Кәсіпшілік балық аулау үшін аулау құралына жапсырма нысанын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 19 тамыздағы № 521 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 13 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6480 болып енгізілді. Күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 06.10.2016 № 421 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 06.10.2016 № 421 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 18 наурыздағы № 246 қаулысымен бекітілген Балық аулау ережелерінің 20-тармағының  2) тармақшасынасәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берілген Кәсіпшілік балық аулау үшін аулау құралына жапсырма нысаны бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитеті Төрағасының 2006 жылғы 15 мамырдағы «Кәсіпшілік балық аулау үшін аулау құралына жапсырма нысанын бекіту туралы» № 16-6/72п бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4270 тіркелді, 2006 жылғы 6 шілдедегі № 123 (929) «Заң газетінде» жарияланды) күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Табиғат ресурстарын пайдалану стратегиясы департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамамен белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                          А. Күрішбаев 

Қазақстан Республикасы  
Ауыл шаруашылығы министрінің
2010 жылғы 19 тамыздағы 
№ 521 бұйрығымен бекітілген

      Нысан

Кәсiпшiлiк балық аулау үшiн аулау құралына жапсырма

Облыс __________________________________________________________
Балық шаруашылығы ұйымы_________________________________________
Балық шаруашылығы су айдыны және (немесе) учаскесі______________
Аулау құралы___________________________ (____________________)
                                            параметрлерi

Жапсырма тот баспайтын металл, пластик немесе су өткiзбейтiн материалдардан жасалынады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады