РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына сәйкес, Көкшетау қалалық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № С-32/5 "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін келісу туралы" шешімі негізінде, Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 01.02.2016 № А-2/174 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары А.Б.Әміреноваға жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімінің міндетін атқарушы |
А.Смайылов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Көкшетау қалалық мәслихатының хатшысы |
Б.Қ.Бегалин |
Көкшетау қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № А-1/9 қаулысына қосымша |
Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
1. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің меңгерушісі, әлеуметтік қызметкер, әлеуметтік жұмыс бойынша кеңесші.
2. Білім беру мамандарының лауазымдары:
директор, директордың орынбасары, мұғалім, әлеуметтік педагог, педагог-психолог, логопед, мектепке дейінгі оқу орындарының тәрбиешісі, медициналық бике, өндірістік оқыту шебері, алғашқы әскери дайындық жетекшісі, аға бастаушы, әдіскер, қосымша білім беру педагогы, кітапханашы.
3. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
директор, директордың орынбасары, көркемдік жетекші, хореограф, әдіскер, дыбыс бойынша техник, кітапхана меңгерушісі, аға кітапханашы, жоғары санаттағы кітапханашы.
4. Спорт мамандарының лауазымдары:
спорт бойынша әдіскер, спорт мәселелері бойынша кеңесші, спорт бойынша нұсқаушы.
5. Ветеринария мамандарының лауазымдары:
директор, директордың орынбасары, ветеринарлық дәрігер, техник-ұрықтандырушы.