РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Ақмола облысының мәдениет басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № А-8/454 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4420 болып тіркелген, 2014 жылы 11 қарашада "Арқа ажары" және "Акмолинская правда" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Ақмола облысының мәдениет басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
орыс тіліндегі 2-тармаққа өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалдырылады;
16-тармақтың екінші, он бірінші азат жолдары жаңа редакцияда жазылсын:
"театр, цирк, музыка және кино өнерін, мәдени-демалыс қызметі мен халық шығармашылығын, кітапхана және музей ісін дамыту бойынша облыстың мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметін қолдау және үйлестіру, облыстың мәдениет саласындағы мекемелерінің қызметін қамтамасыз ету;";
"облыстың мәдени құндылықтарын есепке алу, қорғау, консервациялау және реставрациялау, сондай-ақ пайдалану, елдің көрнекті мәдениет қайраткерлерін мәңгі есте қалдыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;".
2. Қоса берілген "Ақмола облысының мәдениет басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережеге енгізілетін өзгерістер мәтіні бекітілсін.
3. "Ақмола облысының мәдениет басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте және мерзімдерде, енгізілген өзгерістер туралы әділет органдарына хабарлауды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Н.Ж.Нұркеновке жүктелсін.
5. Осы облыс әкімдігінің қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облысының әкімі | С.Кулагин |
Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы № А-1/6 қаулысымен бекітілген |
"Ақмола облысының мәдениет басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережесіне
енгізілетін өзгерістер мәтіні
орыс тіліндегі 2-тармаққа өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалдырылады;16-тармақтың екінші, он бірінші азат жолдары жаңа редакцияда жазылсын: