Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Мемлекеттік мүлік туралы" 2001 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңдарына, "Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысына сәйкес, Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Көкшетау қаласының коммуналдық мүлігін иеліктен айыру түрлерін таңдау бойынша өлшемдер осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Ш.Н.Сәдуақасовқа жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Е.Маржықпаев |
Көкшетау қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 19.04 № А-4/833 қаулысына қосымша |
Көкшетау қаласының коммуналдық мүлігін иеліктен айыру түрлерін таңдау бойынша өлшемдер
№ р/т | Өлшемдердің атауы | Иеліктен айыру түрі |
1 | Егер мемлекеттің алдағы уақытта мемлекеттік меншік объектісін бақылауда мүдделігі болмаса | Аукцион түріндегі жекешелендіру |
2 | Сату шартын бекіту арқылы уақыттың қандай да бір кезеңіне мемлекет тарапынан бақылауды сақтау қажеттілігі болса | Тендер түріндегі жекешелендіру |