Көкшетау қаласының коммуналдық мүлігін иеліктен айыру түрлерін таңдау бойынша өлшемдерді айқындау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі № А-4/833 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 18 мамырда № 5356 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Мемлекеттік мүлік туралы" 2001 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңдарына, "Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысына сәйкес, Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Көкшетау қаласының коммуналдық мүлігін иеліктен айыру түрлерін таңдау бойынша өлшемдер осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Ш.Н.Сәдуақасовқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қала әкімі Е.Маржықпаев

  Көкшетау қаласы әкімдігінің
2016 жылғы 19.04
№ А-4/833 қаулысына
қосымша

Көкшетау қаласының коммуналдық мүлігін иеліктен айыру түрлерін таңдау бойынша өлшемдер


р/т
Өлшемдердің атауы
Иеліктен айыру түрі
1
Егер мемлекеттің алдағы уақытта мемлекеттік меншік объектісін бақылауда мүдделігі болмаса
Аукцион түріндегі жекешелендіру
2
Сату шартын бекіту арқылы уақыттың қандай да бір кезеңіне мемлекет тарапынан бақылауды сақтау қажеттілігі болса
Тендер түріндегі жекешелендіру

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады