Пошта жөнелтiлімдерiн iшкi су көлiгiмен тасымалдау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 26 қыркүйектегі № 172 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 28 қазанда № 14376 болып тіркелді

      «Iшкi су көлiгi туралы» 2004 жылғы 6 шілдегі Қазақстан Республикасы Заңының 55-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Пошта жөнелтiлімдерiн iшкi су көлiгiмен тасымалдау қағидалары бекітілсін.
      2. «Почта жөнелтімдерін ішкі су көлігімен тасымалдау Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі төрағасының 2005 жылғы 28 ақпандағы № 57-п бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3557 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс департаменті (В.В. Ярошенко):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан республикасының
      Ақпарат және коммуникациялар
      министрі                                   Д. Абаев

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму министрі
      ___________ Ж. Қасымбек
      2016 жылғы «____»___________

Қазақстан Республикасы  
Ақпарат және коммуникациялар
министрінің        
2016 жылғы 26 қыркүйектегі 
№ 172 бұйрығымен    
бекітілген        

Пошта жөнелтiлімдерiн ішкі су көлігімен
тасымалдау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Пошта жөнелтiлімдерiн ішкі су көлігімен тасымалдау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі және «Пошта туралы» 2016 жылғы 9 сәуірдегі (бұдан әрі – Пошта туралы заң) Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында пошта жөнелтiлімдерiн ішкі су көлігімен (бұдан әрі – су көлігі) тасымалдау тәртібін айқындайды.
      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) пошта жөнелтілімдерi – пошта операторы жіберуге қабылдаған жазбаша хат-хабар, жіберілімдер;
      2) пошта операторы – Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген, пошта қызметі саласында көрсетілетін қызметтерді ұсынатын жеке немесе заңды тұлға;
      3) тасымалдаушы – кеменi меншiк құқығымен немесе өзге де заңды негiздермен иеленушi, жолаушыларды, багаж бен жүктердi тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсететiн және тасымал құжаттарында көрсетiлген тұлға.
      3. Пошта операторы тасымалдаушының кемелер қозғалысының кестесі негізінде пошта жөнелтілімдерін су көлігімен тасымалдау кестесін құрады.
      4. Пошта жөнелтiлімдерiн тасымалдау үшін ақы тасымалдаушы және пошта операторы арасында жасалынатын шарттар негізінде жүргізіледі.

2-тарау. Пошта жөнелтiлімдерiн тасымалдау тәртібі

      5. «Пошта туралы» Заңының 5-бабының 16) тармақшасына сәйкес пошта саласындағы уәкiлеттi органмен бекітілетін Пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну қағидаларында белгіленген тәртіпте пошта операторы тасымалдаушыға пошта жөнелтілімдерін береді (бұдан әрі – Ұсыну қағидалары).
      6. Әр белгіленген пункт үшін пошта жөнелтiлімдерiне осы Қағидаларға 1-қосымшада көзделген нысан бойынша екі данада жеке маршруттық жөнелтпе құжат толтырылады.
      7. Бір данасы пошта жөнелтілімдерімен жіберіледі, екінші данасы пошта операторында қалады.
      Барлық пошта жөнелтілімдері айырбастау кезегінің тәртібімен маршруттық жөнелтпе құжатқа әр рейске екі данадан жазылады.
      8. Тасымалдаушы пошта жөнелтiлімдерiнің жалпы салмағының маршруттық жөнелтпе құжатымен сәйкестігін тексереді.
      9. Жағалауында сақтау үй-жайлары жоқ пункттерде пошта жөнелтілімдері су көлігіне тікелей пошта операторымен жеткізіледі.
      10. Пошта жөнелтiлімдерiн тапсыру мен қабылдау тасымалдаушының су көлігінің қозғалыс кестесіне сәйкес пошта операторымен жүзеге асырылады.
      11. Пошта жөнелтілімдері тасымалдаушының және пошта операторының өкілдері маршруттық жөнелтпе құжаттарына қол қойған кезінен бастап тасымалдаушымен жеткізілді деп саналады.
      12. Тасымалдаушының кесірінен рейс кідірген жағдайда, пошта жөнелтілімдері тасымалдаушымен су көлігінің бірінен түсіріп басқасына тиеледі, немесе белгіленген пунктке көліктің басқа түрімен тасымалдаушы есебінен жіберіледі.
      13. Тасымалдаушы су көлігінің техникалық сипаттамасында көзделген жүктеу мөлшерін ескере отырып, пошта жөнелтілімдерді су көлігін тасымалдауда рұқсат етілетін саны мен салмағында тасымалдауға қабылдайды.
      14. Тасымалдаушы немесе пошта операторы тарапынан болатын бұзушылықтар, одан әрі жоғарыда көрсетілген тұлғалардың мүліктік жауапкершілігі үшін негіз болатын, осы Қағидалардағы 2-қосымшаға сәйкес, нысан бойынша бұзушылықтар туралы жалпы нысандағы актімен (бұдан әрі – Акт) куәландырады.
      15. Акт мынадай:
      1) су көлігінің жөнелту пунктінен жөнелуін тоқтатуы немесе кідіртуі, басталған рейстің тоқтатылуы, жол үстінде ұзақ мерзімге кідіруі және амалсыздан тоқтауы;
      2) тасымалдаушының кінәсінен болған пошта жөнелтiлімдерiнің жетіспеуі немесе бүлінуі анықталуы;
      Ескертпе. Бұл ретте пошта жөнелтілімінің сыртқы жай-күйі егжей-тегжейлі сипатталады, құжат бойынша және нақты салмағы, сыртқы бұзылған жағдайда – ішкі құрамы көрсетіледі (әрбір пошта жөнелтілімі, оның жай-күйі, көлемі, салмағы, сондай-ақ пошта жөнелтілімі қабының жалпы салмағы, ыдыстың салмағы, жарияланған құндылық);
      3) тасымалданған пошта жөнелтiлімдерiнің нақты салмағының ілеспе құжаттарда көрсетілген салмағынан асып кетуі жағдайларын куәландыру үшін жасалады.
      Ескертпе. Бұл жағдайда акт нақты жөнелтілген пошта жөнелтiлімдерiне есептесуге негіз болады.
      16. Акт пошта операторы және тасымалдаушы үшін тең күші бар екі данада жасалады.
      17. Актіде барлық акті жасалу кезге мәлім болған шарттың бұзылу себебі туралы дұрыс тұжырым жасауға мүмкіндік беретін мәліметтер, сондай-ақ ол бойынша шешімі көрсетіледі.
      Актіге пошта операторының және тасымалдаушының өкілдері қол қояды.
      Акт жасауға қатысатын тараптар актінің мазмұнымен келіспеген жағдайда, оған қол қоюдан бас тартады.
      Бұл жағдайда, актіге қол қоюдан бас тартқан тараптар оған өздерінің дәлелді негіздерін баяндайды.
      18. Акт пошта операторының және тасымалдаушының басшыларымен бекітіледі және пошта операторының және тасымалдаушының мөрлерімен расталады.
      19. Актіні бекітуден бас тартқан пошта операторының немесе тасымалдаушының басшысы акті жасалғаннан күннен кейін бес жұмыс күні ішінде басқа тарапқа жазбаша қарсылық жолдайды.
      Актіге ескертумен қол қойылғанда, пошта операторының және тасымалдаушының басшылары туындаған келіспеушіліктерді қарайды және олар бойынша бес жұмыс күні ішінде шешім қабылдайды.
      20. Пошта жөнелтiлімдерiн жолданушыға жеткізу және тапсыру Ұсыну қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Пошта жөнелтiлімдерiн ішкі су 
көлігімен тасымалдау қағидаларына
1-қосымша         

нысан

20__ жылғы «____» __________
№___ маршруттық жөнелтпе құжаты

(пошта жөнелтілімдерін тапсыру және қабылдау үшін)

Пошта жөнелтілімдерін тапсыру және қабылдау уақыты:___________

Жөнелту, тұрақтау және келу орнының атауы

Пошта жөнелтілімдерінің түрлері

Орын саны

Салмағы




































Тасымалдаушының өкілі ________    Пошта операторының өкілі _________
______________________________    ________________________________
          (қолы)                             (қолы)

Пошта жөнелтiлімдерiн ішкі су 
көлігімен тасымалдау қағидаларына
2 қосымша          

нысан

______________________ басшысы     _________________________ басшысы
    (тасымалдаушы)                      (пошта операторы)

20__ ж. "___" _____________        20__ ж. "___"____________________

__________________ мөр орны үшін    __________________ мөр орны үшін
(мөр болған жағдайда)                  (мөр болған жағдайда)

Бұзушылықтар туралы
№ ____ жалпы нысандағы акт

_____________________________         ______________________________
         (күні)                                (порт атауы)

      Осы актіні пошта операторы _________________________ және
тасымалдаушы ________________________ жасады, оған себеп, __________
ж. _________________ тарапынан Пошта жөнелтiлімдерiн ішкі су
көлігімен тасымалдау қағидаларының, Қазақстан Республикасының басқа
да заңнамалық актілерінің және пошта жөнелтiлімдерiн су көлігімен
тасымалдау шарттары талаптарының бұзылуына жол берілген, ол
төмендегідей білдірілген: (бұзушылық сипаттамасы, су көлігінің №,
рейс №, бұзушылық күні көрсетілсін, бұл ретте болжаулы бұзушылық
факті және ол бойынша шешім келтіріледі).
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Акт тексеру және бұзуды жою бойынша шаралар қабылдау үшін жасалды.

Тасымалдаушының өкілі ________     Пошта операторының өкілі__________
______________________________     ________________________________
        (қолы)                                 (қолы)

Об утверждении Правил перевозки почтовых отправлений внутренним водным транспортом

Приказ Министра информации и коммуникаций Республики Казахстан от 26 сентября 2016 года № 172. Зарегистрирован Министерством юстиции Республики Казахстан 28 октября 2016 года № 14376.

      В соответствии с пунктом 2 статьи 55 Закона Республики Казахстан от 6 июля 2004 года "О внутреннем водном транспорте", ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила перевозки почтовых отправлений внутренним водным транспортом.

      2. Признать утратившим силу приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по информатизации и связи от 28 февраля 2005 года № 57-п "Об утверждении Правил перевозки почтовых отправлений внутренним водным транспортом" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3557).

      3. Департаменту связи Министерства информации и коммуникаций Республики Казахстан (Ярошенко В.В.) обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) направление копии настоящего приказа на официальное опубликование в периодические печатные издания и информационно-правовую систему "Әділет" в течение десяти календарных дней после дня его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      3) направление копии настоящего приказа в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" Министерства юстиции Республики Казахстан для размещения в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      4) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства информации и коммуникаций Республики Казахстан и на интранет-портале государственных органов;

      5) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства информации и коммуникаций Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта.

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра информации и коммуникаций Республики Казахстан.

      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Министр


информации и коммуникаций


Республики Казахстан

Д. Абаев

      "СОГЛАСОВАН"

      Министр по инвестициям и развитию

      Республики Казахстан

      ___________ Ж. Касымбек

      "____"___________ 2016 год



  Утверждены
приказом Министра
информации и коммуникаций
Республики Казахстан
от 26 сентября 2016 года № 172

Правила перевозки почтовых отправлений
внутренним водным транспортом
Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила перевозки почтовых отправлений внутренним водным транспортом (далее - Правила) разработаны в соответствии с законами Республики Казахстан от 6 июля 2004 года "О внутреннем водном транспорте" и от 9 апреля 2016 года "О почте" (далее – Закон о почте) и определяют порядок перевозки почтовых отправлений внутренним водным транспортом в Республике Казахстан (далее - водный транспорт).

      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:

      1) почтовые отправления – письменная корреспонденция, посылки, принятые к пересылке оператором почты;

      2) оператор почты – зарегистрированное на территории Республики Казахстан физическое или юридическое лицо, предоставляющее услуги в сфере почтовой деятельности;

      3) перевозчик – лицо, владеющее на праве собственности или иных законных основаниях судном, предоставляющее услуги по перевозке пассажиров, багажа и грузов и указанное в перевозочных документах.

      3. Оператор почты составляет расписание перевозок почтовых отправлений водным транспортом на основании расписания движения судов перевозчика.

      4. Оплата за перевозку почтовых отправлений производится на основании договора, заключаемого между перевозчиком и оператором почты.

Глава 2. Порядок перевозки почтовых отправлений

      5. Почтовые отправления передаются оператором почты перевозчику в порядке, установленном Правилами предоставления услуг почтовой связи, утверждаемыми уполномоченным органом в области почты в соответствии с подпунктом 16) статьи 5 Закона о почте (далее – Правила предоставления).

      6. Для каждого пункта назначения на почтовые отправления составляются отдельные маршрутные накладные в двух экземплярах, по форме, предусмотренной приложением 1 к настоящим Правилам.

      7. Один экземпляр направляется с почтовыми отправлениями, второй экземпляр остается у оператора почты.

      Все почтовые отправления записываются в порядке очередности обменов в маршрутную накладную в двух экземплярах на каждый рейс.

      8. Перевозчик проверяет общую массу почтовых отправлений на соответствие с маршрутными накладными.

      9. В пунктах, где имеется причал без складских помещений для хранения, почтовые отправления доставляются оператором почты непосредственно к водному транспорту.

      10. Сдача и прием почтовых отправлений осуществляется оператором почты, согласно расписанию движения водного транспорта перевозчика.

      11. Почтовые отправления считаются доставленными перевозчику с момента подписания маршрутных накладных представителями перевозчика и оператора почты.

      12. В случае задержки рейса по вине перевозчика, почтовые отправления перегружаются перевозчиком с одного водного транспорта на другой, либо направляются в пункт назначения иным видом транспорта за счет перевозчика.

      13. Перевозчик принимает к перевозке почтовые отправления в количестве и массе, допустимой к перевозке водным транспортом с учетом норм загрузки, предусмотренными техническими характеристиками водного транспорта.

      14. Нарушения со стороны перевозчика либо оператора почты, которые в дальнейшем послужат основанием для имущественной ответственности вышеуказанных лиц, удостоверяются актом общей формы о нарушениях (далее - акт), по форме, согласно приложению 2 к настоящим Правилам.

      15. Акт составляется в случаях:

      1) отмены или задержки отправки водного транспорта из пункта отправления, прекращения начатого рейса, длительной задержки и вынужденной остановки в пути;

      2) обнаружения недостачи или повреждения почтовых отправлений по вине перевозчика.

      Примечание. При этом подробно характеризуется наружное состояние почтового отправления, указывается масса по документам и фактическая, при нарушении оболочки - внутреннее содержание (раздельно перечисляется каждое почтовое отправление, его состояние, размер, масса, а также общая масса вложения почтового отправления, масса тары, объявленная ценность);

      3) превышения фактической массы перевозимых почтовых отправлений, от массы, указанной в сопроводительных документах.

      Примечание. В этом случае акт служит основанием для расчета за фактически отправленные почтовые отправления.

      16. Акт составляется в двух экземплярах, которые имеют равную силу – для оператора почты и перевозчика.

      17. В акте отражаются все известные на момент составления акта сведения, позволяющие сделать правильное заключение о причине нарушения договора, а также с указанием решения по нему.

      Акт подписывается представителями оператора почты и перевозчика.

      Стороны, участвующие в составлении акта, отказываются от его подписания, при несогласии с содержанием акта.

      В этом случае, сторона отказавшаяся подписать акт излагает в нем свое мотивированное обоснование.

      18. Акт утверждается руководителями оператора почты и перевозчика и заверяется печатями оператора почты и перевозчика.

      19. Руководитель оператора почты или перевозчика, отказавшийся утвердить акт, в течение пяти рабочих дней со дня составления акта передает другой стороне письменное возражение.

      При подписании акта с оговоркой, руководители оператора почты и перевозчика рассматривают возникшие разногласия и в течение пяти рабочих дней принимают по ним решение.

      20. Доставка и вручение адресату почтовых отправлений осуществляется в соответствии с Правилами предоставления.

  Приложение 1
к Правилам перевозки почтовых
отправлений внутренним водным
транспортом

      форма

      Маршрутная накладная №___

      от "____" __________ 20__ года

      (для сдачи и приема почтовых отправлений)

      Время сдачи и приема почтовых отправлений:___________

Наименование места отправки, стоянок и прибытия

Виды почтовых отправлений

Количество мест

Вес





































Представитель перевозчика

______________________(подпись)

Представитель оператора почты

_____________________(подпись)

  Приложение 2
к Правилам перевозки почтовых
отправлений внутренним водным
транспортом

      форма

Руководитель ______________

(перевозчика)

"___"___________  20__ г.

_______________ место для печати

(при наличии печати)

Руководитель ______________

(оператора почты)

"___"___________  20__ г.

________________ место для печати

(при наличии печати)


      Акт общей формы №____

      о нарушениях

      _____________________ _____________________________________

       (дата) (наименование порта)

      Настоящий акт составлен оператором почты ____________________ и

      перевозчиком ____________________________ о том, что

      __________________ года со стороны ____________________________

      допущено нарушение Правил перевозки почтовых отправлений внутренним

      водным транспортом, других законодательных актов Республики Казахстан

      и условий договора на перевозку почтовых отправлений водным

      транспортом, выразившееся в следующем: (указать характер нарушения, №

      водного транспорта, № рейса, дату нарушения, при этом описывается

      факт предполагаемого нарушения и решение по нему).

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Акт составлен для расследования, принятия мер по устранению

      нарушений.

Представитель перевозчика

______________________(подпись)

Представитель оператора почты

_____________________(подпись)