Кәбілдік кәрізді және инженерлік инфрақұрылымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 108-958 қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2016 жылы 17 маусымда № 1035 болып тіркелді. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 22 тамыздағы № 504-2724 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 22.08.2024 № 504-2724 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 9-бабының 36) тармақшасына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Кәбілдік кәрізді және инженерлік инфрақұрылымды пайдалану қағидалары бекітілсін.

      2. "Астана қаласының Жолаушылар көлігі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары С.М. Хорошунға жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Әкім

Ә. Жақсыбеков


  Астана қаласы әкімдігінің
2016 жылғы 13 мамырдағы
№ 108-958 қаулысымен
бекітілген

Кәбілдік кәрізді және инженерлік инфрақұрылымды пайдалану
қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Кәбілдік кәрізді және инженерлік инфрақұрылымды пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленген.

      2. Қағида Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес кәбілдік кәрізді пайдалануға беру қызметтерін көрсететін, Астана қаласындағы шаруашылық етуші субъектілерге (жеке және/немесе заңды тұлғаларға) әрекет етеді.

      3. Қағидада мынадай ұғымдар қолданылады:

      1) жалға алушы – кәбілдік кәрізді пайдалануға беру бойынша қызмет көрсету шарт талаптарына сәйкес кәбілдік кәрізді жалға берушіден алатын мемлекеттік орган (мекеме), жеке немесе заңды тұлға, жеке кәсіпкер;

      2) кәбілдік кәріз (телефондық) – байланыс кәбілдерін төсеуге және техникалық қызмет көрсетуге арналған жерасты құбырлары мен құдықтардың жиынтығы;

      3) кәбілдік кәрізді жалға беруші – шарт талаптары бойынша жалға алушыларға кәбілдік кәріздегі арнада байланыс кәбілдерін жүргізу үшін орын беретін кәбілдік кәріз желілерін пайдалану және дамыту саласындағы функцияларды жүзеге асыратын уәкілетті орган немесе пайдаланушы ұйым;

      4) уәкілетті орган – Астана қаласының мемлекеттік коммуналдық мүлігін басқару бойынша мемлекеттік орган.

      4. Кәбілдік кәрізді пайдалануға беру бойынша қызметтер жалға беру туралы шарттың (бұдан әрі – шарт) негізінде көрсетіледі.

2. Кәбілдік кәрізді пайдалануға беру бойынша қызметтерді
көрсету

      5. Кәбілдік кәрізді пайдалануға беру бойынша қызметтер мыналарды қамтитын ұйымдастыру-техникалық іс-шаралар:

      1) кәбілдік кәрізде байланыс кәбілін жүргізуге арналған техникалық талапты әзірлеу және ұсыну;

      2) кәбілдік кәрізде байланыс кәбілін жүргізудің жұмыс жобасын келісу;

      3) кәбілдік кәрізде байланыс кәбілін жүргізуге техникалық қадағалау;

      4) кәбілдік кәрізде орын брондау;

      5) кәбілдік кәріздің арнасында орын ұсыну кешенін білдіреді.

      6. Кәбілдік кәрізде байланыс кәбілін жүргізуге арналған техникалық талапты әзірлеу мен беру мыналарды:

      1) кәбілдік кәрізде бос орынның бар болуын анықтау және кәбілдік кәріздің қайта құруын жүргізетін учаскелерді айқындау бойынша іздестіру жұмыстарын;

      2) кәбілдік кәрізде бос орынды резервке қою (броньға қою) туралы деректерді техникалық есепке алу жүйесіне енгізуді;

      3) байланыс кәбілін жүргізу сызбасын (трассасын) әзірлеуді;

      4) байланыс кәбілін жүргізуге арналған техникалық талапты рәсімдеу және беру (бос сыйымдылық болмаған жағдайда кәбілдік кәрізді қайта құру немесе аяғына дейін құруды есепке алумен) қамтиды.

      7. Кәбілдік кәрізде байланыс кәбілін жүргізудің жұмыс жобасын келісуге мыналар:

      1) кәбілді жүргізу жолын зерттеу;

      2) кәбілді жүргізу картограммасын байланыс кәбілі төселетін арнаны алудың дұрыстығына талдау жатады.

      8. Кәбілдік кәрізде байланыс кәбілін жүргізуге техникалық қадағалауына мыналар:

      1) жұмыс жүргізілетін жерге мамандардың баруы;

      2) кәбілдік кәріз арнасында кәбілді жүргізу бойынша жұмыстарды орындайтын субъектілерді техникалық қадағалау;

      3) кәбілдік кәріз арнасында жүргізілген байланыс кәбіліне күтім жасау бойынша кәбілдік кәрізде жоспарлы және жоспардан тыс жұмыстарды орындайтын субъектілерді техникалық қадағалау;

      4) жүргізілген байланыс кәбілдерін қайта құру, жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын орындайтын субъектілерін техникалық қадағалау кіреді.

      9. Кәбілдік кәрізде орын брондау кәбілдік кәрізде орын брондау жөніндегі шартпен рәсімделетін кәбілдік кәріз арнасынан орын ұсынғанға дейін берілген техникалық талаптарға сәйкес әрі қарай қолдану үшін кәбілдік кәріз арнасынан орынды жалға алушыға бекітуді қамтиды.

      10. Кәбілдік кәріз арнасынан орын ұсыну жалға алушының кәбілін жүргізу мақсатында кәбілдік кәріз арнасында/арналарында жалға алушыға орын беруді білдіреді.

3. Кәбілдік кәрізді пайдалануға беру туралы шартты жасау

      11. Кәбілдік кәрізді пайдалануға беру мүмкіндігін белгілеу үшін ықтимал жалға алушы жалға берушіге кәбілдік кәрізді пайдалануға беру мүмкіндігі туралы өтінім (бұдан әрі – өтінім) береді.

      Өтінімде мыналар көрсетіледі:

      1) ықтимал жалға алушының толық атауы, оның орналасқан жері (заңды және жеке мекенжайы), банктік деректемелері, бизнес сәйкестендіру нөмірі жеке сәйкестендіру нөмірі (БСН/ЖСК);

      2) кәбілдік кәріз араларына байланыс кәбілдерін жүргізу жоспарланған ықтимал жалға алушы объектілерінің мекенжайлары (кәбілдің типін, маркасы мен сыртқы диаметрін көрсете отырып).

      12. Кәбілдік кәрізді жалға беруші берілген өтінімдерді қарастырады, бұл ретте ұсынылған өтінімдердегі мәліметтердің толықтығын тексеруді жүзеге асырады.

      Мәліметтер толық болмаған жағдайда өтінімді алған күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде бұл туралы ықтимал жалға алушыны жазбаша хабардар етеді.

      Субъект өтінім берген немесе одан тиісті ақпаратты алған күннен бастап, күнтізбелік 5 (бес) күнге дейінгі мерзімде кәбілдік кәрізді жалға беруші:

      1) кәбілдік кәрізде бос сыйымдылық бар болған жағдайда кәбілдік кәрізді пайдалануға беру мүмкіндігі туралы жауап ұсынуға және техникалық талапты әзірлеу және беру бойынша қызметтерге төлем жасау үшін кәбілдік кәрізді жалға берушінің банктік деректемелерін бір уақытта ұсынуға;

      2) кәбілдік кәрізде бос сыйымдылық болмаған жағдайда:

      а) жеке ресурстар базасында мүмкіндігінше баламалы ұсыныс беруге;

      б) тапсырыс берілген бағытта қолданыстағы кәбілдік кәрізді кеңейтуді кәбілдік кәрізді жалға берушінің есебінен жүргізу үшін 1 (бір) жылдан аспайтын мерзімді ұсынуға немесе қолданыстағы кәрізді кеңейту туралы мәселені шарт негізінде шешуге міндетті.

      13. Кәбілдік кәрізді жалға беруші ықтимал жалға алушыға техникалық талапты беруден мынадай жағдайларда:

      1) осы жалға беруші ұсынған кәбілдік кәрізді пайдалануға беру бойынша бұрын алынған қызметтер үшін жалға алушының 6 (алты) айдан артық қарызы бар болған жағдайда;

      2) кәбіл жүргізу мүмкіндігі болмағанда бас тартуға құқылы.

      14. Егер жалға алушы баламалы ұсыныспен келіссе, ол жалға беруші ұсынылған ұсыныстарды алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күннен аспайтын мерзімде түпкілікті өтінішті жалға берушіге ұсынуы тиіс.

      15. Кәбілдік кәрізді пайдалануға беру мүмкіндігі туралы түпкілікті өтінімге оң жауап болғанда және жалға алушы техникалық талапты әзірлеу және беру бойынша қызметтерге төлем жүргізгенде, кәбілдік кәрізді жалға беруші техникалық талапты әзірлеу және беру бойынша қызметтердің төлемі расталған күннен бастап, 10 (он) жұмыс күнге дейінгі мерзімде жалға алушыға мыналарды:

      1) техникалық талапты;

      2) кәбілдік кәрізді жалға берушінің атынан жұмыс жобасын келісуге құқығы бар тұлғалар және жалға алушымен байланыста болуға жауапты тұлға туралы мәліметтер;

      3) кәбілдік кәрізді пайдалануға беру туралы шарттың жобасы ұсынады.

      16. Жалға беру туралы шартты уақытылы жасасқанда кәбілдік кәрізді жүргізуге арналған техникалық талапты берілген күннен бастап 1 (бір) жыл бойы жарамды болып саналады.

      Жалға алушының жалға берушіге техникалық талаптың жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін оны ұзарту туралы жүгінген жағдайында жалға беруші техникалық талаптың мерзімін бұрын берілген талаптармен ұзартуға міндетті.

      17. Кәбілдік кәрізді жалға беруші жұмыс жобасын алған күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде жұмыс жобасын келісуден бас тартуы туралы жалға алушыны жазбаша хабардар етуге немесе онымен келісуге міндетті.

      Жұмыс жобасына қойылатын талаптар жобалауды бастағанға дейін жалға алушыға берілуі немесе жалға берушінің ресми сайтында жариялануы тиіс.

      Егер жалға алушы жұмыс жобасын берілген техникалық шарттарға сәйкес олардың жарамдылық мерзімі ішінде келіспесе және оны ұзартуға жүгінбесе, көрсетілген техникалық шарттар күшін жойған болып саналады.

      18. Техникалық талапты беру кезінде жалға берушінің қаражаты есебінен салынған байланыс кәбілдерін және кәбілдік кәріздің объектілерін жалға берушінің меншігіне беру талабы белгілеуге жол берілмейді.

4. Кәбілдік кәрізді пайдалануға беру туралы шартқа қойылатын
талаптар

      19. Шарт Қазақстан Республикасы азаматтық заңнамасына сәйкес жасалады.

      20. Кәбілдік кәрізді жалға беруші шартқа кәбілдік кәрізді жөндеу немесе толық жабдықтау бойынша жұмыстарды жалға алушыға жүктеуді көздейтін талаптарды қосуға құқығы бар.

5. Кәбілдік кәрізді арналарды (резервке алу) брондау

      21. Ұйымдардың кәбілдерін жүргізуге арналған кәбілдік кәріздің арналары (арналардағы орындар) алдын ала брондалады (резервке алынады).

      22. Кәбілдік кәріздің бос немесе ішінара бос арналарын брондау кәбілді жүргізуге арналған техникалық шешімді жалға берушімен келіскен соң бір айдан кем болмайтын мерзімде жүзеге асырылады және жалға беруші мен жалға алушының арасында брондау шартымен рәсімделеді. Бұл ретте, жалға алушы кәбілдік кәріздің брондалатын арна нөмірлерін көрсетумен кәбіл жүргізу жобасын ұсынады.

      Егер брондалған арна кәбілді жүргізу үшін 1 (бір) жылдан артық пайдаланылмаса, брондау шарты бұзылады.

6. Кәбілдік кәрізде жұмыс орындау

      23. Кәбілдік кәрізді жалға беруші жалға алушыға шартта бегіленген талаптарға сәйкес кәбілдік кәрізге жұмысқа рұқсаттама береді.

      24. Жұмыс жобасына сәйкес кәбілдік кәрізде құрастыру жұмыстарын жүргізуге рұқсат алу үшін жалға алушы кәбілдік кәрізді жалға берушіге жазбаша түрде өтініш жасауы тиіс.

      Жалға алушының өтінімде жұмыс жобасына сәйкес жұмыстар орындау, жоспарланып отырған кәбілдік кәріздің учаскесі (учаскелері) және осы жұмыстарды орындау мерзімдері анықталады.

      Өтінімге мыналар:

      1) кәбілдік кәріздің учаскесінде жұмыстар жүргізетін тұлғалардың тізбесі;

      2) құрылыс жұмыстарын орындау үшін мердігер ұйым тарту туралы жалға алушының хаты (жұмысқа тартылған жағдайда);

      3) келісілген жұмыс жобасының көшірмесі;

      4) шарттың деректемелері ұсынылады.

      25. Жалға беруші өтініш тіркелген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды тексереді, жұмыстардың жүргізу мерзімдері мен тәртібін келіседі, кәбілдік кәріздің техникалық жай-күйін және жұмыстар орындау жоспарланып отырған учаскедегі (учаскелердегі) кәбілдік кәрізді жалға алушыға тиісті актіні ресімдей отырып, тапсыруды ұйымдастырады. Кәбілді жүргізу бойынша жұмыстарды орындау мүмкін болмаған жағдайда, актімен ақауларды жою тәртібі мен мерзімдері айқындалады.

      Ақаулар жойылғаннан кейін кәбілдік кәріз учаскесін беру туралы тиісті акті жасалады.

      26. Жалға алушы жұмыс жобасына сәйкес кәбілдерді құрастыруды жүргізуге міндетті.

      Жалға берушінің кәбілдік кәрізіндегі жалға алушы және/немесе мердігер жүргізетін барлық құрылыс-құрастыру жұмыстары жалға берушінің техникалық қадағалау жөніндегі инспекторымен келіседі және оның қатысуымен орындалуы тиіс.

      27. Байланыс кәбілін жүргізу бойынша орындалған жұмыстардың жұмыс жобасына, қолданыстағы нормаларға және техникалық талаптарға сәйкестігін орнату мақсатында, сондай-ақ жұмыстарды жүргізу сапасын анықтау үшін тиісті акт жасалады.

      28. Кәбілдік кәріздегі жоспарлы пайдалану жұмыстары жалға алушымен өтінімді келіскеннен кейін жалға берушінің техникалық қадағалау жөніндегі инспекторының қатысуымен орындалады.

      Жалға алушының жоспарлы пайдалану жұмыстары басталғанға дейінгі 3 (үш) жұмыс күні бұрын жолданатын хабарламасында жүргізілетін жұмыстардың жоспарлы көлемі және жобаланған мерзім көрсетіледі.

      29. Жоспардан тыс пайдалану жұмыстары туралы жалға алушы жалға берушіге телефон арқылы, содан кейін келесі жұмыс күнінің аяғына дейін жазбаша растау жібере отырып хабардар етуге міндетті.

      Өтінімде жоспардан тыс пайдалану жұмыстарын жүргізуді бастау уақыты көрсетіледі.

      Өтінімнің негізінде жалға беруші жалға алушы көрсеткен жоспардан тыс пайдалану жұмыстарын жүргізуді бастау уақытынан бастап жалға алушыға кәбілдік кәрізге рұқсаттама береді және тиісті жұмыстар жүргізу барысында олар толықтай аяқталғанға дейін техникалық қадағалауды қамтамасыз етуге міндетті.

      Жалға алушы жоспардан тыс пайдалану жұмыстарын аяқтағаннан кейін тараптар тиісті актімен жұмыстардың орындалуын растайды.

      Кез келген тараптың орындалған жұмыстар туралы актіге қол қоюдан бас тарту айғағы актіде бекітіледі, бұл ретте бас тарту себебі көрсетіледі.

      30. Тараптардың біреуі байланыс кәбілінің техникалық жағдайына кері әсерін тигізетін немесе тигізуі мүмкін кәбілдік кәріздің ақауын анықтаған, не болмаса өзге жалға берушінің немесе жалға алушының кәбілі зақымданған жағдайда тараптар бірін-бірі айғақтың анықталғаны туралы хабардар етіп, хабарламаны ресми хатпен растауы тиіс.

      Кәбілдік кәріз зақымданғандығы немесе өзге жалға берушінің немесе жалға алушының кабелі зақымданғаны туралы хабарлама алынған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде тараптар кәбілдік кәрізге залал келтірген тұлғаны анықтап, кәбілдік кәріздің техникалық жағдайын анықтау актісін екі данада әзірлеуі және оған қол қоюы тиіс. Кез келген тараптың көрсетілген актіге қол қоюдан бас тарту айғағы актіде бекітіліп, бас тарту себебі көрсетіледі.

      31. Залал келтірген тұлға анықталған жағдайда кәбілдік кәріздің ақауы кәбілдік кәріздің техникалық жағдайын анықтау туралы актіге қол қойылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде, ал апаттық қауіп туған жағдайда хабар алған соң дереу кәбілдік кәрізді жалға беруші жоюы тиіс.

      Егер кәбілдік кәріздің ақауын жою үшінші тараппен келісуді қажет етсе ақауды жою мерзімі осындай келісулерді алған күннен бастап есептеледі.

      Кәбілдік кәріздің ақауын жою мүмкін емес немесе ақауларды жою 30 (отыз) тәуліктен артық уақытты қажет етсе, кәбілдік кәрізді жалға беруші тиісті техникалық талапты ұсынумен кәбіл жүргізудің баламалы жолын ұсыну туралы мәселені қарастыруы тиіс. Бұл ретте қызметке төлеу жүзеге асырылмайды.

      32. Кәбілдік кәріздегі ресурстарды босату шарт бұзылған жағдайда немесе оның жарамдылық мерзімі аяқталғанда жүзеге асырылады.

      Жалға алушы, байланыс кәбілін шарт бұзылған күннен немесе оның жарамдылық мерзімі аяқталған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күні ішінде бөлшектеуі қажет.

      Байланыс кәбілін бөлшектеу жалға алушының күшімен және қаражатымен жүргізіледі және міндетті түрде кәбілді бөлшектеу актісіне қол қоюмен жүзеге асырылады.

      33. Егер жалға алушы байланыс кәбілінің бөлшектеуін белгіленген мерзімде жүргізбеген жағдайда, жалға беруші жалға алушының кәбілдерін кәбілдік кәрізден өз қаражат есебінен бөлшектеуге, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шығындарды өтетуге құқығы бар, бұл ретте жалға алушы жалға берушіні кәбілдің бөлшектенуі туралы хабардар етеді.

      Жалға беруші жалға алушының техникалық талаптар және байланыс кәбілін орналастыруға арналған келісілген жұмыс жобасы болмағанда және/немесе байланыс кәбілін орналастыру бойынша жұмыстарға рұқсаттамасыз кәбілдік кәрізде орналасқан жалға алушының кәбілдерін бөлшектеуге дейін 10 (он) күнтізбелік күні ішінде жалға алушыны алдын ала жазбаша хабардар етіп, оны бөлшектеуге құқығы бар.

      Шарттың әрекет етуі тоқтаған күні жалға алушы мен жалға берушінің арасында келіспеушіліктер болған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте келіспеушілікті шешкенге дейін байланыс кәбілін кәбілдік кәрізден бөлшектеуге және жоюға тыйым салынады.

      34. Жалға алушы кәбілді орналастыру бойынша жұмыстар жүргізгенде, оның техникалық жағдайына тексеріс және/немесе бөлшектеу жүргізген кезде кәбілдік кәріздің бұзылуына және онда орналасқан жалға алушының және үшінші тұлғаның мүлігіне жауапты.

      35. Кәбілдік кәрізді жалға беруші міндетті түрде бос және қолжетімді орындардың бар болғаны туралы электрондық деректер базасын, сондай-ақ инженерлік коммуникациялар сызбанұсқасын жүргізіп, тұрақты жаңартып отырады.

Об утверждении Правил эксплуатации кабельной канализации и инженерной инфраструктуры

Постановление акимата города Астаны от 13 мая 2016 года № 108-958. Зарегистрировано Департаментом юстиции города Астаны 17 июня 2016 года № 1035. Утратило силу постановлением акимата города Астаны от 22.08.2024 № 504-2724.

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата города Астаны от 22.08.2024 № 504-2724 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 36) статьи 9 Закона Республики Казахстан от 21 июля 2007 года "О статусе столицы Республики Казахстан", акимат города Астаны ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила эксплуатации кабельной канализации и инженерной инфраструктуры.

      2. Возложить на руководителя Государственного учреждения "Управление пассажирского транспорта города Астаны" опубликование настоящего постановления после государственной регистрации в органах юстиции в официальных и периодических печатных изданиях, а также на интернет-ресурсе, определяемом Правительством Республики Казахстан, и на интернет-ресурсе акимата города Астаны.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на первого заместителя акима города Астаны Хорошуна С.М.

      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Аким

А. Джаксыбеков


  Утверждены
постановлением акимата
города Астаны
от 13 мая 2016 года № 108-958

Правила
эксплуатации кабельной канализации и инженерной инфраструктуры
1. Общие положения

      1. Правила эксплуатации кабельной канализации и инженерной инфраструктуры (далее – Правила) разработаны в соответствии с Гражданским кодексом Республики Казахстан от 27 декабря 1994 года, Законом Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" от 23 января 2001 года, Законом Республики Казахстан "О статусе столицы Республики Казахстан" от 21 июля 2007 года.

      2. Действие Правил распространяется на хозяйствующих субъектов (физических и/или юридических лиц) в городе Астане, оказывающих в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан услуги по предоставлению в пользование кабельной канализации.

      3. В Правилах применяются следующие понятия:

      2) арендатор – государственный орган (учреждение), физическое или юридическое лицо, индивидуальный предприниматель, который получает от арендодателя кабельной канализации на договорных условиях услуги по предоставлению в пользование кабельной канализации;

      1) кабельная канализация (телефонная) – совокупность подземных трубопроводов и колодцев, предназначенных для прокладки и технического обслуживания кабелей связи;

      3) арендодатель кабельной канализации – уполномоченный орган либо эксплуатирующая организация, осуществляющая функции в сфере эксплуатации и развития сетей кабельной канализации, предоставляющая на договорных условиях место в канале кабельной канализации арендаторам для прокладки кабелей связи;

      4) уполномоченный орган – государственный орган по управлению государственным коммунальным имуществом города Астаны.

      4. Услуги по предоставлению в пользование кабельной канализации оказываются на основании договора об аренде (далее - договор).

2. Оказание услуг по предоставлению в пользование
кабельной канализации

      5. Услуги по предоставлению в пользование кабельной канализации представляют собой комплекс организационно-технических мероприятий, включающий:

      1) разработку и выдачу технического условия на прокладку кабеля связи в кабельной канализации;

      2) согласование рабочего проекта прокладки кабеля связи в кабельной канализации;

      3) технический надзор за прокладкой кабеля связи в кабельной канализации;

      4) бронирование места в кабельной канализации;

      5) предоставление места в канале кабельной канализации.

      6. Разработка и выдача технического условия на прокладку кабеля связи в кабельной канализации включает:

      1) изыскательские работы по выявлению наличия свободного места в кабельной канализации и определение участков, где необходимо проводить реконструкцию кабельной канализации;

      2) внесение данных о резервировании (бронировании) свободного места в кабельной канализации в систему технического учета;

      3) разработку схемы (трассы) прокладки кабеля связи;

      4) оформление и выдачу технического условия на прокладку кабеля связи (с учетом реконструкции или достройки кабельной канализации в случае отсутствия свободной емкости).

      7. Согласование рабочего проекта прокладки кабеля связи в кабельной канализации включает:

      1) исследование трассы прокладки кабеля;

      2) анализ картограммы прокладки кабеля на правильность занятия канала, в котором будет прокладываться кабель связи.

      8. Технический надзор за прокладкой кабеля связи в кабельной канализации включает:

      1) выезд специалистов к месту проведения работ;

      2) технический надзор за субъектами, которые выполняют работы по прокладке кабеля в канале кабельной канализации;

      3) технический надзор за субъектами, которые выполняют в кабельной канализации плановые и внеплановые работы по обслуживанию проложенного кабеля связи в канале кабельной канализации;

      4) технический надзор за субъектами, которые выполняют реконструкцию, проведение ремонтных и восстановительных работ проложенного кабеля связи.

      9. Бронирование места в кабельной канализации состоит в закреплении за арендатором места в канале кабельной канализации для дальнейшего использования в соответствии с выданными техническими условиями до предоставления места в канале кабельной канализации, которое оформляется договором на бронирование места в кабельной канализации.

      10. Предоставление места в канале кабельной канализации заключается в предоставлении арендатору места в канале/каналах кабельной канализации с целью прокладки кабеля.

3. Заключение договора о предоставлении в пользование
кабельной канализации

      11. Для установления возможности предоставления в пользование кабельной канализации потенциальный арендатор подает арендодателю заявку предоставления в пользование кабельной канализации.

      В заявке указываются:

      1) полное наименование потенциального арендатора, его местонахождение (юридический и физический адрес), банковские реквизиты, бизнес идентификационный номер/индивидуальный идентификационный номер (БИН/ИИН);

      2) адреса объектов, между которыми, планируется прокладка кабелей связи (с указанием типа, марки и внешнего диаметра кабелей) в кабельной канализации потенциального арендатора.

      12. Арендодатель кабельной канализации рассматривает поданные заявки, при этом осуществляет проверку полноты представленной в заявке сведений.

      В случае неполноты сведений, в течение 5 (пяти) календарных дней со дня получения заявки письменно уведомляет об этом потенциального арендатора.

      В срок до 5 (пяти) календарных дней, начиная с даты подачи субъектом заявки или получения от него необходимой информации, арендодатель кабельной канализации обязан:

      1) в случае наличия свободной емкости кабельной канализации направить ответ о возможности предоставления в пользование кабельной канализации и одновременно представить банковские реквизиты на оплату услуг по разработке и выдаче технического условия;

      2) в случае отсутствия свободной емкости в кабельной канализации:

      а) предложить возможное альтернативное предложение на базе собственных ресурсов;

      б) предложить срок не более 1 (одного) года для проведения за счет арендодателя кабельной канализации расширения существующей кабельной канализации на заказанном направлении либо на договорной основе решить вопрос о расширении существующей кабельной канализации.

      13. Арендодатель кабельной канализации вправе отказать потенциальному арендатору в выдаче технического условия:

      1) при наличии просроченной свыше 6 (шести) месяцев задолженности арендатора за ранее полученные услуги по предоставлению в пользование кабельной канализации, предоставленные данным арендодателем;

      2) при отсутствии возможности на прокладку кабеля.

      14. Если арендатор соглашается с альтернативным предложением, он должен представить арендодателю окончательную заявку в срок, не превышающий 7 (семи) рабочих дней со дня получения представленных арендодателем предложений.

      15. В случае положительного ответа на окончательную заявку о возможности предоставления в пользование кабельной канализации и оплаты арендатором услуги по разработке и выдаче технического условия арендодатель кабельной канализации в срок до 10 (десяти) рабочих дней, начиная с даты получения подтверждения оплаты услуги по разработке и выдаче технического условия, представляет арендатору:

      1) технические условия;

      2) сведения о лицах, которые имеют право от имени арендодателя кабельной канализации согласовать рабочий проект;

      3) проект договора о предоставлении в пользование кабельной канализации.

      16. Технические условия на прокладку кабелей считаются действительными в течение 1 (одного) года со дня выдачи при условии своевременного заключения договора об аренде.

      В случае обращения арендатора к арендодателю о продлении технического условия до истечения срока их действия, арендодатель обязан продлить техническое условие на выданных ранее условиях.

      17. Арендодатель кабельной канализации обязан согласовать или письменно уведомить арендатора об отказе в согласовании рабочего проекта в течение 5 (пяти) календарных дней со дня получения рабочего проекта.

      Требования к рабочему проекту должны быть выданы арендатору до начала проектирования либо опубликованы на официальном сайте арендодателя.

      Если арендатор не согласовал рабочий проект, согласно выданным техническим условиям в течение срока их действия и не обратился за его продлением, указанные технические условия считаются утратившими силу.

      18. При выдаче технического условия не допускается устанавливать условия передачи в собственность арендодателя кабелей связи и объектов кабельной канализации, построенных за счет средств арендатора.

4. Требования к договорам о предоставлении в пользование
кабельной канализации

      19. Договор об аренде составляется в соответствии с гражданским законодательством Республики Казахстан.

      20. Арендодатель кабельной канализации имеет право включать в договор условия, которые предусматривают возложение работ на арендатора по ремонту или дооборудованию кабельной канализации.

5. Бронирование (резервирование) каналов кабельной канализации

      21. Каналы (места в каналах) кабельной канализации, предназначенные для прокладки в них кабелей организаций, бронируются (резервируются) предварительно.

      22. Бронирование свободных или частично занятых каналов кабельной канализации производится не позднее месячного срока после согласования с арендодателем технического решения на прокладку кабеля и оформляется договором бронирования между арендатором и арендодателем. При этом арендатор представляет проект прокладки кабеля с указанием номеров бронируемых каналов кабельной канализации.

      В случае, если забронированный канал не используется для прокладки кабеля связи более 1 (одного) года, договор бронирования расторгается.

6. Выполнения работ в кабельной канализации

      23. Арендодатель кабельной канализации предоставляет арендатору допуск к работе кабельной канализации в соответствии с условиями, определенными в договоре.

      24. Для получения допуска на проведение монтажных работ в кабельной канализации, в соответствии с рабочим проектом, арендатор должен письменно обратиться к арендодателю кабельной канализации.

      В заявке арендатора определяется участок (участки) кабельной канализации, на котором (которых) планируется выполнение работ согласно рабочему проекту, и сроки проведения данных работ.

      К заявке прилагаются:

      1) перечень лиц, которые будут проводить работы на участке кабельной канализации;

      2) письмо арендатора о привлечении подрядной организации для выполнения строительных работ (в случае привлечения);

      3) копия согласованного рабочего проекта;

      4) реквизиты договора.

      25. Арендодатель в течение 10 (десяти) рабочих дней со дня регистрации заявки проверяет представленные документы, согласовывает сроки и порядок проведения работ, проверяет технического состояние кабельной канализации и организует сдачу арендатору кабельной канализации на участке (участках), на котором (которых) планируется выполнение работ, с оформлением соответствующего акта. В случае невозможности выполнения работ по прокладке кабеля актом определяются порядок и срок устранения дефектов.

      После устранения дефектов составляется соответствующий акт о предоставлении участка кабельной канализации.

      26. Арендатор обязан провести монтаж кабелей в соответствии с рабочим проектом.

      Строительно-монтажные работы в кабельной канализации арендодателя, производимые арендатором и/или подрядчиком, должны согласовываться и выполняться в присутствии инспектора по техническому надзору арендодателя.

      27. В целях установления соответствия выполненных работ по прокладке кабеля связи рабочему проекту, действующим нормам и техническому условию, а также для определения качества проведения работ, составляется соответствующий акт.

      28. Плановые эксплуатационные работы могут выполняться в кабельной канализации арендатором, только после согласования заявки на работы и в присутствии инспектора по техническому надзору арендодателя.

      В заявке, которая направляется арендатором за 3(три) рабочих дня до начала плановых эксплуатационных работ, указываются запланированный объем и приблизительное время проведения работ.

      29. О внеплановых эксплуатационных работах арендатор обязан известить арендодателя по телефону с последующим письменным подтверждением до окончания следующего рабочего дня.

      В заявке указывается время начала проведения внеплановых эксплуатационных работ.

      На основании уведомления арендодатель обязан предоставить арендатору допуск к кабельной канализации со времени начала проведения внеплановых эксплуатационных работ, указанных арендатором, и обеспечить технический надзор за проведением соответствующих работ до полного завершения их выполнения.

      После завершения арендатором внеплановых эксплуатационных работ стороны подтверждают выполнение работ соответствующим актом.

      Факт отказа в подписании акта приема выполненных работ любой из сторон фиксируется в акте, при этом указывается причина отказа.

      30. В случае обнаружения одной из сторон повреждения кабельной канализации, которое влияет или может повлиять на техническое состояние кабелей связи либо повреждения кабелей других арендаторов или арендодателя, стороны обязаны уведомить об обнаруженном факте и подтвердить сообщение официальным письмом.

      В течение 3 (трех) рабочих дней с даты получения уведомления о повреждении кабельной канализации или повреждении кабелей других арендаторов или арендодателя, стороны обязаны составить в двух экземплярах и подписать акт определения технического состояния кабельной канализации с выявлением лица причинившим ущерб кабельной канализации. Факт отказа в подписании указанного акта любой из сторон фиксируется в акте с указанием причин отказа.

      31. В случае, когда лицо причинившее ущерб выявлено, повреждения кабельной канализации должны быть устранены арендодателем кабельной канализации в течение 10 (десяти) рабочих дней с даты подписания акта об определении технического состояния кабельной канализации, а в случае возникновения аварийной ситуации – немедленно после получения арендодателем уведомления.

      Если устранение повреждения кабельной канализации требует согласования с третьими сторонами, срок устранения повреждения начинается с даты получения таких согласований.

      Если устранение повреждения кабельной канализации невозможно или требует более 30 (тридцати) суток на устранение повреждений, арендодатель кабельной канализации должен рассмотреть вопрос о предоставлении альтернативной трассы прокладки кабеля с представлением соответствующих технических условии. При этом оплата услуг не осуществляется.

      32. Высвобождение ресурсов занятой кабельной канализации происходит в случае расторжения договора или окончания срока его действия.

      Арендатор обязан демонтировать кабели связи в течение 30 (тридцати) календарных дней со дня расторжения договора или окончания срока его действия.

      Демонтаж кабеля связи производится силами и средствами арендатора и осуществляется с обязательным подписанием акта демонтажа кабеля.

      33. В случае, если арендатором не проведен демонтаж кабелей связи в установленные сроки, арендодатель имеет право демонтировать из кабельной канализации кабели арендатора за свой счет с возмещением убытков в соответствии с законодательством Республики Казахстан, при этом арендатор уведомляет арендодателя о проведенном демонтаже кабеля.

      Арендодатель имеет право произвести демонтаж кабеля арендатора, размещенного в кабельной канализации, без технического условия и согласованного рабочего проекта на размещение кабеля связи и/или без допуска на работы по размещению кабеля связи, с предварительным письменным уведомлением арендатора за 10 (десять) календарных дней до демонтажа.

      В случае, если на день прекращения договора между арендатором и арендодателем имеются разногласия, демонтаж и удаление кабеля связи из кабельной канализации запрещается до разрешения разногласий в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан.

      34. Арендатор несет ответственность за повреждение кабельной канализации и расположенного в ней имущества арендодателя и третьих лиц во время проведения работ по размещению кабеля, проверки его технического состояния и/или демонтажа.

      35. Арендодатель кабельной канализации ведет и постоянно обновляет электронную базу данных о наличии свободных и доступных мест, а также схемы инженерных коммуникаций.