РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесі (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.
2. "Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте және мерзімдерде Ереженің әділет органдарында тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары Қ.М.Отаровқа жүктелсін.
4. Осы облыс әкімдігінің қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | С.Кулагин |
Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 5 сәуірдегі № А-5/149 қаулысымен бекітілді |
"Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" мемлекеттік мекемесі
туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" мемлекеттік мекемесі Ақмола облысының аумағында жүктелген функцияларына сәйкес өнеркәсіп, индустриялды-инновациялық дамыту, шағын және орта кәсіперлік, кең таралған пайдалы қазбалардың жер қойнауын пайдалану салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. "Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік-құқықтық актілерге, сондай-ақ, осы Ережеге сәйкес жүргізеді.
3. "Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы көрсетілген мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда шоттары бар.
4. "Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. "Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" мемлекеттік мекемесі мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға, егер де оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мұндай уәкілеттік берілген болса, онда тарапы болуға құқығы бар.
6. "Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіпте "Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. "Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" мемлекеттік мекемесінің штат санының лимиті және құрылымы қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. "Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 96.
9. Мемлекеттік органның толық атауы - "Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
10. Осы ереже "Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. "Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. "Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
"Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілген жағдайда, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары
мен міндеттемелері
13. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу, мемлекеттік қолдау және дамыту, бәсекелестікті дамытуға көмектесу саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру "Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы болып табылады.14. Міндеттері:
1) облыс аумағында кәсiпкерлiк қызмет пен инвестициялық ахуалды дамыту үшiн жағдай жасау;
2) сауда саясатын жүргізуді қамтамасыз ету;
3) индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік саясатын жүзеге асыру.
15. Функциялары:
1) жеке кәсiпкерлiктi дамыту үшiн жағдайлар жасау;
2) "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы, "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" бағдарламасы, Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасында көрсетілетін қызметтер саласын дамыту жөніндегі 2020 жылға дейінгі бағдарламаны облыста мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы мен орындалуын қамтамасыз ету және соған жауапты болу;
3) облыста шағын және орта кәсiпкерлiк пен инновациялық қызметтi қолдаудың инфрақұрылым объектiлерiн құру мен дамытуды қамтамасыз ету;
4) жергiлiктi атқарушы органдардың жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнің бiрлестiктерiмен, Ұлттық палатамен және нарықтық инфрақұрылым объектілерімен өзара қарым-қатынастарын дамыту стратегиясын айқындау;
5) облыстық деңгейде жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету;
6) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;
7) өңірлік кәсіпкерлер палаталарының қатысуымен өңірлерде кәсіпкерлікті қолдау картасын әзірлеу және бекіту;
8) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдерін тарта отырып, ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша консультациялық-кеңесшi органдар құру бойынша жұмысты ұйымдастыру;
9) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері аккредиттеу ұйымдастырып өткізу;
10) жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңесінің жұмысын ұйымдастыру;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленге нысандармен мерзімдер бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітілген тізбеге сәйкес, ұйымдардың сатып алуында жергілікті қамту жөнінде индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласында уәкілетті органға ақпаратты жинау, талдау және ұсыну бойынша жұмысты ұйымдастыру;
12) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық инфрақұрылым элементтеріне, индустриялық-инновациялық жүйе субъектілеріне әдістемелік, консультациялық, практикалық және өзге де көмек көрсету;
13) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға экономиканың басым секторларын айқындау жөнінде ұсыныстар енгізу;
14) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларының іске асырылуы туралы ақпарат беру;
15) облыс аумағында өндірілетін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізбесін құру бойынша жұмысты ұйымдастыру;
16) өз құзыреті шегінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
17) аумақтарды дамыту бағдарламалары аясында стационарлық сауда объектілерін дамыту үшін іс-шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру;
18) көрмелік-жәрмеңкелік қызмет бойынша жұмысты ұйымдастыру;
19) халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтері бойынша ұсыныстарын әзірлеу;
20) халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативіне қол жеткізу жөнінде шараларын әзірлеу және іске асыру;
21) азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын басқару жөніндегі комиссияның жұмыс органының міндеттерін жүргізу;
22) азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыру және пайдалану үшін мамандандырылған ұйымдардан қызметтер сатып алу қызметтерін жүргізу;
23) облыс аумағында алдағы күнтізбелік жылға бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін тұтыну болжамын жасау;
24) құрамында кең таралған пайдалы қазбалар бар, тендерге немесе аукционға шығаруға жататын жер қойнауы учаскелерінің тізбесін бекіту бойынша жұмысты ұйымдастыру;
25) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауды немесе өндіруді жүргізуге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру үшін конкурстарды дайындау және ұйымдастырау;
26) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі конкурстық комиссиялардың құрамын бекіту бойынша жұмысты ұйымдастыру;
27) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге және барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі жұмыс тобының отырысын өткізуін ұйымдастыру;
28) жер қойнауын пайдаланушымен келісімшарттардың талаптары туралы келіссөздер жүргізу және жер қойнауын пайдаланушымен бірлесе отырып, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге және барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған жобалау құжаттарын дайындау;
29) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге және барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттарды жасау, тіркеу және сақтау;
30) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сарапшылық комиссия отырысын өткізуін ұйымдастыру;
31) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын табыс етуге арналған рұқсаттарды беру, сондай-ақ кең таралған пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын кепілге салу жөніндегі мәмілелерді тіркеу;
32) жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, теміржолдарды және гидроқұрылыстарды салу (реконструкциялау) және жөндеу кезінде жер қойнауын пайдалану құқығына рұқсат беру;
33) болашақ құрылыс учаскесi астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендiгi туралы оң қорытынды беру;
34) пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға, сондай-ақ олар жатқан орындарда жерасты құрылыстарын орналастыруға рұқсат беру;
35) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге және барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттардың орындалуын және қолданысының тоқтатылуын қамтамасыз ету;
36) кең таралған пайдалы қазбаларды барлау мен өндіруге және барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттардың қолданысын қайта бастау туралы шешімдер қабылдау;
37) кең таралған пайдалы қазбалар және барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану бойынша келісімшарттық міндеттемелердің орындалуына мониторинг пен бақылауды жүзеге асыру;
38) техногендік минералдық түзілімдерін пайдалануға шарт жасасу бойынша тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі жұмыс тобының отырыстарын өткізуін ұйымдастыру;
39) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес "заңды тұлғалардың түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және өткізу" қызмет түрі бойынша лицензиялауды жүргізу;
40) мемлекеттік қызметтерді көрсету.
16. Құқықтары мен міндеттемелері:
1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген көлемде жүктелген қызметтерді орындау үшін мемлекеттік органдардан және ұйымдардан қажетті құжаттарды, ақпараттарды және материалдарды сұрау және алу;
2) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық пен қылмысқа жол бермеу бойынша шаралар қолдану;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
17. "Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" мемлекеттік мекемесін басқаруды "Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.18. "Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысын облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
19. "Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босатылатын орынбасарлары болады.
20. "Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және босатады;
2) өз орынбасарларының, "Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" мемлекеттік мекемесі бөлімдері басшыларының міндеттері мен уәкiлеттiлiктерiн анықтайды;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте "Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін марапаттайды және тәртіптік жазаға тартады;
4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру бойынша шара қолданады және ол үшiн дербес жауапты болады;
5) "Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бұйрықтарын шығарады және олардың күшін жояды.
6) облыстың жергілікті атқарушы органдарымен бекітілген штат санының лимиті шегінде, "Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымын, штат кестесін бекітеді;
7) "Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерiнiң лауазымдық нұсқаулықтарын бекiтедi;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және көлемдерде мүлікке иелік етеді;
9) келісімшарттар жасайды;
10) банкте есепшоттар ашады;
11) "Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" мемлекеттік мекемесін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда ұсынады;
12) "Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жұмыс регламентін бекітеді.
21. "Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезде, оның уәкiлеттiлiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
22. "Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады."Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
23. "Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік оған жедел басқару құқығында тиесілі және облыстық коммуналдық меншікке жатады.
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.