2016 жылы ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға келесі әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын:
1) жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау - бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит.
Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Алтыншы шақырылған Көкшетау қалалық мәслихатының 2 –ші кезекті сессиясының төрағасы |
В.Шиманский |
Алтыншы шақырылған Көкшетау қалалық мәслихатының хатшысы |
Б.Ғайса |
"КЕЛІСІЛДІ"
Көкшетау қаласының әкімі | Е.Маржықпаев |
2016 жылғы 26 сәуір