Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіудің үлгілік қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істер министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 18 "Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің реестрінде № 12651 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылдың 15 қаңтарында жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеу күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығының" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік | |
қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа | |
қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы | Қ. Қожамжаров |
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 16.01.2023 № 21 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 5-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің (бұдан әрі – сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субъектілері) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау субъектілері сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүзеге асырады, оның нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қабылдайды.
3. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау:
1) объективтілік;
2) сенімділік;
3) айқындық;
4) жан-жақтылық қағидаттарында жүргізіледі.
2-тарау. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу тәртібі
4. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субъектісі басшысының, ол болмаған кезде – оның міндетін атқарушы не оның лауазымын алмастыратын адамның шешімі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге негіз болып табылады.
Бұл ретте, осы Үлгілік қағидаларда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау субъектісінің басшылары деп мемлекеттік органның және оның ведомствосының, ұйымның басшылары, сондай-ақ олардың қызметіне ағымдағы басшылықты жүзеге асыратын квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшылары түсініледі.
5. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау объектісі құрылымдық бөлімшенің, ведомствоның, ведомствоға бағынысты ұйымның, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау субъектісінің аумақтық және оған теңестірілген бөлімшесінің (бұдан әрі – талдау объектісі) қызметі болып табылады.
6. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды талдау объектісі іске асыратын функциялардың санына және оның штат санына қарай құрылымдық бөлімше, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге уәкілеттік берілген, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субъектісінің бірінші басшысы айқындайтын тұлға немесе оның шешімімен құрылатын жұмыс тобы (бұдан әрі – жұмыс тобы) жүргізеді.
7. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау субъектісі басшысының шешімі бойынша жұмыс тобының құрамына, сондай-ақ талдау нәтижелерін талқылауға және анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі ұсынымдарды іске асыру мониторингіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау объектісінің жанынан болған жағдайда, Қоғамдық кеңестің мүшелері, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзге де субъектілерінің мамандары және (немесе) сарапшылары тартылады.
8. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы шешім мынадай:
1) қызметі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауға жататын бөлімшенің атауы;
2) осы Үлгілік қағидалардың 11-тармағына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жолдау;
3) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізетін құрылымдық бөлімше, лауазымды тұлға (лауазымды адамдар) немесе жұмыс тобының дербес құрамы туралы;
4) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаумен қамтитын кезең;
5) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мерзімі;
6) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу және жұмыс нәтижелері үшін басшылық, үйлестіру және жауапкершілік жүктелетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субъектісінің лауазымды адамы туралы ақпаратты қамтиды.
9. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 30 жұмыс күніне дейінгі мерзімде жүргізіледі.
Қажет болған жағдайда, осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау субъектісі басшысының бұйрығы негізінде, 15 жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.
10. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жылына кемінде бір рет жүргізіледі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган талдау объектісінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізген жағдайда, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау ол аяқталған күннен бастап бір жыл өткен соң жүргізіледі.
Осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген мерзімдер осы Үлгілік қағидалардың 13-тармағында белгіленген жекелеген мәселелер бойынша жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауларына қолданылмайды.
11. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
1) талдау объектісінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
12. Бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттіктер мен нормалар айқындалады.
13. Мынадай мәселелер талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметі деп түсініледі:
1) персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау;
2) мүдделер қақтығысын реттеу;
3) мемлекеттік қызметтер көрсету;
4) рұқсат беру функцияларын іске асыру;
5) бақылау-тексеру функцияларын іске асыру;
6) бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу;
7) жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу;
8) ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану;
9) талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.
14. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мынадай кезеңдерді қамтиды:
1) осы Үлгілік қағидалардың 11-тармағында көзделген бағыттарға сәйкес талдау объектісі туралы ақпаратты жинау және талдау;
2) осы Үлгілік қағидалардың 18, 19, 20 және 21-тармақтарына сәйкес талдамалық анықтама дайындау;
3) Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды олардың тізбесін қалыптастыра отырып айқындау;
4) осы Үлгілік қағидалардың 25-тармағына сәйкес бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою шараларын қабылдау.
15. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге арналган ақпарат көздері:
1) талдау объектісінің қызметін реттейтін құқықтық актілер, ішкі құжаттар;
2) талдау объектісінің қызметі туралы ведомстволық статистикалық есептілік;
3) мемлекеттік және құқық қорғау органдарының ақпараттық жүйелерінің талдау объектісінің қызметі туралы деректері;
4) талдау объектісіне қатысты мемлекеттік органдар бұрын жүргізген тексерулердің нәтижелері;
5) ішкі аудит қызметтерінің бақылау іс-шараларының нәтижелері;
6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелері;
7) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар;
8) талдау объектісіне қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;
9) талдау объектісінің қызметкерлерін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін анықтау және жауапқа тарту туралы мәліметтер;
10) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бұрын жүргізілген ішкі талдау нәтижелері;
11) талдау объектісінің қызметшілерін, жұмыскерлерін сұрастыру (сұхбат) нәтижелері;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасында ұсынуға тыйым салынбаған өзге де мәліметтер болып табылады.
16. Талдау объектісінің жұмыскерлері сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге уәкілетті тұлғаға, жұмыс тобына осы Үлгілік қағидалардың 15-тармағында көзделген ақпарат көздерін ұсынады, талдау объектісінің қызметіне қатысты Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын қолдану практикасын түсіндіреді, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы хабарлайды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңнаманы және құқық қолдану практикасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді.
17. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде мыналарды қамтитын талдамалық анықтама жасалады:
1) анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы ақпаратты;
2) оларды жою жөніндегі ұсынымдар;
3) осы Үлгілік қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесі.
18. Талдамалық анықтама талдау объектісінің құрылымдық бөлімшелерімен келісіледі.
19. Талдамалық анықтамаға сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау субъектісінің басшысы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау аяқталған күннен бастап, 10 жұмыс күнінен кешіктірмей қол қояды.
3-тарау. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері
20. Нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған кезде, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау объектісі олардың бар екендігі туралы мәліметтерді тиісті уәкілетті органға (әзірлеушіге) жібереді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі ұсынымдар құқықтық мониторинг жүргізу кезінде қолданылады.
21. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесін әдеп жөніндегі уәкілдер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметтер және өзге де құрылымдық бөлімшелер немесе мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу және оларға жол бермеу жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын тұлғалары сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды атқаратын адамдармен жүйелі профилактикалық жұмысты ұйымдастыру кезінде пайдаланады.
22. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау субъектісінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі алқалы, консультативтік-кеңесші органдарының отырыстарында жария талқылауға жол беріледі.
23. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субъектісі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі – іс-шаралар жоспары) осы Үлгілік қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әзірлейді.
24. Іс-шаралар жоспарын сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субъектісінің басшысы талдамалық анықтамаға қол қойылған күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірмей бекітеді.
25. Талдамалық анықтама және іс-шаралар жоспары ол бекітілген күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде құпиялылық режимін қамтамасыз етуді, қызметтік, коммерциялық немесе Қазақстан Республикасының заңымен қорғалатын өзге де құпияны қорғау жөніндегі талаптардың сақталуын ескере отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау субъектісінің интернет-ресурсында орналастырылады.
26. Талдамалық анықтамаға қол қойылған күннен бастап бір жыл ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша енгізілген ұсынымдардың орындалуы туралы ақпаратты дайындау жолымен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою мониторингі осы Үлгілік қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізіледі.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша енгізілген ұсынымдардың орындалуы туралы ақпарат 6 айда кемінде бір рет құпиялылық режимін қамтамасыз етуді, қызметтік, коммерциялық немесе Қазақстан Республикасының заңымен қорғалатын өзге де құпияны қорғау жөніндегі талаптардың сақталуын ескере отырып, мемлекеттік органның, ұйымның, квазимемлекеттік сектор субъектісінің интернет-ресурсында орналастырылады.
27. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша шығарылған ұсынымдарды орындау кезінде жобалық басқару тәсілдері қолданылуы мүмкін.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына 1-қосымша |
Форма
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесі
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау объектісінің атауы:
_________________________________________________________
Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне шалдыққан лауазым | Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер | Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері | Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің деңгейі |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына 2-қосымша |
Форма
Бекітемін | |
____________________________ (талдау объектісінің басшысы лауазымының атауы, тегі, аты-жөні) ____________________________ (талдау объектісі басшысының қолы) "___" __________ 20___ жыл |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары
__________________________________
(талдау объектісінің атауы)
р/с | Ұсыным | Іс-шара | Іс-шараны аяқтау нысаны | Орындаушылар | Іс-шараны орындау мерзімі |
1. |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына 3-қосымша |
Форма
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша енгізілген ұсынымдардың орындалуы туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау объектісінің атауы: ______
________________________________________________________________
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мерзімі: ________
Талдамалық анықтамаға қол қойылған күні:_____________
р/с | Ұсыным | Іс-шаралар жоспарына сәйкес аяқтау нысаны | Ұсынымның орындалуы туралы ақпарат |
1. |