1. "Әлеуметтiк маңызы бар облысаралық жолаушылар қатынастарының тізбесін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 247 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10069 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 3 ақпанда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік маңызы бар облысаралық жолаушылар қатынастарының тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың көшірмелерін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.
Қазақстан Республикасының | |
Инвестициялар және даму | |
министрінің міндетін атқарушы | А. Рау |
Әлеуметтiк маңызы бар облысаралық жолаушылар қатынастарының тізбесі
1. Ақтөбе – Алматы.2. Ақтөбе – Атырау.
3. Ақтөбе – Маңғышлақ.
4. Алматы – Алтынкөл.
5. Алматы – Астана.
6. Алматы – Атырау.
7. Алматы – Достық.
8. Алматы – Жезқазған.
9. Алматы – Защита.
10. Алматы – Қостанай.
11. Алматы – Локоть.
12. Алматы – Маңғышлақ.
13. Алматы – Озинки.
14. Алматы – Орал.
15. Алматы – Павлодар.
16. Алматы – Петропавл.
17. Алматы – Сарыағаш.
18. Алматы – Шымкент.
19. Арқалық – Астана.
20. Астана – Айсары.
21. Астана – Алтынкөл.
22. Астана – Атбасар.
23. Астана – Достық.
24. Астана – Жезқазған.
25. Астана – Көкшетау.
26. Астана – Қайрақ.
27. Астана – Қызыл-Ту - Петропавл.
28. Астана – Лениногорск.
29. Астана – Манғышлақ.
30. Астана – Павлодар.
31. Астана – Сарыағаш.
32. Астана – Тобыл.
33. Атырау – Ақсарай.
34. Атырау – Астана.
35. Атырау – Маңғышлақ.
36. Көкшетау – Астана – Ерейментау.
37. Көкшетау – Қызылорда.
38. Қарағанды – Астана.
39. Қарағанды – Петропавл.
40. Қарағанды – Семей.
41. Қостанай – Есіл – Арқалық.
42. Қостанай – Қарағанды.
43. Қызылорда – Жезқазған.
44. Қызылорда – Петропавл.
45. Қызылорда – Семей.
46. Орал – Ақтөбе.
47. Орал – Астана.
48. Павлодар – Пресногорьковская.
49. Шалқар – Сексеуiл.
Ескертпе: Қоғам мен мемлекеттің әлеуметтiк-экономикалық жағдайына ықпал ететiн және мынадай өлшемдерге сәйкес келетiн қатынас әлеуметтiк маңызы бар қатынас болып танылады:
1) мемлекеттік маңызы - мемлекетаралық байланыстарды дамыту, Қазақстан Республикасының астанасы мен облыс орталықтарын Қазақстан Республикасымен айтарлықтай қоғамдық, сауда және өзге де өзара қарым-қатынастары бар мемлекеттердiң әкiмшілік-аумақтық бiрлiктерінің астаналарымен және басты қалаларымен қосу;
2) баламасыздығы - ұзақтығы үлкен әрi тармақталуы aз болғанда қайта отырғызусыз қатарлас қатынастардың болмауы, ауа райы жағдайларына тәуелсiздігі, барлық маусымдылығы, жолаушыларды бiр жолғы жаппай тасымалдау;
3) әлеуметтік маңызы - халықтың жан басына шаққандағы табысында жол жүруге арналған шығысының қол жетiмдi деңгейiнiң сақталуы;
4) қол жетiмдiлігі - азаматтардың қол жетімдi балама көлiк түрлерi жоқ бағыттары бойынша Қазақстан Республикасының аумағында еркiн орын ауыстыру, оның шегiнен тыс шығу және кедергісiз қайтып келу мүмкiндігiн қамтамасыз ету.