"Озонды бұзатын заттарды тұтынуды есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 285 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2016 жылғы 15 қарашадағы № 491 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 13 желтоқсанда № 14516 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 4 тамыздағы № 289 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 04.08.2021 № 289 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Озонды бұзатын заттарды тұтынуды есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 285 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11067 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 маусымда "Әділет" ақпараттық–құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Озонды бұзатын заттарды тұтынуды есепке алу қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы Қағидалар құрамында ОБЗ бар өнім, жабдық және қалдықтар меншігінде немесе өзге де заңды пайдалануында бар, сондай-ақ ОБЗ өндірумен, ОБЗ әкелумен және әкетумен, ОБЗ пайдалана отырып жұмыстарды жүргізумен, құрамында ОБЗ бар жабдықты жөндеумен, монтаждаумен, қызмет көрсетумен айналысатын заңды тұлғаларға және дара кәсіпкерлерге қолданылады.

      Есепке алуға жататын ОБЗ тізбесі осы Қағидаларға қосымшада келтірілген."

      10-тармақ алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Климаттың өзгеруі жөніндегі департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
міндетін атқарушы
М. Мырзағалиев

О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 15 апреля 2015 года № 285 "Об утверждении Правил учета потребления озоноразрушающих веществ"

Приказ и.о. Министра энергетики Республики Казахстан от 15 ноября 2016 года № 491. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 13 декабря 2016 года № 14516. Утратил силу приказом и.о. Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 4 августа 2021 года № 289

      Сноска. Утратил силу приказом и.о. Министра экологии, геологии и природных ресурсов РК от 04.08.2021 № 289 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 15 апреля 2015 года № 285 "Об утверждении Правил учета потребления озоноразрушающих веществ" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 11067, опубликованный 12 июня 2015 года в информационно-правовой системе "Әділет") следующие изменения:

      в Правилах учета потребления озоноразрушающих веществ, утвержденных указанным приказом:

      пункт 3 изложить в следующей редакции:

      "3. Настоящие Правила распространяются на юридических лиц и индивидуальных предпринимателей, в собственности или в законном пользовании которых находятся продукция и оборудование, отходы, содержащие ОРВ, а также занятых производством ОРВ, ввозом и вывозом ОРВ, производством работ с использованием ОРВ, ремонтом, монтажом, обслуживанием оборудования, содержащего ОРВ.

      Перечень ОРВ, подлежащий учету, приведен в приложении к настоящим Правилам.";

      пункт 10 исключить.

      2. Департаменту по изменению климата Министерства энергетики Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) направление копии настоящего приказа в течение десяти календарных дней со дня его государственной регистрации на официальное опубликование в периодические печатные издания, информационно-правовую систему "Әділет" и в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" Министерства юстиции Республики Казахстан" для включения в эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на официальном интернет-ресурсе Министерства энергетики Республики Казахстан и интранет-портале государственных органов;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства энергетики Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 2) и 3) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра энергетики Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Исполняющий обязанности


Министра энергетики


Республики Казахстан

М. Мирзагалиев