Степногорск қаласының әкімшілік шекараларындағы пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 2015 жылғы 12 наурыздағы № 5С-37/6 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 16 сәуірде № 4750 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 2016 жылғы 25 тамыздағы № 6С-8/5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 25.08.2016 № 6С-8/5 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 386, 444-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 29.03.2016 № 6С-2/4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      1. Степногорск қаласының әкімшілік шекараларындағы Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 29.03.2016 № 6С-2/4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      2. Степногорск қаласының әкімшілік шекараларындағы Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 29.03.2016 № 6С-2/4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қалалық мәслихат
сессиясының төрағасы
Х.Шәкенов
      Қалалық мәслихаттың
хатшысы
Ғ.Көпеева

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Степногорск қаласының
әкімі
М.Тақамбаев
      "Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлiгiнiң
Мемлекеттік кірістер комитеті
Ақмола облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің
Степногорск қаласы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасы"
Республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
А.Есжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады