"Ақмола облысының мәдениет басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № А-8/454 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 27 қазанда № 4420 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 17 мамырдағы № А-6/219 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 17.05.2016 № А-6/219 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Ақмола облысының мәдениет басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесі (бұдан әрі – Ереже) бекітілсін.
      2. "Ақмола облысының мәдениет басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте және мерзімде Ережені әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Н.Ж.Нұркеновке жүктелсін.
      4. Осы облыс әкімдігінің қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі С.Кулагин

  Ақмола облысы әкімдігінің
2014 жылғы
23 қыркүйектегі
№ А-8/454 қаулысымен
бекітілген

"Ақмола облысының мәдениет басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер

      1. "Ақмола облысының мәдениет басқармасы" мемлекеттік мекемесі Ақмола облысының аумағында мәдениет саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Ақмола облысының мәдениет басқармасы" мемлекеттік мекемесінің осы Ереженің қосымшасында көрсетілген ведомстволық бағынысты ұйымдары бар.
      3. "Ақмола облысының мәдениет басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Ақмола облысының мәдениет басқармасы" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
      5. "Ақмола облысының мәдениет басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Ақмола облысының мәдениет басқармасы" мемлекеттік мекемесінің егер заңнамаға сәйкес уәкілеттігі берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Ақмола облысының мәдениет басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Ақмола облысы мәдениет басқармасы бастығының бұйрықтарымен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Ақмола облысының мәдениет басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Қ.Сәтбаев көшесі, 1.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы: "Ақмола облысының мәдениет басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы ереже "Ақмола облысының мәдениет басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Ақмола облысының мәдениет басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Ақмола облысының мәдениет басқармасы" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Ақмола облысының мәдениет басқармасы" мемлекеттік мекемесі функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Ақмола облысының мәдениет басқармасы" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Ақмола облысы мәдениет басқармасының миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. Миссиясы: мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.
      15. Міндеттері:
      облыстық мәдениет ұйымдарының инфрақұрылымын дамытуды және материалдық-техникалық базасын нығайтуды қамтамасыз ету;
      облыс аумағындағы халықтың тарихи және мәдени мұрасын сақтау, тарихи, ұлттық және мәдени салт-дәстүрлерді және әдет-ғұрыптарды дамытуға көмек көрсету;
      мәдениет саласында әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу және іске асыру;
      Қазақстан халқының ұлттық ерекшелігін сақтау, мәдениеттің барлық салаларында Қазақстан Республикасының егемендігі мен тәуелсіздігі идеяларын өткізу үшін барлық мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың іс-әрекеттерін бағыттау және үйлестіру.
      16. Функциялары:
      театр, цирк, музыка және кино өнерін, мәдени-демалыс қызметі мен халық шығармашылығын, кітапхана және музей ісін дамыту бойынша облыстың мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметін қолдау және үйлестіру, облыстың мәдениет саласындағы мекемелерінің қызметін қамтамасыз ету;
      тиісті аумақта орналасқан мәдениет ұйымдарының қызметіне мониторингті жүзеге асырады және уәкілетті органға ақпарат, сондай-ақ белгіленген нысанда статистикалық есептерді беру;
      мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөніндегі сараптамалық комиссияның жұмысын ұйымдастыру;
      мемлекеттік қызметтерді көрсету;
      шығармашылық қызметтің түрлі салаларында облыстық (өңірлік) байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткізуді ұйымдастыру;
      уәкілетті органмен келісім бойынша шығармашылық қызметтің түрлі салаларында республикалық конкурстар мен фестивальдер өткізуді ұйымдастыруға құқылы;
      облыстық деңгейде сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізуді жүзеге асыру;
      тарихи-мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, тарихи, ұлттық және мәдени дәстүрлер мен салттардың дамуына ықпал жасау;
      талантты жастарды және перспективалы шығармашылық ұжымдарды іздестіруге және қолдауға бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асыру;
      облыстың мәдени құндылықтарын есепке алу, қорғау, консервациялау және реставрациялау, сондай-ақ пайдалану, елдің көрнекті мәдениет қайраткерлерін мәңгі есте қалдыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
      облыстың мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізу;
      ұлттық мәдени игілік объектілерінің айрықша режимінің сақталуын қамтамасыз ету;
      мәдениет саласында әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар өткізуді жүзеге асыру;
      тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтауды, есепке алуды, қорғауды, пайдалануды және тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ету;
      тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау мiндеттемелерiн ресiмдеу және оларды меншiк иелерi мен пайдаланушылардың орындауын бақылау;
      тарихи-мәдени мұра объектiлерiн анықтау, есепке алу, қорғау жөнiнде жұмыс жүргiзу;
      тиісті аумақтарда жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің пайдаланылу және күтіп-ұстау тәртібін, сондай-ақ оларда археологиялық және ғылыми-реставрациялау жұмыстарының орындалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
      тарих және мәдениет ескерткіштерінің меншік иелеріне және пайдаланушыларына олардың осы "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану" туралы Заңын бұзғаны туралы нұсқамалар беру.
      Ескерту. 16-тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақмола облысы әкімдігінің 12.01.2016 № А-1/6 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
       17. Басқарманың құқықтары мен міндеттері:
      Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ, басқа ұйымдардан құжаттар, қорытындылар, "Ақмола облысының мәдениет басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін қажетті анықтамалық және басқа да материалдарды сұрату және алу;
      мәдени мекемелерінің қызметіне әдістемелік жетекшілік етуді жүзеге асыру;
      басқарманың құзырына енетін мәселелер бойынша комиссиялардың, алқа мәжілістерінің, жұмыс тобының, сонымен қатар сот органдарының жұмысына қатысады;
      ведомстваға бағынысты ұйымдарды жою, қайта құру, құру жөніндегі мәселелер бойынша ұсыныстар енгізу;
      "Ақмола облысының мәдениет басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін жүзеге асыруға қажетті тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүргізуді іске асыру;
      Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыру.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру.

      18. "Ақмола облысының мәдениет басқармасы" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Ақмола облысының мәдениет басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
      19. "Ақмола облысының мәдениет басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысын облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. Басшының өкілеттігі:
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Ақмола облысының мәдениет басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін және ведомствоға бағынысты мәдени ұйымдарының басшыларын лауазымға дайындайды және қызметтен босатады;
      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік ұйымдарда "Ақмола облысының мәдениет басқармасы" мемлекеттік мекемесін білдіреді;
      "Ақмола облысының мәдениет басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құқықтық актілеріне қол қояды;
      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен "Ақмола облысының мәдениет басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін және ведомстваға бағынысты мәдени ұйымдарының басшыларын марапаттау, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
      "Ақмола облысының мәдениет басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлерінің және ведомстваға бағынысты мәдени ұйымдары басшыларының лауазымдық нұсқауларын бекітеді;
      жемқорлықпен күрес жүргізу бойынша шаралар қолданады және ол жеке жауап береді;
      "Ақмола облысының мәдениет басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны ауыстыратын тұлға орындайды.
      21. "Ақмола облысының мәдениет басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары бар.
      Басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      22. "Ақмола облысының мәдениет басқармасы" мемлекеттік мекемесінің заңнамамен көзделген жағдайларда жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      "Ақмола облысының мәдениет басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ, өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      23. "Ақмола облысының мәдениет басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік облыстық коммуналдық мүлкіне жатады.
      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Ақмола облысының мәдениет басқармасы" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзінше бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату

      25. "Ақмола облысының мәдениет басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

  "Ақмола облысының мәдениет
басқармасы" мемлекеттік мекемесі
туралы ережеге қосымша

Ақмола облысы мәдениет басқармасының қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің
тізбесі

      1. Ақмола облысы мәдениет басқармасының "Көкшетау қаласының тарихы музейі" мемлекеттік коммуналдық мекемесі;
      2. Ақмола облысы мәдениет басқармасының "Мәлік Ғабдуллин музейі" мемлекеттік коммуналдық мекемесі;
      3. Ақмола облысы мәдениет басқармасының "Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі" мемлекеттік коммуналдық мекемесі;
      4. Ақмола облысы мәдениет басқармасының "М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы" мемлекеттік коммуналдық мекемесі;
      5. Ақмола облысы мәдениет басқармасының "Әдебиет және өнер музейі" мемлекеттік коммуналдық мекемесі;
      6. Ақмола облысы мәдениет басқармасының "Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы" мемлекеттік коммуналдық мекемесі.

Ақмола облысы мәдениет басқармасының қарамағындағы кәсіпорындар тізбесі

      1. Ақмола облысының мәдениет басқармасы жанындағы "Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театры" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      2. Ақмола облысының мәдениет басқармасы жанындағы "Көкшетау" мәдениет сарайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      3. Ақмола облысының мәдениет басқармасы жанындағы "Ақмола облыстық филармониясы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      4. Ақмола облысының мәдениет басқармасы жанындағы "Облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      5. Ақмола облысының мәдениет басқармасы жанындағы "Ақмола облыстық орыс драма театры" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады