Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 "Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы" қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес аудандық коммуналдық мүлікті иеліктен шығару түрлерін таңдау бойынша критерийлер анықталсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атбасар ауданы әкімінің орынбасары А.В.Чириковқа жүктелсін.
3. Аудан әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А.Никишов |
Атбасар ауданы әкімдігінің "3" мамырдагы 2016 жылғы № а-5/147 қаулысына қосымша |
Аудандық коммуналдық мүлікті иеліктен шығару түрлерін таңдау бойынша критерийлер
№ п/п | Критерийлер атауы | Иеліктен шығару түрі |
---|---|---|
1 | Мемлекеттік меншіктегі объектіге алдағы бақылауда мемлекет мүдделілігі болмаған кезде | Аукцион түрінде жекешелендіру |
2 | Сату шартын белгілеу жолымен уақыттың белгіленген кезеңіне мемлекет жағынан бақылаудың сақталу қажеттілігі кезінде | Тендер нысанында жекешелендіру |