Озонды бұзатын заттарды тұтынуды есепке алу қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 15 сәуірде № 285 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 15 мамырда № 11067 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 4 тамыздағы № 289 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 04.08.2021 № 289 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 30) тармақшасына сәйкес БҰИЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Озонды бұзатын заттарды тұтынуды есепке алу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Климаттың өзгеруі жөніндегі департаменті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін оны күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналасуын;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен қарастырылған іс-шаралардың орындалауы туралы мәлімет беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

В.Школьник


  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 15 сәуірдегі
№ 285 бұйрығымен
бекітілген

Озонды бұзатын заттарды тұтынуды есепке алу қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Озонды бұзатын заттарды тұтынуды есепке алу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 17-бабының 30) тармақшасына сәйкес әзірленген және озонды бұзатын заттарды тұтынуды есепке алу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) озонды бұзатын заттарды қалпына келтіру - озонды бұзатын заттардың (бұдан әрі - ОБЗ) сипаттамаларын техникалық нормалау және стандарттау саласындағы техникалық нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкестігіне дейін жеткізу мақсатында ОБЗ сүзу, кептіру, дистилляциялау, химиялық өңдеу;

      2) ОБЗ пайдалану - оны жөндеуге техникалық сипаттамаларға сәйкес қажет ОБЗ болған жағдайда пайдалану, техникалық қызмет көрсету үшін, сондай-ақ көбіктендіргіштер, тазалағыш еріткіштер, стерилизатор ретінде, зертханалық зерттеулер, зарарсыздандыру және карантинге жатқызылған объектілерді, оның ішінде карантинге жатқызылған өнімді тазарту үшін ОБЗ техникалық құрылғыларында, көлік құралдарында, тоңазытатын қондырғыларында, кондиционерлеу жүйесінде, жүйелерде, қондырғыларда, өрт сөндіру құралдарында, басқа құралдар мен техникалық құралдарында қолдану;

      3) ОБЗ жою - озон қабатын қоса алғанда, қоршаған ортаға зиян әсер етпейтін компоненттерге оларды трансформациялау немесе ыдырату арқылы жою;

      4) ОБЗ-мен жұмыс істеу - ОБЗ жинау, сақтау, пайдалану, рециркуляциялау (рециклинг), қалпына келтіру, залалсыздандыру, қайта пайдалану, әкелу, әкету және олармен мәмілелер жасау, сондай-ақ құрамында ОБЗ бар өнімдерді әкелу, әкету және олармен мәмілелер жасау;

      5) ОБЗ тұтыну көлемі - белгілі бір кезеңде Қазақстан Республикасы аумағынан тыс әкетілген ОБЗ алып тастап, Қазақстан Республикасы аумағына тұрақты орналастыру үшін оның аумағына кіргізілген ОБЗ жалпы мөлшері;

      6) ОБЗ рекуперациялау - техникалық қызмет жасау немесе ОБЗ пайдаланудан шығару алдында машиналар мен қондырғыларда, олардың құрамдас бөліктерінде, контейнерлерде қамтылған ОБЗ алып тастау, жинау және сақтау;

      7) ретрофит - тоңазытқыш жүйелерде ОБЗ озон қауіпсіз заттарға алмастыру;

      8) ОБЗ рециркуляциялау (рециклинг) - ОБЗ қайта пайдалану мақсатында ОБЗ бар техникалық құрылғылар мен құралдарды техникалық қызмет жасау, жөндеу орындарында жүзеге асырылатын ОБЗ алғашқы тазалау;

      9) ОБЗ кәдеге жарату - ОБЗ болып табылмайтын басқа химиялық заттарды өндіру үшін шикізат ретінде ОБЗ қолдану.

      3. Осы Қағидалар құрамында ОБЗ бар өнім, жабдық және қалдықтар меншігінде немесе өзге де заңды пайдалануында бар, сондай-ақ ОБЗ өндірумен, ОБЗ әкелумен және әкетумен, ОБЗ пайдалана отырып жұмыстарды жүргізумен, құрамында ОБЗ бар жабдықты жөндеумен, монтаждаумен, қызмет көрсетумен айналысатын заңды тұлғаларға және дара кәсіпкерлерге қолданылады.

      Есепке алуға жататын ОБЗ тізбесі осы Қағидаларға қосымшада келтірілген.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің м.а. 15.11.2016 № 491 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Озонды бұзатын заттарды тұтынуды есепке алу тәртібі

      4. ОБЗ тұтынуды есепке алу тура және жанама көрсеткіштерді ескере отырып, құрамында ОБЗ бар қалдықтар, өнімдер мен жабдықтарды сәйкестендіру негізінде жүргізіледі:

      1) тура көрсеткіштерге ОБЗ бар болуына, сондай-ақ ОБЗ құрамының химиялық-талдамалық анықтамасының нәтижелері тікелей көрсетілетін жабдықтар мен техникалық құжаттардағы зауыттық бейнелер жатады;

      2) жанама көрсеткіштерге жабдықтардың диагностикалық белгілері (конструкциялық ерекшеліктердің ұқсастығы, шығару жылы, өндіруші-зауыты және басқа) жатады.

      5. Өнеркәсіптік тоңазытқыштарға, кондиционерлерге және өрт сөндіру қауіпсіздігі жүйесінде зауыттық белгілер, техникалық құжаттамалар болмаған жағдайда, олар құрамында ОБЗ бар ретінде қарастырылады.

      6. ОБЗ-ны, құрамында ОБЗ бар өнімдерді, жабдықтарды және қалдықтарды тиімді есепке алуды қамтамасыз ету үшін таңба қою жүзеге асырылады:

      1) құрамында ОБЗ бар баллондар (зауыт жеткізілімі), сондай-ақ кез келген ОБЗ бар сауыттар;

      2) ОБЗ құйлысы үшін арналған және ОБЗ құйлысы бар баллондар;

      3) құрамында ОБЗ бар өнімдер;

      4) ОБЗ көшіретін орамалар;

      5) құрамында ОБЗ бар жабдықтар;

      6) хладагент тасымалдайтын құбырлар;

      7) құрамында ОБЗ бар қалдықтарды уақытша сақтайтын орындар (алаңдар).

      7. ОБЗ-ны, құрамында ОБЗ бар өнімдерді, жабдықтарды және қалдықтарды есепке алуды жеке немесе заңды иелігінде құрамында ОБЗ бар өнімдері, жабдықтары және қалдықтары бар заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер жүзеге асырады.

      8. Пайдаланып жатқан (резервтегі) және пайдаланудан шығарылған (онда ОБЗ-ның қалдық саны бар болған жағдайда) құрамында ОБЗ бар өнімдер, жабдықтар және қалдықтар есепке алынады.

      9. ОБЗ жойылған жабдықтар құрамында ОБЗ бар жабдықтарды пайдаланудан шығару және есептен шығару актісі бар болған жағдайда есепке алынбайды.

      10. Алып тасталды - ҚР Энергетика министрінің м.а. 15.11.2016 № 491 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Жеке немесе заңды иелігінде құрамында ОБЗ бар өнімдері, жабдықтары және қалдықтары бар заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер мыналарды:

      1) ОБЗ-ны пайдалануды азайту және оларды пайдалануды толық азайтуға қажетті шараларды қабылдауды;

      2) құрамында ОБЗ бар жабдықтарға қызмет көрсеткенде, жөндегенде, залалсыздандырғанда жиналған және өзінің пайдалану қасиетін жоғалтқан, не еріткіштердің құрамындағы ОБЗ қоса алғанда, ретрофитті өткізгенде ОБЗ жинау, рециклинг, залалсыздандыру іс-шараларын әзірлеуді және орындауды;

      3) ОБЗ-ны және құрамында ОБЗ бар жабдықтарды, қалдықтарды анықтау және сауыттарын таңбалауды қамтамасыз етуді;

      4) ОБЗ-ны, құрамында ОБЗ бар жабдықтарды және қалдықтарды есепке алуды қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

  Озонды бұзатын заттарды
тұтынуды есепке алу
қағидаларына қосымша

Озонды бұзатын заттар тізбесі

С**тізімі

КО СЭҚ ТН коды


I топ

1

СНFС12

(ГХФУ-21)

Фтордихлорметан

2903 79 110 0 ден

2

СНF2С1

(ГХФУ-22)

Дифторхлорметан

2903 71 000 0 ден

3

СН2FС1

(ГХФУ-31)

Фторхлорметан

2903 79 110 0 ден

4

С2НFС14

(ГХФУ-121)

Фтортетрахлорэтан

2903 79 110 0 ден

5

С2НF2С13

(ГХФУ-122)

Дифтортрихлорэтан

2903 79 110 0 ден

6

С2НF3С12

(ГХФУ-123а)

Трифтордихлорэтан

2903 79 110 0 ден

7

СНС12СF3

(ГХФУ-123)

Трифтордихлорэтан

2903 79 110 0 ден

8

С2НF4С1

(ГХФУ-124а)

Тетрафторхлорэтан

2903 79 110 0 ден

9

СНFСІСF3

(ГХФУ-124)

Тетрафторхлорэтан

2903 79 110 0 ден

10

С2Н2FС13

(ГХФУ-131)

Фтортрихлорэтан

2903 79 110 0 ден

11

С2Н2F2С

(ГХФУ-132)

Дифтордихлорэтан

2903 79 110 0 ден

12

С2Н2F3С1

(ГХФУ-133)

Трифторхлорэтан

2903 79 110 0 ден

13

С2Н3FС12

(ГХФУ-141)

1-фтор-2,2-дихлорэтан

2903 73 110 0 ден

14

СН3СFС12

(ГХФУ-141b)

1,1,1,-фтордихлорэтан

2903 73 110 0 ден

15

С2Н3F2С1

(ГХФУ-142)

1 1-хлор, 2,2-дихлорэтан

2903 74 110 0 ден

16

СН3СF2C1

(ГХФУ-142b)

1,1,1-дифторхлорэтан

2903 74 110 0 ден

17

С2Н4FС1

(ГХФУ-221)

Фторхлорэтан

2903 79 110 0 ден

18

С3НFС16

(ГХФУ-221)

Фторгексахлорпропан

2903 79 110 0 ден

19

С3НF2С15

(ГХФУ-222)

Дифторпентахлорпропан

2903 79 110 0 ден

20

С3НF3С14

(ГХФУ-223)

Трифтортетрахлорпропан

2903 79 110 0 ден

21

С3НF4С13

(ГХФУ-224)

Тетрафтортрихлорпропан

2903 79 110 0 ден

22

С3НF5С12

(ГХФУ-225)

Пентафтордихлорпропан

2903 75 000 0 ден

23

СF3СFСНС12

(ГХФУ-225са)

1-трифтор, 2-дифтор, 3 дихлорпропан

2903 75 000 0 ден

24

СF2С1СFСНСІF

(ГХФУ-225tb)

1,1-дифторхлор, 2-дифтор, 3 дихлорпропан

2903 75 000 0 ден

25

С3НF6С1

(ГХФУ-226)

Гексафторхлорпропан

2903 79 110 0 ден

26

С3Н2FС15

(ГХФУ-231)

Фторпентахлорпропан

2903 79 110 0 ден

27

С3Н2F2С

(ГХФУ-232)

Дифтортетрахлорпропан

2903 79 110 0 ден

28

С3Н2F3С

(ГХФУ-233)

Трифтортрихлорпропан

2903 79 110 0 ден

29

С3Н2F4С2

(ГХФУ-234)

Тетрафтордихлорпропан

2903 79 110 0 ден

30

С3Н2F5С1

(ГХФУ-235)

Пентафторхлорпропан

2903 79 110 0 ден

31

С3Н3FС14

(ГХФУ-241)

Фтортетрахлорпропан

2903 79 110 0 ден

32

С3Н3F2С

(ГХФУ-242)

Дифтортрихлорпропан

2903 79 110 0 ден

33

С3Н3F3С

(ГХФУ-243)

Трифтордихлорпропан

2903 79 110 0 ден

34

С3Н3F4С1

(ГХФУ-244)

Тетрафторхлорпропан

2903 79 110 0 ден

35

С3Н4FСІ3

(ГХФУ-251)

Фтортрихлорпропан

2903 79 110 0 ден

36

С3Н4F2С

(ГХФУ-252)

Дифтордихлорпропан

2903 79 110 0 ден

37

С3Н4F3С1

(ГХФУ-253)

Трифторхлорпропан

2903 79 110 0 ден

38

С3Н5FС12

(ГХФУ-262)

Фтордихлорпропан

2903 79 110 0 ден

39

С3Н5F2Сl

(ГХФУ-262)

Дифторхлорпропан

2903 79 110 0 ден

40

С3Н6FC1

(ГХФУ-271)

Фторхлорпропан

2903 79 110 0 ден


      Ескертпелер:

      * Қолдану мақсаты үшін осы тізбені ТН ВЭД ТС коды ретінде, сонымен қатар тауардың (физикалық және химиялық сипаттамаларымен) атауы ретінде де басшылыққа алу қажет.

      **Транзитпен жылжыйтындардан басқа.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады