"Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 21 қазандағы № 446 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 2 қарашада № 14384 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескетрпесі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілуін тәртібін 3-т.қараңыз

       БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10087 болып тіркелген, 2015 жылғы 26 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес әзірленді және тиісті қаржы жылына арналған бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау (бұдан әрі - субсидиялар) тәртібін айқындайды.";

      мынадай мазмұндағы 4-1- тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Субсидиялар өңдеуші кәсіпорындарға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес түпкілікті өнімді бастапқы өнімге қайта есептеу коэффициенті мен облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің қаулысымен бекітілетін өнімдер тізбесіне сәйкес бағыттар бойынша сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативтерін (бұдан әрі - субсидиялар нормативтері) ескере отырып, өнімдер тізбесіне сәйкес өндірілген өнім бірлігіне төленеді.

      Бұл ретте қант қызылшасын өңдеуші кәсіпорындар үшін субсидиялар екі траншпен төленеді:

      1) бірінші транш ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден нақты сатып алынған қант қызылшасының көлеміне субсидия алуға өтінім берілген кезде субсидиялардың жалпы сомасының 55%-ы мөлшерінде;

      2) екінші транш өндірілген дайын өнім көлемі туралы статистикалық деректерді бере отырып, қалған субсидия көлемін алуға өтінім берілген кезде субсидиялардың жалпы сомасының 45%-ы мөлшерінде.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Субсидиялар нормативтері ғылыми немесе ғылыми-техникалық қызмет саласында аккредиттеуі бар аграрлық бейінді ғылыми ұйымдармен келісілгеннен кейін, әрбір субсидиялар нормативі бойынша негіздемелерді қоса бере отырып, облыс, Астана және Алматы қалалары әкімінің, ол болмаған жағдайда оның міндетін атқарушы адамның қолы қойылған ілеспе хатпен екі данада Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) қарауына беріледі.

      Оң нәтиже кезінде Министрлік тиісті ілеспе хатпен субсидиялар нормативтерінің бір данасын кері қайтарады.

      Теріс нәтиже кезінде Министрлік келісуден дәлелді бас тартуы бар хатпен субсидиялар нормативтерінің екі данасын да қайтарады.

      Субсидиялар нормативтері облыс, Астана және Алматы қалалары әкімдігінің қаулысымен бекітіледі.

      Субсидиялар нормативтеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу осы тармақтың бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Облыстың, Астана және Алматы қалаларының ауыл шаруашылығы басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) субсидиялар нормативтері бекітілгеннен кейін жыл сайын тиісті жылдың 1 ақпанына дейін облыс, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің интернет-ресурсында және облыстық (қалалық) баспа басылымдарында субсидия алуға өтінімдер қабылдаудың мерзімдері туралы, белгіленген субсидиялар нормативтері туралы хабарландыру жариялауды қамтамасыз етеді.";

      мынадай мазмұндағы 10-1 тармақпен толықтырылсын:

      "10-1. Осы Қағидалардың 4-1-тармағының екінші бөлігімен көзделген субсидиялардың бірінші траншын төлеу үшін осы Қағидалардың 11-тармағының 1), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес тиісті құжаттармен қоса берілген өтінімдерді Басқарма әр айдың 10 күніне дейін, ал екінші транш үшін осы Қағидалардың 11-тармағының 1), 2), 3) және 5) тармақшаларына сәйкес тиісті құжаттармен қоса берілген өтінімдерді тоқсандық негізде есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10 күніне дейін қабылдайды. Бұл ретте өткен жылдың желтоқсан айы үшін қант қызылшасы бойынша өтінімдерді қабылдау ағымдағы жылдың бірінші тоқсанына арналған өтінімдер шеңберінде жүзеге асырылады.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Өңдеуші кәсіпорын осы Қағидалардың 10, 10-1 және 11-тармақтарында көзделген құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, Басқарма құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды ведомствоаралық комиссияның қарауына жібереді.";

      15-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Басқарма осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Министрлікке бюджеттік бағдарламаны (өндеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау бойынша) жүзеге асырудың тиімділігі туралы ақпаратты қант қызылшасы бойынша осы есепті жылдан кейінгі жылдың 15 шілдесіне дейінгі және өнімдер тізбесінде көрсетілген қалған өнімдер бойынша есепті жылдан кейінгі жылдың 15 қаңтарына дейінгі мерзімде ұсынады.";

      көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген Қағидаларға 4-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші және он бесінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Премьер-Министрінің орынбасары -


Қазақстан Республикасының


Ауыл шаруашылығы министрі

А. Мырзахметов

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      ___________________ Б. Сұлтанов

      2016 жылғы 26 қазан

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ____________________Қ. Бишімбаев

      2016 жылғы 26 қазан



  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2016 жылғы 21 қазандағы
№ 446 бұйрығына
1-қосымша
  Өндеуші кәсіпорындардың
ауылшаруашылық өнімін тереңдете
өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып
алу шығындарын субсидиялау қағидаларына
1-қосымша

Түпкілікті өнімді бастапқы өнімге қайта
есептеу коэффициенттері

Ауылшаруашылық өнімнің атауы

Тереңдете өңделген өнімдердің атауы

Түпкілікті өнімді бастапқы өнімге қайта есептеу коэффициенті

1

2

3

Қант қызылшасы

Қант

12,0*

Сүт

Сары май

22,5

Сүт

Қатты ірімшік

12,0

Сүт

Құрғақ сүт (табиғи)

7,3

Жүгері

Крахмалдық сірне

1,6


      Ескертпе: * қант қызылшасынан өндірілетін қанттың мөлшері, пайызбен.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2016 жылғы 21 қазандағы
№ 446 бұйрығына
2-қосымша
  Өндеуші кәсіпорындардың
ауылшаруашылық өнімін тереңдете
өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып
алу шығындарын субсидиялау
қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

____________ жылға арналған өндеуші кәсіпорындардың
ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін
оны сатып алуына арналған субсидияларды төлеу ведомосі

Ауданның атауы

Өңдеуші кәсіпорынның атауы

Тереңдете өңделген өнімнің түрі

Өндіріс көлемі, килограмм

Түпкілікті өнімді бастапқы өнімге қайта есептеу коэффициенті

Пайдаланған шикізат көлемі, килограмм (7=5x100/6) – қант қызылшасы бойынша, (7=5х6) – қалған өнімдер бойынша

Субсидиялар нормативі, теңге/ килограмм

Төленуге жататыны, теңге (9=7x8)

1

2

3

4

5

6

7

8

9




















Жиыны:









      Төленетін сома

      __________________________________________________________________

      (жазбаша)

      облысы, Астана және Алматы қалалары басқармасының құрылымдық бөлімшесінің басшысы

      _____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы)

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 26 ноября 2014 года № 3-2/615 "Об утверждении Правил субсидирования затрат перерабатывающих предприятий на закуп сельскохозяйственной продукции для производства продуктов ее глубокой переработки"

Приказ Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан - Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 21 октября 2016 года № 446. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 2 ноября 2016 года № 14384.

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 26 ноября 2014 года № 3-2/615 "Об утверждении Правил субсидирования затрат перерабатывающих предприятий на закуп сельскохозяйственной продукции для производства продуктов ее глубокой переработки" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 10087, опубликованный 26 января 2015 года в информационно-правовой системе "Јділет") следующие изменения и дополнения:

      в Правилах субсидирования затрат перерабатывающих предприятий на закуп сельскохозяйственной продукции для производства продуктов ее глубокой переработки, утвержденных указанным приказом:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Настоящие Правила субсидирования затрат перерабатывающих предприятий на закуп сельскохозяйственной продукции для производства продуктов ее глубокой переработки (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 10) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 8 июля 2005 года "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий" и определяют порядок субсидирования затрат перерабатывающих предприятий на закуп сельскохозяйственной продукции для производства продуктов ее глубокой переработки (далее – субсидии) за счет и в пределах средств, предусмотренных в бюджете на соответствующий финансовый год.";

      дополнить пунктом 4-1 следующего содержания:

      "4-1. Субсидии выплачиваются перерабатывающим предприятиям за единицу произведенной продукции, в соответствии с перечнем продукции, с учетом коэффициента пересчета конечного продукта в исходный, согласно приложению 1 к настоящим Правилам и нормативов субсидий на единицу закупаемой сельскохозяйственной продукции по направлениям согласно перечню продукции (далее – норматив субсидий), утверждаемого постановлением акимата области, городов Астаны и Алматы.

      При этом для предприятий по переработке сахарной свеклы субсидии выплачиваются в два транша:

      1) первый транш в размере 55 % от общей суммы субсидий при подаче заявки на получение субсидий за фактический объем закупленной сахарной свеклы у сельскохозяйственных товаропроизводителей;

      2) второй транш в размере 45 % от общей суммы субсидий при подаче заявки на получение оставшейся части субсидий при предоставлении статистических данных об объемах производства готовой продукции.";

      пункт 5 изложить в следующей редакции:

      "5. Нормативы субсидий в двух экземплярах предоставляются на рассмотрение в Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан (далее - Министерство) сопроводительным письмом за подписью акима области, городов Астаны и Алматы, в случае его отсутствия лицом, исполняющим его обязанности, после согласования нормативов субсидий с научными организациями аграрного профиля, имеющими аккредитацию в сфере научной или научно-технической деятельности, с приложением обоснований по каждому нормативу субсидий.

      При положительном результате Министерство возвращает соответствующим сопроводительным письмом один экземпляр нормативов субсидий.

      При отрицательном результате Министерство возвращает оба экземпляра нормативов субсидий письмом с мотивированным отказом в согласовании.

      Нормативы субсидий утверждаются постановлением акимата области, городов Астаны и Алматы.

      Внесение изменений и (или) дополнений в нормативы субсидий осуществляется в порядке, предусмотренном частями первой, второй, третьей и четвертой настоящего пункта.";

      пункт 6 изложить в следующей редакции:

      "6. Управление сельского хозяйства области, городов Астаны и Алматы (далее – Управление) после утверждения нормативов субсидий ежегодно до 1 февраля соответствующего года обеспечивает публикацию объявления о сроках приема заявок на получение субсидий, об установленных нормативах субсидий на интернет-ресурсе акимата области, городов Астаны и Алматы и в областных (городских) печатных изданиях.";

      дополнить пунктом 10-1 следующего содержания:

      "10-1. Для выплаты первого транша субсидий, предусмотренных частью второй пункта 4-1 настоящих Правил, заявки принимаются Управлением ежемесячно до 10 числа, с приложением соответствующих документов, согласно подпунктам 1), 3) и 4) пункта 11 настоящих Правил, для второго транша - на ежеквартальной основе до 10 числа месяца, следующего за отчетным кварталом с приложением соответствующих документов, согласно подпунктам 1), 2), 3) и 5) пункта 11 настоящих Правил. При этом за декабрь прошлого года прием заявок по сахарной свекле осуществляется в рамках заявок на первый квартал текущего года.";

      пункт 14 изложить в следующей редакции:

      "14. В случае представления перерабатывающим предприятием полного пакета документов, предусмотренных пунктами 10, 10-1 и 11 настоящих Правил, Управление в течение трех рабочих дней после завершения срока приема документов направляет представленные документы на рассмотрение межведомственной комиссии.";

      часть вторую пункта 15 исключить;

      пункт 19 изложить в следующей редакции:

      "19. Управление представляет в Министерство информацию об эффективности реализации бюджетной программы (по субсидированию затрат перерабатывающих предприятий на закуп сельскохозяйственной продукции для производства продуктов ее глубокой переработки) по форме, согласно приложению 3 к настоящим Правилам, в срок до 15 июля, следующего за отчетным годом, по сахарной свекле, до 15 января, следующего за отчетным годом - по остальной продукции, указанной в перечне продукции.";

      приложение 1 к указанным Правилам изложить в новой редакции, согласно приложению 1 к настоящему приказу;

      приложение 4 к указанным Правилам изложить в новой редакции, согласно приложению 2 к настоящему приказу.

      2. Департаменту производства и переработки растениеводческой продукции Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания и в информационно-правовую систему "Јділет", а также в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для размещения в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан.

      3. Настоящий приказ вводится в действие после дня его первого официального опубликования, за исключением абзацев десятого, одиннадцатого, двенадцатого, тринадцатого, четырнадцатого и пятнадцатого пункта 1 настоящего приказа, которые вводятся в действие с 1 января 2017 года.

Заместитель Премьер-Министра


Республики Казахстан -


Министр сельского хозяйства


Республики Казахстан

А. Мырзахметов

      "СОГЛАСОВАН"

      Министр финансов

      Республики Казахстан

      ______________________ Б. Султанов

      26 октября 2016 года

      "СОГЛАСОВАН"

      Министр национальной экономики

      Республики Казахстан

      ____________________ К. Бишимбаев

      26 октября 2016 года



  Приложение 1
к приказу Заместителя
Премьер-Министра
Республики Казахстан –
Министра сельского хозяйства
Республики Казахстан
от 21 октября 2016 года № 446
Приложение 1
к Правилам субсидирования затрат
перерабатывающих предприятий на закуп
сельскохозяйственной продукции для
производства продуктов ее глубокой переработки

Коэффициенты пересчета конечного продукта в исходный

Наименование

сельскохозяйственной

продукции

Наименование продуктов

глубокой переработки

Коэффициент

пересчета конечного

продукта в исходный

1

2

3

Сахарная свекла

Сахар

12,0*

Молоко

Сливочное масло

22,5

Молоко

Сыр твердый

12,0

Молоко

Сухое молоко (цельное)

7,3

Кукуруза

Патока крахмальная

1,6

      Примечание: * норма выхода сахара из сахарной свеклы, в

      процентах.

  Приложение 2
к приказу Заместителя
Премьер-Министра
Республики Казахстан –
Министра сельского хозяйства
Республики Казахстан
от 21 октября 2016 года № 446
Приложение 4
к Правилам субсидирования затрат
перерабатывающих предприятий на закуп
сельскохозяйственной продукции для
производства продуктов ее глубокой переработки

      Форма

Ведомость
для выплаты бюджетных субсидий перерабатывающим
предприятиям на закуп сельскохозяйственной продукции для
производства продуктов ее глубокой переработки на _____ год

Наимено-

вание

района

Наименование

перераба-

тывающего

предприятия

Вид

произве-

денного

продукта

глубокой

перера-

ботки

Объем

произ-

водства,

кило-

грамм

Коэффи-

циент

пере-

счета

конечно-

го

продукта

в

исходный

Объем

использо-

ванного

сырья,

килограмм

(7=5х100/6)

– по

сахарной

свекле,

(7=5х6) –

по

остальной

продукции

Норматив

субсидий,

тенге/

килограмм

Подле-

жит к

оплате,

тенге

(9=7х8)

1

2

3

4

5

6

7

8

9




















Итого:









      Сумма к оплате _____________________________________________________

      (прописью)

      Руководитель структурного подразделения управления

      __________________________________ области, городов Астаны и Алматы

      ____________________________________________________________________

      (фамилия, имя, отчество (при его наличии), подпись)