Ескерту. Күші жойылды – ҚР Әділет министрінің 11.10.2018 № 1481 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. "Өнеркәсіптік меншік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 251 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11407 болып тіркелген, 2015 жылғы 7 тамызда "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департаменті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы" Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.";
"Тауар таңбасына және өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықтарды басқаға беру туралы шарттарды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес мынадай редакцияда жазылсын;
"Лицензиялық, сублицензиялық шарттарды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес мынадай редакцияда жазылсын;
"Патенттік сенім білдірілген өкілдерге үміткерлерді аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес мынадай редакцияда жазылсын;
"Тауар таңбасын тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес мынадай редакцияда жазылсын;
"Тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығын тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес мынадай редакцияда жазылсын;
"Өнеркәсіптік үлгіге патент беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес мынадай редакцияда жазылсын;
"Пайдалы модельге патент беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрықтың 7-қосымшасына сәйкес мынадай редакцияда жазылсын;
"Өнертабысқа патент беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрықтың 8-қосымшасына сәйкес мынадай редакцияда жазылсын;
"Селекциялық жетістікке патент беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрықтың 9-қосымшасына сәйкес мынадай редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департаменті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы" Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Әділет министрі | М. Бекетаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар
министрі
____________Д. Абаев
2016 жылғы 7 қараша
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
_____________ Қ. Бишімбаев
2016 жылғы 14 қараша
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 31 қазандағы № 947 бұйрығына 1-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 251 бұйрығына 1-қосымша |
"Тауар таңбасына және өнеркәсіптік меншік объектілеріне
құқықтарды басқаға беру туралы шарттарды тіркеу" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Тауар таңбасына және өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықтарды басқаға беру туралы шарттарды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі – Стандарт) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрлік (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішті қабылдау және оның нәтижеcін беру:
1) Министрліктің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" Республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Сараптама ұйымы);
2) "электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімдері:
1) өтініш берген кезден бастап - 40 (қырық) жұмыс күні ішінде:
Құжаттардың ресімделуіне қойылатын талаптар бұзылған немесе шартты тіркеуге кедергі келтіретін, бірақ жоюға болатын негіздер болған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға сұрау салу ол жолданған күннен бастап үш айлық мерзімде жоқ немесе түзетілген құжаттарды ұсыну немесе қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізу ұсынысымен бірге жіберіледі.
Мұндай жағдайда мәні бойынша сараптама жүргізу мерзімдері жоқ немесе түзетілген құжаттар ұсынылған күннен бастап есептеледі.
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – қағаз түрінде берілетін шартты тіркеу күні мен оның нөмірімен бірге, мөртабаны қойылған шартты мемлекеттік тіркеу не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша түрдегі дәлелді жауап.
Портал арқылы өтініш берген кезде – айрықша құқықты басқаға беру туралы шарттың мемлекеттік тіркелгендігі туралы анықтама немесе шартты тіркеуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға ақылы негізде көрсетіледі (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті алушы).
Мәліметтерді жариялау және сараптама жүргізу үшін "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны іске асыратын жұмыстар және қызметтер бағаларын бекіту туралы" 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 368 бұйрығымен белгіленген мөлшерде төлемдер алынады (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10045 болып тіркелген).
Шарттарды тіркеу үшін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 539-бабына сәйкес айлық есептік көрсеткіштің 150 пайызы мөлшерінде мемлекеттік баж өндіріледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға электрондық өтінім портал арқылы берілген жағдайда төлем "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік баж және сараптама ұйымының қызметін төлеу үшін қажетті банк деректемелері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасында көрсетілген.
8. Жұмыс кестесі:
1) Көрсетілетін кызметті берушінің - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14.30-ға дейін;
2) сараптама ұйымының - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14.30-ға дейін.
3) порталда –Тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мейрам күндері өтініш берген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек куту тәртібімен көрсетіледі;
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) тауар таңбасына айрықша құқықтарды басқаға беру туралы шарттарды тіркеуге өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) осы стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тауар таңбасына және өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықтарды басқаға беру туралы шарттарды тіркеу туралы өтініш (бұдан әрі – Өтініш);
2) шарттың титулдық парақпен жабдықталған және қазақ және орыс тілдерінде орындалған төрт данада төлнұсқасы қоса беріледі. Шарттың әрбір данасы тігіледі, қағаз пломбамен бекемделіп тігілген және нөмірленген парақтардың саны туралы жазба жасалады, мөр бедері және екі тараптың не соған уәкілеттік берілген екі тарап адамдарының қолдары қойылады.
Шарт төлнұсқаларының орнына шарттың нотариат куәландырған көшірмелері ұсынылуы мүмкін;
3) өтініш патенттік сенім білдірілген тұлға немесе өзге де өкіл арқылы берілген жағдайда, сенімхат;
4) сараптама ұйымы көрсететін қызметтерге төлем төленгенін растайтын құжат;
5) мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат;
6) ұлттық көрсетілетін қызметті алушылар үшін жоғарыда көрсетілген құжаттардан басқа, қорғау құжаты немесе айрықша құқық иесінің басқару органдарының, құрылтайшылардың немесе акционерлердің жалпы жиналысының шарт жасасу және шартқа кәсіпорын басшысының қол қою өкілеттігін беру мәселесі жөніндегі шешімін ұсынады.
Өтінім және өзге де қажетті құжаттар қазақ және орыс тілдерінде ұсынылады. Заңды тұлғалардың аты мен атаулары қазақ және орыс транслитериясында көрсетілуге тиіс. Осы тармақтың 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар, егер олардың қазақ және орыс тілдерінде нотариат куәландырған нұсқасы бір мезгілде берілген жағдайда, шет тілінде берілуі мүмкін.
Тауар таңбасына айрықша құқықты басқаға беру туралы шартты тіркеуге өтініш жасағанда, бір тарапы 2006 жылғы 27 наурыздағы Тауар таңбалары жөніндегі заңдар туралы Сингапур шартына (Сингапур шарты) қатысушы мемлекеттердің жеке не заңды тұлғасы болып табылатын жағдайда осы тармақтың 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қазақ және орыс тілдерінде ұсынылуы мүмкін, олардың қазақ немесе орыс тіліне аудармаларын нотариус немесе өтініш иесін білдіретін патенттік сенім білдірілген өкіл куәландыруы мүмкін; осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген құжаттардың орнына тауар таңбасы иесінің өзгеруін көрсететін шарттан нотариат куәландырған үзінді көшірменің төрт данасы берілуі мүмкін; осы тармақтың 6) тармақшасында көрсетілген құжат ұсынылмайды.
Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) тауар таңбасына айрықша құқықтарды басқаға беру туралы шартты тіркеуге (не сенімхат бойынша оның өкілі) порталға өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысандағы өтініш;
2) титулдық парақпен жабдықталып, қазақ және орыс тілдерінде орындалған шарттың төрт данадағы төлнұсқасының электрондық көшірмесі қоса беріледі. Шарттың әрбір данасы тігіледі, қағаз пломбамен бекемделіп тігілген және нөмірленген парақтардың саны туралы жазба жасалады, мөр бедері және екі тараптың не соған уәкілеттік берілген екі тарап адамдарының қолтаңбалары қойылады.
Шарттың электрондық төлнұсқаларының орнына шарттың нотариат куәландырған электрондық көшірмелері ұсынылуы мүмкін;
3) өтініш патенттік сенім білдірілген тұлға немесе өзге де өкіл арқылы берілген жағдайда, сенімхаттың электрондық көшірмесі;
4) сараптама ұйымы көрсететін қызметтерге төлем төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
5) мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
6) ұлттық көрсетілетін қызметті алушылар үшін жоғарыда көрсетілген құжаттардан басқа, қорғау құжаты немесе айрықша құқық иесінің басқару органдарының, құрылтайшылардың немесе акционерлердің жалпы жиналысының шарт жасасу және шартқа кәсіпорын басшысының қол қою өкілеттігін беру мәселесі жөніндегі шешімнің электрондық көшірмесі ұсынылады.
Өтініштің және өзге де қажетті құжатардың электрондық көшірмелері қазақ және орыс тілдерінде ұсынылады. Шетелдік атаулар және заңды тұлғалардың атаулары қазақ және орыс транслитериясында көрсетілуге тиіс. Осы тармақтың 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері, олардың нотариат куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармаларының электрондық көшірмелері бір мезгілде берілген жағдайда, шет тілінде берілуі мүмкін.
Тауар таңбасына айрықша құқықты басқаға беру туралы шартты тіркеуге өтініш жасағанда, бір тарапы Сингапур шартына қатысушы мемлекеттердің жеке не заңды тұлғасы болып табылатын жағдайда осы тармақтың 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қазақ және орыс тілдерінде ұсынылуы мүмкін, олардың қазақ немесе орыс тіліне аудармаларын нотариус немесе өтініш иесін білдіретін патенттік сенім білдірілген өкіл куәландыруы мүмкін; осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген құжаттардың орнына тауар таңбасы иесінің өзгеруін көрсететін шарттан нотариат куәландырған үзінді көшірменің төрт данасы берілуі мүмкін; осы тармақтың 6) тармақшасында көрсетілген құжаттар ұсынылмайды.
Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) өнертабысқа, пайдалы модельге, өнеркәсіптік үлгіге, селекциялық жетістікке айрықша құқықтарды басқаға беру туралы шартты тіркеуге өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) өтініш;
2) нысанасы біртектес өнеркәсіптік меншік объектілері болып табылатын шарттың титулдық парақпен жабдықталған төрт данадағы төлнұсқасы. Шарттың әрбір данасы тігіледі, қағаз пломбамен бекемделіп тігілген және нөмірленген парақтардың саны туралы жазба жасалады, мөр бедері және екі тараптың не соған уәкілеттік берілген екі тарап адамдарының қолдары қойылады.
Шарт төлнұсқаларының орнына шарттың нотариат куәландырған көшірмелері ұсынылуы мүмкін;
3) өтініш патенттік сенім білдірілген тұлға немесе өзге де өкіл арқылы берілген жағдайда, сенімхат;
4) сараптама ұйымы көрсететін қызметтерге төлем төленгенін растайтын құжат;
5) мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат;
6) ұлттық көрсетілетін қызметті алушылар үшін: қорғау құжаты немесе айрықша құқық иесінің басқару органдарының, құрылтайшылардың немесе акционерлердің жалпы жиналысының шарт жасасу және шартқа кәсіпорын басшысының қол қою өкілеттігін беру мәселесі жөніндегі шешімін ұсынады.
Өтініштің және басқа да қажетті құжатар қазақ және орыс тілдерінде ұсынылады. Шетелдік атаулар және заңды тұлғалардың атаулары қазақ және орыс транслитериясында көрсетілуге тиіс. Осы тармақтың 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар, олардың нотариат куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасы бір мезгілде берілген жағдайда, шет тілінде берілуі мүмкін.
Селекциялық жетістіктерге айрықша құқықты басқаға беру туралы тіркеуге өтінім берген жағдайда осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген құжаттардың орнына құқықты беру фактісін көрсететін шарттан нотариат куәландырған үзінді көшірмелер ұсынылуы мүмкін.
Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) өнертабысқа, пайдалы модельге, өнеркәсіптік үлгіге, селекциялық жетістікке айрықша құқықтарды басқаға беру туралы шартты порталға тіркеуге өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) нысанасы біртектес өнеркәсіптік меншік объектілері болып табылатын шарттың титулдық парақпен жабдықталған төрт данадағы төлнұсқасының электрондық көшірмесі. Шарттың әрбір данасы тігіледі, қағаз пломбамен бекемделіп тігілген және нөмірленген парақтардың саны туралы жазба жасалады, мөр бедері және екі тараптың не соған уәкілеттік берілген екі тарап адамдарының қолтаңбалары қойылады.
Электрондық шарт төлнұсқаларының орнына шарттың нотариат куәландырған электрондық көшірмелері ұсынылуы мүмкін;
3) өтініш патенттік сенім білдірілген тұлға немесе өзге де өкіл арқылы берілген жағдайда, сенімхаттың электрондық көшірмесі;
4) сараптама ұйымы көрсететін қызметтерге төлем төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
5) мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
6) ұлттық көрсетілетін қызметті алушылар үшін: қорғау құжаты немесе айрықша құқық иесінің басқару органдарының, құрылтайшылардың немесе акционерлердің жалпы жиналысының шарт жасасу және шартқа кәсіпорын басшысының қол қою өкілеттігін беру мәселесі жөніндегі шешімнің электрондық көшірмесі ұсынылады.
Өтініштің және басқа да қажетті құжатардың электрондық көшірмелері нұсқасы қазақ және орыс тілдерінде ұсынылады. Шетелдік атаулар және заңды тұлғалардың атаулары қазақ және орыс транслитериясында көрсетілуге тиіс. Осы тармақтың 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері олардың нотариат куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасы бір мезгілде берілген жағдайда, шет тілінде берілуі мүмкін.
Селекциялық жетістіктерге айрықша құқықты басқаға беру туралы тіркеуге өтінім берген жағдайда осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген құжаттардың орнына құқықты беру фактісін көрсететін шарттан нотариат куәландырған үзінді көшірме ұсынылуы мүмкін.
10. Тауар таңбасына айрықша құқықты басқаға беру туралы шартты тіркеуден бас тартуға негіздеме болып табылады:
1) оған қатысты шарт жасалатын тауар таңбасының тіркеу қолданысының тоқтауы және оны қалпына келтіру мүмкіндігінің жоқтығы;
2) Сараптама ұйымының сұрау салуы бойынша барлық қажетті материалдардың және мәліметтердің үш айлық мерзімде ұсынылмауы;
3) тараптардың шарт жасасуға қажетті құқықтарының болмауы.
Өнертабысқа, пайдалы модельге, өнеркәсіптік үлгіге, селекциялық жетістікке айрықша құқықты басқаға беру туралы шартты тіркеуден бас тартуға негіздеме болып табылады:
1) оған қатысты шарт жасалатын қорғау құжатының тіркеу қолданысының тоқтауы;
2) Сараптама ұйымының сұрау салуы бойынша үш айлық мерзімде уақытылы жауаптың ұсынылмауы;
3) Сараптама ұйымының сұрау салуына жауапта барлық қажетті мәліметтер мен құжаттардың болмауы.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану:
шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына осы стандарттың 13-тармағында көрсетілген мекенжайға жіберіледі.
Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол, сондай-ақ портал арқылы беріледі.
Қажетті жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті сапасыз көрсеткенін растайтын құжаттарға шағымды қоса тіркейді.
Шағымды қабылдаған адамның тегін және аты-жөнін, берілген шағымға жауапты алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылдануын растау болып табылады.
Портал арқылы өтініш берген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Шағым портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі жасау, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқығы бар.
4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетін қызмет ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.adilet.gov.kz интернет-ресурсының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде, сараптама ұйымының ресми сайтында www.kazpatent.kz орналастырылған.
14. ЭЦҚ болса, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
15. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті" арқылы алуға мүмкіндігі бар.
16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметінің байланыс телефондары: 8 (7172) 74 07 54, 74 09 69, 74 96 60. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы – 1414, 8 800 080 7777.
"Тауар таңбасына және өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықтарды басқаға беру туралы шарттарды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша |
Мемлекеттік баж төлеу үшін қажетті банк деректемелері
Бенефициар – "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң
Мемлекеттік кіріс комитеті Астана қаласы бойынша
Мемлекеттік кіріс департаментінің Есіл ауданы бойынша
Мемлекеттік кіріс басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесi.
БСН – 081240013779
ЖСК – KZ24070105KSN
БСК – KKMFKZ 2 A
Бенефициар банкі – "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті" мемлекеттік мекемесі.
КБЕ-11
Бюджеттік сыныптама коды (БСК) – 108118
Төлем тағайындау коды — 979 жеке тұлғалар үшін
Төлем тағайындау коды — 911 заңды тұлғалар үшін
Сараптама ұйымының қызметтеріне ақы төлеуге қажетті банк деректемелері
Қабылдаушы: Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің
"Ұлттық зияткерлік меншік институты"
республикалық мемлекеттік кәсіпорны
Мекенжайы Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы,
Сол жағалау, Орынбор көшесі 8, 1 корпус, № 1
кіреберіс
БИН: 020940003199
Банктің атауы: "Нұрбанк" Акционерлік қоғамы
ЖСК KZ8584905KZ006015415
БСК NURSKZKX
КБЕ: 16
КНП: 859
"Тауар таңбасына және өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықтарды басқаға беру туралы шарттарды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша |
Нысан
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің
"Ұлттық зияткерлік меншік институты"
республикалық мемлекеттік кәсіпорны
Тауар таңбасына және өнеркәсіптік меншік объектілеріне
құқықтарды басқаға беру туралы шарттарды тіркеу туралы
ӨТІНІШ
1. Осы өтініште көрсетілген қорғау құжатына (қорғау
құжаттарына) құқықтарды басқаға беру шартын тіркеуді сұраймын.
2. Қорғау құжатының (қорғау құжаттарының) атауы (атаулары) және
нөмірі (нөмірлері):
____________________________________________________________________
3. Иесі (иелері):
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(Жеке тұлғаның Т.А.Ә. (бар болса) немесе заңды тұлғаның атауы)
Мекенжайлары (пошталық индексін, елдің атауын қоса алғанда) және
телефондары:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Егер иесі бірнешеу болса, көрсету керек
4. Құқықтық мирасқор (құқықтық мирасқорлар):
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(Жеке тұлғаның Т.А.Ә. (бар болса) немесе заңды тұлғаның атауы)
Мекенжайлары (пошталық индексін, елдің атауын қоса алғанда)
және телефондары:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Егер құқықтық мирасқор бірнешеу болса, көрсету керек
5. Патенттік сенім білдірілген өкіл немесе өтініш берушінің
өзге де өкілі:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
6. Мекенжайлары (пошталық индексін, елдің атауын қоса алғанда)
және телефондары:___________________________________________________
____________________________________________________________________
7. Хат алмасуға арналған мекенжайлар:
____________________________________________________________________
8. Қосымшалар:
Тіркелетін шарт ____ парақта (№№____қосымшалар ____парақта)
___данада;
Патенттік сенім білдірілген өкілдің немесе басқа да өкілетті
өкілдің өкілеттіктерін растайтын сенімхат;
Мемлекеттік баж төлемін растайтын құжат;
Басқа да құжат (көрсету керек)
____________________________________________________________________
Өтініш беруші
_____________________________________________________(бар болса) М.О.
(Лауазымы, Т.А.Ә. (бар болса), және қолы)
Күні 20 _____ жылғы "____" ______________
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 31 қазандағы № 947 бұйрығына 2-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 251 бұйрығына 2-қосымша |
"Лицензиялық, сублицензиялық шарттарды тiркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Лицензиялық, сублицензиялық шарттарды тiркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі – Стандарт) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрлік (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдау және оның нәтижелерін беру:
1) Министрліктің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Сараптама ұйымы);
2) "электрондық үкіметті" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) құжаттарды берген кезден бастап - 40 (қырық) жұмыс күні ішінде:
Құжаттардың ресімделуіне қойылатын талаптар бұзылған немесе шартты тіркеуге кедергі келтіретін, бірақ жоюға болатын негіздер болған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға сұрау салу жолданған күннен бастап үш айлық мерзімде жоқ немесе түзетілген құжаттарды ұсыну немесе қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізу ұсынысы бар сұрау салу жіберіледі. Мұндай жағдайда мәні бойынша сараптама жүргізудің мерзімдері жоқ немесе түзетілген құжаттар ұсынылған күннен бастап есептеледі.
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – қағаз түрінде берілетін шартты тіркеу күні мен оның нөмірімен бірге, мөртабаны қойылған шартты мемлекеттік тіркеу не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша түрдегі дәлелді жауап.
Портал арқылы өтініш берген кезде – шартты мемлекеттік тіркеу туралы анықтама немесе шартты тіркеуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға ақылы негізде көрсетіледі (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті алушы).
Мәліметтерді жариялау және сараптама жүргізу үшін "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны іске асыратын жұмыстар және қызметтер бағаларын бекіту туралы" 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 368 бұйрығымен белгіленген мөлшерде төлемдер алынады (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10045 болып тіркелген).
Шарттарды тіркеу үшін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 539-бабына сәйкес айлық есептік көрсеткіштің 150 пайызы мөлшерінде мемлекеттік баж өндіріледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға электрондық өтінім портал арқылы берілген жағдайда төлем "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік баж және сараптама ұйымының қызметін төлеу үшін қажетті банк деректемелері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасында көрсетілген.
8. Жұмыс кестесі:
1) Көрсетілетін кызметті берушінің - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14.30-ға дейін;
2) сараптама ұйымының - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14.30-ға дейін.
3) порталда – Тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мейрам күндері өтініш берген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек куту тәртібімен көрсетіледі;
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) тауар таңбасын пайдалануға құқық беру туралы лицензиялық, сублицензиялық шарттарды тіркеуге өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша лицензиялық, сублицензиялық шарттарды тiркеу туралы өтініш (бұдан әрі – өтініш);
2) шарттың титулдық парақпен жабдықталған және қазақ және орыс тілдерінде орындалған төрт данада төлнұсқасы қоса беріледі. Шарттың әрбір данасы тігіледі, қағаз пломбамен бекемделіп тігілген және нөмірленген парақтардың саны туралы жазба жасалады, мөр бедері және екі тараптың не соған уәкілеттік берілген екі тарап адамдарының қолдары қойылады.
Шарт төлнұсқаларының орнына шарттың нотариат куәландырған көшірмелері ұсынылуы мүмкін;
3) өтініш патенттік сенім білдірілген тұлға немесе өзге де өкіл арқылы берілген жағдайда, сенімхат;
4) сараптама ұйымы көрсететін қызметтерге төлем төленгенін растайтын құжат;
5) мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат;
6) ұлттық көрсетілетін қызметті алушылар үшін: лицензиарды басқару органдарының, құрылтайшылардың немесе акционерлердің жалпы жиналысының шарт жасасу және кәсіпорын басшысының шартқа қол қоюы жөніндегі өкілеттіктерін беру мәселесі бойынша шешімі.
Өтініш және басқа да қажетті құжаттар қазақ және орыс тілдерінде беріледі. Егер бір уақытта олардың қазақ және орыс тілдеріндегі нотариат куәландырған аудармасы берілген жағдайда, осы тармақтың 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар шет тілінде берілуі мүмкін.
Тауар таңбасын пайдалануға құқық беру туралы лицензиялық, сублицензиялық шарттарды тіркеуге өтініш жасағанда, бір тарапы 2006 жылғы 27 наурыздағы Тауар таңбалары жөніндегі заңдар туралы Сингапур шартына (Сингапур шарты) қатысушы мемлекеттердің жеке не заңды тұлғасы болып табылатын жағдайда осы тармақтың 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қазақ және орыс тілдерінде ұсынылуы мүмкін, олардың қазақ немесе орыс тіліне аудармаларын нотариус немесе өтініш иесін білдіретін патенттік сенім білдірілген өкіл куәландыруы мүмкін; осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген құжаттардың орнына тауар таңбасы иесінің өзгеруін көрсететін шарттан нотариат куәландырған үзінді көшірменің төрт данасы берілуі мүмкін; осы тармақтың 6) тармақшасында көрсетілген құжат ұсынылмайды.
Көрсетілген қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 9-тармағында көрсетілген тауар таңбасын пайдалануға құқық беру туралы лицензиялық, сублицензиялық шарттарды тіркеуге порталға өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысандағы өтініш;
2) титулдық парақпен жабдықталып, қазақ және орыс тілдерінде орындалған шарттың төрт данадағы төлнұсқасының электрондық көшірмесі қоса беріледі. Шарттың әрбір данасы тігіледі, қағаз пломбамен бекемделіп тігілген және нөмірленген парақтардың саны туралы жазба жасалады, мөр бедері және екі тараптың не соған уәкілеттік берілген екі тарап адамдарының қолтаңбалары қойылады.
Шарттың электрондық төлнұсқаларының орнына шарттың нотариат куәландырған электрондық көшірмелері ұсынылуы мүмкін;
3) өтініш патенттік сенім білдірілген тұлға немесе өзге де өкіл арқылы берілген жағдайда, сенімхаттың электрондық көшірмесі;
4) сараптама ұйымы көрсететін қызметтерге төлем төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
5) мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
6) ұлттық көрсетілетін қызметті алушылар үшін: лицензиарды басқару органдарының, құрылтайшылардың немесе акционерлердің жалпы жиналысының шарт жасасу және кәсіпорын басшысының шартқа қол қоюы жөніндегі өкілеттіктерін беру мәселесі бойынша шешімінің электрондық көшірмесі.
Өтініш және басқа да қажетті құжаттар қазақ және орыс тілдерінде беріледі. Осы тармақтың 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар шет тілінде берілуі мүмкін, егер бір уақытта олардың қазақ және орыс тілдеріндегі нотариат куәландырған аудармасы берілген жағдайда.
Тауар таңбасын пайдалануға құқық беру туралы лицензиялық, сублицензиялық шарттарды тіркеуге өтініш жасаған кезде тараптанының
2006 жылғы 27 наурыздағы Тауар таңбалары бойынша заңдар туралы Сингапур шартына (Сингапур шарты) қатысушы шетелдік мемлекеттерін жеке немесе заңды тұлғасы болса, осы тармақтың 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қазақ және орыс тілдерінде ұсынылуы мүмкін, олардың қазақ немесе орыс тіліне аудармаларын нотариус не өтініш берушіні білдіретін патенттік сенім білдірген өкіл куәландыруы мүмкін; осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген құжаттардың орнына тауар таңбасын пайдалануға құқық беруді көрсететін шарттан нотариат куәландырған үзінді көшірменің төрт данасы берілуі мүмкін; осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген құжаттар ұсынылмайды.
Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) өнертабысты, пайдалы модельді, өнеркәсіптік үлгіні, селекциялық жетістікті пайдалануға құқық беру туралы лицензиялық, сублицензиялық шарттарды тіркеуге өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі сараптама ұйымына:
1) өтініш;
2) нысанасы өнеркәсіп меншіктің біртектес объектілері болып табылатын, қазақ және орыс тілдеріндегі титулдық парақпен жабдықталған шарттың төрт данадағы төлнұсқасы. Шарттың әрбір данасы тігіледі, тігілген және нөмірленген парақтардың саны туралы жазба жасалатын, мөр бедері және екі тараптың не соған уәкілеттік берілген екі тарап адамдарының қолтаңбалары қойылатын қағаз пломбамен бекемделеді.
Шарт төлнұсқаларының орнына шарттың нотариат куәландырған көшірмелері ұсынылуы мүмкін;
3) өтініш патенттік сенім білдірілген тұлға немесе өзге де өкіл арқылы берілген жағдайда, сенімхат;
4) сараптама ұйымы көрсететін қызметтерге төлем төленгенін растайтын құжат;
5) мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат;
6) ұлттық көрсетілетін қызметті алушылар үшін лицензиарды басқару органдарының, құрылтайшылардың немесе акционерлердің жалпы жиналысының шарт жасасу және кәсіпорын басшысының шартқа қол қоюы жөніндегі өкілеттіктерін беру мәселесі бойынша шешімі.
Өтініш және басқа да қажетті құжаттар қазақ және орыс тілдерінде беріледі. Осы тармақтың 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар шет тілінде берілуі мүмкін, егер бір уақытта олардың қазақ және орыс тілдеріндегі нотариат куәландырған аудармасы берілген жағдайда.
Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) өнертабысты, пайдалы модельді, өнеркәсіптік үлгіні, селекциялық жетістікті пайдалануға құқық беру туралы лицензиялық, сублицензиялық шарттарды тіркеуге порталға өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) нысанасы өнеркәсіп меншіктің біртектес объектілері болып табылатын, қазақ және орыс тілдеріндегі титулдық парақпен жабдықталған шарттың төрт данадағы төлнұсқасының электрондық көшірмесі. Шарттың әрбір данасы тігіледі, тігілген және нөмірленген парақтардың саны туралы жазба жасалатын, мөр бедері және екі тараптың не соған уәкілеттік берілген екі тарап адамдарының қолтаңбалары қойылатын қағаз пломбамен бекемделеді.
Шарт төлнұсқаларының электрондық көшірмелерінің орнына шарттың нотариат куәландырған көшірмелері ұсынылуы мүмкін;
3) өтініш патенттік сенім білдірілген тұлға немесе өзге де өкіл арқылы берілген жағдайда, сенімхаттың электрондық көшірмесі;
4) сараптама ұйымы көрсететін қызметтерге төлем төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
5) мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
6) ұлттық көрсетілетін қызметті алушылар үшін лицензиарды басқару органдарының, құрылтайшылардың немесе акционерлердің жалпы жиналысының шарт жасасу және кәсіпорын басшысының шартқа қол қоюы жөніндегі өкілеттіктерін беру мәселесі бойынша шешімінің электрондық көшірмесі.
Өтініш және басқа да қажетті құжаттар қазақ және орыс тілдерінде беріледі. Осы тармақтың 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар шет тілінде берілуі мүмкін, егер бір уақытта олардың қазақ және орыс тілдеріндегі нотариат куәландырған аудармасы берілген жағдайда.
10. Тауар таңбасын пайдалануға құқық беру туралы лицензиялық, сублицензиялық шарттарды тіркеуден бас тарту үшін:
1) өзіне қатысты шарт жасалатын және оны қалпына келтіру мүмкіндігі жоқ тауар таңбасын тіркеу қолданысының тоқтауы;
2) Сараптама ұйымының сұрау салуы бойынша барлық қажетті материалдардың және мәліметтердің үш айлық мерзімде ұсынылмауы;
3) тараптардың шарт жасасуға қажетті құқықтарының болмауы;
4) лицензиялық шартта лицензиаттың қосалқы лицензиялық шартты тіркеуге өкілеттігінің болмауы және уәкілетті органда тіркелген лицензиялық шарттың болмауы негіз болып табылады.
Өнертабысты, пайдалы модельді, өнеркәсіптік үлгіні, селекциялық жетістікті пайдалануға құқық беру туралы лицензиялық, сублицензиялық шарттарды тіркеуден бас тарту үшін:
1) оған қатысты шарт жасалатын қорғау құжатының тіркеу қолданысының тоқтауы;
2) Сараптама ұйымының сұрау салуы бойынша үш айлық мерзімде уақытылы жауаптың ұсынылмауы;
3) Сараптама ұйымының сұрау салуына жауапта барлық қажетті мәліметтер мен құжаттардың болмауы;
4) лицензиялық шартта лицензиаттың қосалқы лицензиялық шартты тіркеуге өкілеттігінің болмауы және уәкілетті органда тіркелген лицензиялық шарттың болмауы;
5) шартқа қол қойылған күнінен алты ай өткеннен кейін құжаттардың тіркеуге ұсынылуы негіз болып табылады.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану:
Шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына осы Стандарттың 13-тармағында көрсетілген мекенжайға жіберіледі.
Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол, сондай-ақ портал арқылы беріледі.
Қажетті жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы шағымға қызметті берушінің мемлекеттік қызметті сапасыз көрсеткенін растайтын құжаттарды қоса береді.
Шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылдануын растау болып табылады.
Портал арқылы өтініш берген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Шағым портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі жасау, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық
Нысанда көрсетілетін қызмет ерекшеліктері ескере отырып
қойылатын өзге де талаптар
13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.adilet.gov.kz интернет-ресурсының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде, сараптама ұйымының ресми сайтында www.kazpatent.kz орналастырылған.
14. Электрондық цифрлық қолтаңба болған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
15. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті" арқылы алуға мүмкіндігі бар.
16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметінің байланыс телефондары: 8 (7172) 74 07 54, 74 09 69, 74 96 60. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы – 1414, 8 800 080 7777.
"Лицензиялық, сублицензиялық шарттарды тiркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша |
Мемлекеттік баж төлеу үшін қажетті банк деректемелері
Бенефициар – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң
Мемлекеттік кірістер комитеті, Астана қаласы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің Есіл ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесi.
БСН – 081240013779
ЖСК – KZ24070105KSN0000000
БСК – KKMFKZ 2 A
Бенефициар банкі – "Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті" мемлекеттік мекемесі.
КБЕ-11
Бюджеттік сыныптама коды (БСК) – 108118
Төлем тағайындау коды — 979 жеке тұлғалар үшін
Төлем тағайындау коды — 911 заңды тұлғалар үшін
Сараптама ұйымының көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу үшін қажетті банк деректемелері
Қабылдаушы: Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің
"Ұлттық зияткерлік меншік институты"
республикалық мемлекеттік кәсіпорны
Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы,
Орынбор көшесі 8, 1-корпус, № 1-кіреберіс
БСН: 020940003199
Банктің атауы: "Нұрбанк" акционерлік қоғамы
ЖСК KZ8584905KZ006015415
БСК NURSKZKX
КБЕ: 16
КНП: 859
"Лицензиялық, сублицензиялық шарттарды тiркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша |
Нысан
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің
"Ұлттық зияткерлік меншік институты" РМК
Лицензиялық, сублицензиялық шарттарды тiркеу туралы
ӨТІНІШ
1. Осы өтініште көрсетілген қорғау құжатына (қорғау
құжаттарына) қатысты лицензиялық (сублицензиялық) шартты тіркеуді
сұраймын.
2. Қорғау құжатының (қорғау құжаттарының) атауы (атаулары) және
нөмірі (нөмірлері):
____________________________________________________________________
3. Лицензиар (сублицензиар):
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Жеке тұлғаның аты, тегі, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды
тұлғаның атауы
Мекенжайлары (пошта индексін, елдің атын қоса алғанда) және
телефондары
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Егер лицензиарлар бірнешеу болса, көрсету керек
4. Лицензиат (сублицензиат):
Жеке тұлғаның аты, тегі әкесінің аты (бар болса) немесе заңды
тұлғаның атауы
Мекенжайлары (пошта индексін, елдің атын қоса алғанда) және
телефондары
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Егер лицензиарлар бірнешеу болса, көрсету керек
5. Патенттік сенім білдірілген тұлға немесе өтініш берушінің
өзге де өкілі
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Мекенжайлары (пошта индексін, елдің атын қоса алғанда) және
телефондары
6. Лицензия түрі
____________________________________________________________________
7. Лицензиялық шартта көзделген пайдалану түрлерін ескере
отырып берілетін құқықтар көлемі
____________________________________________________________________
8. Хат алысуға арналған мекенжайлар
____________________________________________________________________
9. Қосымшалар:
Тіркелетін шарт ____ парақ (№№ ____ қосымшалар ____ парақ)
____данада;
Патенттік сенім білдірілген өкілдің немесе басқа өкілетті
өкілдің өкілеттіктерін растайтын сенімхат;
Мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат;
Жалғастыруға арналған парақтар;
Басқа құжат (көрсету керек)
____________________________________________________________________
Өтініш беруші
____________________________________________________ (бар болса) М.О.
Лауазымы, Т.А.Ә.(бар болса) және қолы
Күні "____" ___________ 20 ____ жыл.
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 31 қазандағы № 947 бұйрығына 3-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 251 бұйрығына 3-қосымша |
"Патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдердi аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдердi аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрлік (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініштерді қабылдау және оның нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған кезден бастап:
аттестаттау емтиханы тиісті жартыжылдықтың соңғы айының 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жүргізіледі;
патенттік сенім білдірілген өкілге куәлік (бұдан әрі – куәлік) аттестаттау емтиханы өткен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде беріледі.
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 10 (он) минут;
3) көрсетілетін қызметтің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 10 (он) минут.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі – аттестаттау емтиханын тапсыру қорытындысы бойынша оң шешім және патенттік сенім білдірілген өкілде тіркеу туралы куәлікті беру не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны – электрондық, қағаз түрінде.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі бойынша қағаз жеткізгіште жүгінген жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі электрондық нысанда рәсімделеді, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының қолымен және мөрімен куәландырылады.
Портал арқылы жүгінен кезде көрсетілетін қызметті алушыға аттестаттау комиссиясының оң шешімі болғанда көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған, электрондық құжат нысанында патенттік сенім білдірілген өкілдің куәлігі не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауап жіберіледі.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға ақылы негізде көрсетіледі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы).
Мемлекеттік баж заңды мәні бар әрекеттерді жасау және (немесе) көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды беру орны бойынша "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 539-бабында белгіленген төлемнің мөлшерін және күнін растайтын төлем құжаттарын беретін Қазақстан Республикасының банк мекемелері арқылы:
патенттік сенім білдірілген өкілдерге кандидаттарды аттестаттау үшін – айлық есептік көрсеткіштің 1 500 (бір мың бес жүз) пайызы;
патенттік сенім білдірілген өкілді тіркеу туралы куәлік беру үшін - айлық есептік көрсеткіштің 100 (жүз) пайызы;
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға портал арқылы электрондық өтінім берілген кезде төлем электрондық үкіметтің төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) немесе екінші деңгейлі банк арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Мемлекеттік баж төлеуге қажетті банк деректемелері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасында көрсетілген.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
2) порталда – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жүгінген жағдайда жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мейрам күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш берген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
көрсетілетін қызметті берушіге:
патенттік сенім білдірілген өкілдердің аттестаттаудан өтуі үшін:
1) мемлекеттік немесе орыс тілдерінде аттестаттауға рұқсат беру туралы еркін нысандағы өтініш;
2) фотосуреті бар кадр есебі бойынша жеке іс парағы;
3) жоғары білім туралы диплом көшірмесі;
4) еңбек қызметін растайтын, оның ішінде зияткерлік меншік саласындағы жұмыс өтілінің растығы қамтылған құжаттың көшірмесі;
5) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе паспорты (жеке басын сәйкестендіру үшін);
6) патенттік сенім білдірілген өкілдерді аттестаттау үшін мемлекеттік баж төленгенін растайтын құжат.
порталға:
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат түріндегі сұрау салу;
2) фотосуреті бар кадр есебі бойынша жеке іс парағының электрондық көшірмесі;
3) жоғары білім туралы дипломның электрондық көшірмесі;
4) еңбек қызметін растайтын, оның ішінде зияткерлік меншік саласындағы жұмыс өтілінің растығы қамтылған құжаттың электронды көшірмесі;
5) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе паспортының электрондық көшірмесі (жеке басын сәйкестендіру үшін);
6) ЭҮТШ арқылы патенттік сенім білдірілген өкілдерді аттестаттау үшін мемлекеттік баж төлемін растайтын электрондық құжаттың көшірмесі.
Осы бөліктің 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттар аттестаттау емтиханына келген кезде көрсетілетін қызметті алушы ұсынатын олардың түпнұсқаларымен салыстырылады.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді, ЭҮТШ арқылы мемлекеттік баж төлемі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезінде заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, ақпараттық жүйелерде қамтылатын мәліметтерді пайдалануға келісімін береді.
Көрсетілетін қызметті алушыға барлық қажетті құжаттарды:
көрсетілетін қызметті беруші (қолма-қол не пошта байланысы арқылы) тапсырған кезде – қағаз жеткізгіштегі өтініштің көшірмесіне құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақытын көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі жасау оның қабылданғанын растау болып табылады;
портал арқылы тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" патенттік сенім білдірілген өкілдің аттестациялық емтихан өткізу күні мен уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе жіберіледі.
10. Мыналар:
1) көрсетілетін қызметті алушыға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тыйым салынғандығы;
2) көрсетілетін қызметті алушы зияткерлік меншік саласындағы уәкілетті органның және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкері, сондай-ақ оның жақын туысы, жұбайы (зайыбы) болып табылатындығы;
3) "Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы", "Қазақстан Республикасының Патент Заңы", "Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес патенттік сенім білдірілген өкілдер тізілімінен көрсетілетін қызметті алушының алынып тасталуы;
4) заңда белгіленген тәртіппен қылмыс жасағаны үшін өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болуы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартудың Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздемесі болып табылады.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мәселелері
бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның
лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне)
шағымдану тәртібі
11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану:
шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша не Министрлік басшысының атына мына мекенжай бойынша беріледі: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көш., № 8-үй, 13-кіреберіс, № 925-кабинет, байланыс телефоны: 8 (7172) 74-07-37.
Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы, порталға не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Қажетті жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті беруші көрсеткен сапасыз мемлекеттік көрсетілетін қызметті растайтын құжаттарды шағымға қоса тіркейді.
Шағымды қабылдаған адамның тегін және аты-жөнін, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылдануын растау болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Портал арқылы өтініш берген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
Шағым портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі жасау, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
Мемлекеттік көрсетілген қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
12. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқығы бар.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетін қызмет ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге де талаптар
13. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.adilet.gov.kz интернет-ресурсының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.
14. ЭЦҚ болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
15. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
16. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша анықтама қызметінің байланыс телефондары: 8 (7172) 74 07 54, 74 09 69. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: 1414, 8 800 080 7777
"Патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдердi аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымша |
Мемлекеттік баж төлеу үшін қажетті банк деректемелері
Бенефициар – ҚР ҚМ МКК Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кіріс департаментінің Есіл ауданы бойынша Мемлекеттік кіріс басқармасы РММ
БСН – 081240013779
ЖСК – KZ24070105KSN0000000
БСК – KKMFKZ 2 A
Бенефициар Банкі – "ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті" ММ
КБЕ-11
Бюджеттік сыныптама коды (БСК) – 108118
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 31 қазандағы № 947 бұйрығына 4-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 251 бұйрығына 4-қосымша |
"Тауар таңбасын тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1-Тарау. Жалпы ережелер
1. "Тауар таңбасын тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі – Стандарт) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрлік (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдау және оның нәтижелерін беру:
1) Министрліктің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" Республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Сараптама ұйымы);
2) "электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-Тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған кезден бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 14 (он төрт) ай ішінде, өтініш берушінің жазбаша өтініші негізінде қосымша төлем төленген жағдайда тауар таңбасының өтініміне сараптама белгіленген мерзімдерден бұрын, бірақ алты айдан ерте емес мерзімде өткізіледі.
Мерзім:
қызмет алушы тауар таңбасын тіркеуге кедергі келтіретін негіздерді жоюға қажетті қосымша құжаттарды ұсынуы тиіс болған жағдайда үш айдан аспайтын уақытқа;
қызмет алушы толық сараптаманың алдын ала қорытындысына қарсылық берген жағдайда алты айдан аспайтын мерзімге;
қызмет алушы уәкілетті органның апелляциялық кеңесіне түпкілікті сараптамалық қорытындыға қарсы қарсылық берген жағдайда үш айдан аспайтын мерзімге;
қызмет алушы қарсылық беру мерзімін немесе сараптаманың сұрауына жауап мерзімін ұзарту жөнінде өтініш берген кезінде алты айдан аспайтын мерзімге;
қызмет алушы өткізіп алған мерзімдерін қалпына келтіру туралы өтініш берген жағдайда екі айдан аспайтын мерзімге ұзартылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі қызмет алушы апелляциялық кеңеске қарсылық беруге байланысты іс жүргізуді тоқтату туралы өтініш берген кезде тоқтатыла тұрады.
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.
3) қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – тауар таңбаларының мемлекеттік тізілімінде тіркелген тауар таңбасын тіркеу не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – электронды, қағаз түрінде.
Портал арқылы өтініш берген кезде жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті алушы) "жеке кабинетіне" қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алған күнін және орнын көрсете отырып, электронды құжат нысанында хабарлама жіберіледі.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет заңды және жеке тұлғаларға ақылы негізде көрсетіледі.
"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны іске асыратын жұмыстар және қызметтерге бағаларды бекіту туралы" 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 368 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11225 болып тіркелген) сәйкес белгіленген мөлшерде төлемдер алынады.
Тауар таңбасын тіркеу үшін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 539-бабына сәйкес айлық есептік көрсеткіштің 100 пайызы мөлшерінде мемлекеттік баж өндіріп алынады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға электрондық өтінім портал арқылы берілген жағдайда төлем "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік баж және сараптама ұйымының қызметіне ақы төлеу үшін қажетті банк деректемелері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасында көрсетілген.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін;
2) сараптама ұйымының – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14.30-ға дейін.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
3) порталда – тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мейрам күндері өтініш берген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
сараптама ұйымына:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауар таңбасын тіркеуге арналған өтінім (бұдан әрі – Өтінім);
2) 8х8 см форматындағы мәлімделетін белгінің 15 репродукциясы (тауар таңбаларының этикеткалары мен ерекше түрлері, егер олар 20х20 см мөлшерден аспаса, оларды толық көлемде ұсынуға болады);
3) сараптама жүргізу бойынша сараптама ұйымының қызметіне ақы төленгенін растайтын құжат;
4) iс жүргiзу өкiл арқылы жүзеге асырылған жағдайда сенiмхат;
5) ұжымдық тауар таңбасын өз атына тiркеуге уәкiлеттi ұйымның атауын, осы таңбаны тiркеу мақсатын, осы таңбаны пайдалануға құқығы бар субъектiлер тiзбесiн, ұжымдық тауар таңбасымен белгiленетiн тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесi мен бiрыңғай сапасын немесе өзге де сипаттамаларын, оны пайдалану шарттарын, оны пайдалануды бақылау тәртiбiн, ұжымдық тауар таңбасы жарғысының ережелерiн бұзғаны үшiн жауапкершілікті қамтитын ұжымдық тауар таңбасы жарғысын (ұжымдық тауар таңбасына өтiнiм берiлген жағдайда) (түпнұсқа салыстыру үшін беріледі);
6) конвенциялық немесе көрмелiк басымдық құқығын пайдаланғысы келетiн өтiнiм берушi мұны тауар таңбасына өтiнiм берген кезде немесе өтiнiм сараптама жасау ұйымына түскен күннен бастап екi ай iшiнде көрсетуге және осындай талаптың заңдылығын растайтын тиiстi құжаттарды тапсыруға мiндеттi;
7) егер тауар таңбасы ретінде тіркеуге мерзімді баспасөздің атауы мәлімделсе, бұқаралық ақпарат құралдарында есепке қойылғандығы туралы куәліктің көшірмесі (Қазақстан Республикасының өтінім берушілері үшін).
порталға:
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) 8х8 см форматындағы мәлімделетін белгінің 15 репродукциясының (тауар таңбаларының этикеткалары мен ерекше түрлері, егер 20х20 см мөлшерден аспаса, оларды толық көлемде ұсынуға болады) электрондық көшірмесі;
3) ЭҮТШ арқылы төленгенін қоспағанда, белгіленген мөлшерде төлем төленгенiн растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
4) iс жүргiзу өкiл арқылы жүзеге асырылған жағдайда сенiмхаттың электрондық көшірмесі;
5) ұжымдық тауар таңбасын өз атына тiркеуге уәкiлеттi ұйымның атауын, осы таңбаны тiркеу мақсатын, осы таңбаны пайдалануға құқығы бар субъектiлер тiзбесiн, ұжымдық тауар таңбасымен белгiленетiн тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесi мен бiрыңғай сапасын немесе өзге де сипаттамаларын, оны пайдалану шарттарын, оны пайдалануды бақылау тәртiбiн, ұжымдық тауар таңбасы жарғысының ережелерiн бұзғаны үшiн жауапкершілікті қамтитын ұжымдық тауар таңбасы жарғысының электрондық көшірмесі (ұжымдық тауар таңбасына өтiнiм берiлген жағдайда);
6) конвенциялық немесе көрмелiк басымдық құқығын пайдаланғысы келетiн өтiнiм берушi мұны тауар таңбасына өтiнiм берген кезде немесе өтiнiм сараптама жасау ұйымына түскен күннен бастап екi ай iшiнде көрсетуге және осындай талаптың заңдылығын растайтын тиiстi құжаттарды тапсыруға мiндеттi.
7) егер тауар таңбасы ретінде тіркеуге мерзімді баспасөздің атауы мәлімделсе, бұқаралық ақпарат құралдарында есепке қойылғандығы туралы куәліктің электрондық көшірмесі (Қазақстан Республикасының өтінім берушілері үшін).
Жеке басын куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаның құжаттары, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді, мемлекеттік баждың ЭҮТШ арқылы төленгені туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті беруші "электронды үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
көрсетілетін қызметті берушіге (қолма-қол не пошта байланысы арқылы) - өтініштің көшірмесіне құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетіліп, сараптама ұйымының кеңсесінде тіркелгені туралы белгі қою қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылдағанын растау болып табылады.
Портал арқылы жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жолдайды.
10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартудың Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздемесі мыналар болып табылады:
1) тауар таңбалары ажыратылатын реңкi жоқ белгiлерден ғана тұратын:
тауарлардың (көрсетілетін қызметтердің) белгiлi бiр түрiн белгiлеу үшiн жалпыға ортақ қолданысқа енген;
жалпыға ортақ қабылданған рәмiздер мен терминдер болып табылатын;
тауарлардың түрiн, сапасын, санын, қасиетiн, мақсатын, құндылығын, сондай-ақ олардың шығарылған немесе өткiзілген жерi мен уақытын көрсететiн;
дәрілік заттардың патенттелмейтін халықаралық атауларын білдіретін;
тауарларды немесе көрсетiлген қызметтердi белгiлеу үшiн пайдаланылатын олармен тiкелей сипаттамалық байланысы бар тауар таңбаларын тіркеуге жол берілмейді.
2) мемлекеттiк елтаңбаларды, тулар мен эмблемаларды, халықаралық ұйымдардың қысқартылған немесе толық атауларын және олардың елтаңбаларын, тулары мен эмблемаларын, ресми бақылаулы, кепiлдiкті және сынамалық таңбаларды, мөрлердi, олимпиадалық нышандарды, наградаларды және басқа да айырым белгiлерiн, сондай-ақ араласып кеткен дәрежеге дейiн оларға ұқсас белгiлердi бейнелейтiн белгiлер.
Егер белгi тек солардан ғана тұрмайтын болса және егер оларды пайдалануға тиiстi құзыреттi органның немесе олардың иесiнiң келiсiмi бар болса, мұндай белгiлер қорғалмайтын элементтер ретiнде пайдаланылуы мүмкін;
3) тауарға немесе оның дайындаушысына қатысты жалған болып табылатын немесе жаңылыстыруы мүмкiн белгiлер, оның iшiнде тауар шығарылған жерге қатысты жаңылыстыруы мүмкiн географиялық объектiнiң атаулары;
4) тауар шығарылған нақты жердi формальды түрде көрсететiн, бiрақ тауар басқа аумақтан шығарылғаны туралы қате түсiнiк беретiн белгі;
5) минералды суларды, шараптарды немесе күштiлігі жоғары спирт ішімдiктерiн сәйкестендіретін географиялық объектiнiң атаулары болып табылатын немесе оларды қамтитын белгiлер, осы жерден шығарылмаған сондай тауарларды белгiлеу үшiн, сондай-ақ егер аударма пайдаланылса немесе белгiде "түрiнде", "үлгiсiнде", "стилiнде" деген немесе басқа да осындай сөздер қоса жазылса, сол белгiлер;
6) өзiнiң мазмұны жағынан қоғамдық мүдделерге, ізгілік пен мораль қағидаттарына қайшы келетiн белгiлердi тiркеуге;
7) айырғысыз дәрежеге дейін араласып кеткен:
бiртектес тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге қатысты басқа тұлғаның атына неғұрлым ертерек басымдықпен Қазақстан Республикасында тiркелген және халықаралық шарттарға орай қорғалатын тауар белгілерімен немесе сол тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге қатысты сол тұлғаның бірдей тауар белгілерімен;
тауарлар мен қызметтердiң кез келген түрiне қатысты Қазақстан Республикасында белгiленген тәртiппен жалпыға бiрдей белгiлi деп танылған тауар таңбаларымен;
бiртектес тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге (қайтарып алынғандарынан басқа) қатысты басқа тұлғаның атына неғұрлым ертерек басымдықпен тiркеуге мәлімделген белгiлемелермен немесе сол тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге қатысты сол тұлғаның ұқсас белгілерімен;
егер тауар таңбасын тіркеу дараландыру үшін тауар шығарылған жердің атауы тіркелген тауарларға қатысты жүзеге асырылса, тауар шығарылған жердiң осы атауын пайдалану құқығы иесiнiң атына тiркелетiн тауар таңбасының қорғалмайтын элементi ретiнде олар енгiзiлуi мүмкiн жағдайларды қоспағанда, кез келген тауарларға қатысты Қазақстан Республикасында қорғалатын тауар шығарылған жер атауларымен олар араласып кеткен дәрежеге дейiн бiрдей немесе ұқсас белгiлер;
Осы тармақшада көрсетілген тауар белгілерінің қандай да біреуімен айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілемені бiртектес тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге қатысты тауар белгісі ретінде тіркеуге тауар белгісі иесінің келісімі берілген кезде жол беріледі.
8) олардың неғұрлым ертерек басымдығы болған жағдайда басқа тұлғалардың атындағы Қазақстан Республикасында қорғалатын өнеркәсiптi үлгiлер;
9) Қазақстан Республикасындағы белгiлi әдебиет, ғылым және өнер туындыларының өтiнiм берiлген күнi авторлық құқықтары бұзыла отырып берілген атаулары, белгiлi өнер туындылары мен олардың фрагменттерi;
10) осы адамдардың, олардың мұрагерлерiнiң немесе құқық мирасқорларының жеке мүлiктiк емес құқықтарын бұза отырып, олардың тектерiн, есiмдерiн, бүркеншiк аттарын және солардан таралатын есiмдердi, портреттерi мен факсимилелерiн қайталайтын, сондай-ақ егер бұл белгiлер Қазақстан Республикасының тарихы мен мәдениетiнiң игiлiгi болып табылса, олар тиiстi құзыреттi органның рұқсатынсыз тiркелмейдi.
3-Тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның
лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері
жөніндегі шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану:
Шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайға беріледі.
Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол, сондай-ақ портал арқылы беріледі.
Қажетті жағдайларда қызметті алушы қызметті беруші көрсеткен мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасыздығын растайтын, құжаттарға шағымды қоса тіркейді.
Шағымды қабылдаған адамның тегін және аты-жөнін, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылдануын растау болып табылады. Шағымда қызметті алушының қолы болуға тиіс.
Портал арқылы өтініш берген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығының - 1414 телефоны бойынша алуға болады.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Шағым портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі жасау, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқығы бар.
4-Тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетін қызмет ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге де талаптар
13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www. adilet.gov.kz интернет-ресурсының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде, сараптама ұйымының www.kazpatent.kz сайтында орналастырылған.
14. Электронды сандық қолтаңба болған кезде, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
15. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті" арқылы алуға мүмкіндігі бар.
16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметінің байланыс телефондары: 8 (7172) 74 07 54, 74 09 69, 74 96 60. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы – 1414, 8 800 080 7777.
"Тауар таңбасын тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша |
Мемлекеттік баж төлеу үшін қажетті банк деректемелері
Бенефициар – "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң
Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің Есіл ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесi.
БСН – 081240013779
ЖСК – KZ24070105KSN0000000
БСК – KKMFKZ 2 A
Бенефициар банкі – "Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті" мемлекеттік мекемесі.
КБЕ-11
Бюджеттік сыныптама коды (БСК) – 108118
Төлем тағайындау коды — 979 жеке тұлғалар үшін
Төлем тағайындау коды — 911 заңды тұлғалар үшін
Сараптама ұйымының қызметтеріне ақы төлеуге қажетті банк деректемелері
Қабылдаушы: | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорны |
Мекенжайы | Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Сол жағалау, Орынбор көшесі 8, 1-корпус, № 1 кіреберіс |
БИН: | 020940003199 |
Банктің атауы: | "Нұрбанк" Акционерлік қоғамы |
ЖСК | KZ8584905KZ006015415 |
БСК | NURSKZKX |
КБЕ: | 16 |
КНП: | 859 |
"Тауар таңбасын тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша |
Нысан
ҰЗМИ РМК толтырылады
Түскен күні | Берілген күні | Өтінім N | |||||
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" РМК Тауар таңбасын тіркеуге арналған ӨТІНІМ 010000, Астана қ., Сол жағалау, Орынбор к-сі, 8, 1 корпус, № 1, № 2 кіреберіс Қазақстан Республикасында тауар таңбасы (қызмет көрсету белгісі) ретінде көрсетілген белгінің тіркелуі сұратылады. Ұжымдық тауар таңбасы | |||||||
Ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны көрсетіле отырып өтінім берушінің толық атауы (немесе егер өтінім беруші жеке тұлға болса, аты, тегі, әкесінің аты (бар болса). | ДЗМҰ st. 3 стандарты бойынша елдің коды (егер орнатылған болса) | ||||||
Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгендігі туралы мәлімет, БСН нөмірі не жеке кәсіпкердің ИИН нөмірі Жеке басты куәландыратын құжаттың мәліметтері, жеке тұлға үшін – ЖСН нөмірі (Қазақстан Республикасының өтінім берушілері үшін) | |||||||
Өтінім берушінің мекенжайы**, телефон, мобильді телефон, телефакс, E-mail | |||||||
Патенттік сенім білдірілген өкіл немесе өзге өкіл | |||||||
Хат-хабар алмасу мекенжайы, (адресатты көрсете отырып толық пошта мекенжайы) телефон, мобильдік телефон, телефакс, E-mail | |||||||
Бұрын берілген өтінім (өтінімдер) бойынша конвенциялық басымдық сұратылады | |||||||
Бірінші өтінім нөмірі | Сұратылған басымдық күні | ST.3 бойынша берілген елдің коды | |||||
Көрмелік басымдық сұратылады Ашық көрсетілімнің басталу күні Мәлімделетін белгі: | |||||||
Стандартты қаріптік орындаудағы тауар таңбасы Транслитерация Аударма Көлемді тауар таңбасы Түсті белгідегі тауар таңбасы Қорғалмайтын элементтер (дискламация) Түстерді көрсету: | |||||||
* Қазақстан Республикасының өтінім берушілері үшін атауы қазақ және/немесе орыс тілдерінде толтырылады; ** Шетелдік өтінім берушілері үшін транслитерация орыс тілінде толтырылады; ТҚХК сыныптары бойынша топтастырылған тауар таңбаларын қорғау сұратылатын тауарлар мен қызметтер Мәлімделген белгі Қазақстанда неғұрлым ертерек тіркелген. Тіркелу №___________ | |||||||
Қоса берілетін құжаттар тізбесі: Ұсынылып отырған белгінің суреті__данада. Тауар/қызмет тізбесі (егер ол бланкке сыймай қалса) Төлем туралы құжат: есеп/төлем тапсырысы №___ _____________ Сенімхат Бұрын берілген өтінім(дер)нің куәландырылған көшірмесі Бұрын берілген өтінім аудармасының көшірмесі Ұжымдық белгі туралы келісім Басқа құжаттар (көрсету), соның ішінде белгіленгендер_____________ Барлығы __________________бет _______Қоса берілетін құжаттар тізбесі | |||||||
Мәлімделетін белгіні тіркеуге беру басқа тұлғалардың зияткерлік меншік құқығын бұзбайтындығын растаймын Қолы Лауазымы (Т.А.Ә. (бар болса) МО Күні |
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылатын Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Қолы
Күні
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 31 қазандағы № 947 бұйрығына 5-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 251 бұйрығына 5-қосымша |
"Тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығын тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1-Тарау. Жалпы ережелер
1. "Тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығын тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі – Стандарт) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрлік (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдау және оның нәтижелерін беру:
1) Министрліктің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" Республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – сараптамалық ұйым);
2) "электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-Тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған, сондай-ақ порталға жүгінген кезден бастап – 9 (тоғыз) ай ішінде;
Мерзім:
көрсетілетін қызметті алушы тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығын тіркеуге кедергі келтіретін негіздерді жоюға қажетті қосымша құжаттарды ұсынуы тиіс болған жағдайда үш айдан аспайтын мерзімге;
көрсетілетін қызметті алушы толық сараптаманың алдын ала қорытындысына қарсылық берген жағдайда үш айдан аспайтын мерзімге;
көрсетілетін қызметті алушы уәкілетті органның апелляциялық кеңесіне түпкілікті сараптамалық қорытындыға қарсылығын берген жағдайда жеті айдан аспайтын мерзімге;
көрсетілетін қызметті алушы қарсылық берудің немесе сараптаманың сұрау салу мерзімін ұзарту туралы өтінішхат берген жағдайда алты айдан аспайтын мерзімге;
көрсетілетін қызметті алушы өткізіп алған мерзімдерін қалпына келтіру туралы өтінішхат берген жағдайда екі айдан аспайтын мерзімге ұзартылады.
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – тауар шығарылған жер атауларын тіркеу және (немесе) тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығын беру не осы стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – электрондық, қағаз түрінде.
Портал арқылы өтініш берген кезде заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті алушы) "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен орны көрсетіле отырып, электрондық құжат нысанындағы хабарлама жіберіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушыға ақылы негізде көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны іске асыратын жұмыстар және қызметтер бағаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 368 бекітілген бұйрығына сәйкес белгіленген мөлшерде төлем алынады (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10045 болып тіркелген).
Тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығын тіркеу үшін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 539-бабына сәйкес айлық есептік көрсеткіштің 100 пайызы мөлшерінде мемлекеттік баж алынады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға электрондық өтінім портал арқылы берілген жағдайда, төлем "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік бажды және сараптамалық ұйымның қызметіне төлеуге қажетті банк деректемелері осы Стандартқа 1-қосымшада көрсетілген.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін кызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14.30-ға дейін;
2) сараптамалық ұйымда - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14.30-ға дейін.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
3) порталда – тәулік бойы (мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мейрам күндері өтініш берген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
9. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
сараптамалық ұйымға:
1) тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығын тіркеуге және/немесе оны беруге өтінім (бұдан әрі – өтінім) осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша;
2) іс жүргiзу өкiл арқылы жүргiзiлген жағдайда, сенiмхат;
3) сараптамалық ұйымның көрсеткен қызметтеріне төлемді растайтын құжат;
4) егер атауы тауар шығарылған жердің атауы ретінде мәлімделетін географиялық объект Қазақстан Республикасының аумағында орналасса, аталған географиялық объектінің шекарасында өтінім беруші ерекше қасиеттері, сапасы, беделі және басқа да сипаттамалары негізінен осы географиялық объектіге тән табиғи жағдайлармен және (немесе) адам факторларымен айқындалатын тауар өндіретіні туралы жергілікті атқарушы органның қорытындысы өтінімге қоса беріледі.
Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан бұрын тiркелген тауар шығарылған жердiң атауына айрықша құқық беруге арналған өтiнiмге уәкiлеттi органның осы географиялық объектiнiң шекарасында өтiнiм берушi Қазақстан Республикасының тауар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттiк тiзiлiмiнде көрсетiлген ерекше қасиеттерге ие тауарды өндiретiнi туралы қорытындысы қоса берiледi.
Егер атауы тауар шығарылған жердiң атауы ретiнде мәлiмделетiн географиялық объект Қазақстан Республикасы шегінен тыс жерде орналасқан болса, өтiнiм берушiнiң мәлiмделген тауар шығарылған жердiң атауына құқығын растайтын құжат өтiнiмге қоса берiледi.
порталға:
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) іс жүргiзу өкiл арқылы жүргiзiлген жағдайда, сенiмхаттың электрондық көшірмесі;
3) ЭҮТШ арқылы төлемді қоспағанда, тиісті төлемді растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
4) егер атауы тауар шығарылған жердің атауы ретінде мәлімделетін географиялық объект Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан болса, аталған географиялық объектінің шекарасында өтінім беруші айрықша қасиеттері, сапасы, беделі және басқа да сипаттамалары негізінен осы географиялық объектіге тән табиғи жағдайлармен және (немесе) адам факторларымен айқындалатын тауарды өндіретіні туралы жергілікті атқарушы орган құжатының электрондық көшірмесі, қорытындысы өтінімге қоса беріледі.
Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан бұрын тiркелген тауар шығарылған жердiң атауына айрықша құқық беруге арналған өтiнiмге уәкiлеттi органның осы географиялық объектiнiң шекарасында өтiнiм берушi Қазақстан Республикасының тауарлардың шығарылған жерлер атауларының мемлекеттiк тiзiлiмiнде көрсетiлген айрықша қасиеттерге ие тауарды өндiретiнi туралы уәкілетті орган қорытындысының электрондық көшірмесі қоса берiледi.
Егер атауы тауар шығарылған жердiң атауы ретiнде мәлiмделетiн географиялық объект Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан болса, өтiнiм берушiнiң мәлiмделген тауар шығарылған жердiң атауына құқығын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі өтiнiмге қоса берiледi.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
көрсетілетін қызметті берушіге (қолма-қол не пошта байланысы арқылы) қағаз жеткізгіштегі өтініштің көшірмесіне құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетіле отырып, сараптамалық ұйымның кеңсесінде тіркелгені туралы белгі қою оның қабылданғанын растау болып табылады.
Портал арқылы жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жолданады.
10. Егер тауар шығарылған жердiң атауы:
1) географиялық объектiнiң атауын бiлдiрсе де немесе қамтыса да, Қазақстан Республикасында тауардың өндiрiлген жерiмен байланысты емес оның белгiлi бiр түрiнiң белгiлерi ретiнде жалпы қолданысқа енгiзiлген белгiлері болса;
2) тауардың шығарылған жерiне қатысты жаңылыстыруы мүмкін географиялық объектінің атауын білдірсе;
3) тауардың нақты шығарылған жерiн үстiрт түрде көрсететiн, бiрақ тауар басқа аумақтан шығарылғаны туралы қате түсiнiк берсе;
4) географиялық объектінің тауар шығарылған жермен байланысты емес атауын қамтыса, олар мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартудың негіздемесі болып табылады.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану:
Шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайға беріледі.
Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол, сондай-ақ портал арқылы беріледі.
Қажетті жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсетушінің сапасыздығын растайтын құжаттарды шағымға қоса береді.
Шағымды қабылдаған адамның тегін және аты-жөнін, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Портал арқылы өтініш берген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығының - 1414 телефоны арқылы алуға болады.
Шағым портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі жасау, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқығы бар.
4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсетудің, оның ішінде
электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтің
ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www. adilet.gov.kz интернет-ресурсының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде, сараптамалық ұйымның www.kazpatent.kz сайтында орналастырылған.
14. Электрондық цифрлық қолтаңба бар болған жағдайында, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі болады.
15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті" арқылы алуға мүмкіндігі болады.
16. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметінің байланыс телефондары: 8 (7172) 74 07 54, 74 09 69, 74 96 60 Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы – 1414, 8 800 080 7777.
"Тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығын тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша |
Мемлекеттік баж төлеу үшін қажетті банк деректемелері
Бенефициар –Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Есіл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы
ҚР ҚМ МКД
БСН – 081240013779
ЖСК – KZ24070105KSN0000000
БСК – KKMFKZ 2 A
Бенефициар банкі – "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті" ММ.
КБЕ-11
Бюджеттік сыныптама коды (БСК) – 108125
Төлем тағайындау коды — 979 жеке тұлғалар үшін
Төлем тағайындау коды — 911 заңды тұлғалар үшін
Сараптама ұйымының қызметтеріне ақы төлеуге қажетті банк деректемелері
Алушы: | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" РМК |
Мекенжайы | Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі 8, 1-корпус, № 1, № 2 кіреберіс |
БСН: | 020940003199 |
Банктің атауы: | "Нұрбанк" АҚ |
ЖСК | KZ8584905KZ006015415 |
БСК | NURSKZKX |
КБЕ: | 16 |
ТТК: | 859 |
"Тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығын тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша |
Нысан
Түскен күні | (220) Берілген күні | (210) Өтінім № | ||
Тауар шығарылған жердің атауын тіркеуге және (немесе) пайдалану құқығын беруге ӨТІНІМ | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" Республикалық мемлекеттік кәсіпорны 010000, Астана қ., Орынбор к-сі, 8, 1 корпус, № 1 кіреберіс | |||
Төмендегі құжаттарды ұсына отырып, өтінімде көрсетілген белгіні тауар шығарылған жердің атауы ретінде тіркеуді және оны пайдалану құқығын беруді сұраймын. | ||||
(711) Өтінім беруші/Өтінім берушілер: | ДЗМҰ ST.3 стандарты бойынша елдің коды | |||
Заңды тұлғаның, БСН немесе дара кәсіпкердің ұйымдастыру-құқықтық нысанының толық атауы, ЖСН нөмірі көрсетілген мемлекеттік тіркеу туралы мәлімет | ||||
Өтінім берушінің толық мекенжайы: Телефон: Факс: e-mail: | ||||
(750) Хат-хабар алмасу мекенжайы: (толық пошталық мекенжайы, аты немесе адресаттың атауы Телефон (ұялы телефон): Факс: e-mail: | ||||
(740) Патенттік сенім білдірілген өкіл (Т.А.Ә., тіркеу нөмірі) немесе өтінім берушінің өзге өкілі | ||||
(540) Мәлімделген белгі (бас әріптермен басып шығару) | ||||
Тауардың түрі | ||||
Тауардың ерекше белгілерінің сипаттамасы | ||||
Тауар шығарылған (өндірілген) жер (географиялық объектінің шекараларын көрсету) | ||||
Қоса берілетін құжаттар тізбесі | 1 данадағы парақтар саны | Даналар саны | ||
төлем туралы құжат: шот/төлем тапсырмасы № __ ___________ | ||||
құзыретті органның қорытындысы | ||||
құжаттардың мемлекеттік және орыс тіліне аудармасы | ||||
сенімхат | ||||
Басқа да құжаттар (көрсету), оның ішінде п.-да белгіленгендері | ||||
барлық парақтар | ||||
Қолы Лауазымы (Т.А.Ә. (бар болса) МО күні Өтінім берушінің (егер өтінім беруші заңды тұлға болып табылса, мөрмен куәландырылған) немесе патенттік сенім білдірілген өкілінің қолы және күні |
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 31 қазандағы № 947 бұйрығына 6-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 251 бұйрығына 6-қосымша |
"Өнеркәсiптiк үлгiге патент беру" мемлекеттік қызмет стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Өнеркәсiптiк үлгiге патент беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрлік (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдау және оның нәтижелерін беру:
1) Министрліктің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" Республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – сараптама ұйымы);
2) "электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал).
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсырған, сондай-ақ порталға жүгінген кезден бастап – 12 (он екі) ай өткеннен кейін. Өтінім берушінің өтініші бойынша сараптама ұйымы мәліметтерді көрсетілген мерзімнен бұрын жариялайды.
Мерзім:
қызмет алушы өтініш бергені үшін белгіленген көлемде төлемді растайтын құжатты ұсынуы қажет болған жағдайда, төрт айдан аспайтын мерзімге;
қызмет алушы өзгертілген, қосымша немесе жетіспейтін құжаттарды, сондай-ақ бірлік талабы бұзыла отырып берілген өтініш бойынша нақтылауларды ұсынуы қажет болған жағдайда, үш айдан аспайтын мерзімге;
қызмет алушы сараптаманың сұрау салуына жауап беру мерзімін ұзарту жөнінде өтінішхат берген жағдайда, үш айдан аспайтын мерзімге;
қызмет алушы патентті беруге дайындауға және жариялауға төлеу үшін, сондай-ақ мемлекеттік бажды төлеу үшін өткізіп алған мерзімді қалпына келтіру туралы құжатты ұсынған жағдайда, үш айдан аспайтын мерзімге;
қызмет алушы сараптаманың сұрау салуына жауап беру үшін олар өткізіп алған мерзімін қалпына келтіру туралы өтінішхат және мәні бойынша сараптама жүргізуге төлем туралы құжатын берген жағдайда, алты айдан аспайтын мерзімге ұзартылады.
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – өнеркәсіптік үлгідегі патент не осы Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны – қағаз түрінде, электрондық.
Портал арқылы өтініш берген кезде жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алған күні мен орны көрсетіле отырып, электрондық құжат нысанында хабарлама жіберіледі.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет заңды және жеке тұлғаларға ақылы негізде көрсетіледі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы).
Сараптама жүргізу және мәліметтерді жариялау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны іске асыратын жұмыстарға және қызметтерге бағаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 368 бұйрығына сәйкес белгіленген мөлшерде төлемдер алынады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10045 болып тіркелген).
Патент берілгені үшін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 539-бабына сәйкес айлық есептік көрсеткіштің 100 пайызы мөлшерінде мемлекеттік баж алынады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға портал арқылы электрондық өтінім берілген жағдайда, төлемақы "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік баж бен сараптама ұйымының көрсетілетін қызметін төлеуге қажетті банк деректемелері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасында көрсетілген.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін;
2) сараптама ұйымының – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін;
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
3) порталда – тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мейрам күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
сараптама ұйымына:
1) осы Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өнеркәсіптік үлгіге Қазақстан Республикасының патентін беру туралы өтініш;
2) мәлiмделген үлгi (үлгiлер) туралы толық егжей-тегжейлi түсiнiк беретiн бұйымның (бұйымдардың) немесе макеттiң кескiнi бейнеленген қайта жасауға жарамды жиынтығы;
3) өнеркәсiп үлгiсiнiң елеулi белгiлерiнiң тiзбесiн қамтитын сипаттамасы;
4) іс жүргізу өкіл арқылы берілген жағдайда куәландырған сенімхат;
5) өтініш беруге төлем төленгенiн растайтын құжат;
6) төлемнің мөлшерін азайту негіздемесін растайтын құжат (Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері, мүгедектер, жалпы білім беру мектептері мен колледждерінің оқушылары, жоғары оқу орындары студенттері үшін – тиісті құжат немесе анықтамалардың көшірмесі, Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін – кәсіпорын жарғысының көшірмесі).
порталға:
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) мәлiмделген үлгi (үлгiлер) туралы толық егжей-тегжейлi түсiнiк беретiн бұйымның (бұйымдардың) немесе макеттiң кескiнi бейнеленген қайта жасауға жарамды жиынтығының электрондық көшірмесі;
3) оның елеулi белгiлерiнiң тiзбесiн қамтитын өнеркәсiптiк үлгiсі сипаттамасының электрондық көшірмесі;
4) іс жүргізуді өкіл арқылы жүргізу жағдайында сенімхаттың электрондық көшірмесі;
5) ЭҮТШ арқылы төлемді қоспағанда төлем төленгенiн растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
6) төлемнің мөлшерін азайту негіздемесін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері, мүгедектер, жалпы орта білім беру мектептері мен колледждерінің оқушылары, жоғары оқу орындары студенттері үшін – тиісті құжат немесе анықтамалардың көшірмесі, Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін – кәсіпорын жарғысының көшірмесі).
Жеке басын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәландыратын құжаттардың мәліметтерін ЭҮТШ арқылы мемлекеттік баж төлеу туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылатын, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
Көрсетілетін қызметті берушіге (қолма-қол не пошта байланысы арқылы) – құжаттар топтамасының көшірмесіне оның қабылданған күні мен уақыты көрсетіліп, сараптама ұйымының кеңсесінде тіркелгені туралы белгі қою қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылдағанын растау болып табылады.
Портал арқылы өтініш берген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебесі жолданады.
10. Мыналар:
1) өтініш беруші сұрап отырған құқықтық қорғау көлемiндегi мәлiмделген өнеркәсіптік үлгінің патент қабiлеттiлiгi талаптарына сәйкес келмеуі;
2) егер өтiнiм өнеркәсіптік үлгі ретiнде қорғалмайтын объектiлерге қатысты болса;
3) егер өтініш беруші тиісті хабарламадан елеулi белгiлердің жиынтығын өзгертпесе;
4) ұсынылған елеулi белгiлерiнiң жиынтығы өтiнiмнiң бастапқы материалдарында жоқ белгiлерді қамтыса немесе өнеркәсіптік үлгі ретiнде қорғалатын объектiден басқа, өнеркәсiптiк үлгi ретiнде қорғалатын объектiлерге жатпайтын ұсынысты да сипаттаса немесе оған қатысты өнеркәсiптiк үлгi бiрлiгiнің талаптары бұзылуына байланысты қарау жүргізілмеген болса, Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың негіздері болып мыналар табылады.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану:
шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына осы Стандарттың 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша беріледі.
Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол, сондай-ақ портал арқылы беріледі.
Қажет болған жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы шағымға көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік көрсетілетін қызметті сапасыз орындағанын дәлелдейтін құжаттарды қоса береді.
Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауапты алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылдануын растау болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті қызмет алушының шағымы тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
Шағым портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі жасау, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқығы бар.
4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетін қызмет ерекшеліктерін ескере отырып,
қойылатын өзге де талаптар
13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www. adilet.gov.kz интернет-ресурсының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде, сараптама ұйымының www.kazpatent.kz сайтында орналастырылған.
14. Электрондық цифрлық қолтаңба болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
15. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсетудің мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинеті" арқылы алуға мүмкіндігі бар.
16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметінің байланыс телефондары: 8 (7172) 74 07 54, 74 09 69, 74 96 60. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: (1414), 8 800 080 7777.
"Өнеркәсіптік үлгіге патент беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша |
Мемлекеттік баж төлеу үшін қажетті банк деректемелері
Бенефициар – ҚР ҚМ МКК Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кіріс департаментінің Есіл ауданы бойынша Мемлекеттік кіріс басқармасы РММ
БСН – 081240013779
ЖСК – KZ24070105KSN0000000
БСК – KKMFKZ 2 A
Бенефициар банкі – "ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті" МБ
КБЕ-11
Бюджеттік сыныптама коды (БСК) – 108125
Төлем тағайындау коды — 979 жеке тұлғалар үшін
Төлем тағайындау коды — 911 заңды тұлғалар үшін
Сараптама ұйымының көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуге қажетті банк деректемелері
Қабылдаушы: Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің
"Ұлттық зияткерлік меншік институты" РМК
Мекенжайы Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қ.,
Сол жағалау, Орынбор к-сі, 8, 1 корпус, № 1,
№ 2 кіреберіс
БИН: 020940003199
Банктің атауы: "Нұрбанк" АҚ
ЖСК KZ8584905KZ006015415
БСК NURSKZKX
КБЕ: 16
КНП: 859
"Өнеркәсіптік үлгіге патент беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша |
|
Нысан № 1-ӨҮ |
Кіріс нөмірі № | (21) Тіркеу № | (22) Берілген күні | |||||||
Түскен күні | Басымдығы | ||||||||
Өнеркәсіптік үлгіге Қазақстан Республикасының патентін беру туралы ӨТІНІШ | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" РМК Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қ., Министрліктер үйі, Орынбор к-сі, 8 үй, № 1, № 2 кіреберіс | ||||||||
Төменде көрсетілген құжаттарды ұсына отырып, өтінім берушінің (берушілердің) атына Қазақстан Республикасының патентін беруді сұраймын (сұраймыз). (71) Өтінім беруші (берушілер) (Толық аты немесе атауы және тұрғылықты жері немесе орналасқан жері көрсетіледі. Өтінім иелері-авторлардың тұрғылықты мекенжайы туралы деректер 97 коды бар бағанда көрсетіледі) | ДЗМҰ ST.3 стандарты бойынша елдің коды (егер ол белгіленген болса) | ||||||||
ҰЗМИ-ға өтінім берілген күннен ертерек басымдық сұралған кезде ғана толтырылады. өнеркәсіптік үлгінің басымдығын күні бойынша белгілеуіңізді сұраймын (сұраймыз). Париж конвенциясына қатысушы мемлекетке бірінші өтінімді (өтінімдерді) беру (Заңның 20-б. 2-т.) Заңның 20-б. 4-т. сәйкес ҰЗМИ -ға неғұрлым ерте берілген өтінімді беру Заңның 20-б. 5-т. сәйкес ҰЗМИ-ға бастапқы өтінімді беру (өтінім нөмірі _______________, берген күні _________________) Неғұрлым ерте берілген өтінімдерге қосымша материалдардың түсуі (Заңның 20-б. 3-т.) | |||||||||
Бірінші, неғұрлым ерте берілген, бастапқы өтінімнің № | басымдық сұралған күн | (33) ST.3 бойынша берген елдің коды (конвенциялық басымдық сұралған кезде) | |||||||
(54) Өнеркәсіптік үлгінің атауы | |||||||||
(98) Хат-хабар алмасуға арналған мекенжай (толық пошталық мекенжайы және адресаттың аты-жөні) Телефон: Ұялы телефон: Факс: | |||||||||
(74) Патенттік сенім білдірілген өкіл (толық атауы, тіркеу нөмірі, мекенжайы) немесе өтінім берушінің (берушілердің) өкілі (толық аты немесе атауы, мекенжайы) | |||||||||
Қоса берілетін құжаттар тізбесі | 1 данадағы парақ саны | Дана саны | Өтінім беруге және патент алуға құқықтың туындау негізі (құжатты ұсынусыз): заңның 10-б. 2-т. талаптары сақталған және өтінім иесі жұмыс беруші болып табылады жұмыс берушінің немесе оның құқықтық мирасқорының құқықтарды беруі автордың немесе оның құқықтық мирасқорының құқықты қайта беруі мирасқорлық құқық (ҰЗМИ мөртаңбасының орны) | ||||||
өтінішке қосымша | |||||||||
өнеркәсіптік үлгінің сипаттамасы | |||||||||
бұйым кескіндемесінің жиынтығы | |||||||||
сызба (лар) және өзге де материалдар | |||||||||
өтінімді берудің төлемі туралы құжат | |||||||||
төлем мөлшерін азайтуға негіздің бар-жоғын растайтын құжат | |||||||||
бірінші өтінімнің (өтінімдер) көшірмесі (көшірмелері) (конвенциялық басымдық сұралған кезде) | |||||||||
өтінімнің шетел тіліндегі құжаттары | |||||||||
патент сенім білдірілген өкілдің немесе өкілдің уәкілеттілігін растайтын сенімхат | |||||||||
басқа да құжат (көрсетілсін) | |||||||||
(72) Автор (лары) (толық аты көрсетіледі) | (97) Елдің атауы және егер ол белгіленген болса, ДЗМҰ ST.3 стандарты бойынша оның кодын қоса алғанда, тұрғылықты жерінің толық пошталық мекенжайы | Патентті алу құқығын қайтадан берген автор (лар)- өтінім беруші (лер) және/немесе автор (лардың) қол (дар)ы | |||||||
Мен (біз)____________________________________________________________ (Т.А.Ә.) (бар болса) патент беру туралы мәліметтерді жариялау кезінде мені (бізді) автор (лар)ы ретінде көрсетпеуді сұраймын(мыз). Автор (лар) дың қол (дар) ы: ____________________________________________ Қолы Автор (лар) болып табылмайтын өтінім иесінің (иелерінің) қолы (қолдары), қол қойылған күні (заңды тұлғаның атынан қол қойған кезде басшының қолы мөрмен бекітіледі) |
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 31 қазандағы № 947 бұйрығына 7-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 251 бұйрығына 7-қосымша |
"Пайдалы модельге патент беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Пайдалы модельге патент беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі – Стандарт) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрлік (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдау және оның нәтижелерін беру:
1) Министрліктің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" Республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – сараптама ұйымы);
2) "электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсырған, сондай-ақ порталға жүгінген кезден бастап – 12 (он екі) ай өткен соң. Өтінім берушінің өтінішхаты бойынша сараптама ұйымы мәліметтерді көрсетілген мерзімнен бұрын жариялайды.
Мерзім:
көрсетілетін қызметті алушы өтінім бергені үшін белгіленген мөлшерде төлемді растайтын құжатты ұсынуы қажет болған жағдайда, төрт айдан аспайтын уақытқа;
көрсетілетін қызметті алушы түзетілген немесе жетіспейтін құжаттарды сараптама ұйымының сұрау салуы не хабарлауы бойынша ұсынуы қажет болған жағдайда үш айдан аспайтын уақытқа;
көрсетілетін қызметті алушы конвенциялық басымдық сұратқан кезінде бірінші өтінімнің көшірмесін ұсыну қажеттілігі жағдайында, алты айдан аспайтын уақытқа;
көрсетілетін қызметті алушы сараптаманың сұрау салуына жауап мерзімін ұзарту туралы өтінішхат берген жағдайда, алты айдан аспайтын уақытқа;
көрсетілетін қызметті алушы сараптаманың сұрау салуына жауап қайтару мерзімін қалпына келтіру туралы өтінішхат берген жағдайда, он екі айдан аспайтын уақытқа;
көрсетілетін қызметті алушының патентті беруге дайындағаны үшін төлемді және патентті бергені үшін мемлекеттік баж төлеуді растайтын құжатты ұсыну мерзімін қалпына келтіру туралы өтінішхат берген жағдайда, үш айдан аспайтын уақытқа ұзартылады;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап қайтару.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны – электрондық, қағаз түрінде.
Портал арқылы өтінішпен жүгінген кезде жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) "жеке кабинетке" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алған күнін және орнын көрсете отырып, электрондық құжат нысанында хабарлама жіберіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушыға ақылы негізде көрсетіледі.
Өтінімдер қабылдағаны және сараптама жүргізгені үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны іске асыратын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің бағаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 368 бұйрығына сәйкес белгіленген мөлшерде төлем алынады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11225 болып тіркелген).
Пайдалы модельге патент бергені үшін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 539-бабына сәйкес айлық есептік көрсеткіштің 100 пайызы мөлшерінде мемлекеттік баж алынады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға портал арқылы электрондық өтінім берілген жағдайда, төлемақы "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік бажды және сараптама ұйымының көрсететін қызметін төлеуге қажетті банк деректемелері осы Стандартқа 1-қосымшада көрсетілген.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті беруші үшін – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін;
2) сараптама ұйымы үшін – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;
3) портал үшін – тәулік бойы (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мейрам күндері өтінішпен жүгінген кезде, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) өтінішпен жүгінген кездегі мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
сараптама ұйымына жүгінген кезде:
1) осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысанда Қазақстан Республикасының пайдалы моделіне патент беру туралы белгіленген нысандағы өтініш;
2) оны жүзеге асыру үшiн толық, жеткiлiктi ашып көрсететін пайдалы модельдің сипаттамасы;
3) пайдалы модельдің мәнiн білдіретін және оның сипаттамасына толық негізделген формуласы;
4) сызбалар;
5) реферат;
6) іс жүргізу өкіл арқылы жүргізілген жағдайда берілген сенімхат;
7) өтінім бергені үшін төлемді растайтын құжат;
8) төлемнің мөлшерін азайтуға арналған негіздемені растайтын құжат (Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері, мүгедектер, орта білім беретін мектептердің, кәсіптік-техникалық училищелердің, орта техникалық оқу орындарының оқушылары, жоғары оқу орындарының студенттері үшін – тиісті құжаттың көшірмесі немесе анықтама, Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлері үшін – кәсіпорын жарғысының көшірмесі).
порталға жүгінген кезде:
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) оны жүзеге асыру үшiн толық, жеткiлiктi ашып көрсететін пайдалы модель сипаттамасының электрондық көшірмесі;
3) пайдалы модельдің мәнiн бiлдiретiн және сипаттамасына толықтай негізделген оның формуласының электрондық көшірмесі;
4) сызбалардың электрондық көшірмесі;
5) рефераттың электрондық көшірмесі;
6) іс жүргізу өкіл арқылы жүргізілген жағдайда берілген сенімхаттың электрондық көшірмесі;
7) ЭҮТШ арқылы төлемді қоспағанда, өтінімді бергені үшін төлемді растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
8) төлемнің мөлшерін азайтуға арналған негіздемені растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері, мүгедектер, орта білім беретін мектептердің, кәсіптік-техникалық училищелердің, орта техникалық оқу орындарының оқушылары, жоғары оқу орындарының студенттері үшін – тиісті құжаттың көшірмесі немесе анықтама, Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлері үшін – кәсіпорын жарғысының электрондық көшірмесі).
Көрсетілетін қызметті беруші жеке басты куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы құжаттардың мәліметтерін, ЭҮТШ арқылы мемлекеттік баж төлеу туралы ақпаратты тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылатын, Заңда қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.
Ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушылардан талап етуге жол берілмейді.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды берген кезде:
қызмет берушіге (қолма-қол не пошта байланысы арқылы) – құжаттар топтамасының көшірмесіне оның қабылданған күні мен уақыты көрсетіліп, сараптама ұйымының кеңсесінде тіркелгені туралы белгі қою қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады.
Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебесі жіберіледі.
10. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздеме мыналар болып табылады:
1) өтiнiмнің пайдалы модель ретiнде қорғалмайтын объектiлерге қатысты болуы;
2) өтінім берушінің өзі ұсынған формулада өтiнiмнiң бастапқы материалдарында болмаған белгiлерді қамтығаны немесе пайдалы модель ретiнде қорғалатын объектiден басқа, пайдалы модель ретiнде қорғалатын объектiлерге қатысы жоқ ұсынысты да сипаттайтын немесе оған қатысты пайдалы модель бiрлiгi талаптарының бұзылуымен байланысты қарастыру жүргізiлмегенi туралы оған хабарланғаннан кейiн пайдалы модель формуласын өзгертпеуі.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану:
шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына осы Стандарттың 13-тармағында көрсетілген мекенжайға беріледі.
Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Қажет болған жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы шағымға көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті сапасыз көрсеткенін растайтын құжаттарды қоса береді.
Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылдануын растау болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Портал арқылы өтінішпен жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
Шағым портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" өтінішпен жүгіну туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішпен жүгінуді өңдеуі (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер жасау, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым жасауы мүмкін.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқығы бар.
4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетін қызмет ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге де талаптар
13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.adilet.gov.kz интернет-ресурсындағы "Мемлекеттік қызмет көрсету" бөлімінде, сараптама ұйымының www.kazpatent.kz сайтында орналастырылған.
14. Электрондық цифрлық қолтаңба болған кезде, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
15. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинет" арқылы алуға мүмкіндігі бар.
16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметінің байланыс телефондары: 8 (7172) 74 07 54, 74 09 69, 74 96 60. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы – (1414), 8 800 080 7777.
"Пайдалы модельге патент беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша |
Мемлекеттік баж төлеу үшін қажетті банк деректемелері
Бенефициар – ҚР ҚМ МКК Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кіріс департаментінің Есіл ауданы бойынша Мемлекеттік кіріс басқармасы
БСН – 081240013779
ЖСК – KZ24070105KSN0000000
БСК – KKMFKZ 2 A
Бенефициар банкі – "ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті" МБ
КБЕ-11
Бюджеттік сыныптама коды (БСК) – 108125
Төлем тағайындау коды — 979 жеке тұлғалар үшін
Төлем тағайындау коды — 911 заңды тұлғалар үшін
Сараптама ұйымының көрсететін қызметтеріне ақы төлеуге қажетті банк деректемелері
Қабылдаушы: Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің
"Ұлттық зияткерлік меншік институты" РМК
Мекенжайы: 010000, Астана қ., Орынбор к-сі, 8,
1-корпус, № 1, № 2 кіреберіс
БИН: 020940003199
Банктің атауы: "Нұрбанк" АҚ
ЖСК KZ8584905KZ006015415
БСК NURSKZKX
КБЕ: 16
КНП: 859
"Пайдалы модельге патент беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша |
Келіп түскен күні | (85) Халықаралық өтінімді ұлттық фазаға ауыстыру күні | (21) Тіркеу № | (22) Берілген күні | |||||
(86) алушы ведомство белгілеген халықаралық өтінімді тіркеу нөмірі және халықаралық өтінімді берген күні (87) халықаралық өтінімнің нөмірі және халықаралық жарияланған күні | ||||||||
Пайдалы модельге Қазақстан Республикасының патентін беру туралы ӨТІНІШ | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" РМК 010000, Астана қ., Министрліктер үйі, Орынбор к-сі, 8, 1 корпус, № 1, № 2 кіреберіс | |||||||
Төменде көрсетілген құжаттарды ұсына отырып, өтінім иесінің (иелерінің) атына пайдалы модельге Қазақстан Республикасының патентін беруді сұраймын (сұраймыз) (71) Өтінім иесі (иелері): (Толық аты-жөні немесе атауы және тұратын немесе болатын жері көрсетіледі. Өтінім иелерінің-авторлардың тұрғылықты жері туралы деректер (72) коды бар бағанның тұсындағы бағанда келтіріледі) | ДЗМҰ ST.3 стандарты бойынша елдің коды (егер белгіленген болса) | |||||||
Өтінімді ҰЗМИ-ға берген күннен ертерек күн бойынша басымдық сұралған кезде ғана толтырылады Пайдалы модельдің басымдығын күні бойынша белгілеуіңізді сұраймын (сұраймыз): брінші өтінімді (өтінімдерді) Париж конвенциясына қатысушы мемлекетке беру (Заңның 20-бабы 2-т.) Заңның 20-б. 4-т. сәйкес неғұрлым ерте берілген өтінімді ҰЗМИ-ға беру Заңның 20-б. 5-т. сәйкес бастапқы өтінімді ҰЗМИ-ға беру бастапқы өтінімнің басымдығы (Заңның 20-б. 5-т.) (өтінімнің нөмірі __________, өтінімді берген күні _____________) неғұрлым ерте берілген өтінімге қосымша материалдардың түсуі (Заңның 20-б. 3-т.) | ||||||||
(31) Бірінші, неғұрлым ерте берілген, бастапқы өтінімнің № | (32) Басымдық сұралған күн | (33) ST.3 бойынша берген елдің коды (конвенциялық басымдық сұралған кезде) | ||||||
(54) Пайдалы модельдің атауы Заңның 9-б. 4-т. талаптары сақталған | ||||||||
Хат алмасуға арналған мекенжай (толық пошталық мекенжайы және адресаттың аты) Телефон: Ұялы телефон: Факс: | ||||||||
(74) Патенттік сенім білдірілген өкіл (толық аты (Т.А.Ә.(бар болса), тіркеу нөмірі, мекенжайы) немесе өтінім иесінің (иелерінің) өкілі (толық аты (Т.А.Ә.(бар болса) немесе атауы, мекенжайы) | ||||||||
Қоса берілетін құжаттардың тізбесі | Саны | Саны | ||||||
өтінімге қосымша | ||||||||
пайдалы модель сипаттамасы | ||||||||
пайдалы модель формуласы | ||||||||
сызулар және өзге материалдар | ||||||||
реферат | ||||||||
өтінім беруге төлем туралы құжат | ||||||||
төлем мөлшерін азайтуға негіздің бар-жоғын растайтын құжат | ||||||||
бірінші өтінімнің (өтінімдердің) көшірмелері (конвенциялық басымдылық сұралған кезде) | ||||||||
өтінімнің шет тіліндегі құжаттары | ||||||||
патенттік сенім білдірілген өкілдің немесе өкілдің өкілеттігін куәландыратын сенімхат | ||||||||
басқа құжат (көрсетілсін) | ||||||||
Формуламен (рефератпен) жариялау үшін ұсынылатын сызбалар фигурасының № | ||||||||
(72) Автор(авторлар) (толық аты-жөні көрсетіледі) | Елдің атауы және егер ол белгіленсе, ДЗМҰ ST.3 стандарты бойынша оның кодын қоса алғанда, тұратын жерінің толық пошталық мекенжайы | Автордың (авторлардың)-өтініш иесінің (иелерінің) және/немесе авторлардың қолтаңбасы(қолтаңбалары) | ||||||
Мен (біз) _____________________________________________________________________ (Т.А.Ә.) (бар болса) пайдалы модельге патент беру туралы мәліметтерді жариялау кезінде мені (бізді) автор (лар) ретінде көрсетпеуді сұраймын (сұраймыз) Автордың (авторлардың) қолтаңбасы (қолтаңбалары): | ||||||||
Қолы Автор(авторлар) болып табылмайтын өтінім иесінің (иелерінің) қолтаңбасы (қолтаңбалары) (заңды тұлғаның атынан қол қойған кезде басшының қолы мөрмен бекітіледі) |
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 31 қазандағы № 947 бұйрығына 8-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 251 бұйрығына 8-қосымша |
"Өнертабысқа патент беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1-Тарау. Жалпы ережелер
1. "Өнертабысқа патент беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі - Стандарт) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрлік (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге өтініштерді қабылдау және оның нәтижелерін беру:
1) Министрліктің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" Республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Сараптама ұйымы);
3) "электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-Тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсырған, сондай-ақ порталға жүгінген кезден бастап – 18 (он сегіз) ай ішінде. Өтінім берушінің өтінішхаты негізінде сараптама ұйымы мәліметтерді мерзімінен бұрын жариялайды.
Мерзім:
көрсетілетін қызметті алушы белгіленген мөлшерде өтінім бергені үшін төлемді растайтын құжатты ұсынуы қажет болған жағдайда төрт айдан аспайтын мерзімге;
көрсетілетін қызметті алушы конвенциялық басымдық сұратқан кезде бірінші өтінім көшірмесін ұсыну қажеттілігі жағдайында алты айдан аспайтын мерзімге;
көрсетілетін қызметті алушы мәні бойынша сараптама жүргізу үшін төлемді растайтын құжатты ұсынуы қажет болған жағдайда үш айдан аспайтын мерзімге;
көрсетілетін қызметті алушы өзгертілген немесе жетіспейтін құжаттарды, қосымша материалдарды, оның ішінде сараптама ұйымының сұрауы не хабарлауы бойынша өнертабыстың өзгертілген формуласын ұсынуы қажет болған жағдайда үш айдан аспайтын мерзімге;
көрсетілетін қызметті алушы сараптаманың сұрауына жауап мерзімін ұзарту және сараптама сұрауына қосымша материалдарды ұсыну жөнінде өтініш берген кезінде алты айдан аспайтын мерзімге;
көрсетілетін қызметті алушы сараптама ұйымының сұрауына жауап және қосымша материалдарды, сондай-ақ мәні бойынша сараптама жүргізу үшін төлем құжаттарын ұсыну мерзімін қалпына келтіру туралы өтініш берген жағдайда он екі айдан аспайтын мерзімге;
көрсетілетін қызметті алушы патентті беруге арналған құжаттарды дайындау үшін төлемді растайтын құжатты және патент беру үшін мемлекеттік бажды ұсыну мерзімін қалпына келтіру жөнінде өтініш берген кезінде үш айдан аспайтын мерзімге ұзартылады.
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 30 (он) минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесі – өнертабысқа патент не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны – электронды, қағаз түрінде.
Портал арқылы өтініш берген кезде жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алған күнін және орнын көрсетумен электронды құжат нысанында хабарлама жіберіледі.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті алушыға ақылы негізде көрсетіледі.
Өтінімдерді қабылдау мен сараптама жүргізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны іске асыратын жұмыстар және қызметтерге бағаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 368 бұйрығына сәйкес белгіленген мөлшерде төлемдер алынады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10045 болып тіркелген).
Өнертабысқа патент берілгені үшін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 539-бабына сәйкес айлық есептік көрсеткіштің 100 пайызы мөлшерінде мемлекеттік баж өндіріледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға электрондық өтінім портал арқылы берілген жағдайда, төлем "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік баж және сараптама ұйымының қызметін төлеуге қажетті банк деректемелері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасында көрсетілген.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14.30-ға дейін;
2) сараптама ұйымының - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14.30-ға дейін.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
3) порталда – тәулік бойы, (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мейрам күндері өтініш берген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
сараптама ұйымына:
1) осы стандарттың 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Републикасының өнертабысына патент беру туралы белгіленген нысандағы өтініш (бұдан әрі – Өтініш);
2) маманның тиiстi бiлiм саласында оны жүзеге асыру үшiн толық, жеткiлiктi ашып көрсететін өнертабыстың сипаттамасы;
3) өнертабыстың объектiсiн айқындайтын және оның мәнiн бiлдiретiн формуласы. Формула айқын, нақты және сипаттауға негізделуі қажет;
4) егер өнертабыстың мәнiн түсiну үшiн қажет болса, сызбалар мен өзге материалдар;
5) реферат;
6) іс жүргізу өкіл арқылы жүргізілген жағдайда берілген сенімхат;
7) өтініш беруге төлемді растайтын құжат;
8) төлемнің мөлшерін азайту негіздемесін растайтын құжат (Ұлы Отан соғысының мүгедектігі, мүгедектік туралы, білім беру ұйымында оқитындар, жалпы білім беру бастапқы оқу бағдарламасын жүзеге асырушылар, негізгі орта, жалпы орта білім, білім беру ұйымында оқитындар, кәсіби оқу бағдарламасын техникалық және кәсіби білімді жүзеге асырушылар, орта білімнен кейінгі білім, жоғарғы білім, Қазақстан Республикасының кіші және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін – кәсіпорын жарғысының көшірмесі).
Порталға:
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат белгіленген нысанындағы өтініш;
2) маманның тиiстi бiлiм саласындағы оны жүзеге асыруы үшiн толық, жеткiлiктi ашып көрсететін өнертабыстың сипаттамасының электрондық көшірмесі;
3) өнертабыстың объектiсiн айқындайтын және оның мәнiн бiлдiретiн формуласының электрондық көшірмесі. Формула айқын, нақты және сипаттауға негізделуі қажет;
4) егер өнертабыстың мәнiн түсiну үшiн қажет болса сызбалар мен өзге материалдардың электрондық көшірмесі;
5) рефераттың электрондық көшірмесі;
6) іс жүргізу өкіл арқылы жүргізілген жағдайда берілген сенімхаттың электрондық көшірмесі;
7) өтініш беруге төлемді растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
8) төлемнің мөлшерін азайту негіздемесін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (Ұлы Отан соғысының мүгедектігі, мүгедектік туралы, білім беру ұйымында оқитындар, жалпы білім беру бастапқы оқу бағдарламасын жүзеге асырушылар, негізгі орта, жалпы орта білім, білім беру ұйымында оқитындар, кәсіби оқу бағдарламасын техникалық және кәсіби білімді жүзеге асырушылар, орта білімнен кейінгі білім, жоғарғы білім, Қазақстан Республикасының кіші және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін – кәсіпорын жарғысының көшірмесі).
Өнертабысқа өтінімге өтінімді, оның ішінде формальды сараптаманы жүргізуге өтінімді берудің белгілі мөлшерде төлемін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі және оның мөлшерін азайту үшін негіздерді растайтын құжаттың электрондық көшірмесі және оның мөлшерін азайту үшін негіздерді растайтын құжат қоса беріледі, олар өтініммен бірге немесе өтінім келіп түскен күннен бастап екі ай ішінде ұсынылуы мүмкін. Тиісті төлем жағдайында бұл мерзім екі айдан көп емес уақытқа ұзартыла алады.
Жеке басын куәландыратын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы, құжаттардың мәліметтері ЭҮТШ арқылы мемлекеттік баждың төленгені туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті беруші "электронды үкімет" шлюзі тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы алады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылатын, Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.
Ақпараттық жүйеден алуға болатын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушылардан сұратуға жол берілмейді.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
көрсетілетін қызметті берушіге (қолма-қол не пошта байланысы арқылы) – құжаттар топтамасының көшірмесіне қабылданған күні мен уақыты көрсетіліп, сараптама ұйымының кеңсесінде тіркелгені туралы белгі қою қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады;
Портал арқылы жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебесі жолданады.
10. Мыналар:
1) ұсынылған өнертабыстың өтiнiш берушi сұраған құқықтық қорғау көлемiнде өнертабыстың патент қабiлеттiлiгi талаптарына сәйкес келмеуі;
2) өтiнiмнің өнертабыстар ретiнде қорғалмайтын объектiлерге қатысты болуы;
3) өтініш беруші ұсынылған формулада өтiнiштің бастапқы материалдарында болмаған белгiлерді қамтитыны немесе өнертабыс ретiнде қорғалатын объектiден басқа өнертабыс ретiнде қорғалатын объектiлерге жатпайтын ұсынысты сипаттайтыны туралы немесе оған қатысты өнертабыс бiрлiгiнің талаптары бұзылуына байланысты қарау жүргізілмегені туралы хабарланғаннан кейiн өнертабыс формуласын өзгертпеуі Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тартудың Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген негіздеме болып табылады.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым
жасау тәртібі
11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану:
шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайға жіберіледі.
Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Қажетті жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы шағымға қызметті беруші көрсеткен сапасыз мемлекеттік қызметті көрсетуді растайтын, құжаттарға шағым қоса беріледі.
Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылдануын растау болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Портал арқылы өтініш берген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
Шағым портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі жасау, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
Мемлекеттік қызметті көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқығы бар.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда
көрсетілетін қызмет ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар
13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.adilet.gov.kz интернет-ресурсының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде және сараптама ұйымының www.kazpatent.kz ресми сайтында орналастырылған.
14. ЭЦҚ болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
15. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинеті" арқылы алуға мүмкіндігі бар.
16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметінің байланыс телефондары: 8 (717) 274-07-54, 74-09-69,
74-96-60. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы – 1414, 8 800 080 7777.
"Өнертабысқа патент беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша |
Мемлекеттік баж төлеу үшін қажетті банк деректемелері
Бенефициар – ҚР ҚМ МКК Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Есіл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы РММ
БСН – 081240013779
ЖСК – KZ24070105KSN0000000
БСК – KKMFKZ 2 A
Бенефициар банкі – "ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті" ММ
КБЕ-11
Бюджеттік сыныптама коды (БТК) – 108118
Төлем тағайындау коды — 979 жеке тұлғалар үшін
Төлем тағайындау коды — 911 заңды тұлғалар үшін
Сараптама ұйымының қызметтеріне ақы төлеуге қажетті банк деректемелері
Қабылдаушы: | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" РМК |
Мекенжайы | Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қ., Сол жағалау, Орынбор к-сі, 8, 1 корпус, № 1, № 2 кіреберіс |
БИН: | 020940003199 |
Банктің атауы: | "Нұрбанк" АҚ |
ЖСК | KZ8584905KZ006015415 |
БСК | NURSKZKX |
КБЕ: | 16 |
КНП: | 859 |
"Өнертабысқа патент беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша |
Нысан
Келіп түскен күні | (85) Халықаралық өтінімді ұлттық фазаға ауыстыру күні | (21) Тіркеу № | (22) Берілген күні | ||||||||
(86) алушы ведомство белгілеген халықаралық өтінімді тіркеу нөмірі және халықаралық өтінімді берген күні (87) халықаралық өтінімнің нөмірі және халықаралық жарияланған күні (96) алушы ведомство белгілеген еуразиялық өтінімнің нөмірі және өтінімді берген күні (97) еуразиялық өтінімнің нөмірі және жарияланған күні | |||||||||||
Өнертабысқа Қазақстан Республикасының патентін беру туралы ӨТІНІШ | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" РМК 010000, Астана қ., Сол жағалау, Орынбор к-сі, 8, 1 корпус, № 1, № 2 кіреберіс | ||||||||||
Төменде көрсетілген құжаттарды ұсына отырып, өтінім иесінің (иелерінің) атына өнертабысқа Қазақстан Республикасының патентін беруді сұраймын (сұраймыз) (71) Өтінім иесі (иелері): (Толық аты (Т.А.Ә. (бар болса) немесе атауы және тұратын немесе болатын жері көрсетіледі. Өтінім иелері-авторлардың тұрғылықты жері туралы деректер (72) коды бар бағанның тұсындағы бағанда келтіріледі) | ДЗМҰ ST.3 стандарты бойынша елдің коды (егер белгілі болса) | ||||||||||
Өтінімді ҰЗМИ-ға берген күннен неғұрлым ертерек күн бойынша басымдық сұралған кезде ғана толтырылады Өнертабыстың басымдығын күні бойынша белгілеуіңізді сұраймын (сұраймыз): бірінші өтінімді (өтінімдерді) Париж конвенциясына қатысушы мемлекетке беру (Заңның 20-бабы 2-т.) Заңның 20-б. 4-т. сәйкес неғұрлым ерте берілген өтінімді ҰЗМИ-ға беру Заңның 20-б. 5-т. сәйкес бастапқы өтінімді ҰЗМИ-ға беру бастапқы өтінімнің басымдығы (Заңның 20-б. 5-т.) (өтінімнің нөмірі __________, өтінімді берген күні _____________) неғұрлым ерте берілген өтінімге қосымша материалдардың түсуі (Заңның 20-б. 3-т.) | |||||||||||
(31) Бірінші неғұрлым ерте берілген, бастапқы өтінімнің № | (32) Басымдық сұралған күн | (33) ST.3 бойынша берген елдің коды (конвенциялық басымдық сұралған кезде) | |||||||||
(54) Өнертабыстың атауы Заңның 9-б. 4-т. талаптары сақталған | |||||||||||
Хат-хабар алмасуға арналған мекенжай ( толық пошталық мекенжайы және адресаттың аты) Телефон: Ұялы телефон: Факс: электрондық пошта: | |||||||||||
(74) Патенттік сенім білдірілген өкіл (толық аты (Т.А.Ә. (бар болса), тіркеу нөмірі) немесе өтінім иесінің (иелерінің) өкілі (толық аты (Т.А.Ә. (бар болса ) немесе атауы) | |||||||||||
Қоса берілетін құжаттардың тізбесі | 1 данадағы парақ саны | Дана саны | Өтінім беруге және өнертабысқа патентті алуға құқықтың туындау негізі (құжат ұсынусыз): өтінім иесі жұмыс беруші болып табылады және Заңның 10-б. 2-т. талаптары сақталған жұмыс берушінің немесе оның құқықтық мирасқорының құқықтарды беруі | ||||||||
өтінімге қосымша | |||||||||||
өнертабыстың сипаттамасы | |||||||||||
өнертабыстың формуласы | |||||||||||
сызбалар және өзге материалдар | |||||||||||
реферат | |||||||||||
өтінім беруге төлем туралы құжат | |||||||||||
автордың немесе құқықтық мирасқордың құқықты қайта беруі мирасқорлық құқық | |||||||||||
төлем мөлшерін азайтуға негіздің бар-жоғын растайтын құжат | |||||||||||
бірінші өтінімнің (өтінімдердің) көшірмелері (конвенциялық басымдық сұралған кезде) | (ҰЗМИ мөртаңбасы орны) | ||||||||||
өтінімнің шет тіліндегі құжаттары | |||||||||||
патенттік сенім білдірілген өкілдің немесе өкілдің өкілеттігін куәландыратын сенімхат | |||||||||||
басқа құжат (көрсетілсін) | |||||||||||
Формуламен (рефератпен) жариялау үшін ұсынылатын сызбалар фигурасының № | |||||||||||
(72) Автор(лар) (толық аты (Т.А.Ә. (бар болса) көрсетіледі) | Елдің атауы және егер ол белгіленсе, ДЗМҰ ST.3 стандарты бойынша оның кодын қоса алғанда, тұратын жерінің толық пошталық мекенжайы | Өнертабысқа патент алуға құқығын берген автор (лардың)-өтініш иесінің (лерінің) және/немесе авторлардың қолы(дары) | |||||||||
Мен (біз) ___________________________________________________________________ (Т.А.Ә. (бар болса) Өнертабысқа патент беру туралы мәліметтерді жариялау кезінде мені (бізді) автор (лар) ретінде көрсетпеуді сұраймын (сұраймыз) Автордың (авторлардың) қолы (қолдары): | |||||||||||
Қолы Автор (лар) болып табылмайтын өтінім иесінің (иелерінің) қолы (қолдары) (заңды тұлғаның атынан қол қойған кезде басшының қолы мөрмен бекітіледі) |
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 31 қазандағы № 947 бұйрығына 9-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 251 бұйрығына 9-қосымша |
"Селекциялық жетістікке патент беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Селекциялық жетістікке патент беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі – Стандарт) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрлік (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішті қабылдау және оның нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) Министрліктің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – сараптама ұйымы);
3) "электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мемлекеттік комиссиялары сұрыптарға, тұқымдарға сынақтар өткізуінің мерзімдерін есепке алусыз порталға жүгінген кезде басқаға беру немесе лицензиялық шарттарды тіркеу кезінде - 11 ай (он бір ай) ішінде.
Мерзім:
қызмет алушының өтінімді беру үшін белгіленген мерзімде төлемді төлегенін растатайын құжатты ұсынуы қажет болған жағдайда төрт айдан аспайтын мерзімге;
қызмет алушының жетіспейтін құжаттарды немесе өзгертілген материалдарды ұсынуы қажет болған жағдайда екі айдан аспайтын мерзімге;
Мемкомиссияның ұсынылған атаудың дұрыстығын тексеруі нәтижелері бойынша селекциялық жетістіктің жаңа атауы ұсынылған жағдайда екі айдан аспайтын мерзімге;
көрсетілетін қызметті алушы өтінімді одан әрі қараудан бас тарту туралы шешімге қарсылық берген жағдайда төрт айдан аспайтын мерзімге;
көрсетілетін қызметті алушы патентті беруге құжаттарды дайындау және тіркеу туралы мәліметтерді жариялау үшін төлеудің, сондай-ақ мемлекеттік бажды төлеудің өткізіп алған мерзімін қалпына келтіру жағдайында үш айдан аспайтын мерзімге ұзартылады.
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – селекциялық жетістікке патент не осы Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны – қағаз түрінде, электрондық.
Портал арқылы жүгінген кезде заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу күні және орны көрсетіле отырып, электрондық құжат нысанында хабарлама жіберіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызмет алушыға ақылы негізде көрсетіледі.
Өтінімдерді қабылдау мен сараптама жүргізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны іске асыратын жұмыстарға және қызметтерге бағаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 368 бұйрығына сәйкес белгіленген мөлшерде ақы алынады.
Патент берілгені үшін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 539-бабына сәйкес, айлық есептік көрсеткіштің 100 пайызы мөлшерінде мемлекеттік баж төленеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға портал арқылы электрондық өтінім берілген жағдайда, төлемақы "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік баж бен сараптама ұйымының қызметін төлеу үшін қажетті банк деректемелері осы Стандартқа 1-қосымшада көрсетілген.
8. Жұмыс кестесі:
1) Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14.30-ға дейін;
2) Сараптама ұйымы – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14.30-ға дейін;
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.
3) портал – тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
сараптама ұйымына:
1) осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша селекциялық жетістікке Қазақстан Республикасының патентін беру туралы өтініш (бұдан әрі – өтініш);
2) селекциялық жетістіктің сауалнамасы;
3) іс жүргізу өкіл арқылы болған жағдайда сенімхат;
4) белгiленген мөлшердегі төлемді растайтын құжат;
5) төлемнің мөлшерін азайту негіздемесін растайтын құжат (Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, білім берудің жалпы білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын, техникалық және кәсіби білім, орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіби оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын мүгедектер, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін).
порталға:
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысандағы өтініш;
2) селекциялық жетістік сауалнамасының электрондық көшірмесі;
3) іс жүргізу өкіл арқылы жүргізілген жағдайда сенімхаттың электрондық көшірмесі;
4) ЭҮТШ арқылы төлемді қоспағанда белгіленген мөлшерде тиісті ақы төленгенiн растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
5) төлемнің мөлшерін азайту негіздемесін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, білім берудің жалпы білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын, техникалық және кәсіби білім, орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіби оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын мүгедектер, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін).
Төлемді және төлемнің мөлшерін азайту негіздемесін растайтын құжаттар өтініммен бірге немесе өтінім келіп түскен күннен бастап екі ай ішінде ұсынылуы мүмкін. Тиісті төлем болған жағдайда бұл мерзім екі айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.
Белгіленген мерзімде төлем туралы құжаттар ұсынылмаған кезде өтінім берілмеген болып танылады.
Жеке басты куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы құжаттардың мәліметтерін, ЭҮТШ арқылы мемлекеттік бажды төлеу туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылатын, Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
көрсетілетін қызметті берушіге (қолма-қол не пошта байланысы арқылы) қағаз тасығыштағы өтінімді қабылдаудың растауы оның көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақыты көрсетіле отырып, сараптама ұйымының кеңсесінде тіркеу туралы белгі жасау болып табылады.
Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.
10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартудың Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздемелері мыналар болып табылады:
1) егер алдын ала жүргiзiлген сараптамада өтiнiмнiң белгiленген талаптарға сай келмейтiндiгi анықталса, оны әрi қарай қараудан бас тарту туралы шешім қабылданады, ол туралы өтiнiш берушi бiр айлық мерзiмде хабардар етіледі;
2) егер сараптама жүргiзу барысында сұрыптың, тұқымның патентке қабiлеттілік талаптарына сай келмейтiндiгi анықталған жағдайда, уәкiлеттi орган мемлекеттiк комиссия қорытындысының негiзiнде он жұмыс күні ішінде патент беруден бас тарту туралы шешiм қабылдайды, бұл туралы өтiнiм берушiге он жұмыс күні ішінде жазбаша хабарлама жiберіледi.
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның
лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері
бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану:
шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына осы Стандарттың 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша беріледі.
Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол, сондай-ақ портал арқылы беріледі.
Қажет болған жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы шағымға көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті сапасыз көрсеткенін растайтын құжаттарды қоса береді.
Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылдануын растау болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
Шағым портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" жүгіну туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің жүгінуін өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі жасау, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетін қызмет ерекшеліктері ескеріле отырып
қойылатын өзге де талаптар
13. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.adilet.gov.kz интернет-ресурсының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде, сараптама ұйымының www.kazpatent.kz ресми сайтында орналастырылған.
14. Электрондық цифрлық қолтаңба болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
15. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинет" арқылы алуға мүмкіндігі бар.
16. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 74 07 54, 74 09 69, 74 96 60. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: 1414, 8 800 080 7777.
"Селекциялық жетістікке патент беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша |
Мемлекеттік баж төлеу үшін қажетті банк деректемелері
Бенефициар – 6205 Астана қ. бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Есіл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы
ҚР ҚМ МКК
БСН – 081240013779
ЖСК – KZ24070105KSN0000000
БСК – KKMFKZ 2A
Бенефициар банкі – "ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті" ММ
КБЕ-11
Бюджеттік сыныптама коды (БСК) – 108125
Төлем тағайындау коды — 979 жеке тұлғалар үшін
Төлем тағайындау коды — 911 заңды тұлғалар үшін
Сараптама ұйымы көрсететін қызметтеріне ақы төлеуге қажетті банк деректемелері
Алушы: Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің
"Ұлттық зияткерлік меншік институты" РМК
Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қ.,
Орынбор к-сі, 8, 1-корпус, № 1, № 2 кіреберіс
БСН: 020940003199
Банктің атауы: "Нұрбанк" АҚ
ЖСК KZ8584905KZ006015415
БСК NURSKZKX
КБЕ: 16
КНП: 859
"Селекциялық жетістікке патент беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша |
Нысан
Түскен күні | (21) Тіркеу № | (22) Берілген күні | Басымдылығы | |||||||||
Селекциялық жетістікке Қазақстан Республикасының патентін беру туралы ӨТІНІШ | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" РМК 010000, Астана қ., Министрліктер үйі, Орынбор к-сі, 8-үй, 1-кіреберіс | |||||||||||
Төмендегі құжаттарды ұсына отырып, өтініш берушінің (берушілердің) атына селекциялық жетістікке Қазақстан Республикасының патентін беруді өтінемін (өтінеміз). (71) Өтініш беруші (лер): (Толық аты немесе атауы және тұрғылықты жері немесе орналасқан жері көрсетіледі. Өтініш иелері– авторлардың тұрғылықты жері туралы деректер 97) коды бар бағанда көрсетіледі) Резиденттер үшін БСН/ЖСН | ДЗМҰ ST.3 стандарты бойынша елдің коды (егер белгілі болса) | |||||||||||
ҰЗМИ РМК-ға өтінім келіп түскен күннен ерте күн бойынша басымдылық сұралған кезде ғана толтырылады. Күн бойынша селекциялық жетістіктің басымдылығын белгілеуді өтінемін (өтінеміз). Халықаралық конвенцияға қатысушы мемлекетке бірінші өтінімді беру (Заңның 7-б.2-т.) мемлекеттік комиссияда пайдалануға рұқсат беруге өтінімнің түсуі (Заңның 4-б.2-т.) | ||||||||||||
Бірінші өтінімнің немесе пайдалануға рұқсат беруге өтінімнің № | Сұралатын басымдылық күні | Берілетін елдің коды (ДЗМҰ ST.3) бойынша | Өтінімді қарау сатысы | Селекциялық жетістік қандай атаумен тіркелген | ||||||||
Бірінші өтініммен берілген материал осы сұрыпты (тұқымды) көрсететінін және осы өтінімге сәйкес келетінін мәлімдеймін (мәлімдейміз) Тегі, түрі _________________________________________________________ (атауы мемлекеттік тілде немесе орыс тілінде) _________________________________________________________ (латынша атауы) | ||||||||||||
Ұсынылатын атауы | Селекциялық нөмірі | |||||||||||
Селекциялық жетістік ____________ елде (елдерінде) өсіріліп шығарылған Сұрып (тұқым) сатуға ұсынылды ма немесе сатылады ма: Өтінім берілетін елде - жоқ - иә бірінші рет _____ ______атауымен (күні) Басқа елдерде: -жоқ - иә бірінші рет _______________(ел. күні) ________________________ атауымен Хат-хабар алмасу үшін мекенжай (адресаттың толық пошталық мекенжайы және аты) Телефон: Үялы телефон: Факс: ____________________________________________________________________ (74) Өтінім берушінің (берушілердің) патенттік сенім білдірілген өкіл (Толық аты, тіркеу нөмірі) немесе өтінім берушінің өкілі (толық аты немесе атауы) | ||||||||||||
Қоса берілетін құжаттар тізбесі | 1 данадағы бет саны. | Даналар саны | Өтінім беру және патентті алу құқығының туындау негізі (құжатты ұсынбай): Заңның 5-б. 1-т. талаптары сақталады және өтініш беруші жұмыс беруші болып табылады жұмыс берушінің немесе оның құқықтық мирасқорының құқықтарды беруі автордың немесе оның құқықтық мирасқорының құқықтарды беруі мұрагерлік құқық (ҰЗМИ мөртаңбасына арналған орын) | |||||||||
өтінімге қосымша | ||||||||||||
селекциялық жетістіктер анкетасы | ||||||||||||
фотосуреттер | ||||||||||||
негативтер немесе түрлі-түсті слайдтар | ||||||||||||
бұрын жүргізілген сату туралы ақпарат | ||||||||||||
өтінім берудің төленгендігі туралы құжат | ||||||||||||
төлем мөлшерін азайту үшін негіздердің бар-жоғын растайтын құжат | ||||||||||||
бірінші өтінім көшірмесі (конвенциялық басымдылық сұралған кезде) | ||||||||||||
өтінімнің мемлекеттік немесе орыс тіліне аудармасы | ||||||||||||
патенттік сенім білдірілген өкілінің немесе өкілдің өкілеттілігін растайтын сенімхат | ||||||||||||
басқа құжат (көрсету) | ||||||||||||
72) Автор (лары) (Толық Т.А.Ә. көрсетіледі) | (97) ДЗМҰ ST.3 стандарты бойынша елдің атауын және оның кодын қоса алғанда, тұрғылықты жерінің толық пошталық мекенжайы, егер ол анықталса | Патентті алу құқығын қайта табыстаған автор(лар)- өтінім беруші(лер) және/немесе автор(лар) қол(дар)ы | ||||||||||
Өтінім материалдарын жариялаған кезде мені (бізді) _________________________________________________ автор(лар)ы ретінде көрсетпеуді сұраймын(мыз). Автор(лар) қол(дар)ы: | ||||||||||||
Мендегі (біздегі) мәліметтер бойынша өтінімді қарау үшін қажетті және осы өтініш пен қосымшаларға енгізілген ақпарат түпкілікті және дұрыс болып табылатынын мәлімдеймін(міз). Мен (біз) үлгілер тиісті түрде алынғанын және селекциялық жетістіктердің репрезантативтік іріктемесін білдіретінін растаймын(мыз). | ||||||||||||
Қолы өтініш иесінің (иелерінің) немесе патенттік сенім білдірушінің қолы (қолдары), қол қойылған күн (заңды тұлға атынан қол қойылған кезде басшының қолы мөрмен бекітіледі) |