Почта жөнелтімдерін ішкі су көлігімен тасымалдау Ережесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі төрағасының 2005 жылғы 28 ақпандағы N 57-п Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2005 жылғы 8 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 3557

     "Ішкі су көліктері туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған почта жөнелтімдерін ішкі су көлігімен тасымалдау ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат және қаржылық реттеу департаменті (А.А.Сейтімбеков) осы бұйрықты белгіленген тәртіп бойынша Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Төрағасының орынбасары Д.С. Оразалиновке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енеді және Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің WEB-сайтына қойылады.

       Төраға

      Келісілген:

       Қазақстан Республикасының Көлік
      және коммуникациялар Министрі
      2005 жыл 11 наурыз

Қазақстан Республикасының     
Ақпараттандыру және байланыс    
агенттігі Төрағасының       
2005 жылғы 28 ақпандағы N 57-п   
бұйрығымен бекітілген        

Почта жөнелтімдерін ішкі су көлігімен
тасымалдау ережесі 1. Жалпы ережелер

     1. Осы Почта жөнелтімдерін ішкі су көліктерімен тасымалдау ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының " Ішкі су көлігі туралы " және " Байланыс туралы " Заңдарына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасында почта жөнелтімдерін ішкі су көлігімен (бұдан әрі - су көлігі) тасымалдауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді.
 

     2. Тасымалдаушы мен почта операторының почта жөнелтімдерін тасымалдау кезінде олардың құқықтары, міндеттері мен жауапкершіліктері Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес және тасымалдаушы мен почта операторының почта жөнелтімдерін тасымалдауда өзара жасасқан шарттарымен (бұдан әрі - шарт) айқындалады.
 

     3. Тасымалдаушы почта операторына кемелер қозғалысының кестесін ұсынады. Осы кесте негізінде почта операторы почта маршруттары бойынша су көлігімен тасымалдану кестесін құрады.
     Кеме қозғалыстарының кестесі өзгерген жағдайда тасымалдаушы почта операторына өзгеріс енгізіліп жүргізілуіне дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлайды.
 

     4. Почта жөнелтімдерін тасымалдау үшін ақы тасымалдаушы мен почта операторы жасасқан шарттар негізінде жүргізіледі.
 

     5. Почта операторы ілесіп жүруімен почта жөнелтімдерінің сақталуын қамтамасыз етуі мүмкін.
     Тасымалдаушы почта операторына "Ішкі су көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  51 бабының 4 және 8 тармақтарында қаралған, белгіленген тәртіппен ақылы негізде орын-жай ұсынады және жағдай жасайды.

2. Почта жөнелтімдерін тасымалдау тәртібі

     6. Почта жөнелтімдері стандартты арнаулы қаптарда буылып-түйіліп, бекіту-пломбалау құралымен пломбаланады немесе сүргіш мөрімен мөрленеді, сонымен бір қаптың салмағы және де басқа да почта жөнелтімдерінің рәсімдеу стандарттары байланыс саласындағы уәкілетті органмен белгіленген тәртіпке сәйкес қолданылады.
 

     7. Әр пункт үшін белгіленген қаптардың почта жөнелтімдеріне екі данада жүк құжаты толтырылады, оның біреуі почта жөнелтімдерімен жіберіледі.
     Барлық почта жөнелтімдері шартта қаралған (почта жөнелтімдерінің санын көрсетумен) жүк құжатының түрлері бойынша маршруттарды айырбастау кезегінің тәртібімен жазылады және әр рейске екі данадан толтырылады.
     Маршруттық жүк құжатында су көлігінің тұрақ пункттері, почта жөнелтімдерінің қайда бағытталғаны, түрлері бойынша олардың саны және де әр белгіленген пунктке дейінгі почта жөнелтімдерінің салмағы және жалпы саны кезекпен көрсетіледі
 

     8. Тасымалдаушының қызметкерлері почта жөнелтімдерінің жалпы салмағының жүк құжатымен сәйкестігін тексеруі мүмкін.
 

     9. Жағалауында сақтау орын-жайлары жоқ пункттерде почта жөнелтімдері су көлігіне тікелей почта операторымен жеткізіледі. Почта жөнелтімдерін ұсыну мен қабылдаудың мерзімі мен тәртібі шартта белгіленеді.
 

     10. Почта жөнелтімдері тасымалдаушының қызметкерлері мен почта операторының жүк құжаттарына қол қойған кезінен бастап жеткізілді деп саналады
 

     11. Рейстің шартта келісілген мерзімнен көп кешігуі кезінде және қажет болған басқа да жағдайларда жеткізуді жылдамдату мақсатында почта жөнелтімдері белгіленген пунктке көліктің басқа түрімен кінәлі жақ есебінен жіберілуі немесе оларды су көлігінің бірінен түсіріп басқасына тиелуі мүмкін.
 

     12. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде қаралмаған жағдайда жолаушыларды басқа рейстермен жіберу үшін жоспарланған рейстен почта жөнелтімдерінің жүгін азайтуға немесе алып тастауға жол берілмейді.

3. Жалпы нысанды актіні жасау тәртібі

     13. Тасымалдаушы және почта операторының почта жөнелтімдерін тасымалдауын жүзеге асыру кезінде мүліктік жауапкершілігіне негіз бола алатын жағдайлар арыз бойынша осы Ереженің қосымшасына сәйкес жалпы нысанды актімен (бұдан әрі - акті) куәландырылады.
 

     14. Акті төмендегі жағдайларды куәландыру үшін жасалады:
     1) су көлігінің жөнелту пунктінен жөнелуін тоқтату немесе кідіртуі, басталған рейстің тоқтатылуы, жол үстінде ұзақ мерзімге кідіртілуі және амалсыздан тоқтатылуы;
     2) тасымалдаушының кінәсінен болған почта жөнелтімдерінің жетіспеуі немесе бүлінуі анықталғанда. Ондайда қаптың сыртқы ахуалы егжей-тегжейлі сипатталады, құжаттар бойынша және іс жүзіндегі салмағы көрсетіледі, қапшығы бұзылғанда - ішкі мазмұны (әр почта жөнелтімі бөлек, оның ахуалы, көлемдері, салмағы, сондай-ақ қап салынымының жалпы салмағы, бума салмағы және тағы басқалары көрсетіледі);
     3) тасымалданған почта жөнелтімдерінің шын салмағының ілеспе құжаттарда көрсетілгеннен асып кеткенде. Бұл жағдайда акті шын тасымалданған почта жөнелтімдеріне есептесуге негіз болады;
     4) осы Ереженің басқа да бұзылу жағдайларында.
 

     15. Акті тең күші бар екі данада жасалады: бір данасы почта операторы үшін және біреуі - тасымалдаушы үшін. Актіде барлық акті жасалу кезге мәлім болған, келісімнің шарттарын бұзу себебі туралы дұрыс тұжырым жасауға мүмкіндік беретін мәліметтер және ол бойынша шешім көрсетілу тиіс.
     Актіге тасымалдаушы және почта операторының қызметкерлері қол қояды.
     Акті жасауға қатысатын тараптар оған қол қоюдан бас тартуға құқылы. Актінің мазмұнымен келіспеген жағдайда тараптар онда өз пікірін келтіруге құқылы.
     Акті қол қойылғаннан кейін тараптарға дереу табыс етіледі.
 

     16. Акті тасымалдаушы және почта операторының басшыларымен бекітіледі және тасымалдаушы және почта операторының мөрлерімен расталады.
 

     17. Актіні бекітуден бас тартқан тасымалдаушы немесе почта операторының басшысы акті жасалғаннан күннен кейін бес күндік мерзімде басқа тарапқа жазбаша қарсылық жолдайды.
     Актіге ескертумен қол қойылғанда тасымалдаушы және почта операторының басшылары туындаған келіспеушіліктерді қарайды және олар бойынша тиісті мерзімде шешім қабылдайды.

                                        Қазақстан Республикасының
                                      Ақпараттандыру және байланыс
                                          агенттігі Төрағасының
                                     2005 жылғы 28 ақпандағы N 57-п
                                           бұйрығымен бекітілген
                                     Почта жөнелтімдерін ішкі су
                                     көлігімен тасымалдау ережесіне
                                                қосымша

______________________ басшысы   _________________________  басшысы
(тасымалдаушы, почта операторы)  (тасымалдаушы, почта операторы)
200__ ж. "___" _______________   200__ ж. "___" ____________________
______________________________   ___________________________________

       Почта жөнелтімдерін ішкі су көлігімен тасымалдау
          ережесін бұзу туралы жалпы нысанды акт N ____

_______________________          ___________________________________
       (күні)                               (порт атауы)

     Осы акті почта операторы______________________________________
                                   (бөлімшесінің  атауы)
және тасымалдаушы___________________________________________________
                                 (порттың атауы)
жасалды, оған себеп, ____________________ ж. тарапынан Почта
жөнелтімдерін ішкі су көлігімен тасымалдау ережесін, Қазақстан
Республикасының басқа заңнамалық кесімдерін және почта
жөнелтімдерін су көлігімен тасымалдау келісімінің шарттарын
бұзушылық жасалды, ол төмендегідей білдірілген: (бұзушылық
сипаттамасы, су көлігінің N, рейс N, бұзушылық күні көрсетілсін.
Сонымен қатар, болжаулы бұзушылық факті және ол бойынша шешім
келтіріледі.)
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

     Акті тексеру және бұзуды жою (түзету) бойынша шаралар қабылдау үшін жасалды.

Тасымалдаушының өкілі _________  Почта операторының өкілі __________
_______________________________  ___________________________________
             (қолы)                          (қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады