Газ желісі ұйымдарын аккредиттеудің кейбір мәселелері туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 153 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 23 қаңтарда № 10135 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2021 жылғы 2 қарашадағы № 333 бұйрығымен.

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Энергетика министрінің м.а. 02.11.2021 № 333 (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 28.09.2018 № 395 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 20) тармақшасына, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабы 1-тармағының 2-1) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 06.10.2021 № 314 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес газ желісі ұйымдарын аккредиттеу қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Газ және газбен жабдықтау саласындағы қызметтi жүзеге асыру үшін газ желісі ұйымдарына қойылатын рұқсат беру талаптары және оларға сәйкестiкті растайтын құжаттардың тiзбесі бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің 24.10.2016 № 456 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялау үшін бұқаралық ақпарат құралдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйеге жолдауын;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр В. Школьник

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрі

      ________________ Е. Досаев

      2014 жылғы 12 желтоқсан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Инвестициялар және даму министрі

      ________________ Ә. Исекешев

      2014 жылғы 22 желтоқсан



  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2014 жылғы 27 қарашадағы
№ 153 бұйрығына
1-қосымша

Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 28.09.2018 № 395 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 20) тармақшасына, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Рұқсаттар туралы заң) 12-бабы 1-тармағының 2-1) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және газ желісі ұйымдарын аккредиттеуді жүргізу тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 06.10.2021 № 314 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидаларда мынадай анықтамалар мен ұғымдар қолданылады:

      1) аккредиттеу – газ желісі ұйымдарын Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келеді деп уәкілетті органның ресми тану рәсімі;

      2) газ желісі ұйымы – аккредиттеу туралы куәлігі бар және газ толтыру станциясын пайдалануды, сондай-ақ осы Заңда белгіленген шарттарда сұйытылған мұнай газын көтерме және бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      3) газ толтыру станциясы – сұйытылған мұнай газын сақтауға, теміржол цистерналарына, автогаз тасымалдағыштарға, тұрмыстық баллондарға қотаруға және құюға, сондай-ақ тұрмыстық баллондарды жөндеуге және кәдеге жаратуға арналған технологиялық өзара байланысты өндірістік және өзге де объектілер кешені;

      4) рұқсаттық бақылау – уәкілетті органның рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша берілгенге дейін өтініш берушінің рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексеруге, сондай-ақ олар берілгеннен кейін екінші санаттағы рұқсатты иеленушілердің Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған қызметі;

      5) уәкілетті орган – газды өндіруді, тасымалдауды (тасуды), сақтауды және көтерме саудада өткізуді, сондай-ақ елді мекендердің шекаралары шегінен тыс тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуді және тұтынуды мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

      Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де анықтамалар мен ұғымдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.

      3. Аккредиттеуді уәкілетті орган мемлекеттік көрсетілетін қызмет шеңберінде жүргізеді және ол газ желісі ұйымдарының аккредиттеу туралы куәлігімен (бұдан әрі – куәлік) расталады.

      4. Аккредиттеу мынадай негізгі кезеңдерді көздейді:

      1) өтініш берушінің құжаттарын қарау;

      2) аккредиттеу туралы куәлікті беруіне дейін, өтініш берушінің рұқсат беру талаптарына сәйкестігін анықтау;

      3) аккредиттеу туралы шешімді қабылдау;

      4) аккредиттеу туралы куәлікті ресімдеу, тіркеу және беру, не дәлелді бас тарту туралы жауап жіберу.

      5. Өтініш беру, өтінішті тіркеу және кері қайтарып алу, куәлікті ресімдеу, беру немесе қайта ресімдеу не куәлікті беруден бас тарту туралы дәлелді жауапты жолдау, Газ желісі ұйымдарының тізілімін (бұдан әрі - Тізілім) жүргізу электрондық нысанда "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі - портал) және рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - АЖ) арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 09.04.2020 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Газ желісі ұйымдарын аккредиттеуді жүргізу тәртібі

      6. Газ желісі ұйымдарын аккредиттеуді жүргізу үшін өтініш беруші уәкілетті органға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша газ желісі ұйымдарының аккредиттеу туралы куәлігін алуға электрондық нысанда өтінішті (бұдан әрі - өтініш), осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес газ және газбен жабдықтау саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін газ желісі ұйымдарына қойылатын рұқсат беру талаптары және оларға сәйкестiкті растайтын құжаттардың тiзбесіне мәліметтер нысанын (бұдан әрі - мәліметтер нысаны) ұсынады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-1-қосымшаға сәйкес "Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 09.04.2020 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Құжаттарды қарау, сондай-ақ өтініш берушінің газ және газбен жабдықтау саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін газ желісі ұйымдарына қойылатын рұқсат беру талаптары және оларға сәйкестiкті растайтын құжаттардың тiзбесіне (бұдан әрі – рұқсат беру талаптары) сәйкестігін анықтау уәкілетті органға өтініш келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      8. Уәкілетті орган құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.

      Өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері (бұдан әрі - құрылымдық бөлімшенің қызметкері) осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттарды тіркеген кезден бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың және (немесе) мәліметтердің толықтығын тексереді.

      Өтініш беруші құжаттар топтамасын және (немесе) мәліметтерді толық ұсынбаған жағдайда, құрылымдық бөлімшенің қызметкері осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген мерзімде осы Қағидаларға 2-2-қосымшаға сәйкес өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды.

      Уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшесі басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қойылған өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту портал арқылы электрондық құжат нысанында өтініш берушіге жіберіледі.

      Өтініш беруші құжаттардың және (немесе) мәліметтердің толық топтамасын ұсынған жағдайда, құрылымдық бөлімшенің қызметкері осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне (бұдан әрі - аумақтық бөлімше) портал арқылы электрондық нысанда рұқсаттық бақылауын жүргізуге сұрау салуды жібереді.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 09.04.2020 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Аумақтық бөлімшенің қызметкері және (немесе) құрылымдық бөлімшенің қызметкері 9 (тоғыз) жұмыс күні ішінде өтініш берушінің рұқсат беру талаптарына сәйкестігін немесе сәйкес еместігін белгілейді, оның нәтижелері бойынша аумақтық бөлімшенің қызметкері және (немесе) құрылымдық бөлімшенің қызметкері және өтініш беруші қол қойған қорытындыны дайындайды.

      Аумақтық бөлімше басшысының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы қорытындысы портал арқылы өтініш берушіге жіберіледі.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 06.10.2021 № 314 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Уәкілетті орган 3 (үш) жұмыс күні ішінде аумақтық бөлімше қызметкерінің және (немесе) құрылымдық бөлімше қызметкерінің қорытындысын (бұдан әрі – қорытынды) қарайды.

      Осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартқан жағдайда, уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін осы Қағидаларға 2-3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тыңдау өткізу уақыты мен орны туралы хабарлама жібереді.

      Тыңдау рәсімі ҚР ӘРПК-ның 73-бабына сәйкес жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша уәкілетті орган осы Қағидаларға 2-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша газ желісі ұйымдарын аккредиттеу туралы куәлікті беруден уәжді бас тартуды ұсыну арқылы куәлік беруден бас тарту не осы Қағидалардың 2-4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша куәлік беру туралы шешім қабылдайды.

      Куәлік немесе куәлікті беруден уәжді бас тарту портал арқылы өтініш берушінің "жеке кабинетіне" уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшесі басшысының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 06.10.2021 № 314 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Уәкілетті орган мынадай негіздер бойынша куәлікті беруден бас тартады:

      1) өтініш берушінің куәлікті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;

      2) өтініш берушінің және (немесе) ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің белгіленген рұқсат беру талаптарына және Заңның 28-бабы 7-тармағы 2) тармақшасының талаптарына сәйкес келмеуі;

      4) өтініш берушіге қатысты куәлік алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;

      5) өтініш берушіге қатысты оның негізінде өтініш берушінің куәлік алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылғаны туралы соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы.

      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Энергетика министрінің 09.04.2020 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Куәлік беруден бас тартылған жағдайда өтініш беруші анықталған сәйкессіздіктер жойылғаннан кейін осы Қағидалардың 6-тармағының талаптарына сәйкес құжаттарды қайта береді.

      13. Алып тасталды – ҚР Энергетика министрінің 09.04.2020 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Куәлікті қайта ресімдеу мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:

      1) алып тасталды – ҚР Энергетика министрінің 09.04.2020 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2) егер газ желісі ұйымның екі және одан да көп газ толтыру станциясы бар болғанда, меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі газ толтыру станциясының біреуін иелену тоқтатылған кезде;

      3) газ желісі ұйымының есептік деректеріне рұқсат беру талаптарына сәйкес келетін қосымша газ толтыру станциясын қосу.

      Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Энергетика министрінің 09.04.2020 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      15. Алып тасталды – ҚР Энергетика министрінің 09.04.2020 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      16. Алып тасталды – ҚР Энергетика министрінің 09.04.2020 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      17. Алып тасталды – ҚР Энергетика министрінің 09.04.2020 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Осы Қағидалардың 14-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда, газ желісі ұйымдары осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша иелену тоқтатылған газ толтыру станциясының мекенжайын көрсете отырып, куәлікті қайта ресімдеу туралы өтініш береді.

      Уәкілетті орган осы тармақта көрсетілген өтініші келіп түскен күнінен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде куәлікті қайта ресімдейді.

      Бұл жағдайда ҚР ӘРПК-ның 73-бабы 2-тармағы 3) тармақшасының негізінде тыңдау өткізілмейді.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 06.10.2021 № 314 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      19. Осы Қағидалардың 15-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайда, газ желісі ұйымдары уәкілетті органға:

      1) осы Қағидалардың 3-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында нысан бойынша куәлікті қайта ресімдеуге өтініш;

      2) осы Қағидалардың 2-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысанын береді.

      20. Осы Қағидалардың 19-тарамағында көрсетілген құжаттарды қарау осы Қағидалардың 7, 8, 9 және 10-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 09.04.2020 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      21. Осы Қағидалардың 19-тармағында көрсетілген құжаттарды қарау және өтініш берушінің рұқсат беру талаптарына сәйкес келуін анықтау қорытындысы бойынша уәкілетті орган осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген мерзім ішінде куәлікті қайта ресімдеу туралы немесе осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген негіздер бойынша оны қайта ресімдеуге бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартқан жағдайда, уәкілетті орган ҚР ӘРПК 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін осы Қағидаларға 2-3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тыңдау өткізу уақыты мен орны туралы хабарламаны жібереді.

      Тыңдау рәсімі ҚР ӘРПК-ның 73-бабына сәйкес жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша уәкілетті орган осы Қағидаларға 2-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәжді бас тартуды ұсыну арқылы куәлікті қайта ресімдеуден бас тарту не осы Қағидалардың 2-4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша куәлікті қайта ресімдеу туралы шешім қабылдайды.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 06.10.2021 № 314 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      22. Куәлікті қайта ресімдеуге бас тартылған жағдайда, өтініш беруші осы Қағидалардың 19-тармағының талаптарына сәйкес, анықталған сәйкессіздіктерді жойғаннан кейін, қайтадан құжаттарды тапсырады.

      23. Егер уәкілетті орган осы Қағидаларда белгіленген мерзімде өтініш берушіге куәлік немесе қайта ресімделген куәлік бермесе немесе оларды беруден дәлелді бас тарту ұсынбаса, оларды беру мерзімі аяқталған күннен бастап куәлік немесе қайта ресімделген куәлік берілген болып саналады.

      Уәкілетті орган куәлікті немесе қайта ресімделген куәлікті беру мерзімі аяқталған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей Рұқсаттар туралы заңның 26-бабының 2-тармағына сәйкес оны өтініш берушіге береді.

      24. Заңның 18-бабының 4-тармағына сәйкес куәлiктiң қолданысын тоқтату мынадай жағдайларда:

      1) куәлікті өз еркімен қайтару;

      2) газ толтыру станциясын және (немесе) топтық резервуарлық қондырғыларды меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiзде иеленуді тоқтату;

      3) заңды тұлғаның таратылғаны немесе оның бөлiну нысанында қайта ұйымдастырылуы;

      4) сот шешімінің негізінде куәліктен айыру жағдайларында жүзеге асырылады.

      Куәліктің қолданылуы тоқтатылған жағдайда, аталған жағдайлардың бірі анықталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті орган АЖ арқылы куәлікті қайтарып алады (жояды).

      25. Меншік құқығында немесе өзге заңды негізде газ толтыру станциясын және (немесе) топтық резервуарлық қондырғыларды иелену тоқтатылған жағдайда, заңды тұлға таратылған немесе бөліну түрінде қайта ұйымдастырылған жағдайда, газ желісі ұйымы он жұмыс күні ішінде уәкілетті органды хабардар етеді.

      26. Егер газ желісі ұйымы жалға алу мерзімі аяқталғанға дейін газ толтыру станциясын пайдалануды жалға алу немесе сенімгерлік басқару шартының (бұдан әрі – жалға алу шарты) негізінде ұзартқан жағдайда, газ желісі ұйымы уәкілетті органға:

      1) жаңа мерзімге жалға алу не оны ұзарту шартының;

      2) жалға алу шартына сәйкес мүлікті қабылдау-тапсыру актісінің көшірмелерін береді.

      Осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың куәлікті алған кезде ұсынылған бастапқы құжаттармен сәйкес келуін тексеруді уәкілетті орган 2 (екі) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

      Құжаттар сәйкес келген кезде уәкілетті орган көрсетілген мерзімде Тізілімге тиісті мәліметтерді енгізеді.

      Құжаттар сәйкес келмесе, уәкілетті орган көрсетілген мерзімде өтініш берушіге осы Қағидаларға 2-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша уәжді бас тарту жібереді.

      Бұл жағдайда ҚР ӘРПК-ның 73-бабы 2-тармағы 3) тармақшасының негізінде тыңдау өткізілмейді.

      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 06.10.2021 № 314 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      27. Газ толтыру станциясының жалға алу мерзімі аяқталғанға дейін осы Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген растайтын құжаттарды ұсынбаған жағдайда, уәкілетті орган осы Қағидалардың 24-тармағының 2) тармақшасы негізінде АЖ арқылы куәлікті қайтарып алады (жояды).

      28. Уәкілетті орган және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану үшін шағым уәкілетті орган әкімшілік актіні қабылдағаны немесе әрекеттерді (әрекетсіздіктерді) жасағаны туралы өтініш берушіге белгілі болған күннен бастап 3 (үш) айдан кешіктірілмей беріледі:

      шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға);

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға;

      мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін уәкілетті орган басшылығының атына беріледі.

      Өтініш берушінің шағымы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:

      мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін өтініш берушіге оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган қажет болған жағдайда шағымды қарау мерзімі 1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды тұлға шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген өтініш иесіне ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

      Шағым ҚР ӘРПК-ның 91-бабының 4-тармағына сәйкес келіп түскен жағдайда уәкілетті орган шағымды қарайтын органға ол келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жібереді. Уәкілетті орган қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда, шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.

      Шағымды қарайтын органның шағымды қарау мерзімі шағым түскен күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнін құрайды.

      Ескерту. 28-тармақпен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің 09.04.2020 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 06.10.2021 № 314 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      29. Шағымды қарайтын органның шешімімен келіспеген жағдайда, өтініш беруші шағымды қарайтын басқа органға немесе ҚР ӘРПК-ның 100-бабының 6-тармағына сәйкес сотқа жүгінеді.

      Ескерту. Қағида 29-тармақпен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің 06.10.2021 № 314 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Газ желісі ұйымдарын
аккредиттеу қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу туралы куәлікті алуға өтініш

      ________________________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның атауы)

      ________________________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі, мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу нөмірі мен күні)

      ________________________________________________________________________________

      (газ толтыру станциясының орналасқан жері)

      ___________________________ газ желісі ұйымдарын аккредиттеу туралы куәлік беруді сұрайды.

      Газ және газбен жабдықтау саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін газ желісі ұйымдарына қойылатын рұқсат беру талаптары және оларға сәйкестiкті растайтын құжаттардың тiзбесіне мәліметтер нысаны қоса беріледі.

      Өтініште және мәліметтер нысанында қамтылған мәліметтердің дұрыстығын растаймын.

      Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, ақпараттық жүйелерде қамтылған мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Ұйымның басшысы немесе уәкілетті өкіл (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

  Газ желісі ұйымдарын
аккредиттеу қағидаларына
2-қосымша

Газ және газбен жабдықтау саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін газ желісі ұйымдарына қойылатын рұқсат беру талаптары және оларға сәйкестiкті растайтын құжаттардың тiзбесіне мәліметтер нысаны

      1. Меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздегі өндірістік-техникалық базаның болуы туралы ақпарат_______________ (жылжымайтын мүлік объектілеріне техникалық паспорттарды, жалға берушіні және жалға алу немесе сенімгерлік басқару шартының мерзімдерін көрсете отырып, газ толтыру станциясын және топтық резервуарлық қондырғыларды (бар болса), жалға алу немесе сенімгерлік басқару шартын көрсету (көрсетілген құжаттардың нөмірін және беру/қол қою/тіркеу күнін көрсету).

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 09.04.2020 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Газ толтыру станциясының аумағында орналасқан _____________________________ (төгу-құю теміржол эстакадасы, толтырғыш бағандар, баллондардың сорғы-компрессорлық бөлімшесі, төгу-құю бөлімшесі, баллондарды техникалық куәландыру және жөндеу учаскесі, баллондарды сақтауға арналған ашық немесе жабық түрдегі қойма, жалпы көлемі кемінде 600 м3 сұйытылған мұнай газын сақтауға арналған резервуарлар, газды есепке алу аспаптары, су ағынды сорғылармен жарақтандырылған суы бар өртке қарсы сыйымдылықтар және/немесе су қоймасының болуын көрсету) бар болуы туралы ақпарат.

      3. Қондырғылар топтық резервуарлық бар болуы туралы ақпарат _________________ (орналасқан жері, көлемін және санын болуын көрсету).

      4. Газ толтыру станциясының техникалық процесіне басшылықты (техникалық басшы); өрт қауіпсіздігін; өнеркәсіптік қауіпсіздікті; сұйытылған мұнай газын есепке алуды жүргізуді; авариялық-диспетчерлік және жөндеу өтінімдерін орындауды қамтамасыз ететін қызметтерді құру және (немесе) жауапты тұлғаларды тағайындау туралы бұйрықтардың бар болуы туралы ақпарат _____ (бар/жоқ).

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 17.09.2020 № 313 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Білікті құрамының бар болуы туралы ақпарат:

      1) техникалық басшылар үшін – мұнай-газ, газбен жабдықтау саласында жоғары білім _____________________(әрбір қызметкер бойынша ақпаратты көрсету: тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда);

      2) инженерлік-техникалық қызметкерлер үшін – атқаратын лауазымына сәйкес кем дегенде арнайы орта білім _____________________(әрбір қызметкер бойынша ақпаратты көрсету: тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)).

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 17.09.2020 № 313 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Объект иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының бар болуы туралы ақпарат ________ (бар/жоқ).

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 17.09.2020 № 313 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Азаматтық қорғау заңы) 76-бабының 6-тармағына сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органмен тіркелген қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясының бар болуы туралы ақпарат __________ (бар/жоқ).

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 17.09.2020 № 313 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Азаматтық қорғау заңына сәйкес аварияларды жою жоспары бар болуы туралы ақпарат ____________________________ (кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің және (немесе) құралымдарының аварияларды жою жоспарын келісу күні, сондай-ақ, оны ұйым басшысы бекіткеннен күні мен нөмірі (болған кезде) көрсету).

  Газ желісі ұйымдарын
аккредиттеу қағидаларына
2-1-қосымша

"Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. 2-1-қосымшамен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің 09.04.2020 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 06.10.2021 № 314 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі

2.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру www. gov. kz, www. eli cens e. kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

3.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

1) газ желісі ұйымдарын аккредиттеу туралы куәлікті (бұдан әрі - куәлік) беру кезінде - 15 (он бес) жұмыс күні;
2) куәлікті қайта ресімдеу кезінде: егер газ желісі ұйымында екі және одан да көп газ толтыру станциясы бар болса, газ толтыру станцияларының бірін меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде иеленуді тоқтату – 2 (екі) жұмыс күні; рұқсат беру талаптарына сәйкес келетін қосымша газ толтыру станциясын газ желісі ұйымының есептік деректеріне енгізу - 15 (он бес) жұмыс күні;
3) рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – АЖ) арқылы мәліметтерді газ желісі ұйымдарының тізіліміне (бұдан әрі – тізілім) енгізген кезде, жалдау немесе сенімгерлік басқару шарты (бұдан әрі – жалдау шарты) негізінде оны жалға алу мерзімі аяқталғанға дейін газ толтыру станциясын пайдалануды ұзартуды растаған кезде және жалға алу шартына сәйкес мүлікті қабылдау-беру актісі – 2 (екі) жұмыс күні.
Көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың және (немесе) мәліметтердің толық болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды береді.

4.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған).

5.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Куәлік, қайта ресімделген куәлік не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің нысаны – электрондық.
Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында жолданады және сақталады.

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.

7.

Жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті берушінің – демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс графигіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

порталға:
1) куәлікті алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған газ желісі ұйымдарын аккредиттеу туралы куәлікті алу үшін өтініші;
газ және газбен жабдықтау саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін газ желісі ұйымдарына қойылатын рұқсат беру талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне мәліметтер нысаны;
2) куәлікті қайта ресімдеу үшін мынадай жағдайларда:
егер газ желісі ұйымында екі және одан да көп газ толтыру станциясы бар болса, газ толтыру станцияларының бірін меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде иеленуді тоқтату:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған газ толтыру станциясының оны иелену тоқтатылған мекенжайын көрсете отырып, газ желісі ұйымдарын аккредиттеу туралы куәлікті
қайта ресімдеуге өтініші;
рұқсат беру талаптарына сәйкес келетін қосымша газ толтыру станциясын газ желісі ұйымының есептік деректеріне енгізу:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған газ желісі ұйымдарын аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеуге өтініші;
газ және газбен жабдықтау саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін газ желісі ұйымдарына қойылатын рұқсат беру талаптарына мәліметтер нысаны және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі;
3) егер газ желісі ұйымы газ толтыру станциясын пайдалануды жалға алу немесе сенімгерлік басқару шартының (бұдан әрі – жалға алу шарты) негізінде ұзартқан жағдайда, жалға алу мерзімі аяқталғанға дейін газ желісі ұйымы уәкілетті органға:
жаңа мерзімге жалға алу немесе оны ұзарту шартының;
жалға алу шартына сәйкес мүлікті қабылдау-тапсыру актісінің көшірмелерін береді.

9.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер мыналар:
1) өтініш берушінің куәлікті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;
2) өтініш берушінің және (немесе) ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің белгіленген рұқсат беру талаптарына және "Газ және газбен жабдықтау туралы" 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабы 7-тармағы 2) тармақшасының талаптарына сәйкес келмеуі;
3) тексерудің теріс қорытындысы;
4) өтініш берушіге қатысты куәлік алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
5) өтініш берушіге қатысты оның негізінде өтініш берушінің куәлік алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылғаны туралы соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы.

10.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

1) мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі www. gov. kz интернет-ресурсының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде;
порталда орналастырылған.
2) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, оның мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар;
3) көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинет", сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар;
4) портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде нашар көретіндерге арналған нұсқа қолжетімді;
5) мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www. gov. kz интернет-ресурсының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы 1414, 8 800 080 7777.

  Газ желісі ұйымдарын
аккредиттеу қағидаларына
2-2-қосымша
  Нысан

      Ескерту. 2-2-қосымшамен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің 09.04.2020 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

[УО атауы (мемлекеттік тілде)] УО реквизиттері мемлекеттік тілде



 

[УО атауы (орыс тілінде)] УО реквизиттері орыс тілінде

Өтінішті одан әрі қараудан/ газ желісі ұйымдарын аккредиттеу туралы куәлік беруден бас тарту туралы дәлелді жауап

Берілген күні: [РҚ берілген күні]

[Өтініш берушінің атауы]


[УО атауы], сіздің [өтінім күні] № [Өтінім нөмірі] өтінішіңізді қарап, _____________________________ бас тарту туралы хабарлайды. [Бас тарту себебі].

 

[Уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшесінің басшысы]


 

  Газ желісі ұйымдарын
аккредиттеу қағидаларына
2-3-қосымша
  Нысан

      Ескерту. 2-3-қосымшамен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің 09.04.2020 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 06.10.2021 № 314 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

Хабарлама

      _____________________________________________________ берілді

      (өтініш берушінің толық атауы)

      Осымен _________________________________________________МО

      (уәкілетті органның толық атауы)

      Сіздің [өтінім күні] жылғы № [Өтінім нөмірі] өтінішіңізді қарап, газ және

      газбен жабдықтау саласындағы уәкілетті органы "Газ желісі ұйымдарын

      аккредиттеу" мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі бойынша алдын ала

      шешімге ____________________________________________________________

      (өтініш берушінің толық атауы)

      ұстамынын __________________________________________________________

      (тыңдау өткізілетін күні, уақыты және орны)

      білдіру мүмкіндігі туралы хабарлайды.

      Уәкілетті орган басшысы _______________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (уәкілетті орган басшысының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы)

  Хабарлама жолданған күні
және уақыты:
20__ жылғы "___" ________
"__" сағат "__" мин
  Газ желісі ұйымдарын
аккредиттеу қағидаларына
2-4-қосымша

      Ескерту. Қағида 2-4-қосымшамен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің 06.10.2021 № 314 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Нысан

[УО атауы (мемлекеттік тілде)] УО деректемелері мемлекеттік тілде



[УО атауы (орыс тілінде)] УО деректемелері орыс тілінде

ГАЗ ЖЕЛІСІ ҰЙЫМДАРЫН АККРЕДИТТЕУ ТУРАЛЫ КУӘЛІК

_______________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы)
_______________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның мекенжайы, орналасқан жері)
_______________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәліктің нөмірі және берілген
күні* немесе анықтама)
______________________________________________________________________________
(бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
______________________________________________________________________________
(газ толтыру станциясының орналасқан жері)

Куәлікті берген орган:
Уәкілетті органның жауапты
құрылымдық бөлімшесінің басшысы:
Куәліктің ресімделген күні:
Куәліктің нөмірі:
Ескертпе:* "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.


  Газ желісі ұйымдарын
аккредиттеу қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеуге өтініш

      ________________________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның атауы)

      ________________________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі, мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу нөмірі мен күні)

      20__ ж. "____"________________ №_________________________________________________

      газ желісі ұйымдарын аккредиттеу туралы куәлікті

      _____________________________________________________________________ байланысты (қайта ресімдеу себебін көрсету) қайта ресімдеуді сұрайды.

      Қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесі:

      1. _________________________________

      2. _________________________________

      3. _________________________________

      Өтініште және қоса берілген құжаттарда қамтылған мәліметтердің дұрыстығын растаймын.

      Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, ақпараттық жүйелерде қамтылған мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Ұйымның басшысы немесе уәкілетті өкіл (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2014 жылғы 27 қарашадағы
№ 153 бұйрығына
2-қосымша

Газ және газбен жабдықтау саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін газ желісі ұйымдарына қойылатын рұқсат беру талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 17.09.2020 № 313 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

р/с №

Рұқсат беру талаптары

Құжаттар

Ескертпе

1

меншік құқығында немесе өзге заңды негізде өндірістік-техникалық базаның болуы

көрсетілген құжаттарды беру/қол қою/тіркеу күні мен нөмірін көрсете отырып, жалға берушіні және жалға алу немесе сенімгерлік басқару мерзімдерін көрсете отырып, жылжымайтын мүлік объектілеріне техникалық паспорттардың, газ толтыру станциясы мен топтық резервуарлық қондырғылардың (бар болса) жалдау шартының немесе сенімгерлік басқару шартының болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

Өндірістік базаның және растайтын құжаттардың болуын Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу жолымен екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті орган белгілейді

2

газ толтыру станциясының техникалық процесіне басшылықты (техникалық басшы);
өрт қауіпсіздігін;
өнеркәсіптік қауіпсіздікті;
сұйытылған мұнай газын есепке алуды жүргізуді;
авариялық-диспетчерлік және жөндеу өтінімдерін орындауды қамтамасыз ететін қызметтердің және (немесе) жауапты тұлғалардың болуы

қызметтерді құру және (немесе) жауапты тұлғаларды тағайындау туралы бұйрықтардың болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

Растайтын құжаттардың болуын Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу жолымен екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті орган белгілейді

3

мынадай біліктілік құрамы:
1) техникалық басшылар үшін – мұнай-газ, газбен жабдықтау саласында жоғары білімі бар, кемінде екі жыл мамандығы бойынша практикалық жұмыс тәжірибесі бар өтілі (тиісті саладағы мамандығы бойынша жұмыс өтілі еңбек заңнамасында белгіленген тәртіппен расталады);
2) инженерлік-техникалық қызметкерлер үшін –атқаратын лауазымына сәйкес кем дегенде арнайы орта білімі бар

әрбір қызметкер бойынша ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны: тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

Мамандардың білікті құрамының болуын (тиісті білімін, жұмыс өтілін растайтын құжаттар) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу арқылы екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті орган белгілейді

4

объект иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының болуы

шарттың болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

Растайтын құжаттардың болуын Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу жолымен екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті орган белгілейді

5

"Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органмен тіркелген қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясының болуы

декларацияны тіркеудің болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

Растайтын құжаттардың болуын Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу жолымен екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті орган белгілейді

6

"Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аварияларды жою жоспарының болуы

кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің және (немесе) құралымдарының аварияларды жою жоспарын келісу күні, сондай-ақ, оны ұйым басшысы бекіткеннен күні мен нөмірі (болған кезде) туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

Растайтын құжаттардың болуын Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу жолымен екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті орган белгілейді


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады