"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2024 жылғы 18 маусымдағы № 81-ө "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне байланыс, цифрландыру, инвестициялық ахуалды жақсарту және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2024 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" өкіміне сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Кәбілдік кәрізді және инженерлік инфрақұрылымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 108-958 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1035 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. "Астана қаласының Цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының Астана қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Астана қаласының әкімі | Ж. Қасымбек |