Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 27.02.2018 № 6С-25/10 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 386, 444-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Степногорск қаласының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.
2. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Степногорск қаласының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.
3. "Степногорск қаласының әкімшілік шекараларындағы пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" Степногорск қалалық мәслихатының 2015 жылғы 12 наурыздағы № 5С-37/6 (Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4750 тіркелген, 2015 жылғы 23 сәуірде "Степногорск ақшамы" және "Вечерний Степногорск" аймақтық қоғамдық-саяси газеттерінде жарияланған) шешімінің, "Степногорск қалалық мәслихатының 2015 жылғы 12 наурыздағы № 5С-37/6 "Степногорск қаласының әкімшілік шекараларындағы пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Степногорск қалалық мәслихатының 2016 жылғы 29 наурыздағы № 6С-2/4 (Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5308 тіркелген, 2016 жылғы 28 сәуірде "Степногорск ақшамы" және "Вечерний Степногорск" аймақтық қоғамдық-саяси газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылған деп танылсын.
4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы |
А.Дүйсенов |
Қалалық мәслихаттың хатшысы |
Ғ.Көпеева |
"КЕЛІСІЛДІ"
Степногорск қаласының әкімі | Ә.Күмпекеев |
25.08.2016 ж.
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Степногорск қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы" Республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы |
С.Қойшыбаев |
25.08.2016 ж.