Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1-тармақшасына сәйкес, Аршалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
2. Осы қаулының әрекеті 2016 жылғы 1 қаңтардан туындаған құқықтық қатынаста таратылады.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Аршалы ауданы әкімінің орынбасары М.М. Маусынбаеваға жүктелсін.
4. Осы қаулы Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күнінен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Аршалы ауданының әкімі | А.Тайжанов |
Аршалы ауданының 2016 жылы 26.08 № А-394 қаулысымен бекітілген |
Аршалы ауданы бойынша 2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері
Аудан атауы | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны | Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының бір айға арналған жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері (теңге) | ||||||
Балабақша | Балалар толық күн болатын мектеп жанындағы шағын орталық | Балалар жарты күн болатын мектеп жанындағы шағын орталық | Балабақша | Балалар толық күн болатын мектеп жанындағы шағын орталық | Балалар жарты күн болатын мектеп жанындағы шағын орталық | |||
мемлекеттік | жеке меншік | мемлекеттік | жеке меншік | |||||
Аршалы ауданы | 360 | 0 | 270 | 170 | 23869,7 | 0 | 16921,6 | 8460,8 |
Бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге) | Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының бір айға арналған ата-ананың ақы төлеу мөлшері (теңге) | ||||||
Балабақша | Балалар толық күн болатын мектеп жанындағы шағын орталық | Балалар жарты күн болатын мектеп жанындағы шағын орталық | Балабақша | Балалар толық күн болатын мектеп жанындағы шағын орталық | Балалар жарты күн болатын мектеп жанындағы шағын орталық | ||
мемлекеттік | жеке меншік | мемлекеттік | жеке меншік | ||||
23869,7 | 0 | 16921,6 | 8460,8 | 13020 | 0 | 12600 | 2520 |