Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 03.02.2020 № А-2/41 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 5 маусымдағы № А-6/261 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4868 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 28 шілдесінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
жоғары аталған қаулмен бекітілген, "Тұрмыс үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызметтің регламентіндегі:
9 тармақтың екінші бөлімі жаңа редакцияда баяндалсын:
"Мемлекеттік корпорация бір айдың ішінде нәтижені сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оны одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша уәкілетті органға талап етілген құжаттардың жеткізілімінің тізілімі арқылы жолдайды. Мемлекеттік корпорацияның өтінімі бойынша бір ай өткен соң көрсетілетін қызметті алушының өтінішпен жүгіну жағдайында көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға тапсыру үшін мемлекеттік корпорацияға дайын құжаттарды жолдайды.".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары Д.З.Әділбековке жүктелсін.
3. Облыс әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облысының әкімі | С.Кулагин |