Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы №540 "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, Атбасар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, аудан бюджеті шығыстарының басым бағыттарының тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылауын өзіме қалдырамын.
3. Осы аудан әкімдігінің қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А.Никишов |
Атбасар ауданы әкімдігінің 2016 жылғы "22" маусымдағы № а-/214 қаулысына қосымша |
Аудан бюджеті шығыстарының басым бағыттарының тізбесі
1. Жалақы және өзге ақшалай төлемдерді төлеу, соның ішінде техникалық персоналдың жалақысы және жалақыдан барлық ұстап қалулар.2. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен қарастырылған ақшалай өтемақылар.
3. Алимент, міндетті зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, жәрдемақылар және өзге әлеуметтік төлемдер, шәкіртақылар.
4. Банк қызметтеріне төлем жасау, салықтар және бюджетке төленетін өзге міндетті төлемдер.
5. Жанармай сатып алу (ғимараттарды жылытуға қатысты), азық-түлік және дәрі-дәрмектерді сатып алу үшін шығындар.
6. Атқарушылық құжаттарды және сот актілерін орындау.
7. Нысаналы тарнсферттер және жоғары тұрған бюджеттен бюджеттік кредиттер есебінен жүргізілетін шығыстар.