Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 13.02.2023 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 19) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 19.04.2024 № 177 (29.04.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы аккредиттеу органдарына қойылатын талаптар;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы аккредиттеу органдарын, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 13.02.2023 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (А. Пірімқұлов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін елтаңбалы мөрмен куәландырылған электрондық қағаз данасын қоса бере отырып жолдауды;
3) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мөрімен расталған және осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған баспа және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асыловаға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі |
Е. Сағадиев |
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы аккредиттеу органдарына қойылатын талаптар
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 13.02.2023 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. Бұйрық 1-қосымшамен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 04.10.2021 № 499 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Заңды тұлға мәртебесінің болуы;
2. Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымына (бұдан әрі – ЭЫДҰ) мүше мемлекеттердің аккредиттеу органдарының тізілімдеріне және (немесе) қауымдастықтарына кіру, оның ішінде Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз етудің еуропалық тізілімі (The European Quality Assurance Register) және (немесе) аккредиттеу органдарының екі және одан да көп қауымдастықтарына (желілеріне) толық мүшелік.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 13.02.2023 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын, білім беру бағдарламаларын аккредиттеу міндеттерін орындау үшін жеткілікті материалдық ресурстардың болуы (үш тілде (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде) пайдаланушыға аккредиттеу туралы қажетті ақпарат орналастырылған ақпараттық жүйенің (сайт) болуы; ғылым докторы, ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі және (немесе) PhD дәрежесі бар кем дегенде 3 штаттық қызметкердің болуы; жыл сайын сапаны қамтамасыз ету саласында біліктілікті арттыру.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 13.02.2023 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Қазақстандық аккредиттеу органдары үшін сараптамалық комиссияның құрамында кемінде бір шетелдік сарапшы, ал шетелдік аккредиттеу органдары үшін ғылым кандидаты немесе ғылым докторы, бейіні бойынша доктор (РhD) немесе доктор дәрежелері бар және (немесе) институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу саласында не аккредиттелетін білім беру ұйымы мамандарды даярлау бейіні бойынша жұмыс тәжірибесі бар кәсіптік қоғамдастықтың өкілдері болып табылатын кемінде бір қазақстандық сарапшы, білім алушылар қатарынан өкілдің болуы;
5. Білім туралы Қазақстан Республикасының Заңының 1-бабының 2-4) тармақшасына сәйкес, аккредиттеу рәсімдеріне қойылатын талаптарды белгілейтін аккредиттеу стандарттарының (регламенттерінің) болуы.
6. Білім беру саласындағы стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды ескере отырып әзірленген ұйымның даму бағдарламасының және (немесе) стратегиясының болуы.
7. Аккредиттеу органының ақпараттық жүйесінде (сайтында) және Білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын және (немесе) білім бағдарламасын аккредиттеу туралы жарияланған ақпараттың (аккредитация туралы куәлік, сыртқы аудит бойынша есептер), оның ішінде Қазақстан Республикасы аумағындағы табиғи, техногендік сипаттағы төтенше жағдай, шектеу шаралары, оның ішінде карантин кезеңінде қабылданатын аккредиттеуді ауыстыру және мерзімін созу туралы шешімдердің (шешім қабылданған күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірілмей), ұйым қызметінің негізгі нәтижелері бойынша жарияланған жыл сайынғы талдамалық ақпараттың болуы.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 13.02.2023 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы аккредиттеу органдарын, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану қағидалары
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 13.02.2023 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 04.10.2021 № 499 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-бөлім. Жалпы ережелер
1. Осы Аккредиттеу органдарын, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 10) тармақшасына сәйкес әзірленді және аккредиттеу органдарын, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында танылған аккредиттеу органдарының тізілімі (бұдан әрі – 1-тізілім) – білім беру саласындағы уәкілетті орган қалыптастырған ЭЫДҰ-ға мүше мемлекеттердің аккредиттеу органдарының тізілімдеріне және (немесе) қауымдастықтарына кірген ұлттық және шетелдік аккредиттеу органдарының тізбесі;
2) Аккредиттелген жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізілімі (бұдан әрі – 2-тізілім) – аккредиттелген жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесі;
3) Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының аккредиттелген білім беру бағдарламаларының тізілімі (бұдан әрі – 3-тізілім) – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының аккредиттелген білім беру бағдарламаларының (мамандықтардың) тізбесі;
4) аккредиттеу органы – өзі әзірлеген стандарттар (регламенттер) негізінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын институционалдық және (немесе) мамандандырылған аккредиттеуден өткізетін заңды тұлға;
5) аккредиттеу стандарттары (регламенттері) – аккредиттеу органының аккредиттеу рәсіміне қойылатын талаптарды белгілейтін құжаттары;
6) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын аккредиттеу – білім беру қызметтерінің сапасы туралы объективті ақпарат беру және оны арттырудың тиімді тетіктерінің бар екенін растау мақсатында аккредиттеу органының олардың белгіленген аккредиттеу стандарттарына (регламенттеріне) сәйкестігін тану рәсімі;
7) институционалдық аккредиттеу – мәлімделген мәртебесіне және белгіленген аккредиттеу стандарттарына (регламенттеріне) сәйкес білім беру ұйымында сапаны ішкі қамтамасыз ету жүйесі процестерінің тиімділігін аккредиттеу органының бағалау рәсімі;
8) мамандандырылған (бағдарламалық) аккредиттеу – білім беру ұйымы іске асыратын жекелеген білім беру бағдарламаларының сапасын бағалау рәсімі;
9) уәкілетті орган – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 13.02.2023 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 19.04.2024 № 177 (29.04.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.2-бөлім. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы аккредиттеу органдарын, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану тәртібі
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 13.02.2023 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы аккредиттеу органы, оның ішінде шетелдік Заңның 5-бабының 10) тармақшасына сәйкес бекітілген аккредиттеу органына қойылатын талаптарға оның сәйкестігін растау үшін уәкілетті органға тану үшін қағаз және/немесе электронды түрде мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) құрылтай құжаттарының нотариалдық куәландырылған көшірмелері. Құжаттар шетел тілдерінде ұсынылған кезде олардың қазақ немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасы талап етіледі;
3) аккредиттеу органының ЭЫДҰ-ға мүше мемлекеттердің аккредиттеу органдарының тізіліміне және (немесе) қауымдастығына енгендігін растайтын құжат немесе көрсетілген сайтқа сілтеме немесе Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз етудің еуропалық тізіліміне (The European Quality Assurance Register) енген және (немесе) аккредиттеу органдарының екі және одан да көп қауымдастықтарына (желілеріне) толық мүшелікке кірген аккредиттеу органы;
4) Заңның 5-бабының 10) тармақшасына сәйкес бекітілген Аккредиттеу органына қойылатын талаптардың 3-тармағында көрсетілген материалдық ресурстардың бар екенін растайтын құжаттар;
5) ғылым кандидаты немесе ғылым докторы, философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дәрежесі, институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу саласында немесе аккредиттелетін білім беру ұйымының мамандарды даярлау бейіні бойынша жұмыс тәжірибесі туралы ақпарат қамтылған аккредиттеу рәсіміне тартылатын сарапшылардың тізімі;
6) аккредиттеу рәсіміне қойылатын талаптарды белгілейтін аккредиттеу органын аккредиттеу стандарттары (регламенттері);
7) аккредиттеу органының даму бағдарламасы және (немесе) стратегиясы.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 13.02.2023 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес уәкілетті органға ұсынылатын құжаттарға аккредиттеу органының уәкілетті тұлғасы қол қояды.
Уәкілетті орган бес жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес аккредиттеу органы ұсынған құжаттардың толықтығын тексереді.
Аккредиттеу органы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда уәкілетті орган құжаттарды қабылдайды.
5. Осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген құжаттар толық болмаған жағдайда, уәкілетті орган құжаттарды Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде қарастырылған ретте қайтарылады.
6. Уәкілетті орган аккредиттеу органының тану үшін ұсынылған құжаттарын уәкілетті органның, "Атамекен" Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасының, қоғамдық бірлестіктердің, заңды тұлғалар бірлестігінің өкілдерінен, шетелдік және қазақстандық сарапшылар, педагогтар қатарынан қалыптастырылатын Уәкілетті органның кеңесінің (бұдан әрі – Кеңес) қарауына береді. Кеңестің сандық құрамы кем дегенде 9 мүшеден тұрады. Кеңестің құрамы уәкілетті орган басшысының бұйрығымен бекітіледі.
Уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі – Кеңестің қызметін қамтамасыз ететін жұмыс органы болып табылады.
Аккредиттеу органының құжаттары Кеңес мүшелерінің кемінде үштен екісі қатысқан Кеңес отырысында қаралады.
Кеңес отырысына қатысушылардың көпшілігі дауыс берген жағдайда ғана Кеңестің шешімдері қабылданды деп есептеледі. Кеңес шешімінің хаттамасын Кеңес төрағасы мен хатшысы рәсімдейді және қол қояды.
7. Кеңестің жұмыс органы топ 200 ARWU (АРВУ), топ 300 THE (ЗЭ), топ 300 QS (КЬЮЭС), U.S.News and World Report (Ю.ЭС Ньюс энд Ворлд Репорт) (GlobalScore (Глобал Скор) көрсеткіші 65-тен кем емес) академиялық рейтингтерінің біріне кіретін кемінде екі жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім беру бағдарламаларын аккредиттеген аккредиттеу органының сәйкестігін растау үшін қарайтын және Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес автоматты түрде тану және 1-Тізілімге енгізу туралы шешімді қабылдайтын Кеңеске ұсыныс енгізеді.
8. Аккредиттеу органын тану үшін құжаттарды қарау мерзімі осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдаған күнінен бастап отыз жұмыс күнін құрайды.
9. Заңның 5-бабының 10) тармақшасына сәйкес бекітілген аккредиттеу органына қойылатын талаптардың 1-7 тармақтарының сәйкестігін қарау нәтижелері бойынша Кеңес: 1) аккредиттеу органын тану туралы; 2) аккредиттеу органын танудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
10. Уәкілетті орган Кеңестің шешімі негізінде аккредиттеу органын тану туралы бұйрық шығарады және Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес бес жыл мерзімге 1-Тізілімге енгізеді.
Аккредиттеу органы өз қызметінің негізгі нәтижелері бойынша Кеңес отырысында жыл сайын есеп береді.
11. Аккредиттеу органының тану мерзімін ұзарту үшін Аккредиттеу органы тану мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік алпыс күн бұрын уәкілетті органға осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген құжаттарды ұсынады және осы Қағидалардың 8-тармағында белгіленген мерзімдерде қаралады.
Аккредиттеу органын тану мерзімдерін ұзарту үшін құжаттарды қарау нәтижелері бойынша Кеңес аккредиттеу органын тану мерзімін ұзарту туралы не дәлелді жауап бере отырып, тану мерзімін ұзартудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Аккредиттеу органын тану мерзімін ұзарту уәкілетті органның бұйрығымен бес жыл мерзімге бекітіледі.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 13.02.2023 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11-1. Заңның 5-бабының 10) тармақшасына сәйкес бекітілген Аккредиттеу органына қойылатын талаптардың 1, 2, 3, 4, 5, 6 және 7-тармақтарына сәйкессіздігі анықталған жағдайда оларды еркін нысанда жою жөнінде ұсынымдар беріледі.
Аккредиттеу органының ұсынымдарды орындау мерзімі оны алған күннен бастап екі айдан аспайды. Осы кезеңде аккредиттеу органын тану мерзімдерін ұзарту үшін өтінішті қарау мерзімі тоқтатыла тұрады.
Ұсынымдарда көрсетілген талаптарға сәйкессіздік толық жойылған кезде Кеңес аккредиттеу органын тану мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдайды.
Ескерту. Қағида 11-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 13.02.2023 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11-2. Ұсынымдарда көрсетілген талаптарға сәйкессіздік толық жойылмаған, ақпарат осы Қағидалардың 11-1-тармағында көрсетілген мерзімнен кеш берілген жағдайларда Кеңес тану мерзімін ұзартудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Ескерту. Қағида 11-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 13.02.2023 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12. Аккредиттеу органы қайта ұйымдастырылған жағдайда уәкілетті орган аккредиттеу органы өтініш берген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес 1-Тізілімге тиісті өзгерістер енгізеді.
13. Аккредиттеу органы 1-тізілімнен мынадай жағдайларда шығарылады:
1) аккредиттеу органы өз еркімен қызметін тоқтату туралы өтініш берген немесе аккредиттеу органы таратылған;
2) аккредиттеу органын тану мерзімінің өткен;
3) аккредиттеу органының ЭЫДҰ-ға мүше мемлекеттердің аккредиттеу органдарының тізілімінен және (немесе) қауымдастығынан, оның ішінде Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз етудің еуропалық тізілімінен (The European Quality Assurance Register) және (немесе) аккредиттеу органдарының екі және одан да көп қауымдастықтарына (желілеріне) толық мүшелігінен шығарылған;
4) Заңның 5-бабының 10) тармақшасына сәйкес бекітілген Аккредиттеу органына қойылатын талаптардың 6, 7-тармақтары және Кеңес шешімдері орындалмаған;
5) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес өткен кезеңдегі аккредиттеу органының қызметі туралы жыл сайынғы есепте білім беру ұйымдарын және білім беру бағдарламаларын аккредиттеу нәтижелері бойынша уәкілетті органға ұсынылған мәліметтердің дәйексіздігі немесе бұрмаланғандығы анықталған;
6) білім беру ұйымында сапаны ішкі қамтамасыз ету жүйесінің тиімді жұмыс істемеуі немесе болмау фактісі анықталған, екі немесе одан да көп білім беру ұйымдарының білім беру қызметін жүргізуге арналған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаларды тоқтата тұру және одан айыру туралы шешім қабылданған;
7) аккредиттелген білім беру ұйымымен үлестестік фактісі анықталған жағдайларда.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 13.02.2023 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.14. Аккредиттеу органын 1-Тізілімнен шығару Кеңестің шешімі негізінде шығарылатын уәкілетті органның бұйрығымен жүргізіледі.
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы аккредиттеу органдарын, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану қағидаларына 1-қосымша |
Нысан
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігіне (білім беру саласындағы уәкілетті орган) ___________________________ (заңды тұлғаның толық атауы) ___________________________ (мекен жайы, БСН) |
Өтініш
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 13.02.2023 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
_________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы)
аккредиттеу органы ретінде тануды (растауды) және жоғары және жоғары оқу орнынан
кейінгі білім беру саласында аккредиттеу органдарының 1-Тізіліміне енгізуді
сұраймын.
Заңды тұлғаның мекен-жайы __________________________________
Электрондық поштасы _______________________________________
Телефондары _______________________________________________
Факс ______________________________________________________
Басшы _____________________________________________________
(Қолтаңба) (Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болған жағдайда))
"____" _____________ 20__ж.
(Толтырған мерзімі)
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы аккредиттеу органдарын, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану қағидаларына 2-қосымша |
Нысан
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында аккредиттеу органдарының тізілімі (1-Тізілім)
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 13.02.2023 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
№ | Аккредиттеу органының атауы | Аккредиттеу органының деректемелері мен байланыстары | Аккредиттеу органын тану туралы бұйрықтың берілген күні мен нөмірі | Аккредиттеу органын танудың қолданыс мерзімі | Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық еуропалық желілердің толыққанды мүшесі болуы, кіру мерзімінің басталуы / ЭЫДҰ-ға мүше мемлекеттердің аккредиттеу органдарының тізілімінен және (немесе) қауымдастығына енгізілуі туралы ақпарат |
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы аккредиттеу органдарын, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану қағидаларына 3-қосымша |
Нысан
Аккредиттелген жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізілімі (2-Тізілім)
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 13.02.2023 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
№ | жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы | Аккредиттелген жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының деректемелері | Аккредиттеудің әрекет ету мерзімі |
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы аккредиттеу органдарын, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану қағидаларына 4-қосымша |
Нысан
Аккредиттелген жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім беру бағдарламаларының тізілімі (3-Тізілім)
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 13.02.2023 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
№ | Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының атауы, деректемелері | Білім беру бағдарламасының атауы | Аккредиттеудің әрекет ету мерзімі |
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы аккредиттеу органдарын, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану қағидаларына 5-қосымша |
*___________________________________________
(ұйымның атауы)
_______________ кезеңдегі қызметі туралы есебі
Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 13.02.2023 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) Аккредиттеу органының толық атауы, орналасқан жері, заңды мекен жайы, құрылымы, қызметкерлер штаты;
2) Аккредиттелген жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, білім беру бағдарламаларының атаулары, аккредиттеудің өткізілу мерзімі, аккредиттеу стандарттарына (регламенттерге) сәйкестігі, ұсынымдар;
3) Аккредиттеу органының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына немесе олардың білім беру бағдарламаларына сырттай аудит жүргізілгендігі туралы есеп берілген интернет-ресурстарға сілтемелер.
4) Аккредиттеу органының Заңның 5-бабының 10) тармақшасына сәйкес бекітілген Аккредиттеу органына қойылатын талаптарды орындауын талдау үшін мәліметтер.
* Есеп аккредиттеу органымен жыл сайын уәкілетті органға жылдың 15 шілдесіне дейінгі мерзімде ұсынылады және Кеңес отырысында тыңдалады.
Уәкілетті орган бес жылда бір рет аккредиттеу органы қызметінің нәтижелеріне сырттай бағалау жүргізеді.