Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 14 қаңтарда № 10087 тіркелді.

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.11.2021 № 339 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министірлігі Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Г.С. Исаеваға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр А. Мамытбеков

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы 26 қарашадағы
№ 3-2/615 бұйрығымен
бекітілген

Өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.07.2020 № 242 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете өңделген өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау (бұдан әрі – субсидиялар) тәртібін, сондай-ақ "Өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.11.2021 № 339 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) - облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының ауыл шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелері;

      2) кепілдендірілген сатып алу бағасы - ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден, ауыл шаруашылығы кооперативтері мен дайындаушы ұйымдардан ауыл шаруашылығы өнімін сатып алу жүзеге асырылатын, өзіндік құны мен рентабельділігі ескеріле отырып белгіленетін баға;

      3) алып тасталды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 23.12.2022 № 438 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
      4) алып тасталды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 23.12.2022 № 438 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      5) нақты сатып алу бағасы - өңдеуші кәсіпорындар ауыл шаруашылығы өнімі үшін бір өтінім шеңберінде шот-фактураларға сәйкес нақты төлеген орташа баға;

      6) өтінім - өңдеуші кәсіпорындардың тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін ауыл шаруашылығы өнімін сатып алуға субсидиялар алуға арналған электрондық өтінім;

      7) өтінім беруші/көрсетілетін қызметті алушы - ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алуды жүзеге асыратын өндеуші кәсіпорын;

      8) сатып алу бағасы - бәсекеге қабілетті өнім өндіру үшін ауыл шаруашылығы өніміне өңдеуші кәсіпорындар ұсынуы мүмкін баға;

      9) субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – СМАЖ) – "электрондық үкіметтің" веб-порталымен өзара іс-қимыл жасау, субсидия алуға арналған өтінімді тіркеу, сондай-ақ өтінімді субсидиялау шарттарына сәйкестігін автоматты түрде тексеру арқылы оны өңдеу мүмкіндігін беретін, субсидиялау процестерін орындау бойынша қызметтер көрсетуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы;

      10) субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің веб-порталы (бұдан әрі – СМАЖ веб порталы) – субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесіне қолжетімділік беретін интернет-ресурс;

      11) субсидиялауға арналған өтінімдердің электрондық тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялауға арналған өтінімдер туралы, сондай-ақ қарыз алушылар, қаржы институттары туралы мәліметтер жиынтығы және СМАЖ-да көрсетілген өзге де мәліметтер;

      12) "электрондық үкіметтің" веб-порталы - нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттар беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;

      13) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдардың жиынтығы.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 23.12.2022 № 438 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 477 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19856 болып тіркелген) бекітілген кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы белгіленетін ауыл шаруашылығы өнімінің тізбесіне (бұдан әрі - өнімдер тізбесі) сәйкес өндеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алуға жұмсайтын шығындары субсидиялауға жатады.

      4. Субсидиялар кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы арасындағы айырманы өтеуді болжайды.

      Субсидиялар өңдеуші кәсіпорындарға дайын өнімді өндіру және өткізу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден, ауыл шаруашылығы кооперативтері мен дайындаушы ұйымдардан ауыл шаруашылығы өнімдерін ағымдағы жылы және алдыңғы жылдың төртінші тоқсанына сатып алуға кеткен шығындары үшін төленеді.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 14.06.2023 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Субсидияларды есептеу осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес түпкілікті өнімді бастапқы өнімге қайта есептеу коэффициенті мен өнімдер тізбесіне сәйкес сатып алынатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативтері (бұдан әрі - субсидиялар нормативі) ескеріле отырып, өнімдер тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.

      6. Субсидиялар нормативін айқындау үшін құрамында облыс, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдігінің, сондай-ақ салалық қоғамдық бірлестіктердің, өңдеуші кәсіпорындардың, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің, "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік палаталарының өкілдері бар комиссия құрылады. Комиссия құрамы облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің шешімімен айқындалады және бекітіледі.

      Комиссия төрағасы облыс, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімінің орынбасары болып табылады.

      7. Комиссия құрамы жыл сайын қалыптастырылады және 9 (тоғыз) адамнан кем болмауы тиіс.

      8. Комиссия ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің алдыңғы жылғы орташа бағалары бойынша статистикалық деректер талдауының қорытындылары бойынша (статистикалық деректер болмаған кезде жақын маңдағы өңірлердің деректері пайдаланылуы мүмкін) жылдық инфляция деңгейін есепке ала отырып, облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бойынша ағымдағы жылға кепілдендірілген сатып алу бағасын (Бкеп.сат) айқындайды. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бойынша алдыңғы жылғы статистикалық деректер болмаған кезде жақын маңдағы облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) деректері пайдаланылады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 14.06.2023 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Комиссия алдыңғы жылғы өңдеуші кәсіпорындардың дайын өніміне қалыптасқан нарықтық бағалар бойынша жиналған деректер негізінде ағымдағы жылға облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өңдеуші кәсіпорындарының ауыл шаруашылығы өнімін сатып алу бағасын айқындайды.

      10. Ауыл шаруашылығы өнімінің сатып алу бағасын есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:

      Бсат = ((Бнар*Ииф) – ҚҚС – Рөңдеу – Шөңдеу)/Кқ

      мұнда:

      Бсат – сатып алу бағасы, теңге/килограмм;

      Бнар – алдыңғы жылғы өнім бірлігінің нақты қалыптасқан нарықтық бағасы, теңге/килограмм (өңдеуші кәсіпорындардың деректері немесе Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы (бұдан әрі – ҚР СЖРА ҰСБ) қалыптастыратын ресми статистикалық ақпарат);

      Ииф – инфляция деңгейі, % (алдыңғы жылы ресми статистикалық ақпарат);

      ҚҚС – қосылған құн салығы (12%);

      Рөңдеу – өңдеудің рентабельділігі (10%);

      Шөңдеу – тікелей өңдеуге жұмсалған шығындар, теңге/килограмм;

      Кқ – осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес түпкілікті өнімді бастапқы өнімге қайта есептеу коэффициенті.

      Кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы негізінде субсидиялар нормативі мынадай формула бойынша айқындалады:

      Нсуб = Бкеп.сат – Бсат

      мұнда:

      Нсуб – өнім бірлігіне арналған субсидиялар нормативі, теңге/килограмм;

      Бкеп.сат – кепілдендірілген сатып алу бағасы, теңге/килограмм;

      Бсат – сатып алу бағасы, теңге/килограмм.

      Кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасын айқындау туралы шешім комиссияның хаттамалық шешімімен бекітіледі.

      Кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы дайын өнім өндірісінің нормативтік рентабельділігін қамтамасыз ету мақсатында субсидиялар нормативін айқындауға арналған есептік көрсеткіш болып табылады.

      Егер нақты сатып алу бағасы кепілдендірілген сатып алу бағасынан төмен болса, онда субсидиялар нормативі төмендейді, ал төмендеген субсидиялар нормативі мынадай формула бойынша есептеледі:

      Нсуб. қысқарт = Бн.сат – Бсат

      мұнда:

      Нсуб.қысқарт. – өнім бірлігіне арналған субсидиялар төмендеген нормативі, теңге/килограмм;

      Бн.сат – нақты сатып алу бағасы, теңге/килограмм;

      Бсат – сатып алу бағасы, теңге/килограмм.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 14.06.2023 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      10-1. Алып тасталды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 14.06.2023 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Көрсетілетін қызметті беруші субсидиялар нормативтерін субсидияның әр нормативі бойынша негіздемелермен қоса облыс, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімінің, ол болмаған жағдайда, оның міндетін атқарушы адамның қолы қойылған ілеспе хатпен екі данада Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) қарауына береді. Министрліктің субсидиялар нормативтерін қарау мерзімі хат келіп түскен күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күнін құрайды.

      Оң нәтиже болған жағдайда, Министрлік тиісті ілеспе хатпен субсидиялар нормативтерінің бір данасын кері қайтарады.

      Теріс нәтиже болған жағдайда, Министрлік уәжді бас тартуы бар хатпен субсидиялар нормативтерінің екі данасын да кері қайтарады. Бұл ретте, пысықталған субсидиялар нормативтері Министрлікке 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қайта қарауға жолданады.

      Субсидиялар нормативтері облыс, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдігінің қаулысымен бекітіледі.

      Субсидиялар нормативтеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу осы Қағидалардың осы тармағында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

      12. Көрсетілетін қызметті беруші жыл сайын тиісті жылдың бірінші сәуіріне дейін СМАЖ-дың веб-порталында және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдігінің интернет-ресурсында субсидиялар алуға арналған өтінімдерді қабылдаудың мерзімдері туралы, белгіленген субсидиялар нормативтері туралы хабарландыру жариялауды қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 23.12.2022 № 438 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      13. Көрсетілетін қызметті беруші субсидияларға арналған жеке ай сайынғы қаржыландыру жоспары (бұдан әрі – қаржыландыру жоспары) бекітілгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде оны СМАЖ-дың веб-порталында орналастырады.

      Бұл ретте, көрсетілетін қызметті беруші бөлінген бюджет қаражатын өнімдер тізбесінде көрсетілген субсидияланатын өнімдер бойынша бөледі және СМАЖ-дың веб-порталына орналастырады.

      Өнімдер тізбесінде көрсетілген субсидияланатын өнімдердің бірі бойынша өтінім болмаған жағдайда, бюджет қаражатын өнімдер тізбесінде көрсетілген өнімдер арасында бір жыл ішінде қайта бөлуге жол беріледі.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 23.12.2022 № 438 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

1-параграф. Субсидия алу шарттары

      14. Субсидиялар мынадай шарттар сақталған кезде төленеді:

      1) өңдеуші кәсіпорындардың "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы электрондық түрде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялауға арналған өтінімді беруі.

      "Өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 3-қосымшада жазылған.

      "Электрондық үкіметтің" веб-порталы мен СМАЖ-дың ақпараттық өзара іс-қимылы "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына сәйкес жүзеге асырылады;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      2) тармақша 01.07.2024 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 14.06.2023 № 229 бұйрығымен (мәтін алып тасталды).

      3) өңдеуші кәсіпорын берген және ЭЦҚ қойылған өтінімнің СМАЖ-да тіркелуі;

      4) СМАЖ мен электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі – ЭШФ АЖ) ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде (ауыл шаруашылығы өнімін жеткізушінің және дайын өнімді сатып алушының алдыңғы жылдың төртінші тоқсанынан кейін шығарып берілген тиісті электрондық шот-фактурасының болуы) өңдеуші кәсіпорынның ауыл шаруашылығы өнімін сатып алғанын және дайын өнімді өткізгенін растауы.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 14.06.2023 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Субсидиялар беру үшін қажетті мәліметтерді қамтитын СМАЖ-да іркіліс болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші туындаған жағдай туралы Министрлікті дереу хабардар етеді, ол оны жоюға кіріседі.

      Бұл ретте, туындаған іркілісті жою бойынша жұмыстар жүргізілгеннен кейін Министрлік 3 (үш) жұмыс күні ішінде техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оны СМАЖ-ға орналастырады.

      Министрлік осы Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіреді және Бірыңғай байланыс-орталығына жібереді.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 14.06.2023 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-параграф. Субсидияларды есептеу тәртібі

      16. Субсидиялар мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі:

      S = (Vс*Кқ) * Нсуб,

      мұнда:

      S – субсидиялар мөлшері, теңге;

      Vс – сатылған өнімнің көлемі, килограмм;

      Кқ – осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес түпкілікті өнімді бастапқы өнімге қайта есептеу коэффициенті;

      Нсуб – субсидиялар нормативі, теңге / килограмм.

      Егер ауыл шаруашылығы өнімінің сатып алынған көлемі (Vс*Кқ) осы Қағидалардың 14-тармағы 4) тармақшасына сәйкес расталған нақты сатып алынған көлемнен асып кетсе, онда субсидиялар сомасын есептеу үшін ауыл шаруашылығы өнімінің нақты сатып алынған көлемі пайдаланылады.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 14.06.2023 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-параграф. Субсидияларды төлеу тәртібі

      17. Өтінімдерді қабылдау өңдеуші кәсіпорынның тіркелген орны бойынша тиісті жылдың 1 сәуірінен 10 желтоқсаны (қоса алғанда) аралығында жүзеге асырылады.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.11.2021 № 339 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. СМАЖ веб-порталы (бұдан әрі – Жеке кабинет) арқылы тізілім деректеріне қолжетімділік беру үшін:

      1) өңдеуші кәсіпорын СМАЖ-да өз бетінше тіркелу үшін ЭЦҚ алады;

      2) көрсетілетін қызметті беруші жыл сайын Министрлікке ЭЦҚ-сы бар жұмыскерлердің өзектендірілген тізімдерін жібереді.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 23.12.2022 № 438 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      19. Жеке кабинетте тіркелу үшін өңдеуші кәсіпорындар мынадай мәліметтерді көрсетеді:

      1) дара кәсіпкерлер үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН), аты, әкесінің аты (бар болса), тегі;

      2) заңды тұлғалар үшін: бизнес-сәйкестендіру нөмірі, толық атауы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі және бірінші басшының ЖСН-сы;

      3) байланыс деректері (почталық мекенжайы, телефоны, электронды почта мекенжайы);

      4) екінші деңгейдегі банктің немесе ұлттық почта операторының ағымдағы шотының деректемелері.

      Жоғарыда көрсетілген деректер өзгертілген жағдайда, өңдеуші кәсіпорын 1 (бір) жұмыс күні ішінде Жеке кабинетке енгізілген жеке шоттың деректерін өзгертеді.

      20. Өтінімді қалыптастыру және тіркеу Жеке кабинетте мынадай тәртіппен жүргізіледі:

      1) осы Қағидалардың 14-тармағы 4) тармақшасының талаптарын СМАЖ тексеруі үшін қажетті мәліметтерді енгізе отырып, өтінім қалыптастырылады;

      2) өтінім СМАЖ-да өңдеуші кәсіпорынның ЭЦҚ-сын пайдалана отырып, оған қол қоюы арқылы тіркеледі және көрсетілетін қызметті берушінің Жеке кабинетінде қолжетімді болады. Көрсетілетін қызметті берушінің электрондық мекенжайына қарауға өтінім келіп түскені туралы электронды хабарлама жолданады.

      Өңдеуші кәсіпорын көрсетілетін қызметті беруші төлем шоттарын қалыптастырған сәтке дейін тіркелген өтінімдегі деректердің сәйкессіздігі анықталса, өңдеуші кәсіпорын қайтарып алу себебін көрсете отырып, өтінімді қайтарып алады.

      Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректердің мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізілуін қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 14.06.2023 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      21. Көрсетілетін қызметті беруші өтінімді тіркеген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ЭЦҚ-ны қолдана отырып, қол қою арқылы оны қабылдағанын растайды, көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық құжат нысанында субсидиялардың аударылғандығы немесе осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді хабарлама жібереді.

      22. Көрсетілетін қызметті беруші қаржыландыру жоспарына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалардың 21-тармағына сәйкес өтінімді қабылдағанын растағаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде "Қазынашылық-Клиент" ақпараттық жүйесіне жүктелетін субсидиялар төлеуге арналған төлем шоттарын СМАЖ-да қалыптастырады.

      Тиісті қаржы жылына арналған қаржыландыру жоспарына сәйкес өңдеуші кәсіпорындардың шығындарын субсидиялауға көзделген қаражат жетіспеген кезде өтінімдер резервке (күту парағына) келіп түседі.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Үшінші, төртінші және бесінші абзацтар 01.07.2024 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 14.06.2023 № 229 бұйрығымен (мәтін алып тасталды).

      Өтінім бойынша субсидиялар сомасын толық төлеу үшін қажетті бюджет қаражаты жеткіліксіз болған кезде субсидиялар сомасын бөліктерге бөлуге жол беріледі. Бұл ретте субсидиялар сомасының төленбеген қалдығы келесі айда не ағымдағы қаржы жылында не келесі қаржы жылында қосымша бюджет қаражаты бөлінген кезде төленеді.

      Субсидиялар нормативтері мен субсидияларды есептеу тәртібі өзгерген жағдайда резервке (күту парағына) енгізілген өтінімдер бойынша субсидиялар төлеу субсидиялар нормативтеріне және өтінімдерді беру сәтінде қолданыста болған субсидияларды есептеу тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады.

      Өтінімді резервке (күту парағына) енгізу туралы ақпарат СМАЖ-да көрсетіледі. Өтінімнің резервте (күту парағында) болу кезеңі мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне енгізілмейді.

      Тиісті бюджеттік бағдарлама бойынша жергілікті бюджетте көзделген сомалардан мәлімделген субсидиялар көлемі асып кеткен кезде жергілікті бюджеттен қосымша қаражат Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті жергілікті бюджетті бекіту туралы мәслихат шешіміне өзгерістер енгізу жолымен бөлінеді.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 14.06.2023 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      23. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:

      1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы мәліметтердің дұрыс еместігінің анықталуы;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін қажетті ұсынылған мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      24. Көрсетілетін қызметті берушінің Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.11.2021 № 339 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      25. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:

      көрсетілетін қызметті беруші – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауы тиіс.

      Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабының 4-тармағына сәйкес шағым келіп түскен жағдайда көрсетілетін қызметті беруші оны келіп түскен күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарайтын органға жібереді. Қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.

      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.11.2021 № 339 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      26. Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.11.2021 № 339 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      27. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге ҚР ӘРПК-нің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.

      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.11.2021 № 339 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Өңдеуші кәсіпорындардың ауыл
шаруашылығы өнімін тереңдете
өңдеп өнім өндіруі үшін оны
сатып алу шығындарын
субсидиялау қағидаларына
1-қосымша

Түпкілікті өнімді бастапқы өнімге қайта есептеу коэффициенттері

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 14.06.2023 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Ауыл шаруашылығы өнімінің атауы

Тереңдете өңделген өнімдердің атауы

Түпкілікті өнімді бастапқы өнімге қайта есептеу коэффициенті

1

2

3

Сүт

Сары май

22,5

Сүт

Қатты ірімшік

12

Сүт

Құрғақ сүт (қаймағы алынбаған, майсыздандырылған)

7,3

  Өңдеуші кәсіпорындардың ауыл
шаруашылығы өнімін тереңдете
өңдеп өнім өндіруі үшін оны
сатып алу шығындарын
субсидиялау қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялауға арналған өтінім

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 14.06.2023 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      ________________________________________________ жергілікті атқарушы органына

      (облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың)

      (кімнен)___________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Маған сары май/қатты ірімшік және құрғақ сүт (қаймағы алынбаған, майсыздандырылған) өндіру және өткізу үшін (бір өңдеуші кәсіпорынның тереңдете өңделген өнімнің бірнеше түрін өндірген жағдайда, өтінім өнімнің әрбір түрі бойынша жеке беріледі) _____ килограмм

      көлемінде ауыл шаруашылығы өнімін сатып алуға _________________________ теңге мөлшерінде субсидия төлеуді сұраймын. (сома цифрмен және жазбаша)

      1. Өтінім беруші туралы мәліметтер.

      Заңды тұлға үшін:

      атауы _______________________________________________________

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) ____________________

      басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі______________________

      мекенжайы:__________________________________________________

      телефон (факс) нөмірі: ________________________________________

      Жеке тұлға үшін:

      аты, әкесінің аты (бар болса), тегі ________________________________

      жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН)______________________

      жеке басын куәландыратын құжат:

      нөмірі _______________________________________________________

      кім берді_____________________________________________________

      берілген күні _________________________________________________

      мекенжайы:___________________________________________________

      телефон (факс) нөмірі: _________________________________________

      Жеке тұлға үшін – дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы хабарлама:

      орналасқан жері _______________________________________________

      хабарламаның берілген күні _____________________________________

      2. Өңдеуші кәсіпорынның екінші деңгейдегі банктегі немесе ұлттық почта

      операторындағы ағымдағы шотының мәліметтері:

      ЖСН/БСН ____________________________________________________

      бенефициар коды (бұдан әрі – Кбе) ____________________________

      банктің немесе почта операторының деректемелері: ___________________

      банктің немесе почта операторының aтауы: ______________________

      банктік сәйкестендіру коды ____________________________________

      жеке сәйкестендіру коды _____________________________________

      БСН ______________________________________________________

      Кбе ______________________________________________________

      3. Ауыл шаруашылығы өнімін сатып алуға жұмсалған шығындарды (өтінім берілген сәттегі) растайтын шот-фактуралар туралы мәліметтер (әрбір ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші, ауыл шаруашылығы кооперативі және дайындаушы ұйым бойынша мәліметтер жеке толтырылады):

Шот-фактура нөмірі

Шот-фактураның берілген күні

Ауыл шаруашылығы өнімінің атауы

Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі, килограмм

Бағасы, килограмына теңге, қосылған құн салығын есепке алмағанда

Құны, теңге

Сатушының ЖСН-сы/БСН-сы және атауы

1

2

3

4

5

6

7

8


















Жиыны (нақты сатып алу бағасы көрсетіледі)







      4. Дайын өнімнің өткізілгенін растайтын шот-фактуралар туралы мәліметтер, (өтінім берілген сәтте) (әрбір сатып алушы бойынша мәліметтер жеке толтырылады):

Шот-фактура нөмірі

Шот-фактура күні

Дайын өнімнің атауы

Өткізілген өнімнің көлемі, килограмм

1 кг бағасы, қосылған құн салығын есепке алмағанда, теңге

Құны, теңге

Сатып алушының ЖСН / БСН және атауы (өнімді бөлшек саудада өткізген жағдайда сатып алушының ЖШС/БСН және атауы болған жағдайда көрсетіледі)

1

2

3

4

5

6

7

8









      5. Тиесілі субсидияларды есептеу (автоматты түрде толтырылады):

Тереңдете өңделген өнімінің атауы

Өткізілген өнімнің көлемі, килограмм

Түпкілікті өнімді бастапқы өнімге қайта есептеу коэффициенті

Түпкілікті өнімді бастапқы өнімге қайта есептеу нәтижесі

Шот-фактураның деректері бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің нақты сатып алынған жалпы көлемі, килограмм

Субсидия нормативі, теңге / килограмм

Төмендетілген субсидиянормативі, теңге/килограмм (бар болса)

Бюджеттік субсидиялар сомасы, теңге

















      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес дұрыс емес мәліметтерді ұсынғаным үшін жауапкершілік туралы хабармын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, дербес деректерді жинауға, өңдеуге, сондай-ақ көрсетілген мемлекеттік қызмет бойынша деректерді бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға беруге келісім беремін.

      Өтініш беруші 20__ ж. "__"______ сағат___-де қол қойып жіберді:

      Электрондық цифрлық қолтаңбадан (бұдан әрі – ЭЦҚ) алынған деректер

      ЭЦҚ-ға қол қою күні мен уақыты

      Өтінімді қабылдау туралы хабарлама:

      ЭЦҚ деректері

      ЭЦҚ-ға қол қою күні мен уақыты

  Өңдеуші кәсіпорындардың ауыл
шаруашылығы өнімін тереңдете
өңдеп өнім өндіруі үшін оны
сатып алу шығындарын
субсидиялау қағидаларына
3-қосымша

"Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау" мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда –ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 23.12.2022 № 438 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

Жеке және заңды тұлғалардың (бұдан әрі – көрсетілген қызметті алушы) өтінімдерін қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

2 (екі) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (толықтай автоматтандырылған).

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Субсидиялардың аударылғаны туралы хабарлама не мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруден уәжді бас тарту.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны – электрондық.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

7

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс гафигі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтініштерді қабылдау немесе мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орнының мекенжайы www.gov.kz интернет-ресурсында орналасқан.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10087 болып тіркелген) бекітілген Өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялауға арналған өтінім.

9

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған мәліметтердің дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы Жеке кабинеті, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары порталда көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі және көрсетілетін қызметті берушілер Қағидалар өзгерген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіреді және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қағида 3-1-қосымшамен толықтыру көзделген - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 14.06.2023 № 229 (01.07.2024 бастап қолданысқа енгізілетін) бұйрығымен.

  Өңдеуші кәсіпорындардың ауыл
шаруашылығы өнімін тереңдете
өңдеп өнім өндіруі үшін оны
сатып алу шығындарын
субсидиялау қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Субсидияны аудару туралы хабарлама

      Құрметті __________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушы)

      Сіздің 20__ жылғы "___" _______ № ________ өтініміңіз бойынша мемлекеттік қызмет көрсетілді және 20__ жылғы "___" _______ төлем шотына ______ теңге мөлшерінде субсидия сомасы №__________ Сіздің есеп шотыңызға аударылғанын хабарлаймыз.

  Өңдеуші кәсіпорындардың ауыл
шаруашылығы өнімін тереңдете
өңдеп өнім өндіруі үшін оны
сатып алу шығындарын
субсидиялау қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

Мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту

      Құрметті __________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушы)

      Сіздің 20__ жылғы "___" _______ № ________ өтініміңіз бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден _____________________ себепті бас тартылды.



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады