"Бағалы металдар мен асыл тастар туралы" 2016 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Бағалы металдарды өндіру субъектілерінен бас тартуды немесе осындай бас тартудың бар екені туралы уәкілетті органның растамасын алу қағидаларын, сондай-ақ бағалы металдарды өндіру субъектілері үшін шарттар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықтың көшірмелерін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап, күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электрондық түрде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Инвестициялар және даму | |
министрі | Ж. Қасымбек |
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 12 қазандағы № 714 бұйрығымен бекітілген |
Бағалы металдарды өндіру субъектілерінен бас тартуды немесе
осындай бас тартудың бар екені туралы уәкілетті органның
растамасын алу қағидалары, сондай-ақ бағалы металдарды
өндіру субъектілері үшін шарттар
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Бағалы металдарды өндіру субъектілерінен бас тартуды немесе осындай бас тартудың бар екені туралы уәкілетті органның растамасын алу қағидалары, сондай-ақ бағалы металдарды өндіру субъектілері үшін шарттар (бұдан әрі – Қағидалар) "Бағалы металдар мен асыл тастар туралы" 2016 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 8-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының аумағынан құрамында бағалы металдары бар шикізат тауарларын әкетуге ниетті тұлғаларымен барлық бағалы металдарды өндіру субъектілерінен бас тартуды немесе осындай бас тартудың бар екені туралы уәкілетті органның растамасын алуы тәртібін анықтайды, сондай-ақ бағалы металдар өндірісі субьектілерінің орындамауы құрамында бағалы металдары бар шикізат тауарларын өңдеуден және (немесе) аффинаждаудан бас тарту болып табылатын шарттарды белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
1) бағалы металдар – кез-келген күйдегі және түрдегі алтын, күміс, платина және платина тобындағы металдар (палладий, иридий, родий, рутений және осмий);
2) бағалы металдарды өндіру субъектілері – Қазақстан Республикасының аумағында бағалы металдарды өндіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары;
3) құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарлары – өңделмеген бағалы металдар (оның ішінде, құйма түріндегі Доре қорытпасы, катодты металл), мырыш шөгінділері, бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтары, бағалы металдардың кендері мен концентраттары, құрамында бағалы металдар бар түсті металдардың кендері, концентраттары және күлі, түсті металдар өндірісінің жартылай өнімдері;
4) уәкілетті орган – бағалы металдарды өндіруді және бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының, зергерлік және басқа да бұйымдардың айналымын реттеу саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
3. Бағалы металдарды өндіру субъектілерінің тізбесі Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы
30 наурыздағы № 303 "Бағалы металдарды өндіру субъектілерінің тізбесін бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13635 болып тіркелген) (бұдан әрі – Тізбе).
2-тарау. Қазақстан Республикасының аумағынан құрамында бағалы
металдары бар шикізат тауарларын әкетуді жүргізуге ниетті
тұлғалардың бағалы металдарды өндіру субъектілерінен бас
тартуды алу тәртібі
4. Қазақстан Республикасының аумағынан құрамында бағалы металдары бар шикізат тауарларын әкетуге ниетті адам (бұдан әрі – әкетуге ниетті адам) бағалы металдар өндіру субъектілеріне растайтын құжаттарын қосымшада тіркей отырып осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша, Қазақстан Республикасының аумағынан құрамында бағалы металдары бар шикізат тауарларын әкетуге ниеті туралы өтінішін (бұдан әрі – өтініш) жібереді.
Өтініш Тізбеде тұрған бағалы металдар өндірісінің субьектілеріне жіберіледі.
5. Осы Қағидалардың 4-тармағына өтініш сәйкес болмаған жағдайда бағалы металдар өндіру субъектісі өтінішті алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әкетуге ниетті адамға оны қарастырусыз қайтарады.
6. Осы Қағидалардың 4-тармағына өтініш сәйкес болған жағдайда бағалы металдар өндіру субъектісі өтінішті алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде әкетуге ниетті адамға және уәкілетті органға әкетуге ниетті адамның құрамында бағалы металдары бар шикізат тауарларын толық немесе бөлшектелген көлемде өңдеу және (немесе) аффинаждау мақсатында қабылдауға мүмкіндігі бар екені туралы ақпаратты (бұдан әрі – ақпарат) немесе әкетуге ниетті адамның құрамында бағалы металдары бар шикізат тауарларын өңдеуден және (немесе) аффинаждаудан бас тартуын (бұдан әрі – бас тарту) жібереді.
7. Құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын қайта өңдеуден және (немесе) аффинаждаудан бас тарту үшін мыналар негіз болып табылуы мүмкін:
1) қайта өңдеудің және (немесе) аффинаждаудың технологиялық тұрғыдан мүмкін болмауы, оның ішінде құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларындағы зиянды қоспалар мен бағалы металдар құрамының шекті мәндерге сәйкес келмеуі;
2) құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының ұсынылатын көлемін қайта өңдеу және (немесе) аффинаждау үшін өндірістік қуаттылықтың болмауы немесе жеткіліксіз болуы;
3) құрамында бағалы металдар бар түсті металдар кендерін, концентраттары мен күлдерін, түсті металдар өндірісінің жартылай өнімдерін қайта өңдеудің экономикалық тұрғыдан орынсыз болуы.
8. Бағалы металдар өндіру субъектілерінің бас тартуы әкетуге ниетті адам оны алған күннен бастап ағымдағы күнтізбелік жылдың соңына дейін жарамды.
3-тарау. Қазақстан Республикасының аумағынан құрамында бағалы
металдары бар шикізат тауарларын әкетуді жүргізуге ниетті
тұлғалардың бағалы металдарды өндіру субъектілерінен бас
тартудың бар екені туралы уәкілетті органның растамасын
алу тәртібі
9. Әкетуге ниетті адам осы Қағидалардың 6-тармағында белгіленген мерзімнен аспайтын мерзімде бағалы металдарды өндіру субъектілерінен жауап алмаған жағдайда уәкілетті органға бағалы металдар өндірісі субьектісінің алу күнін белгілей отырып, өтініштің көшірмесін (бұдан әрі – өтініштің көшірмесі) ұсынады.
10. Уәкілетті орган осы Қағидалардың 4-тармағына өтініш сәйкес болған жағдайда және бағалы металдар өндіру субъектісімен осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген шарттардың біреуі орындалмаса, осындай бас тартудың бар екені туралы растаманы әкетуге ниетті адамге ұсынады.
11. Әкетуге ниетті адамға уәкілетті органның бағалы металдар өндірісінің субьектілерінен бас тартудың бар екені туралы растаманы ұсыну мерзімі – өтініштің көшірмесін алған күнінен бастап он жұмыс күні.
12. Уәкілетті органның бағалы металдар өндіру субъектісінен бас тартудың бар екені туралы растамасы, әкетуге ниетті адам алған күннен бастап ағымдағы күнтізбелік жылдың соңына дейін жарамды.
4-тарау. Бағалы металдар өндірісінің субьектілері
үшін шарттар
13. Бағалы металдар өндірісінің субьектісі мынадай шарттарды орындамаған кезде бас тартуды ұсынған болып есептеледі:
1) әкетуге ниетті адамға және уәкілетті органға осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген мерзімде ақпаратты немес бас тартуды ұсынуы;
2) әкетуге ниетті адамға және уәкілетті органға ұсынылған ақпараттың осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген әкетуге ниетті адамнің өтінішіне сәйкестігі.
Бағалы металдарды өндіру субъектілерінен бас тартуды немесе осындай бас тартудың бар екені туралы уәкілетті органның растамасын алу қағидаларына қосымша |
Нысан
________________________________________
________________________________________
________________________________________
бағалы металдар өндіру субъектісінің атауы
Қазақстан Республикасының аумағынан құрамында бағалы
металдары бар шикізат тауарларын әкетуге ниеті
туралы өтініш
_____________________________________________________________________

____________________________________________________________________,
жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), мекенжайы,
жеке сәйкестендіру нөмірі не заңды тұлғалардың атауы, орналасқан
орны, бизнес-сәйкестендіру нөмірі
Қазақстан Республикасының аумағынан мынадай шикізатты әкетуге ниетім
бар
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
бағалы металдардың құрамы көрсетілген құрамында бағалы металдары бар
шикізат тауарларының түрі
жалпы салмағы _______________________________________________________
құрамында бағалы металдары бар шикізат тауарларының жалпы салмағы
және мынадай сапалық сипаттамалары бар (растайтын құжаттар қоса
беріледі):
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
____________________________________________________________________,
құрамында бағалы металдары бар шикізат тауарларының сапалық
сипаттамалары
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы
12 қазандағы № 714 бұйрығымен бекітілген Бағалы металдарды өндіру
субъектілерінен бас тартуды немесе осындай бас тартудың бар екені
туралы уәкілетті органның растамасын алу қағидаларына (бұдан әрі –
Қағидалар) сәйкес, Қағидалардың 6-тармағымен белгіленген мерзімде,
жоғарыда көрсетілген құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын
толық немесе бөлшектелген көлемде қабылдауға мүмкіндігі бар екені
туралы ақпаратты немесе жоғарыда көрсетілген құрамында бағалы
металдар бар шикізат тауарларын қайта өңдеуден және (немесе)
аффинаждаудан бас тартуды ұсынуды сұрайды.
Қосымша:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының сапалық сипатын
растайтын, қоса берілген құжаттардың тізбесі
________________________________ ________________________________ _______________________________ ________________________________ тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы | МО __________________________ күні, қолы |
Өтінішті қабылданғаны туралы белгі:
_____________________________________________________________________
қабылданған күні, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы