды жинау, құрастыру, модельдеу және программалауды жүзеге асырады. Бағдарламаның теориялыө материалдары практикалық дәрістерге қоса берілген, мұнда мұғалімдер роботтарды құру мен тестілеуден өткізу үшін екі-үш адамнан тұратын топтармен жұмыс істеу ұсынылады.
"Робот техникасы негіздері" педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламасына 1-қосымша |
Оқу жоспары
№ | Мазмұны | Сағат саны | ||||
Барлығы | Дәрістер | Зертханалық | Семинар | Сынақ | ||
1 модуль: Курсқа енгізу және орта және жалпы білім беретін мектеп оқушыларын үйрету үшін артық тетіктері мен сенсорлары бар ЛЕГО бағдарламасымен (бұдан әрі - LEGO MINDSTORMS EV3) жұмыстар негізі | ||||||
1 | Роботты техниканы курсқа енгізу: Роботты техника негіздері, қолдану салалары, роботты техника түрлері. Роботты техника тарихы және болашағы. Роботты техника бойынша халықаралық жарыстар (WRO). Курс жабдығымен танысу: LEGO MINDSTORMS EV3 Education жиынтығы. | 2 | 1 | 1 | ||
2 | Сандық және логикалық деректері бар программалау, жұмысты сипаттауы бар Лего-ның қалыпты жиынтығы (бұдан әрі - EV3) модулі. EV3 модулінің интерфейсі. "Educator" Білім беру роботын құрастыру. Моторлармен және тетіктермен танысу. Тетіктерді және моторларды іске қосу. | 2 | 1 | 1 | ||
3 | Білім беру роботын компьютерлік әзірлеме үшін дайындалған бағдарлама (бұдан әрі - LEGO Digital Desiqner) бағдарламасында үлгілеу: 1 - бөлім. Білім беру роботын LEGO Digital Designer бағдарламасында үлгілеу: 2 - бөлім. | 2 | 1 | 1 | ||
4 | Бағдарламалау деген не? EV3 бағдарламалық қамтамасыз ету. "Educator" білім беру роботын бағдарламалау. | 2 | 1 | 1 | ||
1 модульдің барлық сағаты | 8 | |||||
2 МОДУЛЬ: EV3 бағдарламалау | ||||||
1 | Цикл блогы. Есептегішті қолдану. Тетіктегі мәліметтер. "Тасымалдау" жобасы. Экран блогы. Мәтін блогы. | 2 | 1 | 1 | ||
2 | Математика блогы. Кездейсоқ сандар блогы. Математикалық формулалар көмегімен мотор қозғалысы жылдамдығын есептеу. Ауыстыру блогы. "Жаяу жүргінші робот" жобасы. | 2 | 1 | 1 | ||
3 | Менің блогым. Аумақтар. Файлдар. | 2 | 1 | 1 | ||
4 | Мәліметтер сайы. Көп міндеттілік | 2 | 1 | 1 | ||
2 модульдің барлық сағаты | 8 | |||||
3 модуль: Моторлар мен бұрылыстарды пайдаланумен қозғалу | ||||||
1 | Қозғалыс деген не? Үлкен моторлар қозғалысы: Рөлдік Басқару блогы. "Биші Робот" жобасын құрастыру. | 2 | 1 | 1 | ||
2 | Робот қолдарының қозғалысы: Ортаңғы Мотор блогы. Үлкен Мотор блогы. "Күшік" роботты құрастыру. | 2 | 1 | 1 | ||
3 | Бұрылыс деген не. Орнында бұрылу: моторлармен басқаруға тәуелсіз блок. "Көлік қоятын орын" жобасы | 2 | 1 | 1 | ||
4 | Жанасу тетігі. Түймешікке басуларды анықтау. Түс тетігі. Түсті анықтау. "РобоРука" жобасын құрастыру | 2 | 1 | 1 | ||
3 модульдің барлық сағаты | 8 | |||||
4 модуль: Тетіктер және желі бойынша қозғалыс | ||||||
1 | Ультрадыбысты тетік. Кедергілерді анықтау және реакция. "Знап" роботын құрастыру. | 2 | 1 | 1 | ||
2 | Гироскопиялық тетік. Бұрыштық еңкішті анықтау. "Гиробой" роботын құрастыру. | 2 | 1 | 1 | ||
3 | Желі бойынша қозғалатын робот Желі бойынша қозғалуы үшін роботты бағдарламалау және құрастыру | 3 | 3 | |||
4 | Сынақ | 1 | 1 | |||
4 модульдің барлық сағаты | 8 | |||||
Барлық сағаттар: | 32 | 14 | 16 | 1 | 1 |
"Робот техникасы негіздері" педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламасына 2-қосымша |
Оқу жоспары
№ | Мазмұны | Сағат саны | ||||
Барлығы | Дәрістер | Зертханалық | Семинар | Сынақ | ||
1 | ЛЕГО-дан басқа мектептік робототехника сабақтарына арналған платформа (бұдан әрі – Arduino) контроллерімен танысу | 1 | 1 | |||
2 | Біздің өміріміздегі микроконтроллерлер, контроллер, Arduino контролері, Arduino құрылымы және құрамы. Arduino Uno (мектепте оқытуға арналған робот тетіктері) и Mega ADK (Arduino –ға ұқсас)сипаттамасы | 1 | 1 | |||
3 | Arduino-ға арналған ортаңғы бағдарламалау (IDE Arduino) (компьютерлік әзірлемелер үшін бағдарлама) және Processing-ті (IDE Arduino-ның ішіндегі, практикалық жұмыстар үшін) бағдарламалау тілі | 1 | 1 | |||
4 | Arduino UNO. LED шамымен жанып-сөну | 1 | 1 | |||
5 | Arduino базасындағы электронды құрылғыны жобалау және үлгілеу негіздері | 1 | 1 | |||
6 | Цифрлы дабылдармен жұмыс. Индикация. Ұқсас дабылдармен жұмыс | 1 | 1 | |||
7 | Қозғалтқыштарды басқару | 1 | 1 | |||
8 | Сервоприводты басқару | 1 | 1 | |||
9 | Тайминг Жылжымалы от Fade – әсері (жарық, сәуле) | 1 | 1 | |||
10 | Энкодер | 1 | 1 | |||
11 | Пьезосәуле таратқыш | 1 | 1 | |||
12 | ШИМ | 1 | 1 | |||
13 | Arduino - тағы жады | 1 | 1 | |||
14 | Ауыспалы | 1 | 1 | |||
15 | Атқарымдар | 1 | 1 | |||
16 | Arduino кітапханалары | 1 | 1 | |||
17 | Аралық сынақ | 1 | 1 | |||
18 | Servo және EEPROM (компьютерлік робототехникалар үшін командалар) кітапханалары | 1 | 1 | |||
19 | SPI және Stepper компьютерлік робототехникалар үшін командалар) кітапханалары | 1 | 1 | |||
20 | Регистр жылжуы | 1 | 1 | |||
21 | Порттарды басқару | 1 | 1 | |||
22 | Жарықдиод жарықтығын басқару | 1 | 1 | |||
23 | Түймешікті қосу | 1 | 1 | |||
24 | Delay - сіз жарықдиодты жандырып - сөндіреміз | 1 | 1 | |||
25 | Фоторезистор арқылы сервоны басқару | 1 | 1 | |||
26 | Arduino - дағы бұрылыс вебкамерасы | 1 | 1 | |||
27 | Тоқтатулар | 1 | 1 | |||
28 | Жүктеме | 1 | 1 | |||
29 | LCD | 1 | 1 | |||
30 | Arduino - дағы сағат | 1 | 1 | |||
31 | Joypad (роботтардың қозғалысына бақылау) | 1 | 1 | |||
32 | Қозғалтқыш драйвері | 1 | 1 | |||
33 | Цифрлы тұсбағдар | 1 | 1 | |||
34 | ИК - қабылдағыш | 1 | 1 | |||
35 | Жеті бунақты индикаторды қосу | 1 | 1 | |||
36 | Температура және ылғалдылық тетіктері | 1 | 1 | |||
37 | Өз қолымен жасаған парктроник | 1 | 1 | |||
38 | Сынақ | 1 | 1 | |||
Барлық сағаттар: | 38 | 22 | 13 | 1 | 2 |
"Робот техникасын іске асыру жағдайында IT-технологиялар
бойынша теориялық және сыныптан тыс жұмыстарды
ұйымдастыру ерекшеліктері" педагог кадрлардың
біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламасы
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Робот техникасын іске асыру жағдайында IT-технологиялар бойынша теориялық және сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру ерекшеліктері" педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру курстарының білім беру үдерісін реттейді.
2. Осы Бағдарламада педагогикалық кадрларды даярлау, автоматтандырылған техникалық жүйелерді әзірлеумен айналысатын, робототехниканы қолданбалы ғылым ретінде дамыту үшін жалпы орта білім беретін мектептің информатика мұғалімдерінің әлеуетін пайдалану бойынша толық мәліметтер ұсынады.
3. Мұғалімдердің оқу курсы 3 жұмыс күнін құрайды, әрқайсысы күніне 4 сабақтан 2 сағат уақытты құрайды, әр сабақтың құрылымы Бағдарламадағы курстың қосымшасының оқу жоспарына сәйкес келеді.
2-тарау. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
4. Бағдарлама мақсаты: орта жалпы білім беретін мектептердің информатика пәні мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін арттыру, робототехника мен автоматикалық техникалық құралдар саласындағы жоғары білікті мамандар мен тұтас тұлғаның өзіндік дамуына бағытталған білім беру.
5. Бағдарламаның міндеттері:
1) Бағдарламаның мақсаты, міндеттері, құрылымы, мазмұнын білуді қамтамасыз ету;
2) мұғалімдерді оқушылардың шығармашылық, жобалық зерттеу және құрастыру дағдыларын дамытуға көмектесетін педагогикалық әдіс-тәсілдермен таныстыру.
6. Оқу нәтижелері:
1) мұғалімдер курстың мақсаттары мен міндеттерін, құрылымын, мазмұнын білуі және түсінуі;
2) оқушылардың шығармашылық, жобалық зерттеу және құрастыру дағдыларын дамытуға көмектесетін педагогикалық әдіс - тәсілдерді біледі және түсінеді.
3-тарау. Бағдарламаның құрылымы мен мазмұны
7. Бағдарламаның оқу-әдістемелік кешені:
1) информатика пәні мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курсының бағдарламасы;
2) мұғалімге арналған нұсқаулық;
3) үлестірме материалдардан тұрады.
8. Бағдарлама 4 негізгі бөлімдерінен тұрады:
1) нормативтік-құқықтық модуль курс тыңдаушыларына орта жалпы білім берудің жаңартылған нормативті құқықтық базасының жаңартылу мәселелерін, жаңа ұрпаққа арналған бағдармалардың даму тетіктерін ашады;
2) психолиялық-педагогикалық модульробототехниканы оқыту, ғылыми-техникалық шығармашылықтың даму жағдайында оқушылардың психологиялық-педагогикалық жұмысының ерекшеліктерімен танысуды көздейді;
3) теориялық-технологиялық модуль "Робототехника" ұғымының мағынасын ашу, жалпы білім беру процессінде роботтармен жұмыс жасаудың тәжірибесі мен механизмдердің бірігуін, робототехниканың әдістемелік тәжірибесін тарату, оқу-әдістемелік материалдарының рәсімдеуін көздейді;
4) практика - бағдарланған модуль микроконтроллерлердің функциялары мен құрылыстарының үздік практикасын, робототехниканың негізгі педагогикалық технологияларын ашады, роботтарды жинау әдістері мен жылжымалы платформаларға арналған программалық қамтамасыз ету жазбаларын, осы бағытта педагогикалық кадрларының кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған.
9. Курстардың негізгі түрлері - лекциялар, семинарлар, практикумдар, шеберлік сыныптар.
10. Бағдарлама блоктық - молульдік түрінде негізделген. Бағдарламаның жалпы көлемі - 24 академиялық сағат.
11. Сабақтар лекция және тәжірибе түрінде, ағылшын тілінде өткізіледі, өзіндік жұмыс пен білім беру ұйымдарындағы теориялық және тәжірибелік жұмыстарымен танысуды қамтамасыз етеді.
Оқу жоспары
№ | Модульдердің атауы | Сағат саны | Түрлері | |
лекция | тәжірибе | |||
1. | Нормативтік-құқықтық модуль | 5 | 3 | 2 |
1. Білім беру робототехникасына кіріспе | 2 | 1 | 0 | |
2. Оқушылардың ғылыми-техникалық шығармашылық (робототехника) бағдармаларын жүзеге асыратын ұйымдардың нормативтік-құқықтық қызметін реттеу | 2 | 1 | 0 | |
3. Роботтармен жұмыс жасаудың әдістемелік негіздерін ұйымдастыру | 1 | 1 | 2 | |
2. | Психологиялық-педагогикалық модуль | 2 | 2 | 0 |
1. Білім беру процесінің сапасын арттырудағы психологиялық-педагогикалық негіздер | 0 | 0 | 0 | |
2. Роботтар мен робототехника арқылы психологиялық-педагогикалық әдістермен оқушыларды зерттеу жұмыстарына баулу | 2 | 2 | 0 | |
3. Педагогикалық бағалау мен оқушылардың жас ерекшеліктері | 0 | 0 | 0 | |
3. | Теориялық-технологиялық модуль | 12 | 3 | 7 |
1. Білім беру жүйесіндегі педагог қызметіндегі инновациялар | 1 | 1 | 0 | |
2. Өзіндік құрастыру және жылжитын роботтарды құрастырудың нұсқаулығы | 2 | 1 | 1 | |
3. Робототехника жұмысын жүйелеудегі ақпараттық технологиялар | 2 | 0 | 2 | |
4. Ультрадыбыстық сенсорды программалау және құру | 2 | 0 | 1 | |
5. Сенсорға жанамалауды (түрту) программалау және құру | 2 | 0 | 1 | |
6. Түстік сенсорды программалау және құру | 1 | 0 | 1 | |
7. Робототехника жұмысы арқылы оқушылардың зерттеушілік құзіреттіліктерін қалыптастыру әдісі | 2 | 1 | 1 | |
4. | Тәжірибеге бағдарланған модуль | 5 | 0 | 5 |
1. Байқау "Робототехника бойынша жарыс үлгісі" | 2 | 0 | 2 | |
2. Шеберлік сынып:"LEGO MiniSumo роботын (сайысу бойынша жарыс категориясы, екі робот бір-бірін қақпайлап кілем, немесе дөңгелектен шығаруға тырысады) программалау және әзірлеу" | 2 | 0 | 2 | |
3. Байқау: "Lego MiniSumo (сайысу бойынша жарыс категориясы, екі робот бір-бірін қақпайлап кілем, немесе дөңгелектен шығаруға тырысады) бойынша жарыс" | 1 | 0 | 1 | |
Барлығы сағат: | 24 | 10 | 14 |
Ескерту: 1 академиялық сағаттың ұзақтығы 45 минут.
"Биоақпараттану және синергетика" технологиясы: сабақтың
сапасын басқару" жалпы білім беретін мектептердің
педагог кадрларының біліктілікті арттыру курстарының
білім беру бағдарламасы
1-тарау. Жалпы ереже
1. "Биоақпараттану және синергетика" технологиясы: сабақтың сапасын басқару" жалпы білім беретін мектептердің педагог кадрларының біліктіліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) жалпы білім беретін мектептің пән мұғалімдерін және басшыларын оқытуға арналған.
2. Бағдарламаның мазмұны Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымның (бұдан әрі - ИСО) 9000-шi заманауи сапа менеджменті стандарттарының талаптары негiзiнде құрастырылған және оқушы жұмысының сапалы қызметін, оны жасау және ұйымдастыруды немесе мектептің 70% оқушылары қатысатын оқушылардың өзін-өзі басқаруын қамтыйды.
2-тарау. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
3. Бағдарламаның мақсаты: "Биоақпараттану және синергетика" технологиясымен жұмыс жасау үшін әзірленген он бір технологиялық карталар негізінде сапаны басқару технологиясына жалпы білім беретін мектептің мұғалімдерін оқыту.
4. Технологиялық карталар – мұғалім мен оқушының біріккен іс-әрекетінің құралы, сабақты басқарудың, оқу үрдісін стандарттау және реттеудің басты әдістері болып табылады.
5. Бағдарламаның міндеттері:
1) "Биоақпараттану және синергетика" технологиясының жалпы қағидалары туралы түсінік қалыптастыру;
2) "Биоақпараттану және синергетика" технологиясымен әзірленген он бір технологиялық карталар негізінде жалпы білім беретін мектептің сапасын басқару технологиясы туралы білім беру;
3) мәселені ойлау білігін қалыптастыру, мәселенің міндеттерін, жағдайларын тұжырымдау;
4) кәсіби өзіндік талдау, өзін-өзі бағалау білігін қалыптастыру;
5) оқу процесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану құзыреттіліктерін қалыптастыру.
6. Оқыту нәтижесі:
1) оқушылардың ойлау жылдамдығын, есте сақтау қабілетін, сөздік қорын, оқушылардың көшбасшылық сапасын дамытатын "Биоақпараттану және синергетика" технологиясының тұжырымдамалық негіздерін білуі және түсінуі;
2) оқушылардың күрделі мәселелерін түсіну, қою және шешу, оқушылардың сыни және шығармашылық ойлауын көтермелеу, оқушылардың зияткерлік қабілетін кеңейтуге бағытталған оқу үдерісінің жаңа тәсілдерін білу;
3) жаңартылған білім мазмұнына сәйкес білім беру процесін жобалау, мектепте технологиялық карталарды қолдана білу;
4) мектепте білім беру процесін ұйымдастыру сапасын бағалау және диагностикалау, мониторингті өткізу процесін дамыту дағдысын меңгеру;
5) "Биоақпараттану және синергетика" технологиясының негізінде оқушылардың оқу жетістігін бағалау жүйесін жетілдіру дағдыларын маңгеру.
3-тарау. Бағдарлама құрылымы және мазмұны
7. Бағдарлама 11 технологиялық картадан тұрады:
1) "Алгоритм";
2) "Биоинтернет";
3) "Жаттықтырғыш";
4) "Логика";
5) "Көшбасшы";
6) "Күншуақ, түймедақ, самал жел (бұдан әрі – КТС)";
7) "Ауызша сабақ - 1";
8) "Ауызша сабақ - 2";
9) "Ауызша сабақ - 3";
10) "Ауызша сабақ - 4";
11) "Әмбебап сабағы".
8. Технологиялық карталардың мақсаты мен міндеттері оқу үдерісінің макроқұрылымдық саласында негізгі оқу сабақтарының типтері бойынша 5 педагогикалық түсініктермен сипатталған. Кіріспе оқу сабағы:
1) мотивация;
2) меңгерілетін тақырыптың бейнесін елестету;
3) тәжірибелік және әлеуметік маңыздылығын ұғыну;
4) ойтолғау.
9. 1-тип. Сабақты оқыту және жаңа тақырыпты алғашқы бекіту төмендегі логикаға сәйкес орындалады:
1) мотивация;
2) оқушылардың субъективті тәжірибесін өзектендіру;
3) қабылдауды ұйымдастыру;
4) түсінуді ұйымдастыру;
5) ойтолғау.
10. 2-тип. Сабақтағы білімді бекіту және іс-әрекет амалдары төмендегідей:
1) мотивация;
2) жетекші білімдерді және іс-әрекет амалдарын өзектендіру;
3) стандартты және өзгермелі жағдайда білімді қолдану үлгілерін құрастыру;
4) білімді өз бетінше қолдану;
5) бақылау және өзін-өзі бақылау;
6) түзету;
7) ойтолғау.
11. 3-тип. Сабақта білімдерді және іс әрекет амалдарын кешенді қолдану төмендегі логика бойынша орындалады:
1) мотивация;
2) білімді және іс-әрекет амалдарын кешенді өзектендіру;
3) жаңа және қалыпты жағдайда білімді өз бетінше қолдану;
4) өзін-өзі бақылау және бақылау;
5) түзету;
6) ойтолғау.
12. 4-тип. Білімдерді және іс-әрекет амалдарын жүйелеу және қорытындылау бойынша оқу сабағы:
1) мотивация;
2) оқу материалын талдау;
3) оқу материалындағы негізгі нәрсені белгілеу;
4) қорытындылау және жүйелеу;
5) пәнішілік және пән аралық байланыс орнату;
6) ойтолғау.
13. 5-тип. Іс-әрекет амалдары және білімді түзету, бағалау бойынша оқу сабағы:
1) мотивация;
2) тапсырманы өз бетінше орындау;
3) өзін-өзі бақылау;
4) бақылау;
5) талдау;
6) бағалау;
7) түзету;
8) ойтолғау.
14. "Алгоритм" технологиялық картасында оқушылардың көпшілігінің жаңа тақырыпты сапалы меңгеруіне жету жолдары қарастырылады. Білім, білік, дағды бойынша (бұдан әрі – ББД) қарыз тапсырмалардың деңгейін анықтау, тақырыпты түсіндірудегі кемшіліктерді анықтау және жою, пәнді сапалы меңгеру үшін, табысты адамның көрсеткіші ретінде қызығушылығын тудыру, ынталандыру зерттеледі. "Алгоритм" картасы бойынша жұмыс тәртібі мен құрылымы бағдарламаның 1-қосымшасына сәйкес ұйымдастырылады.
15. "Биоинтернет" технологиялық картасында сөйлеу арқылы оқушылардың 63%-і өткен тақырып бойынша білім мен біліктілігін нақты бекіту көрсетілген. Балаларды бірыңғай ақпараттық кеңістікте кіріктіру – ұжымдық сана. "Оқы да тоқы" ұстанымын жүзеге асыра отырып сабақта оқушылардың жұмысын ұйымдастыру. "Биоинтернет" картасы бойынша жұмыс тәртібі мен құрылымы бағдарламаның 2-қосымшасына сәйкес ұйымдастырылады.
16. "Жаттықтырғыш" технологиялық картасында мынадай сұрақтар қарастырылған: оқыған тақырып бойынша оқушының меңгеру және білім, білік және дағдылары беріктігінің сапасын талаптардың 63% нормативіне жеткізу. "Жаттықтырғыш" картасы бойынша жұмыс тәртібі мен құрылымы бағдарламаның 3-қосымшасына сәйкес ұйымдастырылады.
17. "Логика" технологиялық картасында төмендегідей мәселедегі практикалық тапсырмалар орындалады: оқытылатын пәнді үштік топпен жұмыс істеу есебінен оқу материалын сапалы меңгертуде нормативті деңгейге жеткізу, сыни және логикалық ойлауды дамыту. "Логика" картасы бойынша жұмыс тәртібі мен құрылымы бағдарламаның 4-қосымшасына сәйкес ұйымдастырылады.
18. "Көшбасшы" технологиялық картасында менеджерлік құзыреттікті дамыту қарастырылады: жоспарлау, топта жұмыс жасау, қойылған мақсатқа жете білу. Ол табысқа жеткен тұлға көрсеткіші сияқты, пәнді сапалы түрде меңгеруге ынталандыру және қызығушылық таныту, қиын жағдайларда өзін тұрақты ұстауға және бәсекеге қабілеттілігін дамытуға бағытылған.
"Көшбасшы" картасы бойынша жұмыс тәртібі мен құрылымы бағдарламаның 5-қосымшасына сәйкес ұйымдастырылады.
19. "КТС" технологиялық картасында оқытылатын тақырыптың оқыту сапасын нормативті көрсеткішіне жеткізу, оқушылардың үш деңгейлі күрделеліктегі ұқсас тақырыптары мен толық тарау бойынша өз бетінше оқу тапсырмаларын құрастыру дағдыларын бекіту, ізденіс іс-әрекеттерін дамыту, оқыту сапасының қорытынды мониторингі қарастырылады.
"КТС" картасы бойынша жұмыс тәртібі мен құрылымы бағдарламаның 6-қосымшасына сәйкес ұйымдастырылады.
20. "Ауызша сабақ - 1" технологиялық картасында сабақта норматив талабына сай оқушылардың оқу материалын 63% меңгеруіндегі логикалық және сыни тұрғыдан ойлау шапшаңдығын, сөздік қорын, ақпараттық құзыреттілілгін дамыту қарастырылады. "Ауызша сабақ - 1" картасы бойынша жұмыс тәртібі мен құрылымы бағдарламаның 7-қосымшасына сәйкес ұйымдастырылады.
21. "Ауызша сабақ - 2" технологиялық картасында төмендегілер қарастырылады:
оқушылардың өз бетінше ізденіс - шығармашылық жұмыс арқылы 63% оқу материалын меңгеруі;
өз еңбегінің нәтижесіне қарай балалардың тұрақты жағымды мотивациясын және рефлексияны қалыптастыру;
жылдамдықты арттыру, сапаны және оқу техникасының көлемін, ойлау жылдамдығын, есте сақтау, назар аударуды дамыту.
"Ауызша сабақ - 2" картасы бойынша жұмыс тәртібі мен құрылымы бағдарламаның 8-қосымшасына сәйкес ұйымдастырылады.
22. "Ауызша сабақ - 3" технологиялық картасында оқытылатын пәнді үштік топпен жұмыс істеу есебінен оқу материалын сапалы меңгертуде нормативті деңгейге жеткізу, сыни, логикалық және шығармашылық ойлауды дамыту беріледі. "Ауызша сабақ - 3" картасы бойынша жұмыс тәртібі мен құрылымы бағдарламаның 9-қосымшасына сәйкес ұйымдастырылады.
23. "Ауызша сабақ - 4" технологиялық картасында оқытылатын тақырып бойынша сапаның нормативтік көрсеткішіне жету, ақпараттық құзыреттілікті дамыту, оқушылардың дедукция және индукция, зейін, қабылдау, есте сақтау сияқты негізгі ойлау қабілеттерінің түрлерін қалыптастыру және жаттықтыру, ауызша және жазбаша тілдің сапасы мен жылдамдық техникасын дамыту беріледі.
24. "Әмбебап сабағы" технологиялық картасында келесідей практикалық тапсырмалар орындалады:
оқытылатын тақырып бойынша сапаның нормативтік көрсеткішіне жету;
мұғалімнің пәндік және педагогикалық құзыреттілігінің өсуі және оның шығармашылық әлуетінің жүзеге асуы;
оқушылардың сабаққа деген белсенділігін арттыру үшінтехнологиялық карта формаларының әртүрлілігін дамыту.
"Әмбебап сабағы" картасы бойынша жұмыс тәртібі мен құрылымы бағдарламаның 10-қосымшасына сәйкес ұйымдастырылады.
25. Білім беру процесі Бағдарламаның 12-қосымшасына сәйкес оқу-тақырыптық жоспар бойынша ұйымдастырылады.
26. Білім беру процесін ұйымдастыруда оқытушылардың білімдерін бағалау мен бақылау мақсатында өзіндік жұмыс, жоба жұмысы, сабақты презентациялау және қорытынды тестілеу өткзіледі.
27. Тыңдаушылардың өзіндік жұмыстарының тапсырмалары:
1) технологиялық карта бойынша сабақ құрастыру;
2) оқытудың инновациялық технологияларын қолданып сабақтың технологиялық картасының жобасын құрастыру;
3) бағалау критерийлерімен деңгейлік тапсырмалар тізбегін құрастыру.
4-тарау. Білім беру процесін жүзеге асыру формалары
мен әдістері
28. Білім беру үдерісі оқытудың интерактивті әдістері арқылы жүзеге асырылады: пікірталас, "миға шабуыл", іскерлік ойындар, тренингтер, жоба әдісі, бейнефильмдерді талқылау, мәселені бірлесіп талқылау және т.б.
29. Ересектер аудиториясының өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, оқыту барысында оқытушыларға қисынды қорытындылар жасауға, мазмұнды өз практикасына бейімдеуге және алған біліктерін аудиториялық практикалық сабақтар және аудиториядан тыс өзіндік жұмыс жағдайында сыннан өткізуге мүмкіндік беріледі.
30. Білім беру процесі аудиториялық сабақтар және өзіндік жұмыстарды жүргізуден тұрады. Бағдарламаның біліктілікті арттырудың құзыреттілік моделіне бағытталуы қазіргі білімдік технологиялар және интербелсенді оқыту формаларын: шағын топтарда жұмыс істеу, оқыту ойындары, кері байланыс; мәселелерді, күрделі сұрақтарды талқылау және пікірталас; шеберлік-сынып; "дөңгелек үстел" арқылы қол жеткізетін әрекеттік амалды білдіреді.
5-тарау. Оқыту нәтижелерін бағалау көрсеткіштері
31. Тыңдаушылардың кәсіби құзыреттіліктерінің қалыптасу деңгейін анықтау үшін бағалау критерийлері мен бағдарламаны меңгеру өлшемдері жасалады.
32. Өзіндік жұмысты жүргізу үшін келесі критерийлер айқындалады:
1) жүзеге асырылмаған - 0 балл;
2) ішінара жүзеге асырылған - 1 балл;
3) толық жүзеге асырылған - 2 балл.
33. Білімді меңгеру деңгейін анықтауға келесідей өлшемдер қолданылады:
1) оқу бағдарламасының мазмұнын меңгеруі;
2) практикалық тапсырмаларды орындау барысында теориялық білімді пайдалануы;
3) материалдың практикалық мәнділігі;
4) мәселені баяндауының негізделуі, толықтығы, анықтығы;
5) талаптарға сәйкес рәсімделуі.
34. Курс тыңдаушылары сабақты презентациялау кезінде сабақтың, шараның түрлі кезеңдерін жоспарлау және білім мазмұнын жаңартуды есепке алып оқыту бойынша үзінді көрсетеді.
35. Курс тыңдаушылары сабақтарды, шағын іс-шараны презентациялауы үшін келесідей критерийлер анықталған:
1) дағдылардың қалыптасу деңгейі - 0 балл, осы сабақта қолдануға келмейді;
2) 1 балл – дағдыланған;
3) 2 балл – дағды дамуда;
4) 3 балл – дағды қалыптасқан
37. Сабақты презентациялау кезінде білімді меңгеру деңгейін бағалауға төмендегі өлшемдер алынған:
1) ақпаратты түсінікті жеткізуі;
2) нұсқауды анық және дәл беруі;
3) қатысушылардың түсінгендерін анықтай алуы;
4) аудиторияның қызығушылығын тұрақты ұстауы;
5) ұйымдастырылған шараның уақытын тиімді басқара алуы;
6) кері байланыстың нәтижелігі;
7) өзара сыйластық, ынтымақтастық және қолдау климатын жасауы;
8) шараның мақсатын қоюы және күтілетін нәтижені белгілеуі;
9) шараны ұйымдастыруда белсенді стратегиялар мен жаттығуларды ретімен және нәтижелі қолдануы;
10) қатысушылардың сұрақтарына жауап беруі, мәселелер мен келіспеушіліктердің шешімін табуы;
11) ашық сұрақтарды қолдануы;
12) талқылауды/тапсырмаларды орындауды нәтижелі аяқтауы және оқытудың кезеңдері арасында байланыс орнатуы;
13) ойлануға және өзін-өзі бағалауға жеткілікті уақыт беруі.
"Биоақпараттану және синергетика" технологиясы: сабақтың сапасын басқару" жалпы білім беретін мектептердің педагог кадрларының біліктіліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламасына 1-қосымша |
"Алгоритм" картасының құрылымы мен жұмыс тәртібі
№ | Кезең | Мамұны | Нәтиже |
1 | Ұйымдастыру кезеңі | Карта бойынша жұмыс істеу тәртібі түсіндіріледі. Сыныптық топ ретінде оқушылардың мотивациясы: күнтізбелік жоспар бойынша тақырыптардың уақыты көрсетіледі. Сыныптық топ оны максималды қысқа уақыт аралығында жоғары нәтижемен үш карта бойынша өтуі қажет. Мұғалім тақырыптарды оқыту барысында үш карта бойынша уақытты үнемдеуді болжауды және "Логика", "Көшбасшы", "КТС" карталарының жұмыс жүргізуге мүмкіндігін береді. | Тақтаның жоғарғы оң жағына 63% нормасының саны қойылады "Егер-онда" сызбасы |
1-цикл | |||
2 | Оқушылардың субъективті тәжірибесін өзектендіру" | Оқу әрекетінің жалпылама әдістері (бұдан әрі – ОӘЖӘ) сызбасы бойынша бірінші түсіндіру. Сызбалар әр партада болуы қажет. Мұғалім ОӘЖӘ әрбір элементі бойынша тақырыпты түсіндіреді. | Түсіндіру уақыты В1. |
3 | Қабылдауды ұйымдастыру | Тапсырмаларды орындау. Оқушылар бірдей бір шапалақ ұрады, "Байқау" сөзін дәптерлеріне жазады және тапсырманы орындауға кіріседі. Мұғалім сынып ішін аралап жүріп, бірінші түсіндіруден соң сыныптың оқу материалын меңгеру дәрежесін анықтайды. | Үш тапсырма: ткш – акш – жкш Жұмыстың аяқталуы 5+30. |
4 | Түсінуді ұйымдастыру Ойтолғау | Жұмыс аяқталғаннан соң оқушылар дәптерлерін алмастырады, "Қолдағы қаламсап – бұл қателік" бұйрығы беріледі. Тапсырмалардың орындалуын кезеңмен тексеру. Әр бір деңгейде орындалу сапасы жеке анықталады. Егер сынып "жоғарғы күрделілік шегі" (бұдан әрі – ЖКШ) бойынша 63% нормаға жетсе және норманы орындаса онда төмендегі технологиялық картаның сипаттамасын қарау керек: 1. Жылдамдық – баяу орындайтын оқушылар сыныптың дағдысы мен біліктік деңгейін көрсетеді. 2. Зейін -ұқыпсыз балалар сыныптың ұйымдасу деңгейін көрсетеді. 3. Есеп – есептегі қателер базалық білім деңгейін көрсетеді. 4. Тақырып – қателерді іздеу және өткен тақырып бойынша меңгерілмеген білімдердің тізімі анықталады. | Тақтада төмендегідей жазу болады "Байқау":ткш;акш;жкш. |
2-цикл | |||
5 | Бекіту. Оқушылардың субъективті тәжірибесін өзектендіру | Мұғалім тақырыпты сұрайды және өзінің ойы бойынша оқушылардың көп қателіктер жіберген жерлерінен бастап ОӘЖӘ сызбасы бойынша қайта түсіндіреді, оқушылардың бұрын меңгермеген, тіпті бұл тақырып өткен жылғы болса да тақырыптың мазмұнын түсіндіреді. | Түсіндіру уақыты В2 |
6 | Қабылдау ұйымдастыру | Тапсырманы орындау. Тапсырма "Егер - онда" сызбасы бойынша алынады. Оқушылар дәптерлеріне "Бекіту" сөзін жазады, екі бірдей шапалақ ұрады және тапсырманы орындауға кіріседі. Мұғалім сынып ішін аралап жүріп, бірінші түсіндіруден соң оқу материалының меңгеру дәрежесін талдайды, өзінің түсіндіру кезіндегі және оқушылардың тақырыпты меңгеру кезіндегі жіберген қателерін іздейді. | Үш тапсырма: "Егер-онда" сызбасы бойынша.. |
7 | Түсіндіруді ұйымдастыру. Ойтолғау | Жұмыс аяқталғаннан соң оқушылар дәптерлерін алмастырады, "Қолдағы қаламсап- бұл қателік" командасы беріледі. Тапсырмалардың орындалу сапасын кезеңмен тексеру. Орындау сапасы әрдеңгейде жеке анықталады. Тағыда кестеге деректер енгізіледі: жылдамдық, есеп, зейін, тақырып және оқушыларды сұрау, толық талдау жасалады. | Жұмыстың аяқталу уақыты В2 белгіленеді Тақтада мынадай жазу болады: "Бекіту": ткш; акш; жкш. |
3-цикл | |||
8 | Есте сақтау. Оқушылардың субъективті тәжірибесін өзектендіру. | Мұғалім сыныптың тақырыпты түсіну деңгейін анықтайды және өзінің ойы бойынша оқушылардың көп қателіктер жіберген кезеңінен бастап ОӘЖА сызбасы бойынша қайта түсіндіре. | Түсіндіру уақыты В3 |
9 | Қабылдауды ұйымдастыру | Тапсырманы орындау. "Егер-онда" сызбасы бойынша тапсырмалар іріктеледі. Оқушылар "Есте сақтау" сөзін жазады және бірдей үш рет шапалақ ұрады, жұмысты орындауға кіріседі. Мұғалім сынып ішін аралап жүріп, өткен кезеңдердегі анықталған негізгі көрсеткіштерді талдайды. | Үш тапсырма:"Егер-онда" сызбасы бойынша. |
10 | Түсінуді ұйымдастыру | Жұмыс аяқталғаннан соң оқушылар дәптерлерін алмастырады, "Қолдағы қаламсап – бұл қателік" бұйрығы беріледі. Тапсырмалардың орындалуын кезеңмен тексеру. Тағыда кестеге деректер енгізіледі: жылдамдық, есеп, зейін, тақырып және оқушылар сұралады, толық талдау жасалады. | Жұмыстың аяқталу уақыты В2 белгіленеді |
11 | Ойтолғау | 1. Сыныпқа байланысты ОӘЖА сызбасы мен материалды меңгеру деңгейі анықталады. Осы тақырып бойынша жұмыс уақытының болжамы беріледі. 2. Егер де сол күні "Биоинтернет" картасы бойынша сабақ жоқ болса, онда үйге тапсырма беріледі: ОӘЖА сызбасы бойынша өз іс-әрекеттерін қысқаша айтып беру және тапсырмаларды шеше білу білігі. 3. Мұғалім тағы тақырыпты аяқтау уақыттын болжау және "Логика", Көшбасшы", "КТС" карталарындағы жұмыс түрлерінін мүмкіндігін айтады. Мұғалім "Егер-онда" сызбасы негізінде ары қарай жұмыс жүргізу стратегиясын анықтайды. | Үйге берілген тапсырма саны 10-нан кем болмауы тиіс. Тапсырманы оқулықтан беруге болады. |
"Егер-онда" күрделігі үш деңгейлі тапсырманы іріктеу сызбасы.
Алынған нәтиже | Тапсырмаларды іріктеу | |||||||
1 | Егер | ТКШ 63% | АКШ 63% | ЖКШ 63% | 1 - онда | ТКШ | ТКШ | АКШ |
2 | Егер | ТКШ 63% | АКШ 63% | ЖКШ 63% | 2 - онда | АКШ | АКШ | ЖКШ |
3 | Егер | АКШ 63% | АКШ 63% | ЖКШ 63% | 3 – онда | Тапсырманы өзгертпей қайталау. | ||
4 | Егер | АКШ 63% | АКШ 63% | ЖКШ 63% | 4 – онда | |||
5 | Егер | ТКШ 63% | АКШ 63% | ЖКШ 63% | 5 - онда | Екі нұсқа бойынша бақылау жұмысы. | ||
6 | Егер | ТКШ 63% | ТКШ 63% | АКШ 63% | 6 - онда | Тапсырманы өзгертпей қайталау. | ||
7 | Егер | ТКШ 63% | ТКШ 63% | АКШ 63% | 7 - онда | |||
8 | Егер | ТКШ 63% | АКШ 63% | ЖКШ 63% | 8 - онда | Тапсырмадағы қате. Басқасын таңдау. Түзету, әзірлеушілерге баяндау. |
"Биоақпараттану және синергетика" технологиясы: сабақтың сапасын басқару" жалпы білім беретін мектептердің педагог кадрларының біліктіліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламасына 2-қосымша |
Биоинтернет" картасының құрылымы мен жұмыс тәртібі
№ | Кезең | Мамұны | Нәтиже |
1 | Ұйымдастыру кезеңі. Мотива Ция. | 1. Сыныптық топ "Биоинтернет" және "Жаттықтырғыш" карталары бойынша максималды қысқа уақыт аралығында жоғары нәтижемен өтуі қажет. Мұғалім тақырыптарды оқыту уақытын болжау және "Логика", "Көшбасшы", "Күншуақ, түймедақ, самал жел" (әрі қарай – "КТС") карталарындағы жұмыс түрлерінің мүмкіндігін айтады. "Биоинтернет" картасы бойынша оқушылардың жұмыс жүргізу мотивациясы: 2. Терезенің сыртында сиқырлы өмір, өмірде табысты болу үшін сабақта табысты болу керек. 3. Шешті + түсіндіре білді = менгерді. 4. Топтық рух: сенің басқаларға көмектесе отырып өзіңе көмектесу мүмкіндігің бар. 5. Бір нәрсе үйренгің келеме – оқыт. | Тақтаның жоғарғы оң жағына 63% нормасының саны қойылады "Егер-онда" сызбасы бойынша алынады. "Орнына отырғызу Матрицасы" (әрі қарай – "ООМ") бойынша жұмыс барысын түсіндіру. Ойлау қабілетінің дамуына, табысты болуға ынталандыру. |
2 | ЖетекшіБілімдерді және іс-әрекет амалдарын өзектендіру | Егер "Алгоритм" картасы бойынша жұмыс жүргізілгенге 48 сағаттан артық уақыт өтсе, онда ОӘЖӘ бойынша қысқаша тақырыпты қайталауға рұқсат етіледі. | Қайталау ұзаққа созылмауы тиіс. |
3 | 1-цикл. Стандартты және өзгермелі жағдайда білімді қолдану үлгілерін құрастыру | Сынып екі нұсқа бойынша ТКШ – АКШ – ЖКШ үш тапсырма алады. Жұмыс аяқталғаннан соң оқушылар дәптерлерін алмастырады, "Қолдағы қаламсап – бұл қателік" бұйрығы беріледі. 1. Мұғалім тақтадан дұрыс жауаптарды көрсетеді. Барлық тапсырмаларды дұрыс орындаған балалар тақта алдына шығады және әр оқушыны мұғалім тексереді - бұлар "Альфа" тобы. 2. Тақтаға екі тапсырманы дұрыс орындаған балалар шығады. Оларды "Альфа" тобындағы оқушылар тексереді. 3. Бір тапсырманы немесе барлық тапсырманы дұрыс орындамаған оқушылар үшінші қатарға отырады, бұлар "Гамма" тобы, ал екі тапсырманы дұрыс орындаған, тексеруден өткен оқушылар екінші қатарға отырады – бұлар "Бета" тобы, "Альфа" тобының бірінші қатарға отырады. | Жұмыстың аяқталуы 5+30 формуласы бойынша. Тапсырманы орындау бойынша сыныпты үш топқа бөлу. Альфа: ТКШ-АКШ-ЖКШ Бета: акш-ткш Гамма: ткш немесе барлық тапсырма дұрыс орындалмады. |
4 | Білімді өз бетінше қолдану | Мұғалім ООМ "Альфа" тобындағы оқушылардың санын белгілейді және ол "Альфа" тобының оқушылар санынан тренерлер командасын жинақтауды бастайды. Егер "Альфа" тобында 1 оқушы болса, сарапшылар тобын күшейту үшін "Бета" тобынан кезекпен қатемен жұмыс үшін тақтаға 5 оқушы шығады; егер 2 оқушы болса 4 оқушы шығарылады; 3 оқушы болса 3 оқушы шығарылады; 4 оқушы болса 2 оқушы шығарылады 5 және одан жоғары болса 1 оқушы шығарылады; ОӘЖА бойынша барлық шешімдер терминдер, түсініктер, ережелер және формулалар қатаң түрде қайталанып шығады. Мұғалім бүкіл сыныпқа сарапшы мен оқушы жұмысының үлгісін көрсетеді. Мұғалім барлық сарапшыларға және жаттықтырушыларға олардың оқушылармен жұмыс жасау ережесін көрсетеді. | Мұғалім эксперттерді дайындау жұмысының өзіндік стратегиясын құрады. Тақтаның алдында тек қана "Бета" тобының оқушылары жұмыс жүргізеді. Әр қайсысы тақта алдындағы жұмыстан кейін ООМ өзінің ұяшығына плюс алады және жаттықтырушы болу құқына ие болады. "Альфа" тобына ол кірмейді. |
5 | Бақылау және өзін-өзі бақылау | Мұғалім өзі ООМ белгі арқылы "Альфа" тобындағы сарапшы оқушыларға және Бета тобынан жіберілген жаттықтырушыларға қозғалу маршрутын көрсетеді. Ешбір оқушы жұмыссыз отырмайды, сарапшылар қасына келмеген жағдайда да өз бетімен ОӘЖА сызбасы бойынша ауызша айтып үйренеді. Мұғалім белгі бергеннен кейін балалар бір-бірімен жұмыс жасай бастайды. Мұғалім сарапшылар жұмыстарын бақылайды және жаттықтырушы келгенге дейін "Гамма" тобының оқушылары бір-бірімен жұмыс жасауын қадағалайды. Барлығы "Сарапшы жұмысы" сызбасы бойынша жұмыс жасайды. | Жұмыстың аяқталғаны ООМ ұяшықтарының толтырылуы бойынша анықталады. Сынақ тапсырғандар сарапшыларды есептемегенде 63%-дан кем болмауы тиіс. |
6 | Түзету | Жұмыс аяқталғаннан кейін мұғалім әрбір сарапшының және жаттықтырушының жұмысына ұқыпты талдау жасайды, олар оқушылардың қандай қателер жібергенін сауатты, нақты түсіндіруі керек. Сарапшылар жұмысының қателері мен жетістіктерін көріп отыру үшін оқушылардан сұрап отыру маңызды. Мұғалім сарапшылар жұмысы туралы өзінің көзқарасын да білдіріп отырады. | Мұғалімнің негізгі мақсаты "Биоинтернет" картасындағы өзінің көмекшілерін – сарапшыларды дайындау. |
7 | Ойтолғау | Сынып екі нұсқа бойынша ТКШ – АКШ – ЖКШ үш тапсырма алады. Жұмыс аяқталғаннан соң оқушылар дәптерлерін алмастырмайды, "Қолдағы қаламсап – бұл қателік" бұйрығы беріледі. | 5+30 уақыты тек қана "Бета" және "Гамма" топтарына. |
8 | 2-цикл. | Бақылау аяқталғаннан кейін, кезең толығымен қайталанады. Кезең саны шектелмейді. Егер 63%, нәтиже алынса "Жаттықтырғыш" картасына көшуге рұқсат етіледі. | Ең маңыздысы балалардың пәндік тілді сауатты меңгеруі. |
9 | Бағалау | Баға деңгей бойынша қойылады. Альфа – 5 ұпай; Бета -4 ұпай; Гамма–3 ұпай. Егер оқушы "Альфадан "Бетаға" көшсе және қайталанса ол "4" деген баға алады. Егер "Бетадан" "Гаммаға" көшсе және тағыда қайта орнына барса "3" деген баға алады. | Мұғалім көшбасшылардың ұмтылысын және сыныптық топтың жұмысының сапасын белгілеп отырады. |
10 | Үй тапсыр масы | "Альфа" тобына ЖКШ бойынша 10 тапсырмадан кем емес тапсырма беріледі. "Бета" тобына АКШ бойынша 10 тапсырмадан кем емес және 5 тапсырма ЖКШ бойынша. "Гамма" тобына 10 тапсырмадан кем емес ТКШ бойынша және 5 тапсырма АКШ бойынша. 6 сарапшы ЖКШ бойынша үйге 30 тапсырма алады, мұғалімге "Жаттықтырғыш" картасымен жұмыс жүргізуге көмекші болу үшін. | Мұғалім "Альфа" тобынан басқаларына "Бета" және "Гамма" тобының оқушыларының үй тапсырмасын орындалуын қадағалауды тапсырады. |
"Биоақпараттану және синергетика" технологиясы: сабақтың сапасын басқару" жалпы білім беретін мектептердің педагог кадрларының біліктіліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламасына 3-қосымша |
"Жаттықтырғыш" картасының құрылымы мен жұмыс тәртібі
№ | Кезең | Мамұны | Нәтиже |
1 | Ұйымдастыру кезеңі. Мотивация | Топта жұмыс істеу, жетістіктерге жету мотивациясы. Сарапшылар жұмысын түсіндіру. Мұғалім бір сарапшының жұмысын тексереді, олар қалған 5 сарапшының. Егер бәрі қалыпты болса, онда олар жұмыс жасауға жіберіледі. Егер сарапшының біреуі 30 тасырмадан 3 қате жіберген болса ол жұмысқа жіберілмейді, ол "Альфа" тобына көшеді және 10 тапсырманы дұрыс орындау керек. Содан кейін ол сарапшылар тобына жіберіледі. Оқушылардың ынтасы сыныптық топ ретінде. Күнтізбелік жоспар бойынша тақырыптың қалған уақыт көрсетіледі. Сыныптық топ осы карта бойынша максималды қысқа уақыт аралығында жоғары нәтижемен өтуі тиіс Мұғалім тақырыптарды аяқтау уақыты туралы болжау және "Логика", "Көшбасшы", "КТС" карталарындағы ойынның мүмкіндігі туралы мәлімет береді. Топты жандандыру үшін көшбасшыға сөз беріледі. | Тақтаның жоғарғы оң жағына 63% нормасының саны қойылады. Карта және ООМ бойынша жұмыс жүргізу тәртібі түсіндіріледі. |
2 | Білімді және іс-әрекет тәсілдерін кешенді өзектендіру | "Биоинтернет" картасының бірінші кезеңіндегідей жұмыс басталады. Сынып екі нұсқа бойынша үш тапсырма алады ТКШ – АКШ – ЖКШ. Жұмыс аяқталған соң оқушылар дәптерлерімен алмаспайды. "Қолдағы қаламсап – бұл қателік" бұйрығы беріледі. 1. Мұғалім барлық жауаптарды тақтадан көрсетеді. Тақтаға барлық тапсырмаларды дұрыс орындаған балалар шығады және әр оқушыны мұғалім тексереді - бұлар "Альфа" тобы. 2. Тақтаға екі тапсырманы дұрыс орындаған балалар шығады. Оларды "Альфа" тобындағы оқушылар тексереді. 3. "Альфа" тобындағы балалар бірінші нұсқа қатарына отырады. 4. Екі тапсырманы дұрыс орындаған, тексеруден өткен балалар екінші нұсқа қатарына отырады, бұл "Бета" тобының балалары. 5. Бір тапсырма немесе барлық тапсырмасы дұрыс орындамаған оқушылар үшінші қатарға отырады, бұлар "Гамма" тобы. | Жұмыстың аяқталуы 5+30 формуласы бойынша. Тапсырманы орындау бойынша сыныпты үш топқа бөлу. Альфа: ткш-акш-жкш Бета: акш-ткш Гамма: ткш |
3 | Карта бойынша жұмысқа сыныпты орналасу ережесі | "Альфа" тобы әр қатарда бірінші нұсқаны алады. "Альфа" тобының оқушылары әр партаға бір бірден отырады. "Бета" тобы әр қатарда екінші нұсқаның орнына отырады. "Гамма" тобы сыныптағы қалған орындарға ие болады. ООМ -ы сарапшылар өткізеді. Әрбір оқушының ұяшығына өзінің топбының символы қойылады. 10 тапсырма тексерілгеннен кейін оқушы қай топқа көшсе ұйяшығына белгі және сол топтың символы қойылады. | Алты сарапшы екеуден әр қатарға бөлінеді. |
4 | Жаңа және Қалыпты жағдайда білімді өз бетінше қолдану | Барлық топтардың оқушылары өз күрделілік деңгейіне қарай 10 тапсырма алады. Оқушы тапсырманы орындаған сайын қол көтеріп отырады. | Оқушылардың дайындығына қарай жұмысты аяқтау. |
5 | Бақылау және өзін-өзі бақылау | Сарапшылар өз бетінше сабақ өткізіп тексереді, оқушыларды бір топтан екінші топқа ауыстырады және олардың қателерін талдайды, нәтиже бойынша шешім қабылдайды: егер қате болмаса немесе бір қате болса "Бета" немесе "Гамма" тобының балаларын жоғары топтарға ауыстырады, ал "Альфа" тобының оқушылары өз топтарында қалады. Егер бір қатеден көп болса "Гамма" тобының балалары өз топтарында қалады, ал "Бета" және "Альфа" тобының оқушылары бір деңгейге төмендейді. | Жіберу. 10 тапсырмада бір қате рұсат етіледі. |
6 | Ойтолғау | Мұғалім сарапшылардың көмегімен қайталанатын қателерге көңіл аударады және оқушыларды бір топтан екінші топқа ауыстырып отырғызады. | Оқушылардың сарапшылардан көмек сұрауға құқы бар. |
7 | Мотивация | Мұғалім бүкіл сынып жұмысының тиімділігін анықтайды, кейбір оқушылардың жетістіктерін атап өтеді және оқушылардың жетістіктеріне қарай тақырыпты аяқтау мерзімін болжайды. | |
8 | Бағалау | "Альфа" тобы 5 деген баға алады, "Бета" 4 деген баға алады, "Гамма" 3 деген баға алады. | |
9 | Келесі цикл | Егер уақыт жетпесе, картамен жұмыс келесі сабаққа қалады немесе мұғалімнің қалауы бойынша топтардың тапсырмалары үйге берілуі де мүмкін. | Келесі цикл |
10 | Түсіндіру | Егер 63% оқушы жоғары күрделік шегіндегі 30 тапсырманы әр қайсысы дұрыс орындаса, тақырып бойынша картамен жұмыс тоқтатылады. |
"Биоақпараттану және синергетика" технологиясы: сабақтың сапасын басқару" жалпы білім беретін мектептердің педагог кадрларының біліктіліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламасына 4-қосымша |
"Логика" картасының құрылымы мен жұмыс тәртібі
№ | Кезең | Мамұны | Нәтиже |
1 | Ұйымдастыру кезеңі. Мотивация. | Сынып өз бетінше үштікке бөлінеді. Әр үштікте үш рөл: "Тәжірибеші" - тапсырманың дұрыс орындалуына жауап береді; "Сыншы" - қатені табуға жауап береді; "Шабыттандырушы" - топтың сәтті жұмыс жасауына жауап береді. Әрбір үштікке өз аттарын қоюға бір минут уақыт беріледі. Оқушыларды топта ізденіс жұмысына ынталандыру. Мұғалім үштіктегі оқушының рөлін анықтамайды. Тақтаға сабақ кезінде үштіктің жұмыс нәтижелері ендіретін үш ұяшық салынады. | Карта бойынша жұмыс жүргізу тәртібі және ұпайларды бөлу ережесі түсіндіріледі. Егер бір үштік атын қоюға үлгермесе, мұғалім өзінің шешімі бойынша аталуын өзі таңдайды. |
2 | 1-кезең. Оқу материалының мазмұнын талдау. | Мұғалімнің стратегияны таңдау деңгейінің ескере отырып сыныпқа бір тапсырма беріледі, егер: 1. "Логика" картасына көшу "Алгоритм" және "Биоинтернет" картасынан күрделі тапсырманы меңгеру үшін болса немесе өткен тақырыптар бойынша оқушылар тестілеуден өтсе, онда қысқаша түсіндіру жүргізіледі және бірінші кезеңде ТКШ деңгейіндегі тапсырма беріледі, ал екінші кезеңде АКШ, үшінші кезеңде ЖКШ. 2. Егер "Жаттықтырғыш" картасынан "Логика" картасына көшу тақырыпты ары қарай терең меңгеру үшін болса, онда берілетін тапсырма ЖКШ деңгейінен төмен болмау керек және мұғалімнің шешімі бойынша ары қарай қүрделене береді. 3. Стандартты емес шешімдерді іздеу, топтық жұмыста нәтижеге жете білу біліктілігі маңызды. | Бірінші үштік бойынша орындау уақыты. Жұмыс кезінде шабыттандырушылар сынып ішінде жүріп, басқа топтармен сөйлесе алады, өз үштіктерінің шешімдерін іздеу үшін қарауларына да болады. |
3 | 2-кезең. Оқу материалындағы негізгі нәрсені белгілеу. | Мұғалім тапсырманың дұрыстығына көз жеткізгеннен кейін, тапсырманы дұрыс орындаған үштіктер тақтаға шығу құқығына ие болады және мини ООМ "Ұпайлар" бағанынан 3 ұпай алады. Ұпайлар оқушылардың ұяшықтарына теңдей бөлінеді, яғни 1 ұпайдан. Егер мұғалім тапсырманың орындалуында стандартты емес ерекше амал көрсе, онда ол үш ұпай емес, "Ұпайлар" бағанына алты ұпай қоюына құқы бар, ұпайлар оқушылардың ұяшықтарына теңдей бөлінеді, яғни 2 ұпайдан. Тапсырманы орындаған бірінші үштіктің ең тәуір емес оқушысы тақтаға шығып, түсіндіреді және шешу жолдарын жазады, Бұл "Логика" картасының негізгі міндетін - оқушыдан оқушыға білімді жеткізуді қамтамасыз етуге қажет. Егер тапсырма шешілсе, бірақ барлық үштіктің мүшелері меңгермесе үштіктің жұмысы жеткіліксіз. | Бірінші үштік өзінің ұяшығына жұмысты аяқтағаны үшін 3 ұпай алады. Түсіндіруді аяқтаған үштік 5 ұпай алады. |
4 | 3-кезең. Қорытындылау және жүйелеу. | "Миға шабуыл" әдісі бойынша бәсекелестік күресте сыныптағы барлық үштіктер тақтада жұмыс жасап тұрған оқушыға сұрақ қояды. Әрбір үштіктің міндеті: төмендегідей жолмен барынша көбірек ұпай алу: тапсырманы тез және дұрыс шешу немесе сұрақтар мен жауаптарға барынша көбірек ұпай алу, тақтаға шығу үшін күрес, өйткені ол жерде ең көп ұпай санын алуға болады. Миға шабуыл жұмыс кезіндегі жұмыс ережесі: 1. Тақтада жұмыс жасап тұрған оқушы әр сәтті жауабы үшін өзі және үштігі үшін 1 ұпай алады, бірақ егер ол үш рет жауап бермесе кетеді, мұғалімнің қалауы бойынша тақтаға басқа үштік шақырылады. Тақтада жұмыс жасап тұрған оқушының алған барлық ұпайлары үштікке тең бөлінеді. Егер оқушы бір немесе екі рет жауап берсе, одан кейін үш рет жауап бере алмаса және тақтадан кетсе оның барлық ұпайлары оның адамдарына тең бөлінеді. 2. Сұрақ қойған оқушы жауап алмаса, өзі жауап береді, ондай жағдайда ол 2 ұпай алады. Егер ол сұрақтың жауабын білмесе, біліміндегі олқылығы үшін үйге тапсырма алады 3. Егер сұрақ беретін және жауап беретін оқушылардың ешқайсысы сұрақтарға жауап бере алмаса, жауап беру құқығы үшеуінеде беріледі және жауап берген оқушы 2 ұпай алады. 4. Егер сұрақтардың жауабын ешқайсысы білмесе, мұғалім оның мазмұнын өзі ашады және үй тапсырмасын кейін оқушылар орындауға беру үшін тақтаға берешек қарыздардың тізіміне іліндіреді. 5. Үштіктегі "Ең мықты емес оқушы" өзінің түсіндіруін қорғап, аяқтай алса, 9 ұпай алады. "Ұпайлар" деген бағанға және үштіктердің ұяшықтарына тең бөлініп қойылады. Сұрақтар мен жауаптарға алынған ұпайлар ООМ бойынша нақты оқушының ұяшықтарына қойылады. Ұпайлар мен жауаптар саны шектелмейді. Сұрақтар қатаң түрде тақырып бойынша қойылуы керек. | Барлық бұрын оқылған тақырыптардағы оқушылардың біліміндегі олқылықтары тақтаға жазылып, нөмірленеді, ары қарай оқу үшін үйге тапсырма ретінде немесе басқада жұмыстарға. |
5 | 4-кезең. Пәнішілік және пәнаралық байланыс орнату. | Мұғалім тақтада жұмыс жасап тұрған оқушыны бақылайды және бағыттайды орнына қайтарады, егер: 1) қатесі табылса және түзетілмесе; 2) оқушының түсіндіруі тақырып ережесінің негізінде сауатты пәндік тіл талабына және түсініктеріне сай келмесе. Үштіктер жүйелі түрде талапты бұзып отырса, онда мұғалім бір рет болса 1 ұпай және 3 ұпайдан ұпайын азайтып отыруына құқы бар, мына жағдайларда: 3) айтылған сұрақтарды қайталағаны үшін және үштіктердің қойылған сұрақтарды естімегені үшін немесе басқада кейбір себептерге байланысты 4) пікір алмасу кезінде шулап, бір біріне агрессия танытып жатса. | Мұғалім сабақтың модераторы болып келеді, өзінің негізгі міндетін оқушылардың қателерін іздеп, сыныптағы оқушыларды шығармашылық ойлауға жетелеу, бір біріне құрметпен қарау кеңістігін құру деп біледі. |
6 | 5-кезең. Ойтолғау | Үш ұпайлық жүйемен барлық үштіктерге сыншылар сауалнамасы өткізіледі: 1) Кемшіліктерге ақталу, мысалы: біз жақсымыз, тек қана осы жолы сәтті болмады – 1 ұпай; 2) Себептерді толық ашпай, үсті талдау, мысалы: біз нашар жұмыс жасадық, бірақ жөнделеміз – 2 ұпай; 3. Жіберілген қателердің негізгі себептерін түсіне отырып талдау жасау, мысалы: біз қате жібердік өйткені қандай да бір ережені білмедік – 3 ұпай. | Егер "Сыншы" 1 және 2 балл алса, онда олар оның серіктері бөлінеді. |
7 | Ұйымдастыру кезеңі | Үштікті "Альфа" тобына ауыстыру ережесі: 1) тапсырманы бірінші орындаған үштік тақта алдында қорғай алмады; 2) тақта алдында тапсырманы қорғай алған үштік; "Бета" тобына үштіктерді ауыстыру ережесі: "Альфа" тобынан егер осы кезеңде үштік 5 ұпайдан кем ұпай алса; "Гамма" тобынан егер осы кезеңде 5 ұпайдан артық алса. Қалған оқушылар "Гамма" тобында қалады. Кезеңнің аяқталуы, келесіге көшу. Бұндай сызбамен кем дегенде 3 кезең өтіледі, кезеңдердің одан көп болуына тыйым салынбайды, тек қана ұяшықтардың әр кезеңнің санына қарай көлемі өседі. Әр кезеңде үштіктердің ұпайлары саналады және қорытындысында ойынның жеңімпазы анықталады. | Ойындағы жеңімпаз келесі ойында мұғалімнен ұпайларды іріктемей бір кеңес алуға құқы бар. |
8 | Бағалар | Сабақта журналға баға қою, ойын үшін бонустарды бөлу, бұл картада келесі ережелер бойынша жүреді: 5 деген баға – ұпай саны 7 және одан жоғары болса; 4 деген баға – ұпай саны 4 тен – 6 ұпайға дейін; 3 деген баға – ұпай саны 1 – 3 дейін; Егер оқушы ұпай ала алмаса баға қойылмайды. Егер оқушы стандартты емес шығармашылық шешім бере алса, кез келген оқушыға, кез келген кезеңде үштіктердің жетістіктеріне қарамастан мұғалім журналға 5 ұпай қоя алады. I орынды алған үштік 3 рет мұғалімнің көмегін пайдалана алады, бір реттен әр кезеңде осы карта бойынша, шартты түрде егер үштіктер құрамы өзгермесе. II орынды алған үштік мұғалімінің екі көмегін пайдалана алады, өзінің таңдауы бойынша келесі бір сабақтың екі кезеңінің бірінде осы карта бойынша, шартты түрде егер үштіктер құрамы өзгермесе. III орынды алған үштік мұғалімінің бір көмегін пайдалана алады, өзінің таңдауы бойынша келесі бір сабақтың үш кезеңінің бірінде, осы карта бойынша, шартты түрде егер үштіктер құрамы өзгермесе. | Сапа нормативі карта бойынша орындалды деп есептелінеді, егер 63% оқушы "Альфа" тобында болса және алгебра, геометрия, физика және химиядан 5 деген баға болса, ал 4-5 деген баға басқа пәндерден болса. Бірінші орын алған үштіктер анықталады. |
9 | Үй тапсырмасы | Олқылықтар жіберілген және төмен білім деңгей көрсетілген тақырыптар санына қарай үштіктерге үйге тапсырма беріледі. | Топтық жұмыстың қорытындысын шығару. |
"Биоақпараттану және синергетика" технологиясы: сабақтың сапасын басқару" жалпы білім беретін мектептердің педагог кадрларының біліктіліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламасына 5-қосымша |
"Көшбасшы" картасының құрылымы мен жұмыс тәртібі
№ | Кезең | Мамұны | Нәтиже |
1 | Ұйымдастыру кезеңі. Мотивация. | Сыныптағы оқушылар санына байланысты теңдей үш топқа бөлінеді. Теңдей бөлінбей қалдық қалатын болса, онда сол пәнді анағұрлым қиын меңгеретін оқушыларды модератор етіп сайлайды, ол мұғалімнің көмекшісі болып табылады. Әрқатар өзінің көшбасшысын таңдайды, өзіне атқояды. Тақтада карта бойынша нәтижелерді ендіретін кесте ілінеді. | Карта бойынша жұмыс жасау реті түсіндіріледі. |
2 | 1-кезең. Классик Тапсырманы өз бетінше орындау. | Осы кезеңде "Егер-онда" сызбасы бойынша жұмыс жасау ережесі сыныпқа түсіндіріледі. Әр топ өздері орындайтын тапсырмалар саны мен уақытты өздері айтып ұсыныс жасайды. | Ережемен жұмыс жасау кестесі әрбір топтың қолында болуы тиіс. |
3 | 2-кезең. Өзін-өзі бақылау. | Тақтадағы көрсетілген "Егер-онда" сызбасы бойынша таңдалған мәліметтер жазылып, топ тапсырманы орындауға кіріседі. | Сабақ барысын жазуды тақтаға модератор жүргізеді. |
4 | 3-кезең. Бақылау | Алға қойылған мақсатқа жету үшін топтың көшбасшысы топ жұмысын ұйымдастырады және бақылайды. | Ешқандай кезеңде мұғалім тарапынан көмек көрсетілмейді. |
5 | 4-кезең. Талдау | Топ алған уақыттың соңына дейін бір минут қалғанша өз жұмыстарын талдап, тапсырмалар саны мен орындау уақытына өзгерістер енгізе алады. | Хронометраж таймер бойынша жүргізіледі |
6 | 5-кезең. Бағалау | Топ өз жұмыстарын аяқтап, бірін-бірі тексеру әдісімен тапсырмалардың дұрыс орындалуын тексереді. Орындалған тапсырмалардың аяқталған сәтінде топтан модератор тапсырмаларды жинап алып, тексеру үшін басқа топқа олардың дайындығына қарай береді. | Әр топ өздері белгілеп айтқан уақыт бойынша тапсырмаларды аяқтайды. |
7 | Түзету | Мұғалім әр топтың көшбасшысымен жұмыс барысын талқылайды. Сарапшылар өз ойларын айтады және де сынып келесі "Шебер" деңгейіне көшеді. | Сыныпта ең үздік менеджерлік жұмысты айқындау және оны көрсету аса маңызды болып табылады. |
8 | Бағалау "Шебер" және "Суперойын" кезеңінде. | 1орын – 3 ұпай, 2 орын – 2 ұпай, 3 орын – 1 ұпай | |
9 | Сабақтың қорытындысы бойынша қорытынды бағалар. | 7-9 ұпайға дейін бал жинаған топтарға журналға 5 деген баға қойылады. 5-7 ұпайға дейін алған топтарға журналға 4 деген баға қойылады. 3-5 ұпайға дейін алған топтарға журналға 3 деген баға қойылады. | |
10 | Үй тапсырмасы | 3 деген баға алған топқа үй тапсырмасы беріледі. | Топтық жұмысты қорытындылау. |
"Биоақпараттану және синергетика" технологиясы: сабақтың сапасын басқару" жалпы білім беретін мектептердің педагог кадрларының біліктіліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламасына 6-қосымша |
"КТС" картасының құрылымы мен жұмыс тәртібі
№ | Кезең | Мамұны | Нәтиже |
1 | 1-цикл Ұйымдастыру кезеңі. Мотивация | Оқушылардың мотивациясы сыныптық топ ретінде. Сыныптық топ бұл карта бойынша аса жоғары нәтижемен көрінуі тиіс. | Карта бойынша жұмыс реті түсіндіріледі. Сарапшылар жұмысын түсіндіру. Карта бойынша жұмыс нормативі: ЖКШ деңгейіндегі 30 тапсырмадан кем емес "Альфа" тобы оқушыларының 63% орындауы тиіс. |
2 | 1-кезең. Тапсырманы өз бетінше орындау | Сынып үш тапсырма алады ТКШ – АКШ – ЖКШ. Жұмыс аяқталған соң оқушылар дәптерлерін алмастырады, "Қолдағы қаламсап – бұл қателік" бұйрығы беріледі. Тапсырмаларды орындау кезеңмен тексеріледі. Әр деңгейде орындау сапасын жеке анықталады. Тексеру регламенті "Алгоритм" картасындағыдай. | Жұмыстың аяқталуы 5+30 формуласы бойынша. Орындау сапасы бойынша сыныпты үш-төрт топқа бөлу. Егер альфа тобындағы кандидаттар саны 7 артық болса, саны бірдей екі альфа тобын құру. Альфа: ткш–акш-жкш, Бета: акш-ткш, Гамма: ткш, Дельта ткш. |
3 | Өздік бақылау | "Альфа" тобы өткен тақырып бойынша, күрделілігі - ЖКШ тапсырмаларын орындайды. "Бета" тобы өткен тақырып бойынша, күрделілігі - ЖКШ, АКШ тапсырмаларын орындайды. "Гамма" тобы өткен тақырып бойынша, күрделілігі - АКШ, ТКШ тапсырмаларын орындайды. "Дельта" тобы өткен тақырып бойынша, күрделілігі - ТКШ тапсырмаларын орындайды. | Әр оқушы өз бетінше тапсырмалар құрастырады және екі кезеңді шешеді, соңынан оны сағат тіліне сәйкес оң жақта отырған әріптесіне ұсынады, ол өз кезегімен келесі 2 кезең тапсырмаларын орындап одан ары қарай береді. |
4 | Бақылау | Әр топқа міндет қойылады: 1) өз деңгейінде күрделілігі мен сапасы жоғары көп тапсырмаларды орындау; 2) жұмыс барысында шешілген тапсырмалар санын тексеру және есептеу, оның ішінде деңгейлері бойынша, мысалы (АКШ – 20, ТКШ 26, барлығы 46). | Жұмыс жасау уақыты. Бастауыш мектеп: 1-2 сыныптар 15 минут. 3-4 сыныптар - 20 минут. Орта және жоғары буын - 30 минут. Әр оқушы өзі құрастырған мысалдың алдына өз фамилиясын жазады. |
5 | Талдау және тексеру | Әр топ орындаған тапсырма санын атап өтеді. Жұмыс соңында өзара тексеру жүргізіледі: "Альфа" тобының қалаған 10 жұмысын мұғалім тексереді "Бета" тобының 10 жұмысын "Альфа" тобы тексереді; "Гамма" тобының 10 жұмысын "Бета" тобы тексереді "Дельта" тобының 10 жұмысын "Гамма" тобы тексереді. | Даулы жағдайларды мұғалім қарайды. Егер 10 тапсырма қатесіз орындалса, барлық тапсырма көлемі орындалды деп есептелінеді. Әр топтың қате шешімі үшін орындалған тапсырманың 10% алынады. Есептеу: тапсырмалар саны топтағы оқушыларға бөлінеді. |
6 | Түзету | Тақтаға әр топтың нәтижелері енгізіледі: барлығы қанша жасалынды; қандай күрделілік деңгейде; қанша қате табылды. Топ қалай жұмыс жасады: ұйымдастыру деңгейі, тексеру дұрыстығы, көшбасшының жұмысы. Көшбасшылар өзінің тобына алғыс айтып, жақсы тілек тілейді, кеңес береді. | Әр топтың жұмыс сапасы талқыланады және рейтингі қарастырылды. Талдау үшін сөз әр топтың көшбасшысына беріледі. Міндетті түрде жеңімпаздарға немесе тиімді жұмыс жасаған топтарға шапалақ ұрылады. |
7 | Ойтолғау | Мұғалім жұмыс нәтижесі мен бақылау бойынша топтар арасынан жақсы және нашар оқитындардың орынын төмендегі критерий бойынша алмастырады: 1) Оқушы белсенділік танытпайды, баяу жұмыс жасады; 2) Оқушы әдейі оңай тапсырма құрастырып немесе басқалардың құрастырған күрделі тапсырмаларын шеше алмайды; 3) Оқушы топтың жұмыс жасау шапшаңдығына ілесе алмайды. | Топ және көшбасшы да нашар оқушының үлгермеуі туралы, басқа төменгі топқа алмастыруға ұжымдық ойларын айтуға құқықтары бар. |
8 | 2-кезең | 1 кезеңді қайталау | Жұмыстың регламенті және ережесі басқа кезеңдерде өзгермейді. |
"Биоақпараттану және синергетика" технологиясы: сабақтың сапасын басқару" жалпы білім беретін мектептердің педагог кадрларының біліктіліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламасына 7-қосымша |
"Ауызша сабақ - 1" картасының құрылымы мен жұмыс тәртібі
№ | Кезең | Мамұны | Нәтиже |
1 | Ұйымдастыру кезеңі. Мотивация | Оқушылардың мотивациясы сыныптық топ ретінде болады және мектептен кейін өмірде де табысты болуы. Картамен жұмыс тәртібі түсіндіріледі. | Тақтаның жоғарғы оң жағына 63% нормасының саны қойылады. "Егер-онда" сызбасы бойынша алынады. |
2 | Оқушылардың субъекті тәжірибесін өзектендіру | Өткен сабақ тақырыбы бойынша қарама-қарсы сұрақ қою. | Бірінші баға. Тақтаға нәтижені жазамыз: 1 кезең немесе нормалар. |
3 | Қабылдауды ұйымдастыру. | Бірінші сыни нүкте. Жаңа тақырып бойынша мұғалім қысқаша кіріспе жасайды, оқушылардың назарын осы тақырыпта өтілетін білім көлеміне аудару керек. Бұл мұғалім біліктілігінің әдістемелік критерийі. Оқулық бетіндегі көрсетілген нормаға сәйкес оқушылар мәтінді оқуы керек және оқыған тақырып бойынша тірек сөздерді табу керек. Оқушыларға бірінші берілген уақыттың жартысында мәтінді оқуға мүмкіндік береді, одан кейін қолдарын көтеріп сөзді айтады. Егер ол мұғалімнің тізіміне сәйкес келсе, онда оқушы "Орынға отырғызу матрицасы" (бұдан әрі – ООМ) ұяшығына плюс алады және уақыт нормалары аяқталғанға дейін жалғастырылады. Егер сөз дәл келмесе, онда оқушы әрі қарай жалғастырып уақыт біткенге дейін сөздер дәл келгенше оқып немесе атайды. Жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін әр оқушы плюс не минус алады Мұғалім тірек сөздерді іздеуге оқушыларды ынталандырады. 21 тірек сөздер эталонын мұғалім сабаққа дейін дайындайды немесе БЖС технологиясының дайын стандарттарынан алады. | Екінші белгі. 1 – 2 сынып: 5 минут мәтіннің бір парағына; 3 - 4 және 7 - 11 сыныптар: 4 минут мәтіннің бір парағына; 5 - 6 сыныптар: 3 минут мәтіннің бір парағына; 2 сөзден тұратын түсініктер екі сөз болып есептелінеді. Тақтаға нәтижені жазу: 2 кезең немесе нормалар. |
4 | Түсінуді ұйымдастыру | Мұғалімнің қалауы бойынша тірек сөздер 7 ден 21 сөзге дейін тақтаға шығарылады. Оқушылар барлық сөздерді есіне сақтауы қажет. Еске сақтауға берілген уақыт аяқталғаннан кейін тірек сөздер жабылады, оқушылар жаттауға берілген уақытта сөздерді жатқа айтады. Уақыт біткеннен кейін тірек сөздер ашылады, оқушылар беттерін алмасады, бір бірінің сөздерінің санын санайды, мұғалімге хабарлайды, ол нәтижені ООМ белгілейді. Одан кейін мұғалім плюс алған оқушыларды іріктеп бағалау өткізеді, егер мәлімет дұрыс берілмей, нәтиже сәйкес болмаса, нәтиже дұрыс берілмегені үшін екі оқушы да минус алады,. | Үшінші белгі. Есте сақтауға берілген уақыт нормативі. 7 сөз – 30 сек. 10 сөз – 45 сек 12 сөз – 1 мин 14 сөз – 1 мин 15 сек 16 сөз – 1 мин 50 сек 18 сөз – 2 мин 15 сек 21 сөз – 2 мин 30 сек 2 сөзден тұратын түсініктер екі сөз болып есептелінеді. Тақтаға нәтижені жазу: 3 кезең немесе нормалар |
5 | Түсінуді бірінші тексеру | Қарама-қарсы сұрау. Мұғалім ООМ бойынша тақырыпқа байланысты сұрайды, бірақ рет ретімен емес. Оқушылар түсінбеген тақырыптарды түсіндіреді және маңызын ашады,. Егер бір оқушы жауап бермесе, мұғалім сұрағын қайталайды және минус тұрған кез келген оқушылардан сұрайды. Егер жауап алмаса, мұғалім сыныптан сұрайды, жауап берілмесе өзі жауап береді. Кезең аяқталғаннан соң екі минусы бар оқушыларға "Құтқару шеңбері" тасталады. Сол оқушыларға үш сұрақ қойылады, олардың әр қайсысы қолын көтеріп минусын жоя алады. Екінші сыни нүкте. Сұрау нәтижесінде мұғалім оқушылар түсінбеген немесе толық аша алмаған тақырыптарды анықтайды. Одан кейін 1-2 минут ішінде мұғалім проблемалық аймақтарды анықтайды. | Төртінші белгі нәтиже бойынша барлық оқушыларға плюс немесе минус. Тақтаға нәтижені жазу: 4 кезең немесе нормалар. |
6 | Бастапқы пысықтауды ұйымдастыру Уақыты 5 минут | Үшінші сыни нүкте. Мұғалім тестілеу нәтижелері бойынша оқушылар түсінбеген немесе толық аша алмаған тақырыптарды анықтайды. Одан кейін 1 - 2 минут ішінде мұғалім проблемалық аймақтарды анықтайды. | Бесінші белгі. Тестік жекпе жекте жеңгендерге плюс жеңілгендерге минус қойылады. Тақтаға нәтижені жазу: 5 кезең немесе нормалар. |
7 | Талдау | Тақырып бойынша тақырыптық сөздік қор өткізіледі (бұдан әрі – ТСҚ). Сөздер қысқартылмай, толық жазылады. Шығарма түрінде жазуға рұқсат етіледі. Жалғаулар мен көмекші сөздер сөзге жатпайды. | Алтыншы белгі. Тақтаға нәтижені жазу: 6 кезең немесе нормалар. |
8 | Ойтолғау | Төртінші сыни нүкте. Мұғалім сабақтың нәтижесінде оқытылған сабақтың аясында оқушылар түсінбеген немесе толық аша алмаған тақырыптарды анықтайды Одан кейін 1-2 минут ішінде мұғалім проблемалық аймақтарды түсіндіреді және ашады. Мұғалім әр кезеңдегі нормаларды орындау бойынша қысқа сабаққа талдау жасайды 4-5 деген бағалар санына қарай және нормаға сәйкес. Мұғалім әр кезең бойынша оқушыларға ойлау қабілетіне байланысты проблемаларды көрсетеді және алға ұмтылуға және табандылыққа ынталандырады. | Егер бірінші сабақтарда сіз жетістіктерге жете алмай жатсаңыздар, сеніміңізді үзбеңіз, есте сақтаңыздар, балалардың ойлау қабілеттері жаттығып жатыр, жетістіктерге жету үшін уақыт керек. |
9 | Бағалар | Журналға баға қою нормативі: 4 – 5 баға – 5 ұпай; 3 баға – 4 ұпай; 2 баға – 3 ұпай; 1 баға – 2 ұпай | Сапа нормативі орындалды деп есептелінеді, егер 63% оқушы 5 ұпай алса. |
10 | Үй тапсырмасы | 4 бағадан кем алған оқушыларға үйге тапсырма беріледі. |
"Биоақпараттану және синергетика" технологиясы: сабақтың сапасын басқару" жалпы білім беретін мектептердің педагог кадрларының біліктіліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламасына 8-қосымша |
"Ауызша сабақ - 2" картасының құрылымы мен жұмыс тәртібі
№ | Кезең | Мамұны | Нәтиже |
1 | Ұйымдастыру Кезеңі. Мотивация | Оқушылардың мотивациясы сыныптық топ және мектептен кейін өмірідің табысты болуы ретінде. Картамен жұмыс тәртібі түсіндіріледі. | Тақтаның жоғарғы оң жағына 63% норманың саны қойылады. "Егер-онда" сызбасы бойынша. |
2 | Оқушының субъектілік тәжірибесін өзектендіру | Өткен тақырып бойынша қарама қарсы сұрау. | Бірінші белгі. Тақтаға нәтижені жазу: 1 кезең немесе нормалар |
3 | Қабылдауды ұйымдастыру | Бірінші нүкте. Жаңа тақырып бойынша мұғалім қысқаша кіріспе жасайды, оқушылардың назарын өтілетін осы тақырып шеңберінде білім көлеміне аудару маңызды болып табылады. Бұл критерилер мұғалімнің әдістемелік біліктілігі. Оқушылар оқулықтан мәтінді оқып, тақырып бойынша көрсетілген нормаға сай тірек сөздерді табады. Алдымен оқушыларға нормативтегі уақыттын жартысында мәтінді оқуға мүмкіндік береді, одан кейін олар қолын көтеріп сөздерді атай бастайды. Егер оның сөздері мұғалімнің тірек сөздерімен сай келсе ООМ ұйяшығына оқушы плюс алады, уақыт аяқталғанша оқуды жалғастырады. Егер сәйкес келмесе, оқушы сөздер сәйкес келгенше немесе уақыт біткенше оқуды немесе айтуды жалғастырады. Уақыт аяқталғаннан кейін әр оқушы плюс немесе минус алады. Мұғалім тірек сөздерді іздеуге оқушыларды ынталандырады. 21 тірек сөздер эталонын мұғалім сабаққа дейін дайындайды немесе БЖС технологиясының дайын стандарттарынан алады. | Екінші белгі 1 – 2 сынып: 5 минут мәтіннің бір парағына; 3 - 4 және 7 - 11 сыныпқа дейін: 4 минут мәтіннің бір парағына; 5 - 6 сынып: 3 минут мәтіннің бір парағына. 2 сөзден тұратын түсініктер екі сөз болып есептелінеді. Тақтаға нәтижені жазу: 2 кезең немесе нормалар. |
4 | Түсінуді ұйымдастыру | Мұғалімнің қалауы бойынша тірек сөздер 7 ден 21 сөзге дейін тақтаға шығарылады. Оқушылар барлық сөздерді жаттау керек. Еске сақтауға берілген уақыт аяқталғаннан кейін тірек сөздер жабылады, оқушылар есінде қалған сөздерді берілген уақытта жазады. Жазып болғаннан кейін, тірек сөздер ашылады, оқушылар беттерін алмасады, бір бірінің жазылған сөздерінің санын санайды, мұғалімге хабарлайды, ол нәтижені ООМ белгілейді. Одан кейін мұғалім плюс алған оқушыларды іріктеп бағалайды, егер мәлімет дұрыс берілмей, нәтиже сәйкес болмаса, нәтиже дұрыс берілмегені үшін екі оқушы да минус алады. | Үшінші белгі. Жаттауға берілген уақыт нормативі: 7 сөз – 30 сек. 10 сөз – 45 сек 12 сөз – 1 мин 14 сөз - 1 мин - 15 сек 16 сөз – 1 мин 50 сек 18 сөз – 2 мин 15 сек 21 сөз – 2 мин - 30 сек сөз ден тұратын түсініктер екі сөз болып есептелінеді: кезең немесе нормалар. |
5 | Түсінуді бірінші тексеру | Қарама қарсы сұрау. Мұғалім ООМ бойынша тақырыпқа байланысты сұрайды, бірақ рет ретімен емес. Оқушылар түсінбеген тақырыптардың маңызын ашады, түсіндіреді. Егер бір оқушы жауап бермесе, мұғалім сұрағын қайталайды және минус тұрған кез келген оқушылардан сұрайды. Егер жауап алмаса, мұғалім сыныптан сұрайды, жауап берілмесе өзі жауап береді. Кезең аяқталғаннан соң екі минусы бар оқушыларға "Құтқару шеңбері" тасталады. Сол оқушыларға 3 сұрақ қойылады, олардың әр қайсысы қолын көтеріп, минусын жоя алады. Екінші сыни нүкте. Сұрау нәтижесінде мұғалім оқушылар түсінбеген немесе толық аша алмаған тақырыптарды анықтайды. Одан кейін 1-2 минут ішінде мұғалім проблемалық аймақтарды анықтайды | Төртінші белгі Сұрау кезінде бірінші нұсқаға жауап берген оқушылар тест құрады, екінші нұсқадағылар оқуды жалғастырып, тестілеуге дайындалады Тақтаға нәтижені жазу: 4 кезең немесе нормалар. |
6 | Бастапқы пысықтауды ұйымдастыру | Өз аралық тестілеу. Екі нұсқа беріледі. Егер сабақтың аяғына дейін уақыт жеткілікті болса, тестік жекпе жек ұсынылады. Бір оқушы жауап беруге екінші оқушыны шақырады, бір бірімен сұрақтармен алмасады. Егер уақыт жетпесе бір жақты сұрау мүмкін: бірінші нұсқа екінші нұсқаны тестілейді. Оқушылар өтілген тақырып бойынша тест құрады және орынға отырғызу матрицасы бойынша сұрайды, келесі оқушының сайтының номерін атай отырып. Үшінші сыни нүкте. Сұрау нәтижесінде мұғалім оқушылар түсінбеген немесе толық аша алмаған тақырыптарды анықтайды. Одан кейін 1-2 минут ішінде мұғалім проблемалық аймақтарды анықтайды. Кезең аяқталғаннан соң екі минусы бар оқушыларға "Құтқару шеңбері" тасталады. Сол оқушыларға 3 сұрақ қойылады, олардың әр қайсысы қолын көтеріп, жауап беріп минусын жоя алады | Бесінші белгі Тестік жекпе жекте жеңгендерге плюс жеңілгендерге минус қойылады. Тест – үш жауаптан тұратын сұрақ. Жауап толық болуы керек. Егер барлық оқушыларға сұрақ жетпесе, мұғалімнің өзі сұрақ қоюына құқы бар. Тақтаға нәтижені жазу: 5 кезең немесе нормалар |
7 | Талдау | Өтіліп жатқан тақырып бойынша тақырыптық сөздік қор ( бұдан әрі – ТСҚ) өткізіледі. Сөздер қысқартылмай, толық жазылады. Шығарма түрінде жазуға да рұқсат етіледі. Жалғаулар мен көмекші сөздер сөзге жатпайды. Егер алдыңғы кезеңде тестік жекпе жек болған болса, ТСҚ өткізуге уақыт жіткіліксіз болып қалса, бұл қателік болып есептелінбейді 4 баға саны бағалауға жеткілікті. | Алтыншы белгі Тақтаға нәтижені жазу: 6 кезең немесе нормалар. |
8 | Ойтолғау | Төртінші сыни нүкте. Сұрау нәтижесінде мұғалім оқушылар түсінбеген немесе толық аша алмаған тақырыптарды анықтайды. Одан кейін 1-2 минут ішінде мұғалім проблемалық аймақтарды анықтайды және түсіндіреді. Мұғалім әр кезеңдегі нормаларды орындау бойынша сабаққа 4- 5 деген бағалар санына қарай және нормаға сәйкес қысқа талдау жасайды. Мұғалім әр кезең бойынша оқушыларға ойлау қабілетіне байланысты проблемаларды көрсетеді және алға ұмтылуға және табандылыққа ынталандырады. | Егер алғашқы сабақта талап етілгендей болмаса қиналмаңыз, есіңізде болсын, оқушылардың ойлау қабілеті жаттығып жатыр, талап етілген бағаларды алу үшін уақыт керек. |
9 | Бағалар | Журналға баға қою нормативі: 4 – 5 баға – 5 ұпай, 3 баға – 4 ұпай, 2 баға – 3 ұпай, 1 баға – 2 ұпай. | Сапа нормативі орындалды деп есептелінеді, егер 63% оқушы 5 ұпай алса. |
10 | Үй тапсырмасы | 4 бағадан кем алған оқушыларға үйге тапсырма беріледі. |
"Биоақпараттану және синергетика" технологиясы: сабақтың сапасын басқару" жалпы білім беретін мектептердің педагог кадрларының біліктіліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламасына 9-қосымша |
"Ауызша сабақ - 3" картасының құрылымы мен жұмыс тәртібі
№ | Кезең | Мамұны | Нәтиже |
1 | Ұйымдастыру кезеңі. Мотивация. | Сынып өз бетімен үштікке бөлінеді. Әр үштікте үш роль: "Тәжірибеші" - тапсырманың дұрыс орындалуына жауап береді; "Сыншы" -қатені табуға жауап береді; "Шабыттандырушы" - топтың сәтті жұмыс жасауына жауап береді. Оқушыларды топта ізденіс жұмысына ынталандыру. Мұғалім үштіктердегі оқушы рөлін анықтамайды. Тақтада әр үштік өзінің ұяшығын алады (мини ООМ), ол жерге сабақ бойы картамен жүргізген жұмыстар нәтижесі енгізіледі. | Карта бойынша жұмыс жүргізу тәртібі және ұпайларды бөлу ережесі түсіндіріледі. 1 минут уақыт үштіктерге атын таңдауға беріледі. Егер бір үштік атын қоюға үлгермесе мұғалім өзінің шешімі бойынша өзі таңдайды. |
2 | 1-кезең Білімді жәнеіс-әрекет амалдарын кешенді өзектендіру. | Мұғалім дайындаған немесе БЖС бойынша стандарттан алынған 21 тірек сөзін іздеу. Оқушылар жұмысқа кіріседі үштіктегі әрбір оқушы мәтінді оқиды және оқыған мәтіндегі тірек сөздер деп есептеген 7 сөзді жазады. Мәтіндегі беттер санын уақыт нормативі бойынша оқуға берілген уақыт 15 минуттан аспау керек. Егер тақырып бойынша мәтін көлемді болса, алдын ала үйде оқып келу ұсынылады, сабақта оқушыларға тірек сөздерді құруға 10 минуттан артық берілмейді. Оқушыларға екінші кезеңде мәтінді оқу кезінде, алдын ала тірек сөздерді және сыни сұрақтарды құрастыруға тыйым салынбайды. Бұл жағдайда оқушылардың сабаққа дайындығын 5 минутқа қысқартуға болады. Уақыт аяқталғаннан кейін мұғалім тақтадағы барлық 21 тірек сөздерді ашады және оқушылар "Қолдағы қаламсап – бұл қателік" формуласы бойынша мұғалімнің тақтадағы сөздерімен сәйкес келген сөздердің санын атайды. Мұғалім немесе оның көмекшісі ұяшықтарға сәйкес келген сөздердің санын белгілейді. Ұяшықтарға белгіленгеннен кейін мұғалім үштіктерді іріктеп, бақылап шығады, егер де кейбір жерлерде берілгендері дұрыс болмаса, барлық үштіктің жұмыс нәтижесі жоққа шығарылады. | Мәтінмен жұмыс жүргізу уақыт нормативі. 1 – 2 сынып: 5 мин. Бір параққа; 3 - 4 және 7 - 11 сыныпқа дейін: 4 мин. 5 - 6 сыныптар: 3 мин. Әр сөз үшін үштіктердің бір мүшесі бір ұпай алады. 2 сөзден тұратын түсінік 2 сөз болып есептелінеді. Бірінші белгі. |
3 | 2-кезең Жаңа және қалыпты жағдайда білімді өз бетінше қолдану | Сыни жекпе жек. Үштіктерге тақырып бойынша бір сұрақ дайындауға тапсырма беріледі, ол жерде бұрмаланған ақпарат болу керек. Бұл сұрақтарды оқушылар алдын ала үйде дайындайды. Оқушылардың сұрақтарды құру ережесі: сұрақтың бірінші бөлігі ауытқымалы, ал екінші бөлігі ақпаратты бұрмалайтындай болу керек. Ауытқымалы бөлігі нақты себеп-салдар бағытта болу керек: себептерін айтыңдар, неге? не үшін? немен байланысты? Қалайша? Төмендегідей жәй сұрақтар алынып тасталынады: мерзімін айт, атын, орнын ата, оқиғалар, оған қатысушылар. Сыни сұрақтардың үлгісі: неге күн батыста шығады, шығыста батады осының үш негізгі себептерін атаңдар. Жекпе жек ережесі: бір үштік екінші үштікті шығарады, осы үштіктің нақты бір оқушысына сұрақ қояды, егер ол білмесе, басқасы жауап береді, ол да білмесе, келесі осы үштіктің мүшесі жауап беру керек. Әрбір алынбаған жауапқа сұрақ қоюшы үштік бір ұпай алады. Егер сұрақ қойылған үштіктің барлық мүшелері жауап бере алмаса, сұрақ қоюшы үштік 6 ұпай алады. Сабақ барысында мұғалімнің қалауы бойынша, қалып кеткен екі үштік мүшелеріне өзара бір-бірімен сұрақ – жауап түрінде жекпе жекке шығуға болады. Әр оқушының ұпайлары үштік ұяшықтарына қойылады. | Екінші белгі Бір сыни сұрақ дайындау үшін сынып 1 минут уақыт алады Мұғалім қисынсыз немесе дұрыс құрылмаған сұрақтарды қабылдамауға үштіктен, оқушылардан 1 ден 3 ұпайға дейін алып тастауына құқығы бар (тәртіпті бұзған немесе мұғалімге немесе басқа үштікті сыйламаған). |
4 | 3-кезең Өзін өзі бақылау және бақылау. | Проблемаларды шешу байқауы. Бұл кезеңде мұғалім оқушылар алдына тақырып бойынша қандай да бір проблеманың шешуін табуды мәселе етіп қояды. Бұл үшін қиял элементтерімен болсада стандартты емес шеішім табу керек. 3 ұпай – өтіп жатқан тақырыптағы жағдаяттарды өзгертпей беретін жауап; 6 ұпай – өтіп жатқан тақырыптағы жағдаяттарды жартылай өзгертіп беретін жауап; 9 ұпай – өтіп жатқан тақырыптағы жағдаяттарды түгелдей өзгертетін, стандартты емес жауап. | Үшінші белгі Ұпайлар саны барлық үштіктерге тең бөлінеді. |
5 | 4-кезең Түзету. | Үш ұпайлық жүйемен сыншылардан сұрау жүргізіледі – үштіктер жұмысына жалпы талдау - 1 ұпай, жәй талдау – 2 ұпай, терең талдау – 3 ұпай. Сыншылар жұмысына бағаны бөліп қою келесі ереже бойынша жүреді: Егер сыншы бір ұпай алса, онда ұпай осы үштіктің ең аз ұпай алған оқушысына қойылады. Егер үштіктердегі оқушылардың ұпайлары бірдей болса, "Сыншыда" бір ұпай қалмауы керек; Егер "Сыншы" екі ұпай алсада ол ештеңе алмайды; Егер "Сыншы" үш ұпай алса, үштіктердегі барлық оқушыларға бірдей бөлінеді. | Төртінші белгі |
6 | Ойтолғау. | Сабақта журналға баға қою төмендегі норматив бойынша жүзеге асады: 5 деген баға – 7 ұпай және одан жоғары болса; 4 деген баға – 5 тен – 6 ұпайға дейін; 3 деген баға – 3 – 4 ұпайға дейін. Егер оқушы ұпай алмаса немесе ұпай саны аз болса оқушыға баға қойылмайды. 3 орынға ие болған үштіктер "Ауызша сабақ – 3" картасы бойынша келесі ойында бонустар алады, егер үштіктер құрамы шартты түрде өзгермесе: Бірінші орын үшін - үштік оқуға немесе тірек сөздерді іздеуге берілген уақытта үш тірек сөзді мұғаліммен келісу құқына ие болады; Екінші орын үшін – үштік сыни жекпе-жекті бастау құқына ие болады; Үшінші орын үшін – үштік шығармашылық кезеңді соңынан бастау құқына ие болады. Үштіктер құрамы шартты түрде өзгермесе жеңіске жеткен үштік кез келген сабақта берілген карта бойынша мұғалімнің көмегін пайдалану құқына ие болады,. | Сапа нормативі орындалды деп есептелінеді егер 63% оқушы 4 – 5 ұпай алса. |
7 | Үй тапсырмасы | Үй тапсырмасы 4-інші немесе одан да төмен орын алған үштіктерге беріледі. | Топ жұмыстарының қорытындысын шығару. |
"Биоақпараттану және синергетика" технологиясы: сабақтың сапасын басқару" жалпы білім беретін мектептердің педагог кадрларының біліктіліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламасына 10-қосымша |
"Әмбебап сабағы" картасының құрылымы мен жұмыс тәртібі
dd№ | Кезең | Мамұны | Нәтиже |
1. | Ұйымдастыру кезеңі Мотивация. | Бірінші әдістемелік нүкте: мұғалім қысқа және жалпылама оқушыларға сабақтың міндетін төмендегідей түсіндіреді: бүгін сабақта не өтеміз, тақырып ненің бөлігі болып келеді, ең соңында балалар сабақта нені менгеру керек. Мұғалім оқушылардың назарын зейін мен есте сақтау қабілеттерін дамытын жаттықтыру залында тұрмыз деп аударады. Өткен тақырып бойынша қарама қарсы сұрау ұсынылады. Егер мектепте немесе сыныпта технологияны ендіру бастапқы кезеңде болып, сынып дайын болмаса, уақытты үнемдеу үшін бұл кезеңді өткізбеуге болады,. | Карта бойынша жұмыс тәртібі түсіндіріледі. Оқушылардың мотивациясы сынып бір топ ретінде және терезе сыртындағы "Сиқырлы өмір". |
2. | Кезең. Білімді және іс-әрекет амалдарын кешенді өзектендіру. | Мұғалім кестені дұрыс жүргізуді түсіндіреді. Табысты жауаптың негізгі шарты лекцияны түгел жазып шығуда емес. Мұғалім бір минут ішінде лекцияны оқыйды және оқушыларға берілгенді бағандарға дұрыс бөліп шығуға көмектеседі. Оқушылар кестемен дұрыс жұмыс жасау ережесін менгергеннен кейін, лекцияны бастауға рұқсат етіледі. | Кесте тақтаға шығарылады және мұғалім оқушыларға сабақта оны қалай жүргізу керек екенін көрсетеді. |
3. | Жаңа және қалыпты жағдайда білімді өз бетінше қолдану | Мұғалім лекцияны екіге бөледі, әр лекцияға 10 минут беріледі, одан көп емес және лекцияның бірінші бөлігін бастайды. Ақпаратты жеткізу әр түрлі болып келеді: фильмдерді көру, аудио-тыңдау, мультимедиялық презентация, монолог, диалог, мұғалімнің қалауы бойынша оқулықтан немесе кітаптан алынған мәтінді талқылау. | Баяндаманы ұзаққа созбаңыз, өйткені бір сабақта үлгермеуіңіз мүмкін |
4. | Бақылау және өзін-өзі бақылау | Оқушыларға қарама қарсы сұрау жүргізу және ООМ бойынша бағалау, "Ауызша сабақ 1 - 2" картасының ережесі бойынша. Мұғалім оқушыларды лекцияның тақырыбы бойынша сұрайды. Екінші әдістемелік нүкте. Мұғалім 1 - 2 минутта оқушылар менгермеген білімнің бөлімдерін толықтырады. | Екінші белгі. 63% норма бойынша кезеңге сәйкес екінші баға қойылады. |
5. | Түзету | Заманауи ақпараттық біліктіліктің негізі ретінде кестені қолдану біліктілігіне талдау жүргізіледі. Осы кезеңде лекция барысында "Егер-онда" сызбасы бойынша оқушылардың жұмысына, оқушылардың есте сақтауына, зейініне байланысты кеңейтілген талдау өткізіледі. Мысалдар келтіріледі және кестені толтыру кезіндегі оқушыларға тән қателер анықталады. Мұғалім лекцияның екінші бөлімін бастайды. | Талдау уақыты 1 - 2 минуттан артық болмау керек. |
6. | Ойтолғау | АС - 2 картасындағыдай оқушыларды өзара тестілеу. Егер сынып үлкен болса нұсқа бойынша, немесе егер сынып 15 адамнан аспаса жекпе жек түрінде. Мұғалім оқушылардың назарын сұрақ және жауапты дайындайтын құрал ретінде кестені дұрыс қолдануға аударады. Бұл кезеңде лекция барысында оқушылардың есте сақтауына, зейініне байланысты кең түрде талдау жүргізіледі. Кестені сәтті жүргізу үлгілері көрсетіледі және кестені толтыру кезіндегі оқушыларға тән қателері анықталады. | Мұғалім 1 - 2 минутта оқушылар менгермеген біліммен толықтырады. |
7. | Сөздік қор | Оқушылар сабақ бойы жас ерекшелік нормасына сәйкес ТСҚ бойынша кестеге кіргізген сөздердің санын анықтайды. | Кезеңнің нәтижесі бойынша баға қойылады. |
8. | Бағалар | Мұғалім барлық оқушыларға кестені дұрыс жүргізгені үшін ООМ баға (плюс, минус) қойып шығады. Сабақта журналға баға қою келесі норматив бойынша жүреді: 4 - 5 деген баға – ұпай саны 5 болса; 3 деген баға – ұпай саны 4 болса; 2 деген баға – ұпай саны 3 болса; 1 деген баға – ұпай саны 2 болса; | Бесінші белгі. Сапа нормативі: 63% оқушы 5 ұпай алу керек. 3-кестеге қараңдар. |
"Биоақпараттану және синергетика" технологиясы: сабақтың сапасын басқару" жалпы білім беретін мектептердің педагог кадрларының біліктіліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламасына 11-қосымша |
72 сағаттық біліктілікті арттыру курсының оқу-тақырыптық
жоспары
№ | Тақырыптар | Дәрістер | Диалог-дәріс | Пікірталас | Тәжірибелік сабақ работа | Тренинг | Семинар тренинг | Шеберлік сыныбы | Сабақты қорғау | Диагностика | Барлығы |
1 | Технологияға кіріспе | 5 | 1 | 1 | 1 | 8 | |||||
2 | Ресурстарды басқару | 1 | 1 | ||||||||
3 | ОІЖТ-нің сұлбалары және сауалдар арқылы сапалы оқыту ( оқу iс - әрекеттiң жалпы тәсiлдерi) | 1 | 1 | ||||||||
4 | "БжС" технологиясындағы басқару құрылымы | 1 | 1 | ||||||||
5 | Сапа сызғышы (ҚСЖ) | 1 | 1 | ||||||||
6 | Сапаның сегiз басты қағидасы және көрсеткiштерi | 1 | 1 | ||||||||
7 | Технологиялық карта арқылы сабақты жоспарлау | 1 | 1 | ||||||||
8 | Технологияда қабылданған оқу сабақтарының түрі | 1 | 1 | ||||||||
9 | Сапаны бақылау | 1 | 1 | ||||||||
10 | "Алгоритм" картасы | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 5 | ||||
11 | Оқушылардың көпшілігінің жаңа тақырыпты сапалы менгерге жету жолдары | 1 | 1 | ||||||||
12 | Білім, білік, дағды бойынша қарыздар тапсырмалардың деңгейін анықтау | 1 | 1 | ||||||||
13 | Тақырыпты түсіндірудегі кемшіліктерді анықтау және жою | 1 | 1 | ||||||||
14 | Кіріспе оқу сабағы: мотивация - меңгерілетін тақырыпты бейнелеп елестету- оқылған тақырыптың тәжірибелік және әлеуметік маңыздылығын ұғыну-рефлексия | 1 | 1 | ||||||||
15 | Сабақтың жаңа материалын оқыту және бастапқы бекіту | 1 | 1 | ||||||||
16 | "Биоинтернет" картасы | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 5 | ||||
17 | Тақырып бойынша 63%-ға жеткен оқушылардың білім мен біліктілігін сөйлеу арқылы нақты бекіту | 1 | 1 | ||||||||
18 | Балаларды бірыңғай ақпараттық кеңістікте – ұжымға кіріктіру | 1 | 1 | 2 | |||||||
19 | Сабақта "оқы да тоқы" ұстанымын жүзеге асыра отырып оқушылардың жұмысын ұйымдастыру | 1 | 1 | 2 | |||||||
20 | "Жаттықтырғыш" картасы | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 5 | ||||
21 | Оқыған тақырып бойынша оқушының меңгеру және білім, білік және дағдыларының беріктігінің сапасын талаптардың 63% нормативіне жеткізу | 1 | 1 | 2 | |||||||
22 | Сабақта білімін және оны қолдану тәсілдерін кешендi қолдану | 1 | 1 | 2 | |||||||
23 | Табысқа жеткен тұлға көрсеткіші ретінде пәнді сапалы түрде меңгеруге ынталандыру және қызығушылығын арттыру | 1 | 1 | ||||||||
24 | "Логика" картасы | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 5 | ||||
25 | Оқытылатын пәнді үштік топпен жұмыс істеу есебінен оқу материалын сапалы меңгертуде нормативті деңгейге жеткізу және сыни және логикалық ойлауды дамыту. | 1 | 1 | 2 | |||||||
26 | Сабақта білімді жүйелеу және қорытындылау тәсілдерінің қызметі | 1 | 1 | 1 | 3 | ||||||
27 | "Көшбасшы" картасы | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 5 | ||||
28 | Нормативтi деңгейге дейiн оқу материалын меңгеру сапасы. | 1 | 1 | ||||||||
29 | Менеджерлік құзыреттілікті дамыту: жоспарлау, топта жұмыс жасау білігі, алға қойылған мақсатқа жете білу. | 1 | 1 | ||||||||
30 | Табысқа жеткен тұлға көрсеткіші ретінде пәнді сапалы түрде меңгеруге ынталандыру және қызығушылығын арттыру | 1 | 1 | ||||||||
31 | Күйзелу жағдайларына орнықтылықты және бәсекеге қабiлеттiлiктi даму | 1 | 1 | 2 | |||||||
32 | "КТС" картасы | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 5 | ||||
33 | Оқытылатын тақырыпты оқыту сапасының нормативті көрсеткішіне жеткізу | 1 | 1 | ||||||||
34 | Толық тарау бойынша ұқсас тақырыптарға күрделіктегі үш деңгейлі оқу тапсырмаларын оқушылардың өз бетінше құрастыру дағдыларын бекіту | 1 | 1 | ||||||||
35 | Ізденіс іс-әрекеттерін дамыту. | 1 | 1 | 2 | |||||||
36 | Оқыту сапасының қорытынды мониторингі | 1 | 1 | ||||||||
37 | "Ауызша сабақ - 1" картасы | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 5 | ||||
38 | Логикалық және сыни тұрғыдан ойлау шапшаңдығын, сөздік қорын, ақпараттық құзыреттілілгін дамыту | 1 | 1 | ||||||||
39 | Табысқа жеткен тұлға көрсеткіші ретінде пәнді сапалы түрде меңгеруге ынталандыру және қызығушылығын арттыру | 1 | 1 | 2 | |||||||
40 | Сабақтың оқыту және жаңа материалды бастапқы бекіту логикасының болуы | 1 | 1 | 2 | |||||||
41 | "Ауызша сабақ - 2" картасы | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 5 | ||||
42 | Оқушылардың өз бетінше ізденіс - шығармашылық жұмыс арқылы 63% оқу материалын менгеруі | 1 | 1 | ||||||||
43 | Өз еңбегінің нәтижесіне қарай балалардың тұрақты жағымды мотивациясын қалыптастыру | 1 | 1 | ||||||||
44 | Оқу техникасының көлемін және сапасын, жылдамдығын арттыру | 1 | 1 | ||||||||
45 | Ойлау, есте сақтау, назар аудару жылдамдығын дамыту | 1 | 1 | ||||||||
46 | Білімді бекіту сабағы және әдіс тәсілдері | 1 | 1 | ||||||||
47 | "Ауызша сабақ - 3" картасы | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 5 | ||||
48 | Оқытылатын пәнді үштік топпен жұмыс істеу есебінен оқу материалын сапалы меңгертуде нормативті деңгейге жеткізу, сыни, логикалық және шығармашылық ойлауды дамыту | 1 | 1 | 2 | |||||||
49 | Сабақта білімді кешендi және әдіс тәсілдері қолдану | 1 | 1 | 1 | 3 | ||||||
50 | "Ауызша сабақ - 4" картасы | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 5 | ||||
51 | Кiруде ақпаратты бөле білу икемдiлiгі. | 1 | 1 | ||||||||
52 | Апараттық құзыреттілікті дамыту. | 1 | 1 | ||||||||
53 | Оқушылардың дедукция және индукция, зейін, қабылдау, есте сақтау сияқты негізгі ойлау қабілеттерінің түрлерін қалыптастыру және жаттықтыру. | 1 | 1 | ||||||||
54 | Ауызша және жазбаша тілдің сапасы мен жылдамдық техникасын дамыту | 1 | 1 | ||||||||
55 | Сабақта білімді кешендi және әдіс тәсілдері қолдану | 1 | 1 | ||||||||
56 | "Әмбебап сабағы" картасы | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 5 | ||||
57 | Мұғалімнің пәндік және педагогикалық құзыреттілігінің өсуі және оның шығармашылық әлуетінің жүзеге асуы. | 1 | 1 | ||||||||
58 | Технологиялық карта формаларының әртүрлілігін дамыту. | 1 | 1 | 2 | |||||||
59 | Оқуға деген оқушылардың қызығушылығын арттыру | 1 | 1 | 2 | |||||||
60 | Жұмыс орынындағы тәжiрибе | 1 | 2 | 2 | 5 | ||||||
61 | Шығармашылық жобаларды қорғау | 4 | 4 | ||||||||
БАРЛЫҒЫ | 10 | 9 | 10 | 9 | 6 | 4 | 12 | 8 | 4 | 72 |
"Информатика", "Физика", "Химия" және "Биология" пәндерінен
ағылшын тілінде сабақ беретін жалпы білім беретін
мектептердің педагог кадрларының біліктілігін арттыру
курстарының білім беру бағдарламасы
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Информатика", "Физика", "Химия" және "Биология" пәндерінен ағылшын тілінде сабақ беретін жалпы білім беретін мектептердің педагог кадрларының біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) ағылшын тілінде жаратылыстану - математикалық бағыты ("Информатика", "Физика", "Химия" және "Биология") бойынша сабақ беретін педагог кадрларды оқыту үшін әзірленген.
2. Осы бағдарлама шеңберінде оқу орта білім беру мазмұнын жаңарту және өзгерту жағдайында орта білім беру ұйымдары педагогика кадрларының кәсіби құзіреттілігін дамыту мақсатында өткізіледі.
3. Бағдарлама оқыту тіліне қарамастан ағылшын тілінде жүргізіледі. Бағдарлама ағылшын тілін оқытуда интеграцияланған тәсілді қолдану арқылы білім алушылардың ағылшын тілін меңгеру деңгейін жетілдіру және оқыту әдістемесін қолдану дағдыларын жақсартуды қамтамасыз етеді.
4. Бағдарламаға келесі орта білім беру ұйымдарының педагог кадрлары қатыса алады:
1) мұғалім ретінде еңбек өтілі 3 жыл;
2) жоғары сыныптарда "Физика", "Химия", "Биология", "Информатика" пәндерінің береуінен сабақ беретін;
3) ағылшын тілін меңгеруі А1 (Beginner) деңгейінен кем емес.
2-тарау. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
5. Бағдарламаның мақсаты: жалпы білім беретін мектептерінің педагог кадрларының ағылшын тілі деңгейін жетілдіру.
6. Бағдарлама міндеттері:
1) Ағылшын тілін шет тілін меңгеру деңгейін анықтаудың жалпыеуропалық өлшемшарттары (Common European Framework of Reference for Languages – тілдік компетенцияның жалпыеуропалық өлшемшарттары, бұдан әрі - СEFR) негізінде үйрету;
2) жаратылыстану - математикалық бағыты бойынша сабақ беретін пән мұғалімдерінің ағылшын тілі деңгейлерін жетілдіруге мүмкіндік туғызу.
7. Оқыту нәтижесі:
1) пәнді оқыту үшін қажетті шет тілін меңгеру деңгейін анықтаудың жалпыеуропалық өлшемшарттарымен (CEFR) анықталған деңгейде ағылшын тілін меңгеру;
2) пәнді ағылшын тілінде оқыту барысында оқушыларға тілдік қолдау көрсету қажеттігін түсіну;
3) өз пәндеріне қатысты пәндік терминология мен академиялық тілді білуі және түсіну.
3-тарау. Бағдарламаның құрылымы
8. Оқу жоспары осы Бағдарламаның қосымшасында берілгендей аудиторлық және онлайн оқыту арқылы оқытылатын тындаушылар тілді меңгеру деңгейін өз деңгейінен келесі деңгейге дейін жетілдіру үшін ағылшын тілінің жеделдетілген курсынан өтеді.
9. Тыңдаушылардың ағылшын тілін меңгеру деңгейлерін анықтау мен оқытудың нәтижесін тексеру мақсатында тестілеу (Placement Test) өткізіледі.
10. Білім беру процесі оқу жоспарына сәйкес ұйымдастырылады.
4-тарау. Білім беру процесін жүзеге асыру формалары
мен әдістері
11. Білім беру процесі оқытудың келесі интерактивті әдістерінен тұрады: пікірсайыстар, шағын топтағы жұмыстар, тренингтер, практикалық сабақтар, жобалар әдісі.
12. Білім беру процесі тренинг және топта жұмыс жасау түріндегі онлайн оқыту мен аудиториялық сабақтардан, сондай - ақ тыңдаушылардың өзіндік жұмысынан тұрады. Сонымен қатар тыңдаушылардың курс барысында үй жұмысын орындаулары қарастырылған. Сабақ барысында және сабақтан кейін орындалатын жазбаша тапсырмаларды нұсқаушы анықтайды.
13. Құндылық бағдарларын, біліктіліктерін, білімдерін жүйелі қолдану мен әлеуметтік және жеке мәнмәтіндегі нақты мәселелерді іс жүзінде сәтті шешу қабілеттерін дамытуға негізделген шет тілін оқытудағы метапәндік қағиданы жүйелік қолдану - осы Бағдарламаның ерекшелігі болып табылады.
14. Әр топтағы тыңдаушылардың саны 12 – 14 адамнан аспауы тиіс, себебі ұсынылған тыңдаушылар саны, бір жағынан, сабақтың жеткілікті қарым-қатынастық әлеуетін қамтамасыз етеді, ал екінші жағынан, білім беру тиімділігін арттырады және әр тыңдаушыға жеке көңіл бөлуге мүмкіндік береді. Сабақ практикалық сабақ түрінде өткізіледі.
Оқу жоспары
Модулдер | Мазмұны |
1. | Ұсынылған жағдайға сәйкес немесе 6-10 фраза көлемінде оқылған немесе естілгенге байланысты байланыстыра сөйлеу. Бүкіл сұқбаттасу барысында сұқбаттасушымен байланыс орнату және ұстап тұру. Бір рет тыңдаған соң негізгі деректерді және аса маңызды мән-жайларды түсіну. Мәтіннің негізгі ойын және тақырыбы бойынша оның мазмұнын алдын ала айту. Оқылған тақырыпқа негізделген сауалнамалар мен формулярларды толтыру. |
2. | Оқылған лексика негізінде деректерді, құбылыстарды, оқиғаларды суреттеу. Күнделікті қарым-қатынас жағдайында, сондай-ақ естілген және оқылған ақпартқа байланысты диалогқа қатысу. Негізгі ақпаратты екінші дәрежелі ақпараттан ажырата білу. Оқылған тақырыпқа негізделген, бірақ 2-3% бейтаныс сөздерден құралған түпнұсқа сияқты мәтіндерден негізгі ақпарат алу. |
3. | Шынайы адамдарға және әдеби кейіпкерлерге жеке мінездеме беру. Этикет сипатында диалог жүргізу (сәлемдесе білу және сәлемге жауап қайтара білу, таныстыра білу, сыпайы қоштаса білу, құттықтай білу және құттықтағаны үшін алғыс айта білу, кешірім сұрай білу). Екі рет тыңдау кезінде тиісті күрделіліктегі аудиомәтіндердің мазмұнын толық қабылдау. Толық ақпарат ала отырып, түрлі жанрларда түпнұсқа сияқты мәтіндерді оқу. Үйренетін елдің тілінде қабылданған сөйлеу этикетінің формулаларын қолдана отырып, жеке хаттар жазу. |
4. | Оқылған немесе естілген ақпарат бойынша жеке қатынасын білдіру. Ақпаратты хабарлау. Тапсырмаға сәйкес естіген мәтіннен қажетті ақпаратты алу (сқрақтарға жауап беру, true/false statements, multiple choice, gaps). Тапсырмаға байланысты таңдамалы ақпаратты ала отырып, мәтінді оқу. Нақты деректер мен жеке әсерлерді сипаттау. |
5. | Сұраулы сөйлемдердің алуан түрлерін пайдалана отырып, ақпарттың сұратып алу. Қос тілді сөздікті пайдалану. Тапсырмаға сәйкес мәтіннен көшірмелер жасау. |
6. | Сөйлеу этикетінің қарапайым нормаларын сақтау. Ғылыми ұғымдар және құбылыстардың мағыналы түсініктемелерін кейіннен практикалық түрде қолдану. Пән бойынша лексикалық бірліктердің негізгі түсініктемелерінің тақырыптық сөздігі. |
Ескертпе: Тыңдаушының ағылшын тілін меңгеру деңгейіне сәйкес оқу жоспары өзгертіледі.
Жаратылыстану-математика бағыты бойынша "Химия", "Биология",
"Физика", "Информатика" пәндері бойынша педагог
кадрлардың біліктілігін арттыру курстарының жалпы білім
беру бағдарламасы
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Жаратылыстану-математика бағыты бойынша "Химия", "Биология", "Физика", "Информатика" пәндері бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламасы (әрі қарай - Бағдарлама) Қазақстан Республикасының орта білім берүдегі үш тілділік оқыту бағдарламасын енгізу аясында жасалған.
2. Осы Бағдарламада жаратылыстану – матматика бағыты бойынша "Химия", "Биология", "Физика", "Информатика" пәндері бойынша орта білім берудегі жаңартылған мазмұн жағдайында мамандарды дайындаудың толық мәліметтері көрсетілген.
3. Бағдарлама осы Бағдарламаға 1 - қосымшаға сәйкес ағылшын тілін меңгеру деңгейі Common European Framework of Reference (Ағылшын тілін меңгеру деңгейін анықтаудың жалпыеуропалық өлшемшарттары), (әрі қарай - CEFR) бойынша жүргізіледі:
1) ағылшын тілін (Starter - бастапқы) деңгейінде меңгерген мұғалімдерді даярлау – 72 сағат;
2) ағылшын тілін A1 (Elementary - базалық) деңгейінде меңгерген мұғалімдерді даярлау – 96 сағат;
3) ағылшын тілін A2 (Pre-Intermediate – ортадан төмен) деңгейінде меңгерген мұғалімдерді даярлау – 96 сағат;
4) ағылшын тілін B1 (Intermediate - орта) деңгейінде меңгерген мұғалімдерді даярлау – 96 сағат;
5) ағылшын тілін B2 (Upper-Intermediate – ортадан жоғары) деңгейінде меңгерген мұғалімдерді даярлау – 56 сағат.
4. Бағдарлама жалпы орта білім беретін мектептердің Информатика", "Физика", "Химия" және "Биология" пәндерін 10 - 11 (12) сыныпта ағылшын тілінде оқытатын немесе оқытып жүрген мұғалімдерге арналған.
2-тарау. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
5. Бағдарламаның мақсаты: пән мұғалімдерінің CEPT және English as a Medium of Instructions (Ағылшын тілі нұсқаулықтар құралы ретінде), (әрі қарай – EMI) сертификатталған он-лайн курсының халықаралық сертификатын алу жолымен халықаралық білім стандарттарына сәйкес тілдік және кәсіптік құзыреттілігін арттыру болып табылады.
6. Бағдарлама міндеттері:
1) тыңдалым және ауызекі сөйлеу дағдыларын дамыту негізінде сөйлеу әрекетінің төрт түрін кешенді дамыту;
2) ағылшын тілінің жалпы курсы бойынша мұғалімдердің лексикалық қорын кеңейту;
3) грамматикалық дағдыларды қалыптасытыру және дамыту;
4) ағылшын тілінде сабақ жүргізу үшін мұғалімдердің функционалдық тіліндегі лексикалық қорын қалыптастыру;
5) мұғалімдердің кәсіптік қызығушылық аясындағы лексикалық қорын кеңейту;
6) ағылшын тілінде сабақ жүргізу дағдыларын дамыту.
3-тарау. Бағдарлама мазмұны мен құрылымы
7. Бағдарламаның оқу жоспары осы Бағдарламаға 2-қосымшаға сәйкес жеті кезеңнен тұрады.
8. Білім беру үрдісін ұйымдастыру осы Бағдарламаға 3–қосымшаға сәйкес өткізіледі.
9. Оқыту нәтижелері. "Биология", "Химия", "Физика", "Информатика" пәндері мұғалімдерінің тілдік кұзыреттілігін арттыруға оқыту және кәсіби дайындық курсы аяқталғаннан кейін жалпы европалық тілдік шкаласына (CEFR - Common European Framework of Reference for Languages) сәйкес ағылшын тілін менгеру денгейін B1-ге (Intermediate - орта) дейін жоғарлатады, сабақ жүргізуге кажетті өз мамандығы бойынша кәсіби ағылшын тілінің терминологиясын меңгереді.
Жаратылыстану-математика бағыты бойынша "Химия", "Биология", "Физика", "Информатика" пәндері бойынща педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламасына 1-қосымша |
Ағылшын тілін меңгеру деңгейін анықтаудың жалпыеуропалық
өлшемшарттары (CEFR)
Тәжірибелі қолданушы | C2 | Кез келген естіген немесе оқыған хабарламаларды оңай түсінеді. Хабарламаны еске түсіре отырып, әртүрлі ауызша және жазбаша деректер арқылы ақпаратты қорытып талдай алады. Күрделі жағдайларда қажетті мағыналық реңктерді айқындай отырып, ойын еркін жеткізе алады. |
C1 | Әртүрлі тақырыптағы күрделі және көлемді мәтіндерді түсінеді, астарлы мағыналарын біледі. Сөздер мен сөз тіркестерін қолдану кезінде ешқандай кедергісіз өз ойын тез жеткізе алады. Тілді әлеуметтік, ғылыми және кәсіби қызметінде шебер және тиімді қолданады. Күрделі тақырыптар бойынша нақты, дұрыс құрылымдалған, жан-жақты мәтіндер құрастыруда лексикалық және грамматикалық бірліктерді меңгергенін көрсетеді. | |
Тәуелсіз қолданушы | B2 | Абстрактілі және нақты тақырыптардағы күрделі мәтіндердің, оның ішінде өзінің саласына қатысты техникалық мазмұндағы мәтіндерді талқылаулардың негізгі идеясын түсінеді. Өз ойын еркін және тез жеткізе алады, тілдің өкілдерімен кедергісіз, еркін қарым-қатынас жасай алады. Әртүрлі тақырыптарда нақты және негізгі мәселеде өз ойын анық білдіріп, әртүрлі нұсқалардың артықшылығы мен кемшіліктерін көрсете алады. |
B1 | Жұмыста, мектепте, демалыста және т.б. жағдайларда тұрақты түрде талқыланатын таныс тақырыптардағы стандартты хабарламалардың негізгі ойын түсінеді. Сол тілде сөйлейтін елге барғанда кездесуі мүмкін көптеген жағдайларда оқым жағдайларда абыржымайды. Өзіне таныс немесе өзін қызықтыратын тақырыптарға байланысты хабарламалар құрастыра алады. Өзінің тәжірибесін, оқиғаларды, армандарын, сенімдерін, ұмтылысын қысқаша сипаттап, өзінің көзқарасы мен жоспарларын түсіндіре алады. | |
Базалық қолданушы | A2 | Өмірдің негізгі салаларына байланысты жекелеген сөйлемдер мен жиі қолданылатын сөз тіркестерін түсінеді (мысалы, өзінің жеке басына қатысты ақпарат, отбасы, сауда, жергілікті мекенжайы, жұмысқа орналасу және т.б. туралы). Қарым-қатынас барысында өзіне таныс немесе тұрмыстық тақырыптарға қатысты тікелей ақпарат алмасуды қажет ететін қарапайым күнделікті міндеттерді шеше алады. Қарапайым сөз тіркестерімен өзінің өмірі, өзінің жұмыс орнына қатысты, сондай-ақ өзге де тез шешуді қажет ететін мәселелерді талқылай алады. |
A1 | Белгілі бір нақты бағыттағы қажеттілікті қанағаттандыруға бағытталған күнделікті өмірдегі таныс сөздер мен негізгі сөз тіркестерін түсінеді және қолданады. Өзін және өзге адамдарды таныстыра алады, сондай-ақ жеке өміріне қатысты сұрақтар қойып, оларға жауап бере алады, мысалы, тұрғылықты мекенжайы, таныс адамдар және адамның нені меңгергендігі туралы. Егер адамдар ақырын және анық сөйлесе, қарапайым деңгейде қарым - қатынас жасай алады, көмекке келуге дайындығын білдіреді. |
Жаратылыстану-математика бағыты бойынша "Химия", "Биология", "Физика", "Информатика" пәндері бойынща педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламасына 2-қосымша |
Оқу жоспары
№ | Іс шаралар | Сағат саны | |
1 кезең. Тестілеу | |||
1 | Ағылшын тілінің деңгейін анықтау үшін диагностикалық тестілеу (Placement Test). Тест жалпы ағылшын тілінің тексикасы мен грамматикасы бойынша білімін, сонымен қатар функционалдық тілді және оқу дағдылары бойынша білімін тексереді. Тіл білу деңгейі жалпы еуропалық тілдіік құзіреттілік шкаласына (CEFR – Common European Framework of Reference for Languages) сәйкес анықталады. | ||
2 кезең 1 Модуль. Мұғалімнің тілдік құзыреттілігін арттыру | |||
2 | Starter (Бастапқы) деңгейіндегі тыңдаушылармен жалпы ағылшын тілі курсын өткізу | 72 сағат | |
3 кезең 2 Модуль. Мұғалімнің тілдік және кәсіптік құзыреттілігін арттыру | |||
3 | Тілдік және кәсіби құзыреттілікті арттыру бойынша аралас курсын А1 (Elementary - базалық) деңгейіндегі тыңдаушыларға өткізу. Курстың мазмұны: ағылшын тілінің жалпы курсы (General English); оқытуға арналған ағылшын тілі курсы (Language for teaching) келесі тақырыптарды қарастырады: Language for introducing the topic of the lesson (сабақтың тақырыбын баяндауға арналған тіл); Language for giving instructions (нұсқаулықтарды түсіндіруге арналған тіл); Language for explaining language to students (білім алушыларға тілді түсіндіруге арналған тіл); Language for different classroom situations (сыныптағы әр түрлі оқиғаларға арналған тіл). Language for speaking fluently (сөйлеу мәнеріне арналған тіл) арнайы мақсатқа арналған ағылшын тілі (ESP – English for Specific Purpose). | 96 сағат | |
4 | Өздік жоба жұмысы | 12 сағат | |
4 кезең 3 Модуль. Мұғалімнің тілдік және кәсіптік құзыреттілігін арттыру | |||
5 | Тілдік және кәсіби құзыреттілікті арттыру бойынша аралас курсын А2 (Pre – Intermediate – ортадан төмен) деңгейіндегі тыңдаушыларға өткізу. Курстың мазмұны: ағылшын тілінің жалпы курсы (General English); оқытуға арналған ағылшын тілі курсы (Language for teaching) келесі тақырыптарды қарастырады: Language for helping learners to speak in class (оқушыларға сыныпта сөйлеуге көмектесуге арналғын тіл); Language for helping with learners’ problems (оқушылардың мәселелеріне көмектесуге арналған тіл); Language for responding to learners (оқушылардың сұрақтарына жауап беруге арналған тіл); Language for correcting learners (оқушылырдың қателерін дұрыстауға арналған тіл); Language for talking about learners’ progress (алға жылжу туралы талқылауға арналған тіл). Арнайы мақсатқа арналған ағылшын тілі (ESP – English for Specific Purpose). | 96 сағат | |
6 | Өздік жоба жұмысы | 12 сағат | |
5 кезең 4 Модуль. Мұғалімнің тілдік және кәсіптік құзыреттілігін арттыру | |||
7 | Тілдік және кәсіби құзыреттілікті арттыру бойынша аралас курсын B1 (Intermediate – орта) деңгейіндегі тыңдаушыларға өткізу. Курстың мазмұны: ағылшын тілінің жалпы курсы (General English); оқытуға арналған ағылшын тілі курсы (Language for teaching) келесі тақырыптарды қарастырады: Language for asking for advice and making suggestions (кеңес және ұсыныс жасауға арналған тіл); Language for meeting new people and talking about yourself (жаңа адамдармен кездесу және өзі туралы баяндауға арналған тіл); Language for face-to-face and online discussions (жеке және он-лайн талқылауға арналған тіл); Language for presenting a talk (сөз сөйлеуге арналған тіл); Language for evaluation and reflection (талқылауды қарастыру және бағалауға арналған тіл). Арнайы мақсатқа арналған ағылшын тілі (ESP – English for Specific Purpose). | 96 сағат | |
8 | Өздік жоба жұмысы | 12 сағат | |
6 кезең 5 Модуль. Мұғалімнің кәсіптік құзыреттілігін арттыру | |||
9 | Кәсіби құзыреттілікті арттыру бойынша аралас курсын B2 (Upper-Intermediate – ортадан жоғары) деңгейіндегі тыңдаушыларға өткізу. Курстың мазмұны: арнайы мақсатқа арналған ағылшын тілі (ESP – English for Specific Purpose); он-лайн режимінде берілген оқыту ретіндегі ағылшын тілі курсы (EMI – English as a Medium of Instructions online) | 56 сағат | |
10 | Өздік жоба жұмысы | 12 сағат | |
7 кезең Қорытынды тестілеу | |||
11 | Халықаралық сертификатталған Cambridge English Placement Test (online) тестін қолдана отырып, пән мұғалімдерінің лингвистикалық құзіреттілігін тестілеу | ||
12 | EMI бағдарламасының оқу нәтижесі бойынша сертификат алу |
Жаратылыстану-математика бағыты бойынша "Химия", "Биология", "Физика", "Информатика" пәндері бойынща педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламасына 3-қосымша |
Білім беру үрдісін ұйымдастыру
№ | Ағылшын тілін меңгеру деңгейі | Сағат (апта) сыйымдылығы | Сағат бөлу: тілдік және кәсіби құзыреттілік |
1 | Тілді (Starter – бастапқы) деңгейінде меңгерген мұғалімдерді даярлау | 72 сағат – тілдік құзыреттілік | Тілдік құзыреттілікті жетілдіру (1 деңгей) |
2 | Тілді A1 (Elementary – базалық) деңгейінде меңгерген мұғалімдерді даярлау | Жалпы практикалық курс – 96 сағат 75 сағат – тілдік құзыреттілік 21 сағат – кәсіби құзыреттілік +12 сағат өздік жұмыс | Тілдік құзыреттілікті (2 деңгей) және кәсіби құзыреттілікті жетілдіру |
3 | Тілді A2 (Pre-Intermediate – ортадан төмен) деңгейінде меңгерген мұғалімдерді даярлау | Жалпы практикалық курс – 96 сағат 65 сағат – тілдік құзыреттілік 31 сағат – кәсіби құзыреттілік +12 сағат өздік жұмыс | Тілдік құзыреттілікті (3деңгей) және кәсіби құзыреттілікті жетілдіру |
4 | Тілді B1 (Intermediate – орта) деңгейінде меңгерген мұғалімдерді даярлау | Жалпы практикалық курс – 96 сағат 50 сағат – тілдік құзыреттілік 46 сағат – кәсіби құзыреттілік +12 сағат өздік жұмыс | Тілдік құзыреттілікті (4 деңгей) және кәсіби құзыреттілікті жетілдіру |
5 | Тілді B2 (Upper – Intermediate – ортадан жоғары) деңгейінде меңгерген мұғалімдерді даярлау | Жалпы практикалық курс – 56 сағат +12 сағат өздік жұмыс | Кәсіби құзыреттілікті жетілдіру |
Қазақстан Республикасының орта білім беру мазмұнын жаңарту
шеңберінде "Тілдік құзыреттілік" педагог кадрлардың
біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламасы
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде "Тілдік құзыреттілік" педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламасы (әрі қарай – Бағдарлама) жаратылыстану – математика бағыты ("Информатика", "Физика", "Химия" және "Биология") пәндерін ағылшынша жүргізетін жалпы білім беру мекемелері мұғалімдерінің тілдік құзыреттілігін арттыру процессін реттейді.
2. Осы Бағдарламада жаратылыстану-математика бағыты бойынша ("Химия", "Биология", "Физика", "Информатика") пәндерін ағылшын тілінде оқу мазмұнын жаңарту бойынша мұғалімдердің тілдік және кәсіби құзыреттілігін арттырудың толық мәліметтері көрсетілген.
3. Бағдарлама оқыту тіліне қарамастан ағылшын тідінде оқытылады. Бағдарлама ағылшын тілін деңгейін және оқыту тәсілдерін қолдануын жетілдірү үшін біріктірілген тәсілді қамтамасыз етеді.
2-тарау. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
4. Бағдарламаның мақсаты: "Информатика", "Физика", "Химия" және "Биология" пәндері мұғалімдерінің кәсіби тілдік құзыреттілігін халықаралық білім стандарттарына сәйкес жоғарылату және курс аяғында English as Medium of Instruction (Ағылшын тілі нұсқаулықтар құралы ретінде), (әрі қарай – EMI) халықаралық сертификатын тапсыру.
5. Бағдарламаның міндеттері:
1) акцентті сөйлеу дағдысын дамытуға бағыттай отырып, тілдік қатынастың төрт түрін кешенді дамыту;
2) оқу және ұйымдастыру жұмыстарын ағылшын тілінде жүргізу мақсатында лексикалық қорды қалыптастыру;
3) "Информатика", "Физика", "Химия" және "Биология" пәндері бойынша сөздік қорды қалыптастыру және кеңейту;
4) сабақты ағылшын тілінде жүргізу дағдысын қалыптастыру және дамыту;
5) сыни ойлау дағдысын дамыту әдістемесін түсіну және қолдану.
3-тарау. Бағдарлама мазмұны мен құрылымы
6. Бағдарлама осы бағдарламаға сәйкес қосымшада көрсетілген жалпы, кәсіби және функционалды ағылшын тілін меңгеруді жетілдіру модульдарын қамтитын бес курстан (pre - А (Starter - базалық) - В2 (Upper – Intermediate – ортадан жоғары) тұрады.
7. Мұғалімдердің ағылшын тілін меңгеру деңгейлерін анықтау мақсатында Cambridge университетімен құрастырылған Cambridge English Placement test (Кэмбридждік деңгей анықтайтын ол-лайн тест), (әрі қарай - CEPT) тестілеуі жүргізіледі.
8. Әр курстың аяғында мұғалімдердіңағылшын тілін меңгеру деңгейін растайтын қорытынды тест өткізіледі.
9. Соңғы модульді өту барысында тыңдаушылар EMI (English as Medium of Instruction) емтиханын тапсыруға дайындалады.
10. Курс аяғында "Информатика", "Физика", "Химия" және "Биология" пәндері мұғалімдері ағылшын тілін меңгеру деңгейін жалпыеуропалық шкала Common European Framework of Reference (Ағылшын тілін меңгеру деңгейін анықтаудың жалпыеуропалық өлшемшарттары), (әрі қарай - CEFR) бойынша В2 (Upper – Intermediate – ортадан жоғары) деңгейіне көтереді, сабақты жүргізуге қатысты терминология мен кәсіби ағылшын тілін меңгереді.
Қазақстан Республикасында орта білім беру мазмұны жаңарту шеңберінде "Тілдік құзыреттілік" педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламасына қосымша |
Оқу жоспары
№ | Курс мазмұны | Апта саны |
Pre - A (ағылшын тілін меңгерудегі базалық деңгей) | ||
1 | Базалық тілдік деңгейдің қалыптасуы: оқу дағдысы, грамматиканың қарапайым түрлері, жазу, тыңдағанын түсіну; күнделікті тақырыптар шеңберіндегі сөйлеу курсын меңгеру. Жобалық жұмыс: практикалық сабақтар, аралық тексеру жұмыстары. | 3 |
А1 (ағылшын тілін меңгерудегі бастауыш деңгей) | ||
2 | Ағылшын тілінің басты дағдыларын дамыту: оқылым, жазылым, сөйлесім, тыңдағанын түсіну; күнделікті өмір тақырыбы бойынша сөйлеу практикасы. Жобалық жұмыс: практикалық сабақтар, аралық тексеру жұмыстары. | 5 |
А2 (ағылшын тілін меңгерудегі ортадан төменгідеңгей+ағылшын тілінің бейінді модулі) | ||
3 | Лексикалық және грамматикалық құрылымдардың күрделірек түрлерін меңгеру, күнделікті өмірге байланысты сөйлеу практикасы, ағылшын тілін таныс жағдаяттарда қолдану, ағылшын тілінде жүргізілген әңгіменің басты мазмұнын ешкімнің көмегінсіз түсіну, сонымен қатар пәнге байланысты әңгіме мен мәтінді түсіну. Бейінді ағылшын тілі: лексиканы пән бойынша кіргізу, сөздік құрастыру және пән бойынша деңгейге сәйкес бейімделген мәтіндерді оқу. Жобалық жұмыс: практикалық сабақтар, аралық тексеру жұмыстары, кәсібіне сәйкес мәтіндер мен өзбетінше жұмыс. | 6 |
Оқудағы үзіліс | 1 | |
В1 (ағылшын тілін меңгерудегі орта деңгей+ ағылшын тілінің бейінді модулі+ ағылшын тілінің функционалдық модулі) | ||
4 | Мұғалімнің сабақты ағылшын тілінде жүргізуі үшін функционалдық тілдің лексикалық қорын қалыптастыру, тілді әр түрлі стандарттық жағдаяттарда қолдану (презентацияларды өткізу, құжаттарды дайындау), мәтіннің басты идеясын түсіну, кәсіби және жеке сипаттағы мәтіндерді егжей-тегжейлі түсіну. Сабақтарды өткізу, оқу процесін ұйымдастыру, мұғалім нұсқаулықтарын түйіндеу, студенттердің білімін бағалау және студенттермен кері байланыс орнату, зерттеу жұмыстары, сыни ойлау дағдыларын дамыту, интерактивті сабақтарды дайындауға байланысты ағылшын тілі. Бейінді ағылшын тілі: сөздік қорды кеңейту, пән бойынша күрделірек мәтіндерді оқу, ағылшын тілінің жалпы курсынан қалыптасқан дағдыларын лекцияларды түсіну, мәтіндерді оқу, эсселер жазу, есеп беруде қолдану және интегралдау. Жобалық жұмыс: практикалық сабақтар, аралық тексеру жұмыстары, кәсібіне сәйкес мәтіндер мен өз бетінше жұмыс, мини-лекцияларды құрастыру, презентация, сабақ жоспарын, академиялық эссе жазу. | 10 |
В2 (ағылшын тілін меңгерудегі ортадан жоғарыдеңгей + ағылшын тілінің бейінді модулі+ ағылшын тілінің функционалдық модулі ) | ||
5 | Мұғалімнің кәсіптік саладағы мүддесі, күрделі, абстракты, нақты және арнайы тақырыптағы күрделі мәтіндерді түсінуге, пән мұғалімінің ауызша монологтық және диалогтық тілін дамытуға, жағдаятқа қатысты әр түрлі стильді пайдалануға байланысты, сонымен қатар өз пікірін айта алу, артықшылықтар мен кемшіліктерді, әр түрлі көз қарастарды салыстыру және сәйкестендіре алуға байланысты функционалды тілінің лексикалық қорын к еңейту. Сабақтарды өткізу, ғылыми зерттеу, оқу процесін ұйымдастыру, пәнмұғалімдерінің пән бойынша сөздік құрастыруға бағытталған жобалық жұмыстарн өз бетінше орындау, күнтізбелік тақырыптық жоспар және сабақ жоспарларын дайындау, ағылшын тіліндегі пәндік оқулықтар мен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын меңгеру, сыни ойлау дағдыларын дамыту әдістемесін меңгеруге байланысты ағылшынтілі. EMI (English as a Medium of Instruction) онлайн-курсын өту. Бейінді ағылшын тілі: сөздік қорды кеңейту, пән бойынша аутентикалық мәтіндерді оқу, ағылшын тілінің жалпы курсынан қалыптасқан дағдыларын лекцияларды түсіну, мәтіндерді оқу, эсселер жазу, есеп беруде қолдану және интегралдау. Жобалық жұмыс: практикалық сабақтар, аралық тексеру жұмыстары, кәсібіне сәйкес мәтіндер мен өз бетінше жұмыс, мини-лекцияларды құрастыру, презентация, сабақ жоспарын, академиялық эссе жазу. EMI (English as a Medium of Instruction) онлайн - курсын өтуге дайындалу. | 15 |
Қазақстан Республикасының орта білім беру мазмұнын жаңарту
шеңберінде "Ағылшын тілі оқытушыларының тілдік және
кәсіби біліктілігін арттыру" педагог кадрлардың
біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламасы
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде "Ағылшын тілі оқытушыларының тілдік және кәсіби біліктілігін арттыру" педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламасы (әрі қарай - Бағдарлама) білім беру үдерісін "Ағылшын тілі" пәні бойынша басқарып отырады.
2. Осы Бағдарламада орта білім беру мазмұны жаңартылған жағдайда "Ағылшын тілі" пәні оқытушылардың тілдік және кәсіби біліктілігін арттырудың толық мәліметтері көрсетілген.
3. Бағдарлама оқыту тіліне қарамастан ағылшын тідінде оқытылады. Бағдарлама ағылшын тілін деңгейін және оқыту тәсілдерін қолдануын жетілдірү үшін біріктірілген тәсілді қамтамасыз етеді.
2-тарау. Бағдарламаның мақсаты мен міндеті
4. Бағдарламаның мақсаты:ағылшын тілі оқытушыларының тілдік және кәсіби біліктілігін арттырып, курс аяқталғаннан кейін халықаралық стандартқа сәйкес Teaching Knowledge Test (Оқыту әдісі бойынша тест), (әрі қарай - TKT) Module 2 (Модуль 2) немесе Module 3 (Модуль 3) немесе TKT CLIL (Content and Language Integrated Learning – пән – тілді кешенді оқыту), (әрі қарай - ТКТ СLIL) халықаралық сертификатын беру және ағылшын тілі сабақтарын тиімді өткізуге және оқушыларды жаратылыстану бағытындағы пәндерді оқытуға дайындау.
5. Бағдарламаның міндеттері:
1) кәсіби біліктілікті арттыру;
2) тілдік қатысымдық құзіреттілікті арттыру;
3) сабақ берудің қатысымдық әдістемесіне үйрету;
4) ойлап сөйлеу әрекетін дамытуға арналған әдістемені үйрету;
5) оқытудың CLIL элементтерін пайдалана отырып сабақ өткізуге үйрету;
6) сабақты жоспарлауға және қосымша ресурстарды пайдаланана білуге үйрету;
7) оқыту мен сабақ барысын ұйымдастыруға үйрету.
3-тарау. Бағдарламаның құрылымы
6. Бағдарлама осы бағдарламаға сәйкес 1, 2, 3, 4 қосымшаларында көрсетілген ағылшын тілін меңгеру деңгейіне қарай төрт оқу жоспарынан тұрады.
7. Оқу жоспарларына тілдік дайындық бойынша модульдар мен біріктірілген дайындық элементтері бар ағылшын тілін оқытудың қатысымдық әдістемесі кіреді.
8. Деңгейді анықтау үшін Cambridge университетінің дайындаған (Cambridge English Placement test - Кэмбридждік деңгей анықтайтын он-лайн тест), (әрі қарай - CEPT) тесті мен деңгейді растау үшін әңгімелесу өткізіледі.
9. Әрбір курс аяқталғаннан кейін тілді TKT Module 2 (Модуль 2) немесе Module 3 (Модуль 3 ) немесе TKT CLIL арқылы меңгергенін растау үшін қорытынды тест өткізіледі.
10. Оқытудың нәтижесі: курс аяқталғаннан кейін ағылшын тілі оқытушылары ағылшын тілін меңгерудің жалпыевропалық шкаласы (CEFR – Common European Framework of Reference for Languages) бойынша В1 (Intermediate - орта), В2 (Upper-Inermediate – ортадан жоғары) деңгейіне жетеді; оқытудың қатысымдық әдістемесін меңгереді; ойлап сөйлеу әрекетін дамытуға арналған әдістемені үйренеді; оқытудың CLIL элементтерін пайдалана отырып сабақ өткізуге үйренеді;сабақты жоспарлауға және қосымша ресурстарды пайдаланана білуге үйренеді; оқыту мен сабақ барысын ұйымдастыруға үйренеді.
Оқу жоспары
№ | Тілді бастапқы деңгейде (А1 (Elementary - базалық) меңгерген ағылшын тілі оқытушыларына арналған курстың мазмұны | Апта саны |
A2 (ағылшынтілін меңгерудің ортадан төмен деңгейі ) | ||
1 | Тілді бастапқы деңгейден А2 (Pre-Intermediate – ортадан төмен) деңгейіне дейін көтеру; ағылшын тілін оқыту үшін қажетті күрделі лексикалық және грамматикалық құрылымдарды меңгеру; күнделікті және кәсіби өмірдегі тақырыптар бойынша сұхбаттасу практикасы; таныс жағдаяттарда ағылшын тілін қолдана білу; ағылшын тіліндегі сұхбаттардың негізгі мазмұнын біреудің көмегінсіз түсіну, сондай-ақ тілдің деңгейіне сәйкес мәтінді және тілді түсіну. Жобалау жұмыстары: практикалық сабақтар, аралық тексеру жұмыстары, деңгейге сәйкес мәтіндермен өз бетінше жасалатын жұмыстар. | 6 |
В1 (ағылшын тілін меңгерудің орта деңгейі) | ||
2 | Күнделікті өмірде кездесетін әр түрлі тақырыптағы нақты хабарламалардың негізгі идеясын түсіну, кәсіби қызметте кездесіп қалатын жағдайдың көпшілігінде қатысымға түсе білу; әсерін, оқиғаны, ынтасын айтып беру; өзінің ойларымен болашаққа жоспарын негіздей білу. Тілдік талдаудың жан-жақты әдістемесін: құрылымын анықтау мақсатында фонетика, лексика, сөзжасау, морфология, синтаксис, стилистиканың, тілдік бірліктердің түрлерін, олардың формаларымен жасалу тәсілдерін жүйелі қолдана білу, олардың мәтінде дұрыс қолданылуын білу Жобалау жұмыстары: практикалық сабақтар, аралық тексеру жұмыстары, салаға сәйкес мәтіндер мен өз бетінше жасайтын жұмыстар, мини-лекциялар, презентациялар, сабақ жоспарларын дайындау, академиялық эссе жазу. | 6 |
Біріктірілген дайындық элементтері бар ағылшын тілін оқытудың Қатысымдық әдістемесінің модулі | ||
3 | Сабақты жоспарлауға арналған ағылшын тілі; оқу құралдарын, ресурстар мен материалдарды пайдалана білу; сабақ барысы және сабақ өткізу; оқыту процесін басқару. Пәндерді ағылшын тілінде оқыту мен үйрету дағдысын қалыптастыру. Жобалау жұмыстары: практикалық сабақтар, аралық тексеру жұмыстары, өз бетінше жасайтын жұмыстар, біріктірілген пәндік-тілдік элементтері (CLIL - Content and Language Integrated Learning)бар сабақтарды жоспарлау және көрсету. | 8 |
Оқу жоспары
№ | Тілді ортадан төмен деңгейде (А2 (Pre – Intermediate – ортадан төмен) меңгерген ағылшын тілі оқытушыларына арналғанкурстың мазмұны | Апта саны |
В1 (ағылшын тілін меңгерудің орта деңгейі) | ||
1 | Күнделікті өмірде кездесетін әр түрлі тақырыптағы нақты хабарламалардың негізгі идеясын түсіну, кәсіби қызметте кездесіп қалатын жағдайдың көпшілігінде қатысымға түсе білу; әсерін, оқиғаны, ынтасын айтып беру; өзінің ойларымен болашаққа жоспарын негіздей білу. Тілдік талдаудың жан-жақты әдістемесін: құрылымын анықтау мақсатында фонетика, лексика, сөз жасау, морфология, синтаксис, стилистиканың, тілдік бірліктердің түрлерін, олардың формалары мен жасалу тәсілдерін жүйелі қолдана білу, олардың мәтінде дұрыс қолданылуын білу. Жобалау жұмыстары: практикалық сабақтар, аралық тексеру жұмыстары, салаға сәйкес мәтіндермен өз бетінше жасайтын жұмыстар, мини-лекциялар, презентациялар, сабақ жоспарларын дайындау, академиялық эссе жазу. | 6 |
Біріктірілген дайындық элементтері бар ағылшын тілін оқытудың Қатысымдық әдістемесінің модулі | ||
2 | Сабақты жоспарлауға арналған ағылшын тілі; оқу құралдарын, ресурстар мен материалдарды пайдалана білу; сабақ барысы және сабақ өткізу; оқыту процесін басқару. Пәндерді ағылшын тілінде оқыту мен үйрету дағдысын қалыптастыру. Жобалау жұмыстары: практикалық сабақтар, аралық тексеру жұмыстары, өз бетінше жасайтын жұмыстар, біріктірілген пәндік-тілдік элементтері (CLIL - Content and Language Integrated Learning) бар сабақтарды жоспарлау және көрсету. | 8 |
Оқу жоспары
№ | Тілді орта деңгейде (В1 (Inermediate - орта) меңгерген ағылшын тілі оқытушыларына арналғанкурстың мазмұны | Апта саны |
В1+ (ағылшынтілінмеңгерудіңортаданжоғарыдеңгейі) | ||
1 | Өзінің көңіл-күйін, күйзелісін егжей-тегжей айтып бере білу; кенеттен болған оқиғаларды айтып бере білу, күйзелісін салыстырмалы түрде сипаттай білу. Әр түрлі көздер ден алынған ақпаратты талдап қорыту және талқылай білу; өзінің көз қарасын артықшылығымен кемшілігін түсіндіре отырып, келіскенімен қарсылығын дәлелдей білу; дәлелді баяндама және басқа да мәтіндер жаза білу; бейімделмеген мәтіндерді ағылшын тілінде оқи білу; күрделі мәтіндердің мазмұнын айтып бере білу. | 4 |
Біріктірілген дайындық элементтері бар ағылшын тілін оқытудың Қатысымдық әдістемесінің модулі | ||
2 | Сабақты жоспарлауға арналған ағылшын тілі; оқу құралдарын, ресурстармен материалдарды пайдалана білу; сабақ барысы және сабақ өткізу; оқытупроцесінбасқару. Пәндерді ағылшын тілінде оқыту мен үйрету дағдысын қалыптастыру. Жобалау жұм ыстары: практикалық сабақтар, аралық тексеру жұмыстары, өз бетінше жасайтын жұмыстар, біріктірілген пәндік-тілдік элементтері (CLIL - Content and Language Integrated Learning) бар сабақтарды жоспарлау және көрсету. | 8 |
Оқу жоспары
№ | Тілді ортадан жоғары деңгейде (В2 (Upper – Inermediate – ортадан жоғары) меңгерген ағылшын тілі оқытушыларына арналғанкурстың мазмұны | Апта саны |
Біріктірілген дайындық элементтері бар ағылшын тілін оқытудың қатысымдық әдістемесінің модулі | ||
1 | Сабақты жоспарлауға арналған ағылшын тілі; оқу құралдарын, ресурстар мен материалдарды пайдалана білу; сабақбарысы және сабақ өткізу; оқыту процесін басқару. Пәндерді ағылшын тілінде оқыту мен үйрету дағдысын қалыптастыру. Жобалау жұмыстары: практикалық сабақтар, аралық тексеру жұмыстары, өз бетінше жасайтын жұмыстар, біріктірілген пәндік-тілдік элементтері (CLIL - Content and Language Integrated Learning) бар сабақтарды жоспарлау және көрсету. | 8 |