БҰЙЫРАМЫН:
1. "Балық аулау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-04/148 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10606 болып тіркелген, 2015 жылғы 16 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Балық аулау қағидаларында:
8-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Балық ресурстары мен басқа да су жануарларының кәсіпшілік мөлшері осы Балық аулау қағидаларының 1-қосымшасына сәйкес белгіленеді. Ұяшықталатын аулау құралдарында ауланған балықтың сегіз пайыздан және сүзгіш аулау құралдарында бес пайыздан аспайтын көлемде, рұқсатта көрсетілмеген және (немесе) белгіленген кәсіпшілік өлшемнен кем балық түрлері мен басқа да су жануарларының кездейсоқ аулануына жол беріледі.";
мынадай редакциядағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
"9-1. Аулау құралына жапсырманың нысаны осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген.";
көрсетілген Қағидаларға қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
"Балық аулау қағидаларына
1-қосымша";
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 2-қосымшамен толықтырылсын.
2. "Кәсіпшілік балық аулау үшін аулау құралына жапсырма нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 19 тамыздағы № 521 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6480 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2010 жылғы 30 қарашадағы № 506-512 (26355) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі баспа және электрондық түрдегі көшірмесінің бір данасын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы | |
Премьер-Министрінің орынбасары - | |
Қазақстан Республикасының | |
Ауыл шаруашылығы министрі | А. Мырзахметов |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 421 бұйрығына қосымша |
|
Балық аулау қағидаларына 2-қосымша |
Нысан
Балық аулау үшiн аулау құралына жапсырма
Облыс _________________________________________________________ Жануарлар дүниесін пайдаланушы ___________________________________________________ (ұйымның атауы) Балық шаруашылығы су айдыны және (немесе) учаскесі ________________________________________ Аулау құралының атауы ___________________ ( __________________) параметрлері |
Жапсырма тот баспайтын металл, пластик немесе өзге де су өткiзбейтiн материалдардан жасалынады.