Мәдениет статистикасы көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша әдістемені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Төрағасының 2016 жылғы 5 желтоқсандағы № 301 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 16 қаңтарда № 14679 болып тіркелді

      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 5) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 17-тармағының 258) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1.Қоса беріліп отырған Мәдениет статистикасы көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша әдістеме бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Қызмет көрсету және энергетика статистикасы басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде баспа және электрондық түрде ресми жариялану және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялануға жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Қызмет көрсету және энергетика статистикасы басқармасы осы бұйрықты жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелеріне және аумақтық органдарына жеткізсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының орынбасарына (Г.М. Керімханова) жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитетінің
Төрағасы
Н. Айдапкелов

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Мәдениет және спорт министрі

      ____________А. Мұхамедиұлы

      2016 жыл 14 желтоқсан

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитеті
төрағасының
2016 жылғы 5 желтоқсандағы
№ 301 бұйрығымен
бекітілді

Мәдениет статистикасы көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша әдістеме 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Мәдениет статистикасы көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша әдістеме (бұдан әрі - Әдістеме) халықаралық стандарттарға сәйкес қалыптастырылатын және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңына сәйкес бекітілетін статистикалық әдіснамаға жатады.

      2. Осы Әдістеме жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды өткізу кезінде мәдениет ұйымдарының қызметі туралы статистикалық ақпаратты алудың негізгі аспектілері мен әдістерін айқындайды.

      3. Осы Әдістеменің мақсаты мәдениет саласындағы статистикалық көрсеткіштер жүйесін олардың халықаралық деңгейде салғастырымдылығын қамтамасыз ету үшін қалыптастыру болып табылады.

      4. Осы Әдістеме Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті және оның аумақтық органдары қызметкерлерінің статистикалық қызметінде пайдалануға арналған.

2-тарау. Мәдениет саласындағы статистикалық байқаулардың объектілері

      5. Мәдениет саласындағы статистикалық көрсеткіштерді өлшеу үшін мәденит ұйымдарының сандық және (немесе) сапалық сипаттамалары пайдаланылады.

      Мәдениет саласындағы статистикалық көрсеткіштер жылдық кезеңділікте қалыптасады.

      6. Әкімшілік дереккөздер қалыптастыратын әкімшілік деректер және жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың деректері мәдениет саласындағы статистикалық ақпараттың дереккөздері болып табылады.

      7. Мәдениет туралы кең ауқымды деректер алуға пайданылатын әкімшілік деректер мен жалпымемлекеттік статистикалық байқау деректері мәдениет саласындағы жұмыспен қамту сияқты мәдениетті тұтыну ретінде де мәдениеттің жалпы ішкі өнімге және үрдіске қатысы бойынша ұлттық экономикадағы мәдениет үлесін анықтауға мүмкіндік береді.

      8. Кітапханалар бойынша статистикалық байқаулардың объектілері:

      1) кітапханалар және олар орналасқан алаңы, пайдаланушылар, оқу залдарындағы орындар мен келушілер, жылжымалы пункттер, кітапханадағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саны;

      2) кітапхана қорларын қалыптастыру, сақтау, пайдалану, баспа және қолжазба құжаттарын, сондай-ақ графикалық, аудиовизуалдық материалдарды, электрондық жеткізгіштегі құжаттарды беру болып табылады.

       Кітапханалар әмбебап, салалық, салааралық, жасөспірімдік, балалар кітапханалары, сондай-ақ көрмейтін және нашар көретін азаматтар үшін арнайы кітапханалар болып бөлінеді.

      9. Театрлар бойынша статистикалық байқаудың объектілері: театрлар және олардың орналасқан алаңы, ғимараттар (үй-жайлар) мен көрермендер залындағы орындар, сахналық қойылымдар, көрермендер, театрлардағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың саны болып табылады.

       Әдебиет және өнер туындыларының сахналық көрсетілімдерін (драмалық, музыкалық-драмалық, музыкалық, хореографиялық, қуыршақ, пантомима, сатира және юмор, балалар мен жасөспірімдерге арналған, жастарға арналған, эксперименттік және өзгелері) жүзеге асыратын ойын-сауық ұйымдары театрлар болып табылады.

      10. Мәдени-демалыс ұйымдары бойынша статистикалық байқаудың объектілері: ғимараттар (үй-жайлар) және олар орналасқан алаңы, көрермен залындағы орындар, ашық аспан астында орналасқан саябақтар, үй-жайда орналасқан саябақтар, өткізілген бұқаралық мәдени іс-шаралар және өткізілген іс-шаралардағы көрермендер, үйірмелерге, қолданбалы өнер мен қолданбалы білім курстарына, қызығушылықтары бойынша біріккен әуесқой бірлестіктері мен клубтарына қатысушылар саны болып табылады.

       Мәдени-демалыс ұйымдарына күнделікті көпшіліктің араласу (клубтар, мәдениет және демалыс парктері, мәдениет үйлері мен сарайлары, халық шығармашылығы орталықтары (үйлері)), жеке адамды дамыту, көркемөнерпаз халық шығармашылығы орталықтары жатады.

      11. Концерттік ұйымдар және олардың орналасқан алаңы, ғимараттар (үй-жайлар), іс-шаралар, концерттік ұйымдар өткізген іс-шаралар, іс-шаралардағы көрермендер, концерт залының сыйымдылық саны концерттік ұйымдар бойынша статистикалық байқаудың объектісі болып табылады.

      Әдебиет және өнер туындыларын көпшілік алдында орындауға және көркемдік ұжымдар мен жекелеген орындаушыларды танымал етуге жағдайлар жасау үшін шаралар кешенін іске асыратын ойын-сауық ұйымдары концерттік ұйымдар болып табылады.

      12. Цирктер және олардың орналасқан алаңы, ғимараттар (үй-жайлар) саны, іс-шаралар, көрермендер залындағы орындар, сахналық қойылымдар және көрермендер, цирктердегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың саны цирктер бойынша статистикалық байқаудың объектісі болып табылады.

      Эстрадалық-цирк жанрындағы туындылардың сахналық көрсетілімдерін жүзеге асыратын театр-ойын-сауық ұйымдары цирктер болып табылады.

      13. Музейлер және олардың орналасқан алаңы, ғимараттар (үй-жайлар) музей қорындағы жәдігерлер, жыл ішінде жәдігерленген қалпына келтіруді талап ететін жәдігерлер, бір жылда келіп түскен, ғылыми-қосалқы қор жәдігерлер, музей-қорықтың тарихи және мәдениет ескерткіштер, келушілер, экскурсиялар, дәрістер, музейдегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың саны музейлер бойынша статистикалық байқаудың объектісі болып табылады.

      Музей заттары мен музей коллекцияларын сақтау, зерделеу және көпшілікке көрсету үшін құрылған, мәдени, білім беру, ғылыми-зерттеу функцияларын жүзеге асыруға және Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасын кеңінен танытуды қамтамасыз етуге арналған мәдениет ұйымдары музейлер болып табылады.

      14. Киноматографиялық ұйымдар бойынша статистикалық байқаулардың объектісі: кинотеатрлар саны, түрлері (көп залды, цифрлық) және олардың орналасқан алаңы , кинозалдар мен олардағы орындар, тұрақты және жылжымалы киноқондырғылар, көрсетілген фильмдер, өткізілген киносеанстар мен келушілер, өткізілген киносеанстар және көрермендер, жалға берілуге жіберілген фильмдер, өндірісінің түрі, типі мен тәсілі, түпнұсқасының тілі бойынша түсірілген фильмдер, көрсетілген қызметтерден түскен пайда болып табылады.

      15. Хайуанаттар парктері мен океанариум бойынша статистикалық байқаулардың объектісі: олардың саны және олардың орналасқан алаңы, жануарларға арналған үй-жайлар, келушілер, өткізілген экскурсиялар, ұйымдастырылған көрмелер, жануарлар түрлері мен данасының саны болып табылады.

3-тарау. Мәдениет статистикасы бойынша жеке көрсеткіштерді есептеу әдістері

      16. Қазақстан Республикасындағы мәдениетті дамыту деңгейін сипаттау үшін пайдаланылатын жеке көрсеткіштерді есептеу:

      17. Он мың халыққа есептегенде қолжетімді кітапханалардың саны мына формула бойынша есептеледі:


      мұнда:


      Саны – он мың халыққа есептегенде қолжетімді кітапханалар саны;

      Қол.кіт.сан. - қолжетімді кітапханалар саны - есепті кезеңге барлығы;

      Хал.сан. - есеп кезеңіндегі халықтың орташа жылдық саны.

      18. Бір қолжетімді кітапханаға оқырмандардың орташа саны мына формула бойынша есептеледі:



      мұнда:

      Оқыр.орт.сан. - бір қолжетімді кітапханаға оқырмандардың орташа саны;

      Оқыр.сан. - қолжетімді кітапханаларда оқырмандар саны - есепті кезеңге барлығы;

      Қол.кіт.сан. - қолжетімді кітапханалар саны - есепті кезеңге барлығы.

      19. Берілген кітаптар мен журналдар саны орташа бір оқырманға есептегенде мына формула бойынша есептеледі:



      мұнда:

      Бер.кіт.орт. - бір оқырманға берілген кітаптар және журналдардың орташа саны;

      Кітап.бер.кіт.- кітапханада берілген кітап және журнал саны - есепті кезеңге барлығы;

      Оқыр.сан.- қолжетімді кітапханаларда оқырмандардың саны - есепті кезеңге барлығы.

      20. Бір тұрғынға есептегенде киносеансқа келудің орташа саны мына формула бойынша:



      мұнда:

      Кино.келу.орт. - орташа бір тұрғынға есептегенде киносеансқа келу саны;

      Кино.келу.сан - киносеансқа келушілер саны - есепті жылға барлығы;

      Хал.сан. – орташа жылдық халық санының есепті кезеңі.

      21. Мың халыққа есептегенде музейге келулер саны мына формула бойынша есептеледі:



      мұнда:

      Муз.келу.сан. мың хал. – мың халыққа есептегенде музейге келулер саны;

      Муз.келу.сан. - музейге келушілер саны - есепті кезеңге барлығы;

      Хсаны - есепті кезеңдегі халықтың орташа саны.

Об утверждении Методики по формированию показателей статистики культуры

Приказ Председателя Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан от 5 декабря 2016 года № 301. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 16 января 2017 года № 14679.

      В соответствии с подпунктом 5) статьи 12 Закона Республики Казахстан от 19 марта 2010 года "О государственной статистике", а также с подпунктом 258) пункта 17 Положения о Министерстве национальной экономики Республики Казахстан, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 24 сентября 2014 года № 1011, ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемую Методику по формированию показателей статистики культуры.

      2. Управлению статистики услуг и энергетики совместно с Юридическим управлением Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан обеспечить в установленном законодательством порядке:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление его копии в печатном и электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания;

      4) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан.

      3. Управлению статистики услуг и энергетики Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан довести настоящий приказ до структурных подразделений и территориальных органов Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан для руководства и использования в работе.

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего заместителя Председателя Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан (Керимханова Г.М.).

      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Председатель


Комитета по статистике


Министерства национальной экономики


Республики Казахстан

Н. Айдапкелов

      "СОГЛАСОВАН"

      Министр культуры и спорта

      Республики Казахстан

      ____________ А. Мухамедиулы

      14 декабря 2016 года



  Утверждена
приказом Председателя
Комитета по статистике
Министерства национальной
экономики Республики Казахстан
от 5 декабря 2016 года № 301

Методика по формированию показателей статистики культуры
Глава 1. Общие положения

      1. Методика по формированию показателей статистики культуры (далее – Методика) относится к статистической методологии, формируемой в соответствии с международными стандартами и утверждаемой в соответствии с Законом Республики Казахстан от 19 марта 2010 года "О государственной статистике".

      2. Настоящая Методика определяет основные аспекты и методы получения статистической информации о деятельности организаций культуры при проведении общегосударственных статистических наблюдений.

      3. Целью настоящей Методики является формирование системы статистических показателей в сфере культуры для обеспечения их сопоставимости на международном уровне.

      4. Настоящая Методика предназначена для использования в статистической деятельности сотрудниками Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан и его территориальными органами.

Глава 2. Объекты статистических наблюдений в сфере культуры

      5. Для измерения статистических показателей в сфере культуры используются количественные и (или) качественные характеристики организаций культуры.

      Статистические показатели в сфере культуры формируются с годовой периодичностью.

      6. Источниками статистической информации в сфере культуры являются административные данные, формируемые административными источниками и данные общегосударственных статистических наблюдений.

      7. Административные данные и данные общегосударственных статистических наблюдений, используемые для получения широкого спектра данных о культуре, позволяют определить вклад культуры в национальную экономику по отношению к валовому внутреннему продукту и тенденции, как занятости в сфере культуры, так и потребления культуры.

      8. Объектом статистического наблюдения по библиотекам являются:

      1) количество библиотек и занимаемая ими площадь, пользователей, мест в читальных залах и посещений, передвижных пунктов, информационно-коммуникационных технологий в библиотеке;

      2) сведения о формировании, сохранении, использовании библиотечных фондов, выдаче печатных и рукописных документов, а также графических, аудиовизуальных материалов, документов на электронных носителях.

      Библиотеки подразделяются на универсальные, отраслевые, межотраслевые, юношеские, детские библиотеки, а также специальные библиотеки для незрячих и слабовидящих граждан.

      9. Объектом статистического наблюдения по театрам являются: количество театров и занимаемая ими площадь, зданий (помещений), мест в зрительных залах, сценических представлений, зрителей, информационно-коммуникационных технологий в театре.

      Театрами являются зрелищные организации (драматические, музыкально-драматические, музыкальные, хореографические, кукольные, пантомимы, сатиры и юмора, для детей и юношества, молодежные, экспериментальные и иные), осуществляющие сценические представления произведений литературы и искусства.

      10. Объектом статистического наблюдения по культурно-досуговым организациям являются: количество зданий (помещений) и занимаемая ими площадь, мест в зрительных залах, парков, расположенных под открытым небом, парков, расположенных в помещении, проведенных зрелищных культурно-массовых мероприятий и зрителей на проведенных мероприятиях, посетителей кружков, курсов прикладного творчества и прикладных знаний, любительских объединений и клубов по интересам.

      К культурно-досуговым организациям относятся центры повседневного общения (клубы, парки культуры и отдыха, дома и дворцы культуры, центры (дома) народного творчества), развития личности, самодеятельного художественного народного творчества.

      11. Объектом статистического наблюдения по концертным организациям являются количество концертных организаций и занимаемая ими площадь, зданий (помещений), мероприятий, проведенных концертной организацией, посетителей на мероприятиях, вместимость концертного зала.

      Концертными организациями являются зрелищные организации, реализующие комплекс мер для создания условий публичного исполнения произведений литературы и искусства и популяризации художественных коллективов и отдельных исполнителей.

      12. Объектом статистического наблюдения по циркам являются: количество цирков и занимаемая ими площадь, число зданий (помещений), мест в зрительных залах, сценических представлений и зрителей, информационно-коммуникационных технологий в цирке.

      Цирками являются театрально-зрелищные организации, осуществляющие сценические представления произведений эстрадно-циркового жанра.

      13. Объектом статистического наблюдения по музеям являются: количество музеев и занимаемая ими площадь, зданий (помещений), экспонатов музейного фонда, экспонировавшихся в течение года, требующих реставрации, поступивших за год, экспонатов научно-вспомогательного фонда, памятников истории и культуры музея-заповедника, посетителей, экскурсий, лекций, информационно-коммуникационных технологий в музее.

      Музеями являются организации культуры, созданные для хранения, изучения и публичного представления музейных предметов и музейных коллекций, призванные осуществлять культурные, образовательные, научно-исследовательские функции и обеспечивать популяризацию историко-культурного наследия Республики Казахстан.

      14. Объектом статистического наблюдения по кинематографическим организациям являются: количество, виды (многозальные, цифровые) кинотеатров и занимаемая ими площадь, кинозалов и мест в них, стационарных и передвижных киноустановок, показанных фильмов, проведенных киносеансов и зрителей, запущенных в прокат фильмов, произведенных фильмов по видам, типу и способу производства, по языку оригинала, доходы от оказанных услуг.

      15. Объектом статистического наблюдения по зоопаркам и океанариуму являются их количество и занимаемая ими площадь, помещений для животных, посетителей, проведенных экскурсий, организованных выставок, видов и экземпляров животных.

Глава 3. Методы расчета отдельных показателей в сфере культуры

      16. Расчет отдельных показателей, которые используются для характеристики уровня развития культуры в Республике Казахстан.

      17. Число общедоступных библиотек в расчете на десять тысяч населения рассчитывается по следующей формуле:



      где:

      Ч - число общедоступных библиотек в расчете на десять тысяч населения;

      Чоб.б. - число общедоступных библиотек – всего за отчетный период;

      Чнас. – среднегодовая численность населения за отчетный период.

      18. Численность читателей в среднем на одну общедоступную библиотеку рассчитывается по формуле:



      где:

      Ччит.ср. – численность читателей в среднем на одну общедоступную библиотеку;

      Ччит. - численность читателей в общедоступных библиотеках – всего за отчетный период;

      Чоб.б. - число общедоступных библиотек – всего за отчетный период.

      19. Число выданных книг и журналов в среднем на одного читателя рассчитывается по формуле:



      где:

      Чвыд.кн.ср. - число выданных книг и журналов в среднем на одного читателя;

      Чвыд.кн. - число выданных книг и журналов в библиотеках – всего за отчетный период;

      Ччит. - численность читателей в общедоступных библиотеках – всего за отчетный период.

      20. Формула расчета показателя числа посещений киносеансов в среднем на одного жителя:



      где:

      Чпос.кино.ср. - число посещений киносеансов в среднем на одного жителя;

      Чпос.кино - число посещений киносеансов – всего за отчетный год;

      Чнас. – среднегодовая численность населения за отчетный период.

      21. Число посещений музеев в расчете на тысячу населения рассчитывается по следующей формуле:



      где:

      Чпос.муз.на тысячу нас. - число посещений музеев в расчете на тысячу населения;

      Чпос.муз. - число посещений музеев – всего за отчетный период;

      Чнас. – среднегодовая численность населения за отчетный период.