Ескерту. Күші жойылды – Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 28.11.2018 № 6С 25/5 (арнайы жарияланған күннен қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабына сәйкес, Атбасар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Атбасар аудандық мәслихатының "Атбасар ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшерін белгілеу туралы" 2015 жылғы 9 ақпандағы № 5С 31/5 (Нормативтік құқықтық актелірді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4679 тіркелген, 2015 жылғы 27 наурыздағы "Атбасар", "Простор" газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
кіріспе жаңа редакцияда баяндалсын:
"Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 50071 тіркелген) қаулысына сәйкес, Атбасар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:";
1 қосымшасының 3 тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
"3. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызмет стандартына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11015 тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.".
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, Атбасар аудандық мәслихатының хатшысы |
Борұмбаев Б.А. |
"КЕЛІСІЛДІ"
Атбасар аудан әкімінің міндетін атқарушы |
А.В.Чириков |
27 сәуір 2016 жыл