Тұрмыс сапасы индексін есептеу әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2016 жылғы 9 қарашадағы № 260 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 8 желтоқсанда № 14494 болып тіркелді

      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабы 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 17-тармағы 258) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Тұрмыс сапасы индексін есептеу әдістемесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен қамтамасыз ету:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың көшірмелерін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы басқармасы осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелер мен аумақтық органдарына басшылыққа алу және жұмыста пайдалану үшін жеткізсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының орынбасарына (Қ.К. Орынханов) жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитетінің төрағасы
Н. Айдапкелов

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитеті
төрағасының
2016 жылғы 9 қарашадағы
№ 260 бұйрығымен бекітілді

Тұрмыс сапасы индексін есептеу әдістемесі 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Тұрмыс сапасы индексін есептеу әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес бекітілетін статистикалық әдіснамаға жатады.

      2. Әдістеме тұрмыс сапасы индексі (бұдан әрі - ТСИ) есебін қалыптастырудың негізгі аспектілерін айқындайды.

      3. Осы Әдістемені Қазақстан Республикасы бойынша тұрмыс сапасы индексіне есептеу жүргізу кезінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті (бұдан әрі - Комитет) мен оның аумақтық органдары қолданады.

      4. Әдістеме Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (бұдан әрі - ЭЫДҰ) ТСИ есептеу әдіснамасын ескере отырып әзірленген.

2-тарау. Тұрмыс сапасы индексін өлшеу аспектілері

      5. Осы Әдістеменің тұжырымдамалық негіздерінде өлшеудің 11 аспектісі көзделген:

      Өмір сүрудің физикалық жағдайлары үшін:

      1) қаржылық әл-ауқат және табыс;

      2) жұмыс және жалақы;

      3) тұрғын үй жағдайлары.

      Тұрмыс сапасы үшін:

      4) денсаулық жағдайы;

      5) жұмыс пен жеке өмір арасындағы тепе-теңдік;

      6) білім және дағдылар;

      7) азаматтық құқық пен билік;

      8) қоғамдық өзара қатынастар;

      9) қоршаған ортаның сапасы;

      10) жеке қауіпсіздік;

      11) субъективті салауаттылық.

1-параграф. Қаржылық әл-ауқат және табыс

      6. Отбасының қаржылық әл-ауқаты отбасының қаржылық жағдайының жалпы құнынан немесе қарыздарды шегергендегі барлық қаржылық активтердің сомасынан құралады. Қаржылық әл-ауқат жинақ ақша, монетарлық алтын, валюта мен депозиттер, акциялар, бағалы қағаздар мен қарыздарды қамтиды.

      Таза қаржылық әл-ауқат қаржылық міндеттемелердің барлық түрлерін шегергенде үй шаруашылықтарына тиесілі әртүрлі қаржылық активтерден тұрады.


(1)

      мұндағы:

      ТҚӘ – таза қаржылық әл-ауқат;

      ҚА – қаржылық активтер;

      ҚМ – қаржылық міндеттемелер.

      Қаржылық активтер елеулі табыс көзі болып табылады. Табыс қаржылық активтерді сату немесе қайта қаржыландыру, сондай-ақ рента, пайыздар мен дивиденттер алу немесе мүліктен түсетін қандай да бір өзге табыстар арқылы алынады.

      Жылжымайтын мүлік туралы ақпарат қолжетімсіз болған жағдайда, оның нақты бары туралы деректер ескерілмейді.

      7. Үй шаруашылығы иеленетін таза түзетілген табыс еңбектен, меншіктен түсетін табысты, үй иелеріне есептелген есептік рента және үй шаруашылықтарынан алынатын әлеуметтік қамтамасыз ету қорларына төленетін тікелей салықтар мен жарналарды шегергендегі ақшалай түрдегі әлеуметтік төлемдерді, заттай нысандағы әлеуметтік трансферттерді қамтиды. Табыс өз қажеттіліктері үшін үй шаруашылығының ақылы қызметтер өндірісін іске қосатын негізгі капиталдың құнсыздану есебінсіз өлшенеді.


(2)

      мұндағы:


- жалдамалы қызметкерлердің еңбекақысы;

- өндіріске салынатын өзге де салықтар;

- жалпы пайда және жалпы аралас табыс;

- негізгі капиталды тұтыну;

- таза пайда және таза аралас табыс.

2-параграф. Жұмыс және жалақы

      8. Жұмыс және жалақы төрт бағытты қамтиды:

      1) жұмыспен қамтамасыз етілу,

      2) жеке табыстар,

      3) ұзақ мерзімді жұмыссыздық деңгейі,

      4) жұмыспен қамтылу деңгейі.

      9. Жұмыспен қамтамасыз етілу соңғы есепті жылы жұмыс тәжірибесі 6 айдан кем 15 жастан 63 жасқа дейінгі жалдамалы адамдар үлесімен бағаланады және төмендегі формула бойынша анықталады:


(3)

      мұндағы:


- жұмыс тәжірибесі 6 айдан кем жалдамалы адамдар үлесі, соңғы есепті жыл;

- жұмыс тәжірибесі 6 айдан кем жұмыспен қамтылғандар саны;

жұмыспен қамтылған адамдардың жалпы саны.

      10. Жеке табыс соңғы есепті жылы толық мөлшерлемеге жұмыс істейтін қызметкердің орташа жылдық жалақысынан есептеледі.


(4)

      мұндағы:

      Табжеке

– жеке табыстар;

      ЖҚҚ(ҮШҚКСҰ)+(ҮШ) – жалпы қосылған құн;

      ТП – таза пайда және таза аралас табыс;


- халық саны.

      11. Ұзақ мерзімді жұмыссыздық деңгейі жұмыс істемейтін, бірақ бір жылдан артық жұмыс іздеумен белсене айналысқан 15 жастан 63 жасқа дейінгі адамдардың пайыздық арақатынасы ретінде анықталады.


(5)

      мұндағы:

      ҰЖД

- ұзақ мерзімді жұмыссыздық деңгейі;

Ж15-63 - есепті жылғы 15 жастан 63 жасқа дейінгі жұмыссыз адамдар саны;

АС15-63 - есепті жылғы 15 жастан 63 жасқа дейінгі адамдардың жалпы саны.

      12. Жұмыспен қамтылу деңгейі қазіргі уақытта ақы төленетін жұмысы бар 15 жастан 63 жасқа дейінгі адамдардың пайыздық арақатынасы ретінде анықталады, соңғы есепті жыл.


(6)

      мұндағы:


ЖҚД - жұмыспен қамтылғандар деңгейі;

ЖҚ15-63 - есепті жылғы 15 жастан 63 жасқа дейінгі жұмыспен қамтылған адамдар саны;

      АС15-63 - есепті жылғы 15 жастан 63 жасқа дейінгі адамдардың жалпы саны.

3-параграф. Тұрғын үй жағдайлары

      13. Адамның материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін тиісті деңгейдегі тұрғын үйдің болуы ең жоғары басымдық болып табылады. Тұрғын үй көптеген отбасылардың шығыстар бабының ірі компоненті және адамдардың негізі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін орталық компонент болып табылады. Бұл аспект үш бағытты қамтиды:

      1) тұрғын үйге жұмсалатын шығыстар,

      2) негізгі коммуналдық қолайлылықтары бар тұрғын үй,

      3) бір адамға бөлмелер саны.

      14. Тұрғын үйге жұмсалатын шығыстар жалға алу, газға, электрге, суға төлем жасауды, жиһаз бен жөндеуге жұмсалатын шығыстарды қоса алғанда отбасы бюджеті ең үлкен үлесін құрайды. Салықтарды төлегеннен кейін тұрғын үйге жұмсалатын шығыстар мен таза түзетілген табыстың арақатынасы, соңғы есепті жыл:


(7)

      мұндағы:


- тұрғын үйге шығыстар үлесі;

- тұрғын үйді ұстауға жұмсалған шығыстар;

- таза түзетілген табыс.

      15. Коммуналдық қолайлылыққа қолжетімдік соңғы есепті жылы орталық жүйеден кәріз тартылған дәретханасы бар адамдардың пайыздық арақатынасымен анықталады.

      16. Тұру жағдайларын тұрғын жайдағы бөлмелер санын онда тұратын адамдар санына бөлгендегі көрсеткіш сипаттайды:


(8)

      мұндағы:

      БАБ - бір адамға бөлме;

      ТЖБС - тұрғын жайдағы бөлмелер саны;

      ТТС - тұрғын жайда тұратындар саны.

4-параграф. Денсаулық жағдайы

      17. Толық құқылы азаматтар ретінде қоғамдық өмірге қатысу, басқа адамдармен араласу, орта және жоғары білім алу үшін жақсы жұмыс пен жеткілікті табыстың болуы сияқты әл-ауқаттың өзге де компоненттеріне қол жеткізу үшін денсаулық жағдайы маңызды рөл атқарады. Бұл аспект екі бағытты қамтиды:

      1) денсаулық жағдайына өз-өзіне баға беру;

      2) өмір сүру ұзақтығы.

      18. Денсаулық жағдайына қанағаттанушылық көрсеткіші жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар деректері негізінде қалыптастырылады.

      19. Халықтың туған кездегі өмір сүруінің болжамды ұзақтығы жеке индивидумның емес, тұтастай халықтың өмір сүру ұзақтығын сипаттайды.

5-параграф. Жұмыс пен жеке өмір арасындағы тепе-теңдік

      20. Жұмыс міндеттемелері мен жеке өмір арасындағы дұрыс тепе-теңдік адамдардың салауаттылығын қамтамасыз етуде орталық компонент болып табылады. Үлкен жұмыс көлемі денсаулық жағдайының нашарлауы, жеке өмірдегі шектеулер, балаларға және өзге де туыстарға күтім жасау қызметіне кедергі келтіру бос уақыт тапшылығының салдары салауаттылыққа жағымсыз жанама әсер етеді. Аталған аспект:

      1) демалысқа және өзіңе күтім жасауға арналған уақытты;

      2) жұмысқа көп уақытын арнайтын қызметкерлерді сипаттайды.

      21. Аптасына 50 сағаттан артық төлем үшін жұмыс істейтін қызметкерлер үлесі келесі формула бойынша анықталады:

       ҚС50с<

       ҚҮ50с< = ------------- * 100, (9)

       ЖҚХ

      мұндағы:

      ҚҮ50с< - аптасына 50 сағаттан артық жұмыспен қамтылған қызметкерлердің үлесі;

      ҚС50с< - аптасына 50 сағаттан артық жұмыспен қамтылған қызметкерлер саны;

      ЖҚХ - жұмыспен қамтылған халық.

6-параграф. Білім және дағдылар

      22. ТСИ есептеуде қолданылатын білім нәтижелерінің көрсеткіштері ересек халықтың білім деңгейіне және 15 жасар оқушылардың сауаттылығына жатады. Аталған аспект үш бағытты қамтиды:

      1) білім алу үшін жылдар саны;

      2) математика, нақты ғылымдар және оқу сапасы саласындағы студенттердің (оқушылардың) білімі;

      3) ересек халықтың білім деңгейі.

      23. Білімнің орташа ұзақтығы (бес жастан бастап) келесі формула бойынша анықталады:


(10)

      мұндағы:



Ұбілім - білімнің орташа ұзақтығы;

МДБ - мектепке дейінгі білім;

ББ - бастауыш білім;

ОБ - орта білім;

      ЖБ - жоғары білім.

      24. 15 жасар оқушылар өздерінің жеке мақсаттарына жету үшін жазбаша мәтіндерді түсіну, пайдалану, ойлау және ол мәтіндермен жұмыс істей білуі, білім мен әлеуетін дамыту қабілеті. Бұл көрсеткіш оқушылардың білім жетістіктерін бағалау бойынша ЭЫҰД халықаралық бағдарламасынан алынған, мұнда оқуға негізгі назар бөлінген.

       Мс+Жс+Ос

       БілімСО = ------------------, (11)

       3

      мұндағы:

      БілімСО - студенттердің/оқушылардың білімі;

      Мс - математикалық сауаттылық;

      Жс - жаратылыстану ғылымдары сауаттылығы;

      ОС - оқырмандық сауаттылық.

      25. Ересек халықтың білім деңгейі ресми білім беру мамандықтарының көмегімен өлшенеді және ЭЫҰД жіктелімі – білім берудің халықаралық стандартты жіктеліміне сәйкес кемінде орта мектептің жоғары сыныптарын аяқтаған ересек халықтың үлесі (25-тен 64 жасқа дейін) ретінде анықталады.

7-параграф. Азаматтық құқық пен билік

      26. Төменде берілген азаматтық құқықтар мен билік бойынша басты көрсеткіштер сайлаушылардың белсенділігі мен формальды және ашық консультативтік үдерістердің болуына жатады. Аталған аспект екі бағытты қамтиды:

      1) биліктің айқындылық деңгейі;

      2) сайлаушылардың белсенділігі.

      27. Биліктің айқындылық деңгейі туралы көрсеткіш биліктің ашықтығы мен айқындылығына қатысты әртүрлі ақпарат көздерін қосатын композиттік индекс болып табылады.

      28. Сайлаушылардың белсенділік көрсеткіші ұлттық сайлауларға қатысу дәрежесін өлшейді. Сайлауға қатысу үшін тіркелген тұрғындардың берген дауыс саны сайлаушылардың белсенділігін анықтайды. Дауыс беруге қатысу құқығын беретін жасқа жеткен тұрғындарға 18 жастағы және одан асқан адамдар, тіркелген тұрғындарға сайлаушылар тізімінде көрсетілген тұлғалар жатады. Берілген дауыстарды ұлттық сайлау комиссиялары жинайды.

8-параграф. Қоғамдық өзара қатынастар

      29. Қоғамдық өзара қатынастар немесе әлеуметтік байланыстар адамның әл-ауқатын айқындайтын маңызды фактор болып табылады. Басқа адамдармен бірлесе (отбасының, достар мен әріптестердің ортасында) уақыт өткізу көбірек қанағаттандырады. Қажет болған жағдайда әлеуметтік байланыстар материалдық және эмоциялық қолдауды білдіреді. Осы аспект басқа адамдармен араласу жиілігін және қарым қатынас шеңберінің аясында материалдық емес қолдауды сипаттайды.

      Әлеуметтік байланыстар көрсеткіштеріне:

      1) туыстарымен немесе достарымен аптасына кемінде бір рет қатынасатынын/кездесетінін мәлімдеген респонденттер үлесі;

      2) достары немесе туыстары бар адамдардың пайыздық арақатынасы жатады.

9-параграф. Қоршаған орта сапасы

      30. Ластаушы заттардың адам денсаулығына әсері маңызды және қоршаған ортаның сапасы халықтың тұрмыс сапасының шешуші компоненті болып табылады. Бұл аспект екі бағытты қамтиды:

      1) судың сапасы;

      2) ауаның ластанушылық деңгейі.

      31. Жергілікті судың сапасына өздерінің қанағаттанушылығы туралы хабарлайтын адамдардың пайыздық арақатынасы арқылы судың сапасы анықталады.

      32. Ауаның ластану деңгейі көрсеткіші ауадағы ұсақ бөлшектердің шоғырлануын (текше метрге микрограммен өлшенеді) көрсететін, халық саны бойынша салмақталған орташа көрсеткіш ретінде көрсетіледі. Ауаның сапасына уақыт, кеңістік және химиялық заттар сияқты факторлардың әсерінен түрленетін ластаушы заттардың күрделі қоспасы себепші болатындықтан ауаның ластану деңгейін өлшеу күрделі үдеріс болып табылады.

       Хал/саны>100мың,адам

       АЛД = ----------------------------------- * ӨБОШ, (12)

       БС

      мұндағы:

      АЛД - ауаның ластану деңгейі;

      Хал/саны>100 мың адам – 100 мың адамнан астам халқы бар жекелеген елді мекендердің саны;

      БСсол елді мекен – 100 мың адамнан астам халқы бар сол елді мекендердің барлық саны.

      ӨБОШ

- осы қалалардың өлшенген бөлшектерінің (РМ 10) орташа шоғырлануы.

10-параграф. Жеке қауіпсіздік

      33. Жеке қауіпсіздік – бұл адамның әл-ауқаты мен қылмыс құрбанына айналу тәуекелінің маңызды құрамдас бөлігі тұтас қоғамның жеке қауіпсіздігін қалыптастыратын негізгі факторлардың бірі болып табылады. Қылмыс өлімге немесе мүлікті жоғалтуға, сондай-ақ тұла бойының ауыруына, жарақаттан кейінгі стресс немесе қорқыныш сезіміне әкеп соғады. Адамның әл-ауқатына жасалған қылмыс ең қатты әсерінің бірі оның әлсіздік сезімінің дамуы болып табылады. Әл-ауқатты өлшеудің осы аспектісі:

      1) халықтың 100 000 адамына шаққанда тіркелген қасақана кісі өлтірулер саны;

      2) соңғы 12 ай ішінде шабуылдардың құрбандары болғандығы туралы мәлімдеген адамдардың пайызы көрсеткіштерімен ұсынылған.

11-параграф. Субъективті салауаттылық

      34. Өмірге қанағаттанушылық көрсеткіштері адамдар өмірінің объективті жағдайлары мен сол жағдайларды олардың өзіндік бағалауы арасындағы алшақтықты түсінуге мүмкіндік береді. Бұл аспект бір бағытты - өмірге қанағаттанушылықты қамтиды.

      35. Субъективті салауаттылық көрсеткіші сұрау жүргізілген халықтың өмірге жалпы қанағаттанушылығын көрсетеді.

3-тарау. Тұрмыс сапасының жалпылама индексін есептеу

      36. ТСИ жалпылама көрсеткішін есептеу келесі формулада көрсетілген:


(13)

Об утверждении Методики расчета индекса качества жизни

Приказ Председателя Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан от 9 ноября 2016 года № 260. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 8 декабря 2016 года № 14494

      В соответствии с подпунктом 5) статьи 12 Закона Республики Казахстан от 19 марта 2010 года "О государственной статистике" и подпунктом 258) пункта 17 Положения о Министерстве национальной экономики Республики Казахстан, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 24 сентября 2014 года № 1011, ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемую Методику расчета индекса качества жизни.

      2. Управлению статистики труда и уровня жизни совместно с Юридическим управлением Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан обеспечить в установленном законодательством порядке:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа направление его копии на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и информационно-правовой системе "Әділет";

      3) направление копии настоящего приказа в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан в бумажном и электронном виде в течении десяти календарных дней со дня государственной регистрации;

      4) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан.

      3. Управлению статистики труда и уровня жизни Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан довести настоящий приказ до структурных подразделений и территориальных органов Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан для руководства и использования в работе.

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на заместителя Председателя Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан (Орунханов К.К.).

      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Комитета
по статистике Министерства
национальной экономики
Республики Казахстан
Н. Айдапкелов

  Утверждена
приказом Председателя
Комитета по статистике
Министерства национальной
экономики Республики Казахстан
  от 9 ноября 2016 года № 260

Методика расчета индекса качества жизни

Глава 1. Общие положения

      1. Методика расчета индекса качества жизни (далее - Методика) относится к статистической методологии, утверждаемой в соответствии с Законом Республики Казахстан от 19 марта 2010 года "О государственной статистике" (далее - Закон).

      2. Методика определяет основные аспекты формирования расчета индекса качества жизни (далее - ИКЖ).

      3. Настоящая Методика применяется Комитетом по статистике Министерства Национальной экономики Республики Казахстан (далее - Комитет) и его территориальными органами при произведении расчетов индекса качества жизни по Республике Казахстан.

      4. Методика разработана с учетом методологии расчета ИКЖ Организации экономического сотрудничества и развития (далее - ОЭСР).

Глава 2. Аспекты измерения индекса качества жизни

      5. В концептуальных основах настоящей Методики предусмотрено 11 аспектов измерения:

      Для физических условий жизни:

      1) финансовое благосостояние и доход;

      2) работа и заработная плата;

      3) жилищные условия

      Для качества жизни:

      4) состояние здоровья;

      5) баланс между работой и личной жизнью;

      6) образование и навыки;

      7) гражданские права и власть;

      8) общественные взаимоотношения;

      9) качество окружающей среды;

      10) личная безопасность;

      11) субъективное благополучие.

Параграф 1. Финансовое благосостояние и доход

      6. Финансовое благосостояние семьи складывается из общей стоимости финансового состояния семьи или суммы всех финансовых активов за вычетом задолженностей. Финансовое благосостояние включает в себя сбережения, монетарное золото, валюту и депозиты, акции, ценные бумаги и займы.

      Чистое финансовое благосостояние состоит из различных финансовых активов, принадлежащих домохозяйствам за вычетом всех видов финансовых обязательств.

      

                  (1)

      где:

       – чистое финансовое благосостояние;

       – финансовые активы;

       – финансовые обязательства.

      Финансовые активы являются существенным источником дохода. Доход получают посредством продажи или рефинансирования финансовых активов, а также ренты, получения процентов и дивидендов или каких-либо других доходов от имущества.

      При недоступности информации о недвижимом имуществе, данные о его наличии не учитываются.

      7. Чистый скорректированный располагаемый доход домохозяйства включает доход от труда, собственности, расчетную ренту, начисленную владельцам домов, социальные выплаты в денежной форме за вычетом прямых налогов и взносов в фонды социального обеспечения, взимаемых с домохозяйств, социальные трансферты в натуральной форме. Доход измеряется без учета обесценивания основного капитала, запускающего производство платных услуг домохозяйства для собственных нужд.

      

                  (2)

      где:

      

- оплата труда наемных работников;

      

- другие налоги на производство;

      ВП + ВСД - валовая прибыль и валовой смешанный доход;

      ПОК - потребление основного капитала;

      ЧП + ЧСД - чистая прибыль и чистый смешанный доход.

Параграф 2. Работа и заработная плата

      8. Работа и заработная плата, включает четыре направления:

      1) обеспеченность работой,

      2) личные заработки,

      3) уровень долгосрочной безработицы,

      4) уровень занятости.

      9. Обеспеченность работой оценивается как доля наемных лиц с опытом работы менее 6 месяцев за последний отчетный год в возрасте от 15 до 63 лет и определяется по следующей формуле:

      

                        (3)

      где:

      ОР<6мес - доля наемных лиц с опытом работы менее 6 месяцев, последний отчетный год;

      Занят<6мес - численность занятых с опытом работы менее 6 месяцев;

      Занят - общее количество занятых лиц.

      10. Личный заработок рассчитывается из среднегодового заработка сотрудника, работающего на полную ставку за последний отчетный год.

      

                  (4)

      где:

      Зарабличн - личные заработки;

      ВДС - валовая добавленная стоимость;

      ЧП - чистая прибыль и чистый смешанный доход;

      Числнас - численность населения.

      11. Уровень долгосрочной безработицы определяется как процентное соотношение людей в возрасте от 15 до 63 лет, не работающие, но активно занимались поиском работы в течение более одного года.

      

                  (5)

      где:

      УДБ - уровень долгосрочной безработицы;

      Безр15-63 - количество безработных людей в возрасте от 15 до 63 лет в отчетном году;

      ЧН15-63 - общее количество людей в возрасте от 15 до 63 лет в отчетном году.

      12. Уровень занятости находится как процентное соотношение людей в возрасте от 15 до 63 лет, в настоящий момент имеющих оплачиваемую работу, последний отчетный год.

      

                  (6)

      где:

      УЗ - уровень занятых;

      Занят15-63 - количество занятых людей в возрасте от 15 до 63 лет в отчетном году;

      Числ нас15-63 - общее количество людей в возрасте от 15 до 63 лет в отчетном году.

Параграф 3. Жилищные условия

      13. Наличие жилья надлежащего уровня является наивысшим приоритетом для удовлетворения материальных потребностей человека. Жилье является крупнейшим компонентом расходной статьи многих семей и центральным компонентом для удовлетворения основных людских потребностей. Данный аспект включает три направления:

      1) расходы на жилье;

      2) жилье с основными коммунальными удобствами;

      3) количество комнат на человека.

      14. Расходы на жилье представляют собой самую крупную статью расходов бюджета семей, включая аренду, оплату за газ, электричество, воду, расходы на мебель и ремонт. Соотношение расходов на жилье и чистого скорректированного дохода после уплаты налогов, последний отчетный год:

      

                  (7)

      где:

      Ж расх - доля расходов на жилье;

      Р на содерж жилья - расходы на содержание жилья;

      Дчист скорр - чистый скорректированный доход.

      15. Доступ к коммунальным удобствам определяется процентным соотношением людей имеющих сливные туалеты внутри дома за последний отчетный год.

      16. Условия проживания характеризует показатель количество комнат в жилом помещении, разделенное на число проживающих в нем лиц:

      

                  (8)

      где:

      КЧ - Комната на человек

      КК - количество комнат в жилом помещении;

      ЧП - число проживающих в помещении.

Параграф 4. Состояние здоровья

      17. Состояние здоровья играет важную роль для достижения других компонентов благосостояния, таких как наличие хорошей работы и достаточного дохода, чтобы участвовать в общественной жизни в качестве полноправных граждан, общаться с другими людьми, получать среднее и высшее образование. Данный аспект включает два направления:

      1) самооценка состояния здоровья;

      2) продолжительность жизни.

      18. Показатель удовлетворенности состоянием здоровья формируется на основе данных общегосударственных статистических наблюдений.

      19. Ожидаемая продолжительность жизни населения при рождении характеризует продолжительность жизни не отдельного индивидума, а населения в целом.

Параграф 5. Баланс между работой и личной жизнью

      20. Правильный баланс между рабочими обязательствами и частной жизнью является центральным компонентом для обеспечения благополучия людей. Большой объем работы оказывает косвенное негативное влияние на благополучие, вследствие ухудшения состояния здоровья, ущемлений в личной жизни, ограничений в деятельности по уходу за детьми и другими родственниками, сокращении свободного времени. Данный аспект характеризуют:

      1) время, посвященное отдыху и уходу за собой,

      2) сотрудники, посвящающие работе много времени.

      21. Доля работников, работающих за плату более чем 50 часов в неделю, определяется по следующей формуле:

      

                  (9)

      где:

      ДР50ч< - доля работников, занятых более 50 часов в неделю;

      ЧР50ч< - численность работников, занятых более 50 часов в неделю;

      ЗН - занятое население.

Параграф 6. Образование и навыки

      22. Показатели результатов образования, используемые в расчете ИКЖ, относятся к уровню образования взрослого населения и грамотности 15-летних учащихся. Данный аспект включает три направления:

      1) количество лет для получения образования;

      2) знания студентов (учеников) в области математики, точных наук и качество чтения;

      3) уровень образования взрослого населения.

      23. Средняя продолжительность образования (начиная с пятилетнего возраста) определяется по следующей формуле:

      Побр = ДО + НО + СО + ВО                  (10)

      где:

      Побр - средняя продолжительность образования;

      ДО - дошкольное образование;

      НО - начальное образование;

      СО - среднее образование;

      ВО - высшее образование.

      24. Способность 15-летних учащихся понимать, использовать, размышлять и взаимодействовать с письменными текстами для достижения своих собственных целей, развивать знания и потенциал. Данный показатель взят из Международной программы ОЭСР по оценке образовательных достижений учащихся, где основное внимание уделялось чтению.

      

                  (11)

      где:

      ЗнСУ - знание студентов/учеников;

      Мг - математическая грамотность;

      Ег - естественнонаучная грамотность;

      Чг - читательская грамотность.

      25. Уровень образования взрослого населения измеряется с помощью образовательных квалификаций и определяется как доля взрослого населения (от 25 до 64 лет), окончившего, по меньшей мере, старшие классы средней школы согласно классификации ОЭСР - Международная стандартная классификация образования.

Параграф 7. Гражданские права и власть

      26. Ключевые показатели по гражданским правам и власти, представленные ниже, относятся к активности избирателей и наличию формальных и открытых консультативных процессов. Данный аспект включает два направления:

      1) уровень прозрачности власти;

      2) активность избирателей.

      27. Показатель по уровню прозрачности власти при разработке законодательства представляет собой композитный индекс, суммирующий различные источники информации касательно открытости и прозрачности власти.

      28. Показатель активность избирателей измеряет степень участия в национальных выборах. По числу голосов, отданных населением, зарегистрированных для участия в голосовании определяют активность избирателей. К населению, достигшему возраста, дающего право участвовать в голосовании, относятся люди в возрасте 18 лет или старше, к зарегистрированному населению относятся лица, перечисленные в реестре избирателей. Отданные голоса собираются национальной избирательной комиссией.

Параграф 8. Общественные взаимоотношения

      29. Общественные взаимоотношения или социальные связи являются важнейшим фактором, определяющим благополучие человека. Времяпровождение приносит большее удовлетворение, когда тратится совместно с другими людьми (в кругу семьи, друзей или коллег). Социальные связи предоставляют материальную и эмоциональную поддержку в случае необходимости. Данный аспект характеризуют частота общения с другими людьми и нематериальная поддержка в рамках круга общения.

      К показателям социальных связей относятся:

      1) доля респондентов, заявивших, что они общаются/встречаются с родственниками либо друзьями не менее одного раза в неделю;

      2) процентное соотношение людей, имеющих друзей или родственников.

Параграф 9. Качество окружающей среды

      30. Влияние загрязняющих веществ на здоровье людей является значительным и качество окружающей среды является ключевым компонентом качества жизни населения. Данный аспект включает два направления:

      1) качество воды;

      2) уровень загрязненности воздуха.

      31. Качество воды определяется через процентное соотношение людей сообщающих о своей удовлетворенности качеством местной воды.

      32. Показатель уровень загрязнения воздуха отражается как средний показатель, взвешенный по численности населения, демонстрирующий концентрацию мелких частиц в воздухе (измеряется в микрограммах на кубический метр). Измерение уровня загрязнения воздуха представляет собой сложный процесс, поскольку качество воздуха обуславливается сложной смесью загрязняющих веществ, варьирующийся под воздействием таких факторов, как время, пространство и химические вещества.

      

                  (12)

      где:

      УЗВ - уровень загрязнения воздуха;

      Числ/насел>100тыс чел - численность отдельных населенных пунктов с населением более 100 тысяч человек;

      ЧВ этих нас пунктов - численность всего этих населенных пунктов с населением более 100 тысяч человек.

      СКВЧ - средняя концентрация взвешенных частиц этих городов.

Параграф 10. Личная безопасность

      33. Личная безопасность – это ключевая составляющая благополучия, и риск человека стать жертвой преступления является одним из основных факторов, формирующих личную безопасность. Преступление может привести к смерти или утрате имущества, а также вызвать физическую боль, посттравматический стресс или ощущение страха. Одним из самых сильных воздействий совершенного преступления на благополучие человека является развитие у него чувства уязвимости. Данный аспект измерения благополучия представлен показателями:

      1) количество зарегистрированных преднамеренных убийств на 100 000 человек населения;

      2) процент людей, заявивших, что они стали жертвами нападений в течение последних 12 месяцев.

Параграф 11. Субъективное благополучие

      34. Показатели удовлетворенности жизнью позволяют также понять расхождение между объективными условиями жизни людей и их собственной оценкой данных условий. Данный аспект включает одно направление – удовлетворенность жизнью.

      35. Показатель субъективного благополучия показывает общую удовлетворенность жизнью опрашиваемого населения.

Глава 3. Расчет обобщающего индекса качества жизни

      36. Расчет обобщающего показателя ИКЖ отражен в следующей формуле:

      

            (13)