"Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу жөніндегі кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 153 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 24 қазандағы № 456 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 6 желтоқсанда № 14486 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2021 жылғы 2 қарашадағы № 333 бұйрығымен.

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Энергетика министрінің м.а. 02.11.2021 № 333 (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу жөніндегі кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 153 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10135 болып тіркелген, 2015 жылғы 13 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізiлсiн:

      1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Газ және газбен жабдықтау саласындағы қызметтi жүзеге асыру үшін газ желісі ұйымдарына қойылатын рұқсат беру талаптары және оларға сәйкестiкті растайтын құжаттардың тiзбесі бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Аккредиттеу уәкілетті органмен жүргізіледі және электрондық аккредиттеу туралы куәлікпен расталады.";

      4-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) аккредиттеу туралы куәлікті ресімдеу, тіркеу және электрондық түрде беру, не дәлелді бас тарту туралы жауап жіберу.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Өтініш беруші аккредиттеуді жүзеге асыру үшін уәкілетті органға мынадай құжаттар ұсынады:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша газ желісі ұйымдарын аккредиттеу туралы куәлікті алуға өтініш (бұдан әрі – өтініш);

      2) рұқсат беру талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар.

      Осы тармақта көзделмеген өзге де құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

      Уәкілетті орган өтініш берушінің құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күнінің ішінде оның толықтығына тексеру рәсімін жүзеге асырады.

      "Рұқсаттар мен хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Рұқсаттар туралы заң) 25-бабының 1-тармағына сәйкес егер өтініш беруші ұсынған құжаттар топтамасы толық болмаған жағдайда, уәкілетті орган белгіленген мерзімде өтінішті қараудан дәлелді бас тарту жібереді.";

      8-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Уәкілетті орган оң шешім қабылдаған жағдайда, газ желісі ұйымдарының тізіліміне тиісті жазба енгізеді және өтініш берушіге Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген мерзімнің ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық түрде аккредиттеу туралы куәлік беріледі.";

      9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Уәкілетті орган ұсынылған құжаттар, сонымен бірге өтініш берушінің рұқсат беру талаптарына сәйкестігіне тексеру нәтижелері бойынша сәйкес келмеген жағдайларда аккредиттеу туралы куәлікті беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Аккредиттеу туралы куәлікті беруден дәлелді бас тарту электрондық құжат түрінде беріледі.

      Егер уәкілетті орган осы Қағидаларда белгіленген мерзімде өтініш берушіге аккредиттеу туралы куәлікті бермеген не оны беруден дәлелді бас тартпаған жағдайда, онда оны беру мерзімдері өткен күннен бастап аккредиттеу туралы куәлік берілді деп есептеледі және уәкілетті орган оны бір мезгілде газ желісі ұйымдарының тізіліміне енгізеді.

      Рұқсаттар туралы Заңның 26-бабы 2-тармағына сәйкес уәкілетті орган аккредиттеу туралы куәлікті беру мерзімі өткен сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей оны өтініш берушіге береді.

      Егер уәкілетті орган аккредиттеу туралы куәлікті бермеген жағдайда, бес жұмыс күні өткеннен кейін аккредиттеу туралы куәлік алынды деп есептеледі. Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда тиісті өтініштің берілгенін растайтын, уәкілетті органның уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған құжат қызметтің жүзеге асырылуының заңдылығын растау болып табылады.

      10. Аккредиттеу туралы куәлік беруден бас тартылған жағдайда өтініш беруші аккредиттелетін субъект анықталған сәйкессіздіктер жойылғаннан кейін осы Қағидалардың 5-тармағының талаптарына сәйкес қайта өтініш береді.";

      көрсетілген Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу қағидаларына 2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу қағидаларына 3-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген 2-қосымшаның атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Газ және газбен жабдықтау саласындағы қызметтi жүзеге асыру үшін газ желісі ұйымдарына қойылатын рұқсат беру талаптары және оларға сәйкестiкті растайтын құжаттардың тiзбесі";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Газ және газбен жабдықтау саласындағы қызметтi жүзеге асыру үшін газ желісі ұйымдарына қойылатын рұқсат беру талаптары және оларға сәйкестiкті растайтын құжаттардың тiзбесінде:

      реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

1


меншік құқығында немесе өзге заңды негізде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін өндірістік-техникалық базалар болуы, ол мыналардан тұрады:


жерге жеке меншік құқығына актілердің, объектілерге техникалық паспорттардың, әділет органдарынан немесе электрондық үкімет порталынан жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауырпалықтар) және оның техникалық сипаттамасы туралы анықтамалардың, объектілерді пайдалануға беру туралы мемлекеттік комиссиялардың актілерінің, жалға алу мерзімдерін көрсете отырып жалға алу шарттарының болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны*



газ толтыру станциядан – баллондардың сорғы-компрессорлық бөлімшесі, төгу-құю бөлімшесі, толтырғыш бағандар, баллон жөндеу цехы, баллондарды техникалық куәландыру учаскесі, баллондарды сақтауға арналған ашық немесе жабық түрдегі қойма, жалпы көлемі кемінде 300 тонна сұйытылған мұнай газын сақтауға арналған резервуарлары, су ағынды сорғылармен жарақтандырылған суы бар өртке қарсы сыйымдылықтар және/немесу су қоймасы



баллондардың сорғы-компрессорлық бөлімшесінің, төгу-құю бөлімшесінің, толтырғыш бағандардың, баллон жөндеу цехының, баллондарды сақтауға арналған ашық немесе жабық түрдегі қоймаларының, жалпы көлемі кемінде 300 тонна сұйытылған мұнай газын сақтауға арналған резервуарының, су ағынды сорғылармен жарақтандырылған суы бар өртке қарсы сыйымдылықтардың және/немесу су қоймасының болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны*


инженерлік құрылыстардан – төгу-құю теміржол эстакадасы, су ағынды сорғылармен жарақтандырылған суы бар өртке қарсы сыйымдылықтар және/немесу су қоймасы


төгу-құю теміржол эстакадасының, су ағынды сорғылармен жарақтандырылған суы бар өртке қарсы сыйымдылықтардың және/немесу су қоймасының болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны*



      ";

      ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:

      "*Осы газ және газбен жабдықтау саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін газ желісі ұйымдарына қойылатын рұқсат беру талаптары және оларға сәйкестiкті растайтын құжаттардың тiзбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны.";

      қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:


  "Газ және газбен жабдықтау саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін газ желісі ұйымдарына қойылатын рұқсат беру талаптары және оларға сәйкестiкті растайтын құжаттардың тiзбесіне қосымша";

      қосымшаның атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Газ және газбен жабдықтау саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін газ желісі ұйымдарына қойылатын рұқсат беру талаптары және оларға сәйкестiкті растайтын құжаттардың тiзбесіне мәліметтер нысаны";

      Газ және газбен жабдықтау саласындағы қызметтi жүзеге асыру үшін газ желісі ұйымдарына қойылатын рұқсат беру талаптары және оларға сәйкестiкті растайтын құжаттардың тiзбесіне мәліметтер нысанында:

      1, 2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Меншік құқығында немесе өзге заңды негізде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін өндірістік-техникалық базаның бар болуы _____________________________ (жерге жеке меншік құқығына актілерді, объектілерге техникалық паспорттарды, әділет органдарынан немесе электрондық үкімет порталынан жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауырпалықтар) және оның техникалық сипаттамасы туралы анықтамаларды, объектілерді пайдалануға беру туралы мемлекеттік комиссиялардың актілерін, жалға алу мерзімдерін көрсете отырып, жалға алу шартын көрсету) туралы ақпарат;

      2. Газ толтыру станциясының бар болуы туралы ақпарат ___________________________________(баллондардың сорғы-компрессорлық бөлімшесі, төгу-құю бөлімшесі, толтырғыш бағандар, баллон жөндеу цехы, баллондарды сақтауға арналған ашық немесе жабық түрдегі қоймалардың, жалпы көлемі кемінде 300 тонна сұйытылған мұнай газын сақтауға арналған резервуардың, су ағынды сорғылармен жарақтандырылған суы бар өртке қарсы сыйымдылықтардың және/немесу су қоймасының болуын көрсету);

      3. Инженерлік құрылыстар бар болуы туралы ақпарат _________________ (төгу-құю теміржол эстакадасы, су ағынды сорғылармен жарақтандырылған суы бар өртке қарсы сыйымдылықтардың және/немесу су қоймасының болуын көрсету);";

      4-тармақ алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекция департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға және "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының


Энергетика министрі

Қ. Бозымбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      ________________Ж. Қасымбек

      2016 жылғы 31 қазан


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ________________ Қ. Бишімбаев

      2016 жылғы 1 қараша




  Қазақстан Республикасы
  Энергетика министрінің
  2016 жылғы 24 қазандағы
  № 456 бұйрығына
  1-қосымша
  Газ желісі ұйымдарын
  аккредиттеу қағидаларына
  2-қосымша


Нысан

Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу туралы
КУӘЛІК

      _______________________________________________________________

      (заңды тұлғаның атауы)

      _______________________________________________________________

      (заңды тұлғаның мекенжайы, орналасқан жері)

      __________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәліктің нөмірі және берілген күні* немесе анықтама)

      БСН: ______________________________

      ____________________________________________________________ берілді.

      (газ толтыру станциясының орналасқан жері)

      Куәлікті берген орган:

      Басшы (уәкілетті органның):

      Куәліктің ресімделген күні:

      Куәліктің нөмірі:

      Астана қаласы

      Ескертпе:* "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.


  Қазақстан Республикасы
  Энергетика министрінің
  2016 жылғы 24 қазандағы
  № 456 бұйрығына
  2-қосымша


  Газ желісі ұйымдарын
  аккредиттеу қағидаларына
  3-қосымша

Қазақстан Республикасының Газ желісі ұйымдарының тізілімі

р/с №


Газ желісі ұйымының атауы


Газ толтыру станциясының орналасқан жері


Газ желісі ұйымын аккредиттеу туралы куәліктің берілген күні


Газ желісі ұйымының аккредиттеу туралы куәліктің нөмірі


БСН


Газ желісі ұйымының заңды мекенжайы, байланыс деректері


Газ толтыру станциясын иелену құқығы


Газ толтыру станциясын жалға алу шартының қолданылу мерзімі


Резервуарлардың саны және көлемі


Ескертпе


1


2


3


4


5


6


7


8


9


10


11

























О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 27 ноября 2014 года № 153 "О некоторых вопросах аккредитации газосетевых организаций"

Приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 24 октября 2016 года № 456. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 6 декабря 2016 года № 14486. Утратил силу приказом и.о. Министра энергетики Республики Казахстан от 2 ноября 2021 года № 333.

      О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 27 ноября 2014 года № 153 "О некоторых вопросах аккредитации газосетевых организаций"

      Сноска. Утратил силу приказом и.о. Министра энергетики РК от 02.11.2021 № 333 (вводится в действие с 01.01.2022).

      В соответствии с пунктом 2 статьи 50 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 27 ноября 2014 года № 153 "О некоторых вопросах аккредитации газосетевых организаций" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 10135, опубликованный 13 марта 2015 года в информационно-правовой системе "Әділет") следующие изменения:

      подпункт 2) пункта 1 изложить в следующей редакции:

      "2) разрешительные требования к газосетевым организациям и перечень документов, подтверждающих соответствие им, для осуществления деятельности в сфере газа и газоснабжения, согласно приложению 2 к настоящему приказу.";

      в Правилах аккредитации газосетевых организаций, утвержденных указанным приказом:

      пункт 3 изложить в следующей редакции:

      "3. Аккредитация проводится уполномоченным органом и подтверждается свидетельством об аккредитации в электронном виде.";

      подпункт 4) пункта 4 изложить в следующей редакции:

      "4) оформление, регистрацию и выдачу свидетельства об аккредитации в электронном виде либо направление мотивированного ответа об отказе.";

      пункт 5 изложить в следующей редакции:

      "5. Заявителем, в уполномоченный орган для осуществления аккредитации, представляются следующие документы:

      1) заявление для получения свидетельства об аккредитации газосетевой организации по форме, согласно приложению 1 к настоящим Правилам (далее - заявление);

      2) документы, подтверждающие соответствие разрешительным требованиям.

      Не допускается требование иных документов, не предусмотренных настоящим пунктом.

      Уполномоченный орган в течение двух рабочих дней с момента получения документов заявителя, осуществляет процедуру проверки полноты представленных документов.

      В случае представления заявителем неполного пакета документов уполномоченный орган в указанные сроки дает мотивированный отказ в дальнейшем рассмотрении заявления, в соответствии с пунктом 1 статьи 25 Закона Республики Казахстан от 16 мая 2014 года "О разрешениях и уведомлениях" (далее – Закон о разрешениях).";

      часть первую пункта 8 изложить в следующей редакции:

      "8. В случае принятия положительного решения уполномоченным органом вносится соответствующая запись в реестр газосетевых организаций, и заявителю выдается свидетельство об аккредитации в электронном виде, по форме, согласно приложению 2 к настоящим Правилам, в течение срока, указанного в пункте 6 Правил.";

      пункты 9 и 10 изложить в следующей редакции:

      "9. Уполномоченный орган принимает решение об отказе в выдаче свидетельства об аккредитации в случаях несоответствия представленных документов, а также по результатам установления соответствия заявителя разрешительным требованиям.

      Мотивированный отказ в выдаче свидетельства об аккредитации дается в форме электронного документа.

      В случае если уполномоченный орган, в установленные настоящими Правилами сроки не выдал заявителю свидетельство об аккредитации либо не предоставил мотивированный отказ в его выдаче, то с даты истечения сроков его выдачи, свидетельство об аккредитации считается выданным, одновременно включается уполномоченным органом в реестр газосетевых организаций.

      Уполномоченный орган не позднее пяти рабочих дней с момента истечения срока выдачи свидетельства об аккредитации, выдает его заявителю, в соответствии с пунктом 2 статьи 26 Закона о разрешениях.

      В случае невыдачи уполномоченным органом свидетельства об аккредитации по истечении пяти рабочих дней, свидетельство об аккредитации считается полученным. В этом случае, подтверждением законности осуществления деятельности является документ, подтверждающий прием соответствующего заявления в электронной форме посредством государственной информационной системы разрешений и уведомлений, удостоверенный электронной цифровой подписью уполномоченного лица уполномоченного органа.

      10. В случае отказа в выдаче свидетельства об аккредитации, заявитель повторно подает документы в соответствии с требованиями пункта 5 настоящих Правил после устранения выявленных несоответствий.";

      приложение 2 к указанным Правилам аккредитации газосетевых организаций изложить в новой редакции, согласно приложению 1 к настоящему приказу;

      приложение 3 к указанным Правилам аккредитации газосетевых организаций изложить в новой редакции, согласно приложению 2 к настоящему приказу;

      наименование приложения 2, утвержденного указанным приказом, изложить в следующей редакции:

      "Разрешительные требования к газосетевым организациям и перечень документов, подтверждающих соответствие им, для осуществления деятельности в сфере газа и газоснабжения";

      в Разрешительных требованиях к газосетевым организациям и перечне документов, подтверждающих соответствие им, для осуществления деятельности в сфере газа и газоснабжения, утвержденных указанным приказом:

      строку, порядковый номер 1, изложить в следующей редакции:

      "

1

наличие производственно-технической базы на праве собственности или ином законном основании, соответствующей требованиям промышленной безопасности состоящей из:

форма сведений, содержащих информацию о наличии актов на право частной собственности на землю, технические паспорта на объекты, справки из органов юстиции или с портала электронного правительства о зарегистрированных правах (обременениях) на недвижимое имущество и его технических характеристиках, акты государственных комиссий о вводе в эксплуатацию объектов, договора аренды с указанием сроков аренды*

газонаполнительной станции – насосно-компрессорного отделения, сливо-наливного отделения баллонов, наполнительных колонок, баллоно-ремонтного цеха, участка по техническому освидетельствованию баллонов, склада открытого или закрытого типа для хранения баллонов, резервуаров для хранения сжиженного нефтяного газа общим объемом не менее 300 тонн, противопожарных водоема и/или емкости с водой, оснащенных водонапорными насосами;

форма сведений, содержащих информацию о наличии насосно-компрессорного отделения, сливо-наливного отделения баллонов, наполнительных колонок, баллоно-ремонтного цеха, складов открытого или закрытого типа для хранения баллонов, резервуаров для хранения сжиженного нефтяного газа общим объемом не менее 300 тонн, противопожарных водоема и/или емкостей с водой, оснащенных водонапорными насосами*;

инженерных сооружений – сливо-наливной железнодорожной эстакады, противопожарных водоема и/или емкости с водой, оснащенных водонапорными насосами

форма сведений, содержащих информацию о наличии сливо-наливной железнодорожной эстакады, противопожарных водоема и/или емкостей с водой, оснащенных водонапорными насосами*

      ";

      примечание изложить в следующей редакции:

      "*Форма сведений согласно приложению к настоящим разрешительным требованиям к газосетевым организациям и перечню документов, подтверждающих соответствие им, для осуществления деятельности в сфере газа и газоснабжения.";

      правый верхний угол приложения изложить в следующей редакции:

  "Приложение
к разрешительным требованиям к
газосетевым организациям и перечню
документов, подтверждающих
соответствие им, для осуществления
деятельности в сфере газа и
газоснабжения";

      наименование приложения изложить в следующей редакции:

      "Форма сведений к разрешительным требованиям к газосетевым организациям и перечню документов, подтверждающих соответствие им, для осуществления деятельности в сфере газа и газоснабжения";

      в Форме сведений к Разрешительным требованиям к газосетевым организациям и перечню документов, подтверждающих соответствие им, для осуществления деятельности в сфере газа и газоснабжения:

      пункты 1, 2 и 3 изложить в следующей редакции:

      "1. Информация о наличии на праве собственности или ином законном основании производственно-технической базы, соответствующей требованиям промышленной безопасности _______________________________ (указать акты на право частной собственности на землю, технические паспорта на объекты, справки из органов юстиции или с портала электронного правительства о зарегистрированных правах (обременениях) на недвижимое имущество и его технических характеристиках, акты государственных комиссий о вводе в эксплуатацию объектов, договора аренды с указанием сроков аренды);

      2. Информация о наличии газонаполнительной станции _____________________ (указать наличие насосно-компрессорного отделения, сливо-наливного отделения баллонов, наполнительных колонок, баллоно-ремонтного цеха, складов открытого или закрытого типа для хранения баллонов, резервуаров для хранения сжиженного нефтяного газа общим объемом не менее 300 тонн, противопожарных водоема и/или емкостей с водой, оснащенных водонапорными насосами);

      3. Информация о наличии инженерных сооружений __________________ (указать наличие сливо-наливной железнодорожной эстакады, противопожарных водоема и/или емкостей с водой, оснащенных водонапорными насосами);";

      пункт 4 исключить.

      2. Департаменту государственной инспекции в нефтегазовом комплексе Министерства энергетики Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) направление копии настоящего приказа в течение десяти календарных дней после его государственной регистрации на официальное опубликование в периодические печатные издания, информационно-правовую систему "Әділет" и в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" Министерства юстиции Республики Казахстан" для включения в эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на официальном интернет-ресурсе Министерства энергетики Республики Казахстан и интранет-портале государственных органов;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства энергетики Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 2) и 3) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра энергетики Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования.

      Министр энергетики
Республики Казахстан
К. Бозумбаев

      "СОГЛАСОВАН"
Министр по инвестициям и развитию
Республики Казахстан
_______________ Ж. Касымбек
31 октября 2016 года

      "СОГЛАСОВАН"
Министр национальной экономики
Республики Казахстан
_______________ К. Бишимбаев
1 ноября 2016 года

  Приложение 1
к приказу Министра энергетики
Республики Казахстан
от 24 октября 2016 года № 456
  Приложение 2
к Правилам аккредитации
газосетевых организаций
  Форма

СВИДЕТЕЛЬСТВО
об аккредитации газосетевой организации

      Выдано: ___________________________________________________

                        (наименование юридического лица)
      _____________________________________________________________

                  (адрес, местонахождение юридического лица)

      _____________________________________________________________

            (номер и дата свидетельства* или справка о государственной
            регистрации/перерегистрации юридического лица)

      БИН: _______________________________________________________

            _____________________________________________________________

                  (местонахождение газонаполнительной станции)

      Орган, выдавший свидетельство:

      Руководитель (уполномоченного органа):

      Дата оформления свидетельства:

      Номер свидетельства:

      город Астана

      Примечание:* Свидетельство о государственной (учетной) регистрации
(перерегистрации) юридического лица (филиала, представительства), выданное
до введения в действие Закона Республики Казахстан от 24 декабря 2012 года
"О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты
Республики Казахстан по вопросам государственной регистрации юридических
лиц и учетной регистрации филиалов и представительств", является
действительным до прекращения деятельности юридического лица.

  Приложение 2
к приказу Министра энергетики
Республики Казахстан
от 24 октября 2016 года № 456
  Приложение 3
к Правилам аккредитации
газосетевых организаций

Реестр газосетевых организаций Республики Казахстан

№ п/п

Наименование газосетевой организации

Местонахождение газонаполнительной станции

Дата выдачи свидетельства об аккредитации газосетевой организации

Номер свидетельства об аккредитации газосетевой организации

БИН

Юридический адрес, контактные данные газосетевой организации

Право владения газонаполнительной станции

Срок действия договора аренды газонаполнительной станции

Количество и объем резервуаров

Примечание

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11