РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн белгілеу туралы" Көкшетау қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № А-1/9 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 4611 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 ақпанда "Степной маяк" және "Көкшетау" газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
қаулының кіріспесінде "Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 18, 238 баптарына" сөздері "Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне" сөздерімен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Е.Маржықпаев |