РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5 және 7 баптарына сәйкес, Астрахан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Астрахан ауданы аумағында тұратын, нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
ұзақ уақыт жұмыс істемегендер (үш айдан артық);
жұмыссыз ретінде тіркелген 50 жастан асқан тұлғалар;
маусымдық және уақытша жұмыс мерзімінің аяқталуына байланысты жұмыстан босатылғандар;
емдеу курсын өткен, туберкулезбен ауыратындар;
уәкілетті органның жолдамасы бойынша кәсіби оқуды аяқтаған жұмыссыз тұлғалар;
әлеуметтік-медициналық оңалтудан өткен есірткімен ауыратындар.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Астрахан ауданы әкімінің орынбасары М.Қ.Қожахметке жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Астрахан ауданының әкімі | Т.Ерсейітов |