Аудан бюджеті шығыстарының басым бағыттарының тізбесін анықтау туралы

Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 22 маусымдағы № а-6/214 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 21 шілдеде № 5468 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы №540 "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, Атбасар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, аудан бюджеті шығыстарының басым бағыттарының тізбесі бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылауын өзіме қалдырамын.
      3. Осы аудан әкімдігінің қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі А.Никишов

  Атбасар ауданы әкімдігінің 2016
жылғы "22" маусымдағы
№ а-/214 қаулысына
қосымша

Аудан бюджеті шығыстарының басым бағыттарының тізбесі

      1. Жалақы және өзге ақшалай төлемдерді төлеу, соның ішінде техникалық персоналдың жалақысы және жалақыдан барлық ұстап қалулар.
      2. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен қарастырылған ақшалай өтемақылар.
      3. Алимент, міндетті зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, жәрдемақылар және өзге әлеуметтік төлемдер, шәкіртақылар.
      4. Банк қызметтеріне төлем жасау, салықтар және бюджетке төленетін өзге міндетті төлемдер.
      5. Жанармай сатып алу (ғимараттарды жылытуға қатысты), азық-түлік және дәрі-дәрмектерді сатып алу үшін шығындар.
      6. Атқарушылық құжаттарды және сот актілерін орындау.
      7. Нысаналы тарнсферттер және жоғары тұрған бюджеттен бюджеттік кредиттер есебінен жүргізілетін шығыстар.

Об определении перечня приоритетных направлений расходов бюджета района

Постановление акимата Атбасарского района Акмолинской области от 22 июня 2016 года № а-6/214. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 21 июля 2016 года № 5468

      Примечание РЦПИ.
В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", приказом Министра финансов Республики Казахстан от 4 декабря 2014 года № 540 "Об утверждении Правил исполнения бюджета и его кассового обслуживания", акимат Атбасарского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Определить перечень приоритетных направлений расходов бюджета района, согласно приложению к настоящему постановлению.
      2. Контроль за исполнением настоящего постановления оставляю за собой.
      3. Настоящее постановление акимата района вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.
      Аким района А.Никишов

  Приложение
к постановлению акимата
Атбасарского района
от "22" июня 2016 года
№ а-6/214

Перечень приоритетных направлений расходов бюджета района

      1. Выплата заработной платы и других денежных выплат, в том числе заработная плата технического персонала и все удержания из заработной платы.
      2. Денежные компенсации, предусмотренные законодательными актами Республики Казахстан.
      3. Алименты, обязательные пенсионные взносы, добровольные пенсионные взносы, социальные отчисления, пособия и другие социальные выплаты.
      4. Оплата банковских услуг, налоги и другие обязательные платежи в бюджет.
      5. Расходы на приобретение топлива (в части отопления зданий), приобретение продуктов питания и медикаментов.
      6. Исполнение исполнительных документов и судебных актов.
      7. Расходы, производимые за счет целевых трансфертов и бюджетные кредиты из вышестоящих бюджетов.